Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдерін дамытуда ауыз әдебиетінің маңызы

бет1/8
Дата24.04.2017
өлшемі1,42 Mb.
#14718
  1   2   3   4   5   6   7   8
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдерін дамытуда  ауыз әдебиетінің маңызы

Ауыз әдебиеті — халық шығармашылығының айрықша саласы, ауызша шығарылып, ауызша тараған көркем-әдеби туындылардың жиынтық атауы. Қазақ халқының ерте заманда жасаған мұрасының бірі халық ауыз әдебиеті. Жазу-сызу өнері болмаған ерте кезде-ақ қазақ халқы өзінің тұрмыс тіршілігі, қоғамдық өмірі, шаруашылығы мен кәсіюі, қуанышы мен күйініші. Дүниетанудағы көзқарасы жайында неше түрлі өлең-жырлар, ертегі-әңгімелер, мақал-мәтелдер, аңыздар ойлап шығарған және оларды ауызекі күйінде тудырған. Қазақ халқының мұндай сөз өнерін ғалымдар ауыз әдебиеті деп атаған. Сонымен бірге ғылым мен мәдениетте “халық шығармашылығы”, “халық поэзиясы”, “халықтың ауызша сөз өнері” дейтін атаулар да осыған жақын мағынада қолданылады.

Қазақ халқының ауыз әдебиеті өзінің көркемдік-идеялық нәрімен, эстетикалық қуат-тегеурінімен, түрі мен жанрларының молдығымен, тақырыптық және сюжеттік байлығымен, қоғамдық-әлеуметтік және тәрбиелік терең мән-мазмұнымен ерекшеленеді.
Қазақ ауыз әдебиеті – талай ғасырлардан келе жатқан мұра, сарқылмас бай асыл қазына. Одан халқымыздың өткенін білеміз, сол арқылы бүгінгі заманымыздың ұлылығын танимыз.
Қазақтың мақал-мәтелдері болсын, жұмбақ-жаңылтпаштары мен ертегілері болсын – бәрі де балаларды Отанын сүюге, ерлікке, елін қорғауға үндейтіні белгілі.
Балалар бақшасының тәрбиеленушілерін ауыз әдебиетінің үлгілерімен таныстырып, олардың өмірін байыта түсу тәрбиешілердің міндеті болып саналады.
Қиял дүниесінен туған ғажайып оқиғалы ертегілер, батырлар жыры, өмір тәжірибесінің қысқаша қорытындысы – мақал-мәтелдер, ойға түрткі салатын сыр сандықты жұмбақтар, қиыннан қиыстырылған тақпақ жаңылтпаштар – бәрі де балалар бақшасында кең пайдаланылатын дүниелер.
Қазақ халқының тұрмыс-салтын, арман үмітін, өткен өмірін кеңінен танытатын ауыз әдебиеті үлгілерінің көлемді саласының бірі – ертегілер. Ертегілер өте ерте заманда, тіпті жазу-сызу болмаған кездің өзінде-ақ туған. Бұларды халқымыз күні бүгінге дейін ұрпақтан – ұрпаққа ауызша жеткізіп келеді.
Халық ауыз әдебиетінің басқа түрлері сияқты ертегілер де адам баласының еңбекке, тұрмыс-тіршілік жағдайына байланысты туған.
Жаратылыс құбылыстарын, табиғат сырын жетік білмеген, олардың неліктен болатынын толық түсінбеген ертедегі адамдар әр нәрсені қиял еткен, өздерінің ауыр еңбектерін жеңілдету жайын қарастырған.
Қазақ ауыз әдебиеті нұсқалары жас бөбектердің ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтеді. Оларды адамгершілікке, еңбекке, тапқырлыққа, туған өлкеге сүйіспеншілік сезімге баулу ісінде шешуші орын алады.

Тақырыптың өзектілігі:

Балабақшамызда тәрбиеленушілерге ауыз әдебиеттінің үлгілерін үйретуге баса назар аудардық. Онда ертегілер оқу, әңгіме мазмұнын жүйелі байланыстырып, әңгімелеуге үйрету, ертегі-әңгімеде кездескен кейіпкерлердің іс-әрекетіне сай образды сөздер мен диологтарды, кейбір өлең шумақтарын бұлжытпай жатқа айта білу, екі адамның диалогында кездесетін сұрақ, талап-тілектерді білдіретін сөздерге дауыс екпінін дұрыс қою, мәнерлі айта білуге тәрбиелеу талап етілді.
Сәбилердің ой-өрісін дамытуға, қиялын шарықтатуға, тіл байлығын молайтуға ауыз әдебиеті үлгілері – ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, халық ойындары арқылы жүзеге асырылуда.  
Ауыз әдебиетінің асыл үлгілеріндегі өзекті идея өз ұрпақтарын Отанын, елін, жерін жаудан қорғауға, бостандықты, азаттық үшін күресе білуге, париотизмге баулу болды. Халық тәрбиесін құндақта жатқан күннен бастап, ат жалын тартып азамат болғанға дейін естіп өскен есті ұрпақ бабалар өсиетін ғасырлар бойы мүлтіксіз іске асыратын болады.

Жұмыстың мақсаты:

Қазақ ауыз әдебиеті нұсқалары жас бөбектердің ой-өрісін дамытуға, қиялын шарықтатуға, тіл байлығын молайтуға, дүниетанымын кеңейтуге, балаларды адамгершілікке, тапқырлыққа, еңбекке баулу.

Жұмыстың міндеттері:

  1. Балалардың санасына туған тіліне, халқына деген сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімін ұялату.

  2. Туған өлкеге деген сүйіспеншілігін арттыру.

  3. Қиялдарын қанаттандыру.

  4. Ұлттық рухты бойларына сіңіру.

Халық ауыз әдебиетінің мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудегі бағыттары:

  1. Денсаулық

  2. Еңбек пен мамандық

  3. Өнер

  4. Имандылық пен адамгершілік

  5. Патриоттық

  6. Эстетикалық

  7. Табиғатқа деген сүйіспеншілік

Педагог міндеті:

  1. Халық ауыз әдебиетіне қызықтыру арқылы балалардың тілдік қорларын дамыту..

  2. Жеке   тұлға дамуында  заманауи инновациялық  әдістерді қолдану.

  3. Халық ауыз әдебиеті арқылы адамгершілікке, Отанын сүюге тәрбиелеу.

