Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдерін дамытуда ауыз әдебиетінің маңызы



бет22/23
Дата08.11.2022
өлшемі0,51 Mb.
#157039
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
Мектеп жасына дейінгі балаларды тілдерін дамытуда ауыз дебиеті (2)

Сандар мен цифрлар
Әлемде үлкен бір ел болыпты. Бұл елдің тұрғандары сандар екен. Олармен қатар бұл елде цифрлар да өмір сүріпті. Сандардың көптігі соншама, санасаң сан жетпейді екен. Ал цифрлар бар болғаны он: 1,2,3,4,5,6,7,8,9,0.
Сандар мен цифрлар тату-тәтті өмір сүріп жатады. Мысалы, біреу ''он бес" десе, 15 саны жетіп келеді, егер оны жазу керек болса 1 және 5 цифры қатар тұра қалып, 15 деген санды жаза қояды екен.
Күндер өтіп жатады. Не болғаны белгісіз бір күні сандар цифрларға келіп:
- Біз көппіз, ал сендер бар болғаны онсыңдар. Сондықтан біз сендерден мықтымыз, - дейді.
Цифрлар сандарға ренжіп қалады. Сонда 0 цифры басқа цифрларға:
- Мақтаншақтары жоқ басқа елге кетейік. Сандар өздері қалсын. Көрейік, не істейтіндерін? - дейді.
Күндердің күнінде сандар өздеріне жаңа үйлер салады. Енді өркім өз үйінің есігіне нөмерін жазайын десе, жаза алмайды. Сандар өз аттарын айтып қанша айқаласа да, ештеңе шықпайды. Өйткені олардың қасында цифрлар жоқ қой. Сонда ғана сандар өз қателіктерін түсінеді. Сандар қаншама көп болса да, цифрларсыз өмір сүре алмайды екен. Сандар енді цифрларды іздеп шығады. Ақырында оларды тауып алып, кешірім сұрап елдеріне цифрларды қайтып алып келеді.
Содан бері сандар мен цифрлар тату-тәтті.достықта өмір сүріп жатыр екен. 

Ұ Р Ы Л А Р МЕН КЕМПІР
Ертеде байлардың есігінде жүріп күн кешкен. панасы жоқ жалғыз кемпір болыпты. Жаз шығып, ел жайлауға кәшкенде, сүйенері жоқ кемпір жалғыз қалады. Түн ішінде кемпірдік жалғыз сиырын ұрламак болып ұрылар келеді. Кемпір: «Ә, бұлар менің жалғыз сиырымды нысанаға алған екен, мен де бұларды алдайын» деп ойлайды.
Сөйтіп, жалма-жан бір шелек суды сапырып отырып, мынадай өлең айтыпты.
Сапырып - Сапырып Сарманға бер Құйып-құйып Құрманға бер.

Есіктегі екеуге бер,
Өзің іш, 

Өзің іш те маған бер 
Мұны естіген ұрылар: Қой, мұны мыз бекер екен. Бұл үйде толы кісі екен, әрі біреуі бізден артық екен кетейік деп, кетіп қалыпты. Кемпір тапқырлығымен ұрыларды осылай қорқытыпты.
Халқымзыдын тұрмысы жан-жануарлармен тығыз байланысты бол-ғандықтан осы тақырыпта төмендегідей өлең есептерді қарастырып төрт түлік малды халқымыздың қалай өсіргендігін айта кетуге болады

Түйе, бота ман басқан
Төрт аяғын тең басқан
Шұнақ құлақ бес ешкі
Қос лақты қос ешкі
Төрт қозылы екі қой
Бәрін бірге ойлап қой
(он жеті) 
Талдан үшты к-п торғай
Алдында онын бастаушы
Артында төртеу қостаушы
Және тағы қарасақ
Қайта оны санасақ.
Соңында біреу қап келеді.
Алдында төртеу, топ келеді
Үшеуі қатар жарысқан
Тізіліп үшеу қалыспан
Ойың жүйрік болса егер
Торғай нешеу есепкер?
Мынау да бір санамак.
Өздерің көр саралап,
Төбеден төрт бөктергі.
Аңдыпты қос кептерді
Шаңқылдаса көк қарға
Үн қоспапты көп қарға
Секем ап бір дауыстан
Безектеп бес дауысқан.
Алты белден асыпты
Тым – тырақай қашыпты.
Үш үкі үркіп ұшыпты.
Тасқа құлап түсіпті.
Жарда жеті жапалақ.
Отырғанда қаталап.
Топ-топ тоғыз тоқылдақ
Қарғып кеткен топырлап. Сөйтіп, қызық іс болды.
Бәрі қанша құй болды?
(отыз бір) 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет