Нүктелер достығы.
Ерте-ерте ертеде Геометрия деген елде кішкентай нүкте өмір сүріпті. Бұл өзі өте әдемі қызыл түсті нүкте еді.
Бір күні нүкте отырып ойланады:
- Шіркін, менің көп досым болса ғой! Қой, мен серуенге шығып, өзіме дос іздеп келейін.
Қызыл нүкте қақпаның сыртына енді ғана шығып келе жатса, оған қарсы бір жасыл нүкте келе жатыр. Жасыл нүкте қызыл нүктеге келіп, оның қайда бара жатқанын сұрайды.
- Дос іздеп шықтым. Менің қасыма қатар тұр, бірге серуендеп келейік, -деді қызыл нүкте. Біраз уақыттан кейін қызыл нүкте мен жасыл нүктенің алдынан көк түсті нүкте шықты.
Осылайша нүктелер саны күннен күнге көбейіп, дос болып кетеді. Көбейгендері сонша олар бір қатарға тұра қалып еді, түзу шыға келді. Осылайша түзу сызық пайда болды.
Нүктелер түзу келе жатса, түзу сызық шығады да, ал олар түзу жүрмесе қисық сызық шығады.
Ертегіні тыңдай отырып біз түзу сызық пен қисық сызықты сызып үйренеміз.
Қарындаштың бастан кешкендері.
Ертеде бір Қарындаш өмір сүріпті. Бір күні Қарындаш түзу сызықтың бойымен келе жатады. Ол түзудің бойымен ұзақ жүріп, әбден шаршады. Тоқтап, дем алады да, өзіне-өзі: "Әлі қанша жүрер екенмін? Мына түзудің шегіне жетемін бе, жоқ па?" - деді.
Мұны естіп тұрған түзу күліп жіберді де:
- Әй, Карындаш-ай! Сен менің шегіме ешқашан жетпейсің ғой. Сен түзудің шегі болмайтынын білмеуші ме едің? - деді.
- Қой, оңда мен қайта кері қарай қайтайын, адасып кетіп жүрермін, - деді Карындаш.
- Ол жактың да шегі жоқ. Сызықгың шегі болмайды, - деді Түзу.
Түзу тіпті өндетіп жіберді:
Шетсіз, шексіз түзу сыз
Шетсіз, шексіз түзу сыз, - деп.
Мұны естіген Қарындаш мұнайып қалды.
- Сонда мен тоқтаусыз жүре беремін бе?
- Егер тоқтағың келсе, түзудің бойынан екі нүкте белгіле, - деді Түзу. (Балалар мұғаліммен бірге түзудің бойынан екі нүкте белгілейді).
- Алақай! - деп қуанып кетті Қарындаш. - Енді мен бойымен бір нүктеден екінші нүктеге қыдырып жүре аламын. Тоқта, сонда бұл қалай деп аталады.
- Бұл менің кесіндім, - деп жауап берді Түзу жымиып. (Балалар түрлі түсті қарындашпен кесіндіні белгілейді.)
Түзудің кесіндісі, түзудің кесіндісі, - деп қайталай отырып, Қарындаш кесіндінің бір шетінен екінші шетіне серуендеп жүрді.
Міне, осылай кесінді пайда болған екен.
Достарыңызбен бөлісу: |