Ауыз әдебиетінің түрлері:

  1. Ертегілер

  2. Жұмбақтар

  3. Жаңылтпаштар

  4. Аңыз-әңгімелер

  5. Мақал-мәтелдер

  6. Тыйым сөздер

Жалпы мектепке дейінгі мекемелерде балалардың ой-өрісін, санасына туған тіліне, халқына деген сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімін ұялатып, қиялдарын қанаттандыру, ұлттық рухты бойларына сіңіру, ана тілі мен Отанына, тарихы мен мәдениетіне деген сезімдерін қалыптастыруда қазақ  халқының ауыз әдебиетінің орны ерекше.  Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан халқымыздың ауыз әдебиеті – мектепке дейінгі жастағы балалардың ой өрістерін дамытуға, қиялын шарықтатуға, тіл байлығын молайтуға тигізетін пайдасы ұшан-теңіз...
Халық ауыз әдебиеті – халық шежіресі. М.Горький «Халық ауыз әдебиетін білмейінше, еңбекші халықтың нағыз тарихын білу мүмкін емес» деген. Ауыз әдебиеті де, жазба әдебиеті де көркем туынды.
Сәбилердің ой-өрісін дамытуға, қиялын шарықтатып, тіл байлығын молайтуға ауыз әдебиет үлгілері – ертегілер, жұмбақ, жаңылтпаштардың, халық ойындарының тигізетін пайдасы ұшан-теңіз. Әрине, ауыз әдебиеті үлгілерімен балаларды таныстыру үшін алдымен оқытылатын материалдың көлемін, мазмұнын анықтап алу керек. Материал мәтіннің мазмұны балаларды қызықтыратындай, жалықтырып жібермейтіндей шағын болу керек.
Ертегінің өзіндік құрылысы, көркемдік ерекшелігі бар. Қандай ертегіні алсақ та, ол белгілі бір сюжетке құрылады, оқиғаның желісінің басталуы, аяқталуы, өзіндік шешімі болады. Ертегі баяу басталып, оқиға желісі күрделене түседі. Әсіресе адам өміріне байланысты іс-әрекет өткір сықақ-мысқылмен беріліп, бала сезімін селт еткізіп, күлкіге мәз етеді. Бала жағымсыз кейіпкердің жексұрын әрекетінен бой тартып жақсылыққа құмартады. Ертегінің әр жақты сырын қызықты, тартымды, бала санасына лайықтай жеткізу айтушының шынайы шеберлігіне тікелей байланысты.
Бақшада ертегі оқу сабақта және сабақтан тыс уақыттарда өтіледі. Оқу жұмысы баланың жас ерекшелігіне орай жоспарланады. Сәбилер тобында ауызша әңгімелеп беру тәсілі қолданылады.
Сәбилер тобында оқығанды тыңдату және әңгімелеп беру қатар жүргізіледі. Мұндай мақсат – ертегіні ауызекі әңгімелеуге төсілдіре отырып оқылғанды шыдамдылықпен тыңдай білуге үйрету.
Сын тұрғысынан ойлаудың даму жолдары:
Кезеңдері:

  1. Қызығушылықты ояту

  2. Мағынаны ашу (ажырату)

  3. Ой толғаныс

Әдістері:

  1. Топтастыру

  2. Ассоциация

  3. Ой қозғау

  4. Джик-Со

  5. Инсерт

  6. Венн диаграммасы

  7. Кубизм

  8. Бес жолды өлең

  9. Ой толғау

Ой қозғау әдісі:

Топтастыру әдісі:

  • тақырыпқа қатысты барлық мағлұматты топтсатыру.

Ассоциация әдісі:

  • зат жайлы жалпы мәсілемт жинау.

Инсерт әдісі:

  • сөздің көп мағынасын ашу;

  • синонимдер;

  • антонимдік сөздік қорларын кеңейту;

  • сөзді дұрыс қолдануларын қалыптастыру.

Венн диаграммасы әдісі:

  • екі затты салыстыру;

  • ортақ белгісін табу;

  • берілген тақырыпты қорытындылау, нақтылау.

Кубизм әдісі:

  • балалардың білімдерін салыстырып, дәлелдеу;

  • ерекшелік;

  • мен үйрендім;

  • суреттер;

  • қолдан сұрақтар арқылы айқындау.

Бес жол өлең:

  • балалардың шығармашылығын тұрақтандыру;

  • Не? Қандай? Не істейді?

  • Түйінді сөз.

Күтілетін нәтиже:

Сын тұрғысынан ойлау

  • Белсенділіктері артады

  • Тәжірибелік іс-әрекетте болады

  • Қарым-қатынас жасауға үйренеді

  • Құрбыларын тыңдай біледі

  • Ортаға шығып өз ойын айтуға үйренеді

  • Өз ойын тұжырымдай біледі

Пропп картасының технологиясы:

Бәріне белгілі болғанындай, қиял – ғажайып  ертегісінің қызметін (функцияларын) саралап келгенде В.Я.Пропп мынадай қорытындыға келеді:

-    қызмет ететін тұлғалар – саны шектеулі берік элементтер болып табылады, ал тізбектілігі бірдей боп қала береді.
Пропп жүйесінің 31 атқарар қызметі (функциясы) бар, олардың әрқайсысы ертегі әлемінің үлкен бөлігін құрайды.
«Пропп картасын» қолдануда әдістемелік тәсілін Дж.Родари 20-ға қысқартып, ұсынды.

Тірек сызбалар:

  1. Бес жолды өлең құрастыру.

  2. Жаңылтпаш құрастыру.

  3. Әңгіме құрастыру.

  4. Жаңылтпаш.

  5. Мақал-мәтел.

  6. Дидактикалық ойындар

Дидактикалық ойынның пайдасы – баланың ой-өрісінің қалыптасуын, дамуын мақсат етіп қояды. Сондай-ақ балалардың адамгершілік сезімін оятуға, адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасау, еңбек адамдарына, басқа ұлт өкілдеріне достық, туған жеріне сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеуге көңіл бөлінеді.
Бұл ойынның міндеті – баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттырады.
Логикалық ой-өрісін кеңейтіп,қиялдарын дамытады.
Дидактикалық ойындар үш топқа бөлінеді:

  1. Заттық дидактикалық ойындар – дидактикалық ойыншықтармен және түрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады.

  2. Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар – «Лото», «Домино» және т.б.

  3. Сөздік дидактикалық ойындар.

Дидактикалық ойын балалардың қоршаған орта туралы түсінігін кеңейтеді, баланы ойнай білуге баулып, ақыл-ой қызметін қалыптастырады, әрі адамгершілікке тәрбиелеу құралы болып табылады. Дидактикалық ойынның ережелері балалардан ұстамдылықты, тәртіптілікті қажет етеді. Сонымен қатар, дидактикалық ойлау қабілеттерін, ізденімпаздығын арттырады, сөздік қорларын молайтуға көмектеседі. Балалардың сабаққа қызығушылығын арттырады, белсенділік танытып, бағдарламалық материалдарды меңгеруіне ықпал етеді.
4. Дидактикалық ойын – «Мамандықтар».
Мақсаты: Мамандықтарды ажырата білу, құралдарын атау.

Қолданылған әдебиеттер:

Халық ауыз әдебиетінің бала тілін дамытудағы ролі
Халық ауыз әдебиеті – халық шежіресі

Алексей Максимович Горький:

«Халық ауыз әдебиетін білмейінше,
 еңбекші халықтың нағыз
 тарихын білу мүмкін емес» - деген. 

     Ауыз әдебиеті ауызша шағарылып, ауызша айту арқылы таралатын болғандықтан, творчествовалық өзгеріске ұшырап отырады.

    Ауыз әдебиеті де, жазба әдебиет те, көркем туынды.
    Қазақ ауыз әдебиеті – талай ғасырдан келе жатқан мұра, сарқылмас бай асыл қазына. Одан халқымыздың өткенін білеміз, сол арқылы бүгінгі заманымыздың ұлылығын танимыз. Халық ауыз әдебиетінен халқымыздың батырлық, ерлік тарихын көреміз. Қазақ ауыз әдебиетінің негізгі түрлеріне мақал – мәтелдер мен жұмбақтар, санамақтар мен ертегілер, жаңылтпаштар жатады. Бұлардың бәрі Отанды сүюге, ерлікке, елін қорғауға тәрбиелейді; халық ауыз әдебиетінен сусындаған баланын тілі ұшқыр, ойы зерек, алғыр, қиялын шарықтатып тіл байлығын молайтады. Ауыз әдебиетінің үлгілерімен таныстыру үшін, алдымен оқылатын материалдың көлемін, мазмұнын жас ерекшелігіне байланысты анықтап алу керек.
    Қиял дүниесінен тараған ғажайып оқиғалы ертегілер, батырлық жырлар, өмір тәжірибесінің қысқаша қорытындысы. Мақал – мәтелдер, ойға түрткі салатын сыр сандықты жұмбақтар, қиыннан қиыстырылған жаңылтпаштар – бәрі де балабақшада бала тілінің дамуына әсері мол. 
    Халық ауыз әдебиетімен таныстыру, арнайы өтілетін оқу – іс әрекеттері мен сабақтан тыс жүргізілетін ойын, еңбек жұмыстарында іске асады және де баланың сөздік қорын молайтып, әр сөздің мағынасын дұрыс түсініп, қолдана білу көзделеді; бейнелі, көркем сөздерді қолдана білуге үйретеді.
    Халық ауыз әдебиетінің ең бір саласы – ертегі, ертегілер өте ерте заманда, тіпті жазу, сызу болмаған кездің өзінде ақ туған. Бұларды халқымыз күні бүгінге дейін ұрпақтан ұрпаққа ауызша жеткізіп келеді. Балалардың тілін дамытуда ертегілерді әңгімелеу, оны кейіптендіру, баланы сөйлемді  байланыстырып сөйлеуге үйретеді. Көркем әдебиет сабағында алдыма қойылған мақсат: баланың ертегіні байланыстыра сөйлеу дағдыларын жетілдіру, ертегінің мазмұнын дұрыс түсініп, грамматикалық жағынан дұрыс байланыстырып, жүйелі әңгімелеп беруге үйретуді, алдыға қоямыз. Тіл байлықтарын арттыру мақсатында және оқылған ертегінің мазмұнын толық қабылдау негізінде күннің екінші жартысында осы оқыған ертегіні кейіптендіреді. Мысалы: «Ақымақ қасқыр», «Мақта қыз бен мысық», ертегілерін. Олар өздерінің қалаған ертегілерін кейіптендіреді, сөздерін жатқа айтып отырып, өзі қалап алған кейіпкерлердің көңіл-күйін, іс әрекетін беруге тырысады. Ертегіні кейіптендіруде баланы дұрыс сөйлеуге, сөйлемді байланыстыра құрастырып айтуға үйретемін. 
    Халық ауыз әдебиетінің ең ескі түрінің бірі – жұмбақ. Жұмбақтар балаларға олардың дүниетану қабілетін дамыту, тапқырлаққа баулу мақсатында қолданылады. Жұмбақ баланың білімін тиянақтау үшін бақылау кезінде, бейнелеу сабақтарында, қоршаған ортамен таныстыру, оқу іс - әрекетерінде жиі қолданылады. Мысалы: балалар айналадағы өмірді бақылау арқылы таниды.
    Сондықтан, бақылау кезеңі нәтижелі, мазмұнды өтуіне мән береміз. Қыс уақытында серуенге шығар кезде, қардың суық болатынын, алақаныңа салып ұстасаң, еритініне де көңіл бөлем.
    Балалар қолға ұстасам ериді, себебі қол жылы, жылылықтан қар ериді деп. Балалар бірнеше нәтижеден соң, өздері қар жайлы айтып әңгімелейді. Келесі серуенде балаларға «Қыста ғана болады, ұстасаң қолың тонады», деген жұмбақты жасырып өздеріне айтқызып, шешуін тауып айтуларын ұсынамын. Жұмбақты 3-4 рет естіген соң балалар өздері жатқа айтып тілдері жаттығып, мағынасын түсіне бастайды. 
    Жұмбақта сурет, мүсіндеу, жапсыру оқу іс - әрекеттерінде де қолданылады. Мысалы: түйенің бейнесін салу алдында, түйенің ерекшелігін естеріне түсіру мақсатымен, түйе туралы жұмбақ жасырылады.
Кезекті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар. 
Шешуін тапқан балалар, оның жануар екенін, оның екі өркеші барын айтып өтеді, тіл байлықтарымен ойлану қабілеттері дамиды.
    Жұмбақ баланың ойланып жауап беруіне, заттың қасиетін байқауға, сабақ алдында балалардың көңілін аудару мақсатымен айтылады.
    Халық ауыз әдебиетінің бір саласы – жаңылтпаш. Жаңылтпаш тіл дамыту сабақтарда, экология негізі сабағында және сабақтан тыс уақытта сөздің дыбысталуын нақышына келтіре дұрыс тез, анық, шебер айта білуге жаттықтыру, сөздің мағынасын түсіне білу мағынасында пайдаланылады, тіпті математика сабағында сандар жайлы түсініктерін толықтыруда сандарды қайталау барысында мына жаңылтпаш өте тиімді.
Пеш үстінде бес мысық,
Пеш ішінде бес мысық,
Бес күзетші, бес пысық.
    Айналамен таныстыру сабағында, үй жануарлары олардың пайдасы жайлы түсінік беріп, қорытынды барысында
Түйе маған шұбат береді,
Шұбат маған қуат береді, 
дегендей жаңылтпаштар баланың сөздік қорын байытып, сөздерді анық айтуға жаттықтырады. Ал, тіл дамыту сабағында с-ш, р-л дыбыстарын дұрыс, анық айтуға мына жаңылтпаштар өте тиімді, және осы дыбыстарды жаттықтыруда сабақтан тыс, серуен кездерінде бірнеше қайталап отырсақ, берер табысы мол. Мысалы: 
Күрішші егуге кірісті күрішті,
Күрішші себуге кірісті күрішті.
    Мақал – мәтел, нақыл сөздер  - халықтың ұзақ уақыт бойы адамдардың іс-әрекеті, мінез – құлқы жасалған байқауларынан туған дана сөздері. Бұлар баланың тілін дамыты, ақылды, мағыналы, тәрбиелі сөздерді еске сақтауға, сөздің мағынасын түсініп оны жатқа айтуға және үйренген сөздерді күнделікті өмірде қолдана білуге қалыптастырады. Мақал – мәтелдің әр сөзін түсінетіндей етіп мәнерлеп, сөз ырғағына салып айтқан жөн. Мақал – мәтел барлық сабақта және сабақтан тыс уақытқа тәрбие ішінде қолданған тиімді.
Мысалы тамақ ішер кезде өте тиімді.
    «Ас адамның арқауы» (батыр, мықты, әдемі) синоним сөздерді, көп мағыналы сөздерді ажырата білуге бейімдейді.
Экология негіздері сабағында:
«Денсаулық – зор байлық» мақалы денсаулықтың адамға ең қажет екенін түсіндірсе, баланың сөздік қорын дамытып, оның сөйлеуге тілін жаттықтырады.
    Халық ауыз әдебиетінің бала тілін дамытуда халық арасында кеңінен дамыған қимыл ойындарында алатын орындары ерекше. Ойында тапқырлық, шапшандық, батылдық қасиетімен, ойынмен балалар тәрбиесіндегі алатын орнын жақсы білген халқымыз «Ақ серке, көк серке», «Қуыр, қуыр, қуырмаш», «Тәй-тәй», «Соқыр теке» ойындарын ойлап тапқан, ойындарда ауыз әдебиетінің үлгілері кеңінен пайдаланып, баланың тілінің дамуына сөйлемді байланыстыра  сөйлеуге үйретеді. Сонымен, баланың тілінің бай, сөздік қоры мол, көркем, бейнелі сөздерден байланыстыра сөйлем құрастыра білуге, мәдениетті сөйлей және, сұрақта толық жауап беруге халық ауыз әдебиетінің берер маңызы өте мол.

Бала тілін дамытудағы ауыз әдебиетінің маңызы курстық жұмыс №4090

 МАЗМ¥НЫ 

КІРІСПЕ .......3-5 
I ТАРАУ. АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ ТУРАЛЫ 
1.1 Халық ауыз әдебиеті туралы жалпы түсінік ............6-20 
1.2 Халық ауыз әдебиетінің түрлері .......20-24 
ІІ ТАРАУ. БАЛА ТІЛІН ДАМЫТУДАЕЫ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНІҢ МАҢЫЗЫ 
2.1. Бала тілін дамытудағы ауыз әдебиеті үлгілерінің тәрбиелік мәні...24-29 
2.2. Ертегілер, олардың бала тілін дамытудағы маңызы ........29-54 
ҚОРЫТЫНДЫ : ........55 
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР .......56-57 

Жұмыс түрі: Курстық жұмыс

Жұмыс көлемі: 46 бет
Пәні: 
-----------------------------------------------------------------------------------
https://www.topreferat.com/
КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ҚЫСҚАРТЫЛҒАН МӘТІНІ

КІРІСПЕ .......3-5 

I ТАРАУ. АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ ТУРАЛЫ 
1.1 Халық ауыз әдебиеті туралы жалпы түсінік ............6-20 
1.2 Халық ауыз әдебиетінің түрлері .......20-24 
ІІ ТАРАУ. БАЛА ТІЛІН ДАМЫТУДАЕЫ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНІҢ МАҢЫЗЫ 
2.1. Бала тілін дамытудағы ауыз әдебиеті үлгілерінің тәрбиелік
2.2. Ертегілер, олардың бала тілін дамытудағы маңызы ........29-54 
ҚОРЫТЫНДЫ : ........55 
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР .......56-57 
Кіріспе 
Диплом жұмысының көкейкестілігі. 
Қазақ халқының отансүйгіштік, имандылық, адамгершілік тәрбие берудегі тиімді
Диплом жұмысының нәтижелерін теориялық тұрғыдан: 
халық ауыз әдебиеті жанрларын классификақиялауда; 
халық ауыз әдебиеті жанрларынан оқулық түзу үшін мәтіндер 
алуда; 
практикалық тұрғыдан: 
-бастауыш мектеп мұғалімдері әрбір сабақтан тіл дамыту жұмыстарына; 
-болашақ бастауыш мектеп мұғалімдері педагогикалық іс-тәжірибеден өтіп жатқан
Диплом жұмысының мақсаты: Халық ауыз әдебиеті жанрларындағы ертегілерді
Диплом жұмысының міндеті: Аталған мақсатты жүзеге асыру үшін: 
жалпы ауыз әдебиеті туралы қысқаша сипаттамасы; 
бала тілін дамытудағы тәрбиелік мәнін; 
ертегілердің бала тілін дамытудағы маңызын шешіп алу 
қажет. 
Диплом жұмысының ғылыми болжамы: Бастауыш мектепте ертегілерді оқыту
Диплом жұмысының құрамасы: Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан,
I тарау. Ауыз әдебиеті туралы 
1.1 Халық ауыз әдебиеті туралы жалпы түсінік 
Адамзат баласы табиғаттың сыр-сипатын, жұмбағын, қоғам өміріндегі түрлі
Әр елдің, әрбір халықтың өзіне ғана тән фольклоры
Образдан ойлау адам санасының өзгеше бір формасы. Ол
Фольклор туындыларының өзіндік ерекшеліктері болады. Ең алдымен, фольклор
Өмір тәжірибесімен бірге ой, оның материалдық қабығы -
Қоғам дамуының сәби кезеңдерінде фольклор шығармаларын орындаушылар отбасы,
Ғылымда халық поәзиясын «фольклор», ал оны зерттейтін ғылым
Халық поәзиясы төңірегінде айтылған Н.Г. Чернышевский, В. Г.Белинский,
Фольклор оның мәні туралы Н.П. Андреев, Е. В.
Осы сияқты көптеген пікірлерді ескере келгенде, фольклор шығармаларына
Фольклор шығармаларының табиғаты туралы М.К. Азадовский, Ю.М. Соколов
Орыс, совет фольклористикасында туған түрлі ғылыми пікірлерді бұлайша
Фольклор жанрлары туралы В.Я. Пропптың пікірлері де жанды.
Осы айтылғандарға фольклор шығармаларының тағы да бірнеше сипатын
Халық поәзиясын көпшіліктің өзі тудырғандықтан. Ол елдің тұрмыс-тіршілігімен
Фольклор шығармаларының айрықша әсерлі болатын себебі - оның
Фольклор шығармаларынан халық тағдыры, оның өмірден көрген қайғы-қасіреттері
Қазақ фольклорының ұнамды образдары үнемі халық ортасында, коллективтік
Қазақ фольклорының образдары жанды әрі шынайы болып келеді.
Фольклор шығармалары қоғам дамуының әр түрлі сатысында, негізінен
Қазақ әпосының қүндылығы мен халықтығының бір белгісі -
Ғасырлар бойы түрлі жырау, жыршы, ақын, көркем сөз
Қазақ фольклорының алғашқы үлгілері сонау бақташылық, бәлки одан
Көптеген Түркі тілдес халықтар сияқты ертеде қазақ халқының
Ерте кезеңдерде Орта Азия, Алтай және Қазақстан жерін
Қазақ аңыздарында құт басы — еңбек. Осы ретпен
Академик Ә. Марғүлан өзінің «Халық жырларын туғызудағы мотивтер»
Ислам әсері қазақ әпосынан соншалық үлкен орын алмаған.
Кейінгі замандарда туған 
Грек әпосына қатысты бір сөзінде Карл Маркс «Илиада»,
Совет фольклоры Орта Азияны мекендеген көшпелі халықтарда ғана
Фольклор шығармалары ауыз әдебиетімен сабақтасып, жазба әдебиетке жол
сюжеті мен образдары фольклордан алынған. Мұны фольклор 
мен әдебиет арасындағы табиғи-органикалық байланыс
Жазба әдебиет сияқты ауыз әдебиетінде де өмір шындығының 
сәулесі бар. Фольклор — тарихи оқиғалар ізімен қиялдау,
тәсілі арқылы жасалған көркем сөз байлығының басты бір
танымдық, тәрбиелік мәні зор мәдени мүра. 
Фольклористика тарихы туралы. Фольклор — халық даналығы тудырған
Қазақтың көшпелі өмірден туған мифтік образдары сол елдің
Соның бәрі халықтың қиялдау қуатынан туған. Алайда фольклорды 
ғылыми Тұрғыдан зерттеу дегеніміз күні өтіп
1.2 Халық ауыз әдебиетінің түрлері 
Қазақ ауыз әдебиетінің бірнеше түрі бар. Соның ішінде
Ауыз әдебиетінің бұл аталған түрлері, әрине, бір мезгілде
Белинский бұл пікірін «Әдебиеттің түрлері» және «Әдебиет деген
Демек, жазба әдебиеттің қандай туындысын алсақ та оның
Ауыз әдебиетінің жазба әдебиеттен келесі бір айырмашылығы -
Бір-біріне жалпы мазмұны, оқиға желісі, кейіпкерлерінің аттары үқсас
Мұнымен қатар ауыз әдебиетіңде вариаиттардың көп болуын шығарманың
Ал жазба әдебиетте мұндай жағдай кездесе бермейді. Әрбір
Ауыз әдебиетінің жазба әдебиеттен тағы бір айырмашылығы бар.
Ертек, ертек ерте екен, 
Ешкі жүні бөрте екен, 
Қырғауыл жүні қызыл екен, 
Құйрық жүні үзын екен, - 
деп, немесе «Баяғыда бір кедей болыпты, оның үш
Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеттің арасындағы айырмашылықты көрсететін
Міне, осы арада бірнеше өнердің бірлесіп келгенін көреміз.
II тарау. Бала тілін дамытудағы ауыз әдебиетінің маңызы 
2.1 Бала тілін дамытудағы ауыз әдебиеті үлгілерінің тәрбиелік
Қазақ халқының патриоттық тәрбие берудегі тиімді құралдарының бірі
Ерлік тәрбиені қалыптастырудағы өзіндік шыншылдығы мен әлеуметтік мәні
Негізінен ертегілер оқушылардың ой-өрісін жетілдіріп, Отанын сүюге, халқын
Ертегілерде батырлардың түр-тұлғасын "жауырыны қақпақтай, бұлшық еті бұлкілдеп,
Ал классикалық батырлар ертегісінде батыр тылсым күштермен емес,
негізгі құрылымдарында туған-туысқанға көмек беру, шынайы ғашықтық, батырдың
Ал "Керқүла атты Кендебай" ертегісінде Кендебайдың сипаты мен
Бұл жерде Қазанбай батырдың айла-тәсілдерінен мағлұмат бере отырып,
Орыс педагогі А.В.Сухомлинский: "Ертегі - халық мәдениетінің рухани
Халық өзінің ертегілерінде қиял түрінде болса да, қоғам
Сондай-ақ бір топ ертегі, аңыздарда жауыздық пен ізгілікті,
2.2 Ертегілер, олардың бала тілін дамытудағы маңызы 
Ертегі - ауыз әдебиетінің ықылым заманынан келе жатқан
Ертегілерде халық басынан кешкен, ғасырлар ізі жатыр. Оларда
Барлық елдің ауыз әдебиетінен мол орын алған және
Ертегілер көбінесе, қара сөз ретінде айтылатындықтан, оны халықтың
Халық әдебиетінің басқа түрлері секілді, ертегілер де адам
Бертін келе, әкономиканың ілгері дамуы, қоғамдық карым-қатынастардың алға
Бұл секілді жағдайларды қазақ ертегілері де басынан кешірген
Осыған байланысты тағы бір жайды ескерте кетелік. Қазақ
Ертегіге бай елдердің бірі - қазақ халқы. Қазақ
Осы аталған адамдар сол кезде Орынборда, Омбыда, Казаньда,
Жоғарыда аталған адамдардың ішінен қазақ ертегілерін жинап бастыруда
Қазақ ауыз әдебиетінің үлгілерін ел арасынан жинау ісіне
Қазақ ауылдарын көп аралаған, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап,
Октябрь революқнясына дейін қазақ ертегілерін ел арасынан жинап
Қазақ фольклоры Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, А. БайТұрсынан, сондай-ақ М.Әуезов,
Алпысыншы жылдары Қазақ ССР 
Кейінгі кезеңде қазақ ертегілерін зерттеуге М. Әуезов, Қ.
Қазақ ертегілерінің қай түрі болса да замана елегінен
Қазақ ертегілерін тақырыбына қарай бірнеше топқа бөлуге болады.
Қиял - ғажайып ертегілер. Бұл ертегілер тым ерте
Патриархат дәуірінде адамды ең басты киелі күш деп
Кейбір ертегілерде де ат иемдену, мал асыраудың іздері
Қазақтың қиял- ғажайып ертегілерінде адамға жамандық ойлап жүретін
Кенже туған әпостық жырлар мен қазақ ертегілерінде олар
Ер Төстік, Кендебай, Аламан, Желім батырдың өзі ең
Адам әрекеті күшейген сайын оның достары қүс (самұрық),
Өмір ілгері басқан сайын, ит, түлкінің де қызметі
Сонымен, мифтік образдар табиғатында адам ойының сәби, жетілмеген
Матриархат пен патриархат арасындағы қайшылықты білдіретін қазақтың мифтік
«Алтын сақа» ертегісінен бақташылық өмір суреті көрініс тапқан.
Осы сарын «Сырттандар» ертегісінде тіпті айқын. Асылы бұл
«Желім батыр», «Күн астындағы Күнікей қыз» ертегілерінде тартыс
Жерден шығу ертедегі Тесік тау (Отүкен) аңызын мегзейді.
Аламан мен Жоламан, Құламергендер ылғи дәу, мыстандармен күреседі.
«¥шар ханның үш баласы» ертегісінде айдаһар тотемінің ізі
Мифологиялық ертегілердің бір жағында жалмауыз кемпірлер, дәулер, Тұрліше
Мифологиялық ертегілердің бас қаһарманы - мерген балалар. Олар
Осы мазмұндас ертегілерде хандар бейнесі де бар. Олардың
Мифологиялық ертегілердегі жамандық пен жақсылық көбіне табиғат пен
Ертегі сюжеттерінің локалдық шеңберде көрінуі арыда емес, қоғам
Тылсымдау, сиқырлау, жәділеу, самұрықпен ұшу, теңіз кешу, айдаһармен
Жан-жануарлар туралы ертегілер. Мифологиялық ертегілерден кенже туған, тақырыбы
Қазақтың бақташылық өмірінен туған ғажап ертегілердің бірі -«Бозінген»
Бозінгеннің зары - монолог түрінде берілген. Онысы -
Жаралғанннан жасымнан, 
Үстіме кілем жамылдым. 
Күйіп, жанып сабылдым. 
Көрер күнім бар ма екен. 
Тартып беру бала үшін, 
Мен ботамды сағындым. 
Бұдан әрі өзі жат қолына түскен Бозінген үшқан
Мал күту мен еңбек мәнін биік бағалайтын «Қотыр
Ауырып жатқан кемпір-шалға дәрі шөп іздеп шығатын қошқар
Қазақ фольклорында жабайы аңдар жөнінде айтылатын ертегілер де
Мал күту мен еңбек мәнін биік бағалайтын «Қотыр
Ауырып жатқан кемпір-шалға дәрі шөп іздеп шығатын қошқар
Қазақ фольклорында жабайы аңдар жөнінде айтылатын ертегілер де
Хайуанаттар туралы кейбір ертегілерге адам образы қосыла бастайды.
Хайуанаттар ертегілерінде сатира сарыны да бар. Мысалы, «Түлкі
Арыстан образында хан, патшаларының да сыны бар. Осы
Халықтың мегзеп отырғаны бір ғана аңдар арасында жайлар
Шыншыл ертегілер. Бұл ертегілер өмір шындығына жақын, ішінде
Бізге шыншыл-реалистік ертегілердің қазақ өмірінен алынған нүсқалары мәндірек.
Қазақтың реалистік ертегілерінің ең марқаларының бірі -«Алпысқа келгеннен
«Жақсылық пен жамандық», «Үш ауыз сөз» ертегілері мінез,
«Үш ауыз сөз» ертегісінде жас жігіт ақылды қарияға
Таңертең қабын арқалап бара жатқан балаға бір кемпір
«Екі жетім» ертегісінде өгей шешенің қиянаты, «¥р тоқпақ»
Шыншыл-реалистік ертегілерде ең әділ, ең ақылды адам халық
Қазақтың реалистік ертегілерінде қоғамның төменгі тобынан шыққан «кішкене
Зорлаушылардан жапа көрушіні айыруда «Тоғыз Тоңқылдақ - бір
Қазақ ертегілерінен көрінетін әлсіз образдардың бірі - тазша.
Шындығында, ертегі айту еріккеннің ермегі емес, жастарды сөз
Бала тілін жан-жақты дамытып, қалыптастыруда қазақ халқының ауызекі
Халықтық әсем сөз өрнектері балалар түсінігіне лайықты, тілге
Ертегілерді баланьщ тындауы, естіген ертегі мазмұнын қайталап айтып
Ата-ана бала түсінігіне лайықты мектеп жасына дейінгі балалар
Ертегіні тындату арқылы балаға жан-жақты тәрбие беріп, дамытумен
Ертегілердегі балаларды аса қызықтыратын тағы бір жәйт-кейіпкерлердің аса
Халық ауыз әдебиетінің үлгілері тақырыптық, көркемдік жағынан түрлі
І.Орыс тілі сабақтарында орыс ертегілерінің қандай түрлерімен таныстыңдар? 
2.Солардың ішінде қиял-ғажайып ертегілерді атап айтыңдар. Олардың кейіпкерлері
3. Бұл ертегілерде қандай қызықты оқиғалар суреттелген? -деген
Оқушылардың берген жауаптарын жинақтай отырып мұғалім қазақ ертегілерінің
Оқулықта берілген "Ғажайыптар әлемінде" деген мәтінде ертегілерге арқау
1. Басты кейіпкер қандай фантастикалық, ғажайып оқиғаларға кездеседі?
2.Ертегідегі ғажайып заттарды атап шығындар? Олардың
3. Басты кейіпкердің қарсыластары кімдер?
4.Басты кейіпкердің достары мен 
Өз жауаптарын оқушылар мәтіннен естіп, соның ішінде кейіпкердің
Мәтінді мұғалім өзі бастап оқығаны жөн. Өлеңмен жазылған
Сондай-ақ халық ауыз әдебиетіндегі жақсы айтылған ертегінің өзі
Қорытынды 
Бастауыш мектеп оқушыларының тілін дамытып, сөздік қорын молайтуда
Ертегілерді меңгеруде, солар арқылы дамыту жұмыстарын жүргізгенде мыналарды: 
- Мәтінді бірінші болып мұғалімнің өзі оқуын; 
- Өлеңмен жазылған мәтінді оқығанда оның әуені мен
- Мәтінді мәнерлеп оқуға; 
- Мәтіндегі дыбыс үндістігінің бұзылмауына; 
- Мәтіндегі сөздердің қатесіз дұрыс оқылуына; 
- Балалардың түсініктерін мейлінше көркем тілмен өз сөздерімен
Пайдаланылған әдебиеттер 
Алпысбаев Т. «Қазақ халық әдебиеті» Т.З; Ертегілер. Алматы, 
«Жазушы» 1975ж. 135-1846. 
Айдашаев А. «Қазақ халық әдебиеті» Ертегілер.
«Жазушы» 1979ж. 112-1466. 
Ахметов Ш. «Қазақ балалар әдебиеті» Алматы «Ғылым» 1974ж, 
221-2276. 
Бердібаев Р. «Сарқылмас қазына» Алматы «Мектеп» 1983ж. 
145-2016. 
Ғабдуллин М. «Қазақ халқының ауыз әдебиеті» Алматы мектеп. 
1991ж. 3-376. 
Көшімбаев А. «Қазақ әдебиетін оқыту методикасы» Алматы 
«Мектеп» 1969ж. 77-796. 
Кенжебаев Б. «Әдебиет белестері» Алматы «Мектеп». 1986ж. 
143-2016. 
«Қазақ ертегілері» Алматы «Балауса» Қазақстанның
әдебиеті 2003ж. 34-536. 
9. Қазақ әдебиетінің тарихы Т.1, 2-ші кітап
10. Қазақ халық 
11. «Қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихымең даму жолдары»
12. Қазақ ертегілері: Аңыз, 
13. Қалиев С. «Халық ертегілері» // Тәрбие
15. Қирабаев С. «Мектеп және қазақ әдебиеті» Алматы
16. Қоңыратбаев Ә. «Қазақ әдебиетінің тарихы» Алматы «Мектеп»
17. П.Мұқанов С. «Халық мұрасы» Алматы «Мектеп» 1980ж.
18. Сүйіншәлиев X. «Қазақ әдебиетінің қалыптасу
19. Тойшыбаев С, Дайрабаев Ғ. және Қожакеев Т.
20. Хайуанаттар туралы қазақ ертегілері Алматы «Ғылым» 1979ж.
22. Бастауыш мектеп // О. Бартаева «Бастауыш сыныпта
23. ¥лағат // Р. Берекенова «Ауыз әдебиетінің
24. Ұлт тағылымы 2004//Р. Ерденова «Патриоттық тәрбие берудегі

І.Кіріспе

Халық ауыз әдебиеті - талай ғасырлардан келе жатқан мұра, сарқылмас бай, асыл қазына, халық шежіресі. Онан халқымыздың өткенін білеміз, сол арқылы бүгінгі заманымыздың ұлылығын танимыз, халқымыздың батырлық, ерлік тарихын көреміз.Балабақшада бүлдіршіндерді ауыз әдебиеті үлгілерімен таныстырып, олардың рухани өмірін байыта түсу балабақша тәрбиешілерінің міндеті болып табылады.
Бүлдіршіндердің ой - өрісін дамытуға, қиялын шарықтатып, тіл байлығын дамытуда ауыз әдебиет үлгілері - ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштардың тигізетін пайдасы ұшан - теңіз.

Қиял дүниесінен туған ғажайып оқиғалы ертегілер, батырлық жырлар, өмір тәжірибесінің қысқаша қорытындысы – мақал - мәтелдер, ойға түрткі салатын сыр сандықты жұмбақтар, қиыннан қиыстырылған тақпақ – жаңылтпаштар - бәрі де балабақшада кеңінен пайдаланатын дүниелер. Бұлар балаларды елін сүюге, батылдыққа, адамгершілікке үйретеді. Балабақша бағдарламасында ауыз әдебиет үлгілері үйретуге баса назар аударылған. Онда оқылған ертегі, әңгіме мазмұнын жүйелі байланыстырып, әңгімелеп беруге үйрету, ертегі мазмұнында кездесетін кейіпкерлердің іс - әрекетіне сай образды сөздер мен диалогтарды, кейбір өлең шумақтарды бұлжытпай жатқа айта білуге, екі адамның диалогында кездесетін сұрақ, қорқыныш, талап тілектерді білдіретін сөздерге дауыс екпінін дұрыс қойып, мәнерлі айта білуге тәрбиелеу болып табылады.

ІІ.Негізгі бөлім

Қазақ халқының тұрмыс салтын, арман үмітін, өткен өмірін кеңінен танытатын ауыз әдебиеті үлгілерінің көлемді саласының бірі – ертегілер. Ертегілер өте ерте заманда, тіпті жазу сызу өнері болмаған кездің өзінде – ақ туған. Бұларды халқымыз күні бүгінге дейін ұрпақтан ұрпаққа ауызша да, жазбаша да жеткізіп келеді.Ертегінің өзіндік құрылысы, көркемдік ерекшелігі бар. Қандай ертегіні алсақ та, ол белгілі бір сюжетке құрылады, оқиға желісінің басталуы, аяқталуы, өзіндік шешімі болады. Ертегі баяу басталып, оқиға желісі күрделене түседі. Кейіпкерлер арасындағы қайшылықтар өрістей келе, әділдік үстемдік құрып, зұлымдық жеңіліс табумен аяқталып отырады.Әсіресе, адам өміріне байланысты іс - әрекеттер өткір сықақ - мысқылмен беріліп, бала сезімін селт еткізіп, күлкіге мәз етеді.
Балалар жағымсыз кейіпкерлердің жаман әрекеттерінен бойларын аулақ ұстап, жақсылыққа құмартады. Ертегінің осындай әр жақты сырын қызықты, тартымды бала санасына лайықтап жеткізу айтушының шынайы шеберлігіне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Солардың ішіндегі бастылары:
1. Қиял - ғажайып ертегілері
2. Хайуанаттар жайындағы ертегілері
3. Тұрмыс - салт ертегілері
4. Аңыз ертегілері
Мектеп жасына дейінгі балаларға осы аталғандардың бастапқы екі түрі оқытылады. Ертегілер балалардың жас ерекшелігіне сай жоспарланады.
Кіші топтарда ауызша әңгімелеп беру тәсілі қолданылады. Ересектер тобында оқығанды тыңдату мен әңгімелеп беру қатар жүргізіледі.
Мұндағы мақсат – ертегіні әңгімелеуге үйрете отырып, оқылған ертегіні шыдамдылықпен тыңдай білуге үйрету болып табылады.

Ертегілердің ішіндегі баланың қиялын шарықтатып, бала шақтың болашағын елестетіп, келешекке сеніммен қарауға тәрбиелейтін ең әсерлі ертегілер – қиял-ғажайып ертегілері. Ертеде «Ұшқыш кілем» ойлап шығарған халық енді «Зымыранның» өмірде бар екенін тілге тиек етіп, жұлдыздар мен планеталарды еркін аралайтын алыптар туралы ертегілер шығарды. Тұрмыс-салтқа байланысты ертегілер халықтың тарихи талаптарына байланысты туған. Онда бай баласы мен жарлы баласының таптық айырмашылықтары сөз болады, ақылды кедей мен сараң бай, қанағатсыз саудагер, ақымақ хан мен данышпан шаруаның іс-әрекеттері, мінез-құлықтары суреттелінеді. Батырлық ертегілерде елін қорғап, халқын қадірлеген ерлердің таңғажайып іс-әрекеттері баяндалады ,олардың ерліктері мен еңбектері, адамгершілік іс-әрекеттері кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге етіп айтылады.     Күлдіргі ертегілер, негізінен, Алдар көсе мен Жиренше шешеннің, Қожанасырдың есімдерімен байланысты. Ондағы кейіпкерлер сараң бай, зұлым хан, қаныпезер уәзір, қуақы құл, еріксіз қыз, еңіреп туған ер-азамат болып келеді. Онда зұлымдықты тапқырлық жеңіп отырады.Естігендерін қайталап айтып, қандай кейіпкердің бар екенін балалар айтып береді. Сонымен қатар сөздік жұмыс жүргізу, сұрақ-жауап ала отырып, сөздік қорларын байытып, әңгімелей білуге үйрету.Көркем шығармалармен балаларды ерте кезден таныстыру, оқыту тәрбиелеу істерінде қолданып отыру арқылы балаларды еркін сөйлеуге, түсініп, мәнерлеп айтуға дағдыландыру керек.

Отбасында, ертегілер күнін белгілеп, сол күні әженің, не атаның ертектерін тыңдау немесе ертегі оқу, ертегілерді теледидардан көру, ертегі айтысу т.б. тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастыру қажет. Әсіресе, бұлдіршіндер мен балдырғандар, өрендер ертегілерді құмарта тыңдайды, үлкендердің ертегі айтып беруін өтінеді, ондайда баланың сағын сындырмай, бағын қайтармай, оларға ертегі айтып беруді үлкендер (әжелер, аталар, әкелер, аналар) борышым деп түсінуге міндетті. Халық ертегісі  балалардың  барлық ықыласымен сүйсіне тыңдайтыны, оның ғасырлар  бойы ұрпақтан-ұрпаққа айтылып, халықтың даналық, тапқыр ой-пікірлері жинақталып, әрі көркем, әрі жеңіл тілмен берілетіндігінде. Басталған жерден ақ оқиғасы қызықты, ұшқыр қиялды болып келеді де, баланың ойын бірден қызықтырып, жетектеп әкетеді. Халық ертегілері ішінде балалар арасына кең тарағаны, әсіресе сүйіп тыңдайтыны хайуанаттар жайындағы ертегілер. Хайуанаттар жайындағы ертегілердің қай түрін алсақ та балалардың ұғымына сай, түсінуіне жеңіл, күлкілі де қызықты болып айтылады. Ертегілерде балаларды қызықтырарлық және оларға ой саларлық  сипаттар бар, яғни, олардың мінез өзгешіліктерін, сырт көріністерін, күн көрісін байқайды. Есіту арқылы олар енді тікелей білуге, зерттеуге құштарланады. Мысалы: «Түлкі мен тауық», «Түлкі, қойшы, аю», «Түлкі мен ешкі», «Түлкі мен қарға», «Түлкі мен арыстан», «Түлкі мен қаз», «Түлкі мен құмыра» .т.б.  Мұнда  балаларға үлгі, өнеге боларлық терең ойлар айтылған. Айлалының қолына түсіп, мерт болудан сақтандырудың жолдары көзделген. Әсіресе, қиын-қыстау кезеңде асып-саспауға, не нәрсені болса да алдымен ақылға  салып шешуге үйретеді. Тапқырлыққа баулиды. Сондай-ақ, хайуанаттар жайындағы шағын ертегілер көбіне  мектеп жасына дейінгі балаларды әсіресе,  тапқырлық күлкілер мен қызықты жеңіл түйіндер мәз-мейрам етеді. Олардың эстетикалық талғамын күшейтіп, сөйлеу мәдениеттілігін арттырады. 

Халық ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан, өзіндік ерекшеліктерімен танылған халықтың асыл ойының көркем жиынтығы - мақал мен мәтелдер арқылы да беріледі. Қазақтың мақал - мәтелдері негізінен елдікке, ынтымақ - бірлікке, адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелейді. Халықтық шығармалар ішінде жұмбақтар үлкен рөл атқарады.Жұмбақтар баланы байқағыштыққа, тапқырлыққа баулып, ой - қиялын ұштастыруға көп әсер етеді. Халықтық шығармалар ішінде баланы дұрыс та, айқын сөйлеуге үйрететін, тілін жаттықтыруға бейімдейтін жанр – жаңылтпаш. Балалар жаңылтпаш арқылы сөздерді дұрыс сөйлеуге, жеке дыбыстарды алмастырмай дұрыс айтуға үйретеді.

Бала тілін дамытуда, ой - өрісін кеңейтуде халық ауыз әдебиетін балабақшада пайдаланудың маңызы зор.

Пайдаланған әдебиеттер:
1. Ғылыми әдістемелік педагогтік журнал
«Отбасы және балабақша»

2.Ш.Ахметов. Қазақ балалар әдебиеті. Алматы, «Мектеп»,

Скачать материал

Краткое описание документа:

ОБЖ и классное руководство 1-11

  • Математикалық жұмбақ
    1. Біз санбыз сызықпен бөлінген
    Математиканы ұқпас адамға
    Құбыжық боп көрінген,
    Дұрыс, бұрыс, аралас,
    Ондық болып бөлінген. (бөлшек сан)
    2. Нүктеден, екі сәуледен,
    Құрылған бұл не екен? (бұрыш)
    3. Алды артымыз шексіз де
    Жете алмайсың біздерге.
    Сәуле менен кесінді
    Шыққан тегін білсе де. (түзу)
    4. Алпыс төрт бөлмеде
    Отыз екі тұрғын бар
    Ақ, қара қып бөлгенде
    Бірін - бірі қуғындар
    Ханы үшін де, жаны үшін де
    Бермейді олар намысын. (шахмат)
    5. Бір көлден он екіден қаз ойнайды,
    Алсам деп бірін - бірі наз ойлайды.
    Келгенде жақындасып, қожаңдасып
    Бір бірін алмасына еш қоймайды. (дойбы)
    6. Бір ағаштың он екі бұтағы бар,
    Әр бұтағында отыздан жапырағы бар,
    Жапырақтың бір жағы ақ,
    Бір жағы қара. (жыл, ай, тәулік, күн мен түн)
    7. Күшіне сенген бір мықты
    Жығып алып сегізді
    Қайда барайын дегізді (шексіздік)
    8. Басынан координатаның өте алмайды,
    Осьтерге жақындайды, жете алмайды.
    Екеуі екі бөлек тұрғанымен,
    Ажырап бір бірінен кете алмайды. (гипербола)
    9. Біреуі ұғымдардың басты - басты
    Болады өзі әр кез түбір асты.
    Өзінше өрнек болып құрылғанда
    «4» саны құрамын араласты. (дискриминант)
    10. Бір мінсіз жұмырланған қабырғасы,
    П менен есептелген үш шамасы.
    Шаманың өлшемдерін анықтауға
    Қажет - ақ Пифагордың теоремасы. (конус)
    11. Екеуін бір қосақтап матап қойдым,
    Соларға дәрежелі атақ қойдым.
    Матаудың шие болған қос түйінін
    Шешудің үш тәсілін атап қойдым.(Теңдеулер жүйесі)
    12. Бір сабаз мінезі тік, қатал, мықты,
    Жаңа ұғым геометриялық ойлап - тауып
    Сыйлыққа Пифагордан бата алыпты.(Тік бұрышты үшбұрыш)
    13. Бір оғым - бір нүктеге тиіп кетті,
    Бір оғым - екі жерден қиып кетті.
    Бір оғым - нысанаға жақындамай
    Есіл оқ құр далаға күйіп кетті (шеңбер мен түзудің жаласуы)
    14. Басында координатаның қазығы бар
    Қорегі - сүйір бұрыш - азығы бар.
    Мәңгіге екі егізді қамап қойған
    Білмеймін, оның қандай жазығы бар?(синус пен косинус)
    15. Келбеті келген бір сұлу
    Жағасы жоқ, жеңі жоқ
    Үшбұрыш көйлек киіп тұр
    Етегі жерге тиіп тұр (пирамида)
    16. Шекер жейтін ақ құтан
    Бір қазыққа байланды
    Аузына тістеп шекерін,
    Ол қазықты айналды (циркуль)
    17. Егіз туған қос жүйрік
    Жарыса шауып терлейді
    Терлеген сайын өрлейді,
    Бірін бірі көрмейді.
    Дамылсыз қанша шапса да
    Бір мәреге келмейді (паралелль түзулер)
    18. Үйшігі бар бір сабаздың
    Бірге жүрген бізбенен,
    Ұзын екен құйрығы
    Оны тіпті сезбеп ем
    Құйрығының ұшы жоқ,
    Көрейін деп іздеп ем (иррационал сан)
    19. Екі ғана қабыртқа
    Белбеуі бір жануар
    Белбеуіне жазылған
    Өзінің меншік заңы бар.
    Бірі кіші, бірі үлкен
    Қос табаны тағы бар
    Мұндай ғажап нәрсеге
    Әркімнің де заңы бар (трапеция)

    20. Он бір түйе, бес жылқы.
    Екі сиыр, бес ешкі
    Екі қоян үш түлкі
    Таба алмайсың бос күлкі (барлығы: 28)
    21. Бес бұтақты ағашта
    Бұтақ сайын бес алма
    Біреуін бер алашқа
    Қалады сонда қанша алма (барлығы: 24)

    22. Жоқ өзінде баста, қаста, мойында
    Ұзындығы жазулы бір бойында (сызғыш)

қырыбы: Қызықты математикалық тапсырмалар
Мақсаты: Қызықты математикалық тапсырмаларды орындауға жаттықтыру, оқушылардың математикадан алған білімдерін пысықтау Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп,логикалық ойлауды жеделдетуге баулу, танымдық қабілетін, пәнге деген қызығушылығын арттыру.Оқушыларды білімді азамат болуға тәрбиелеу.                                       Сабақтың әдістері: қайталау, ойын сабақ
Сабақтың көрнекіліктері:түсті қалталар,геометриялық фигуралар,1-6ға дейін сандар жазылған шаршы,плакаттар.

1)Уа халайық , халайық,                          Азамат

Бәріңе жар салайық.                            

2)Бүгінгі кеш төрінде                               Аружан

Математика тілінде,

3)Есеп шешіп жарысып                            Гүлназ

Шабыт тасып, шалқысып

4)Жұмбақ шешіп аңдысып,                      Жазира

Есеппен ән салысып,

5)Көңілді кеш жасайық.                            Анель

Жұмбақ бәріне шашайық.

6)Мұнда қызық табылар,                          Ерсін

Мақал, жұмбақ бәрі бар.

Құрметті ұстаздар.Бүгінгі «Математика – ақыл- ойдың озығы» атты ашық сабағымызға хош келдіңіздер.Жақсы ,балалар,орындарыңа отыра қойыңдар.Сендерге сәттілік тілеймін.

Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік

Сөз кезегін математикаға берелік,

Арамызда тапқыш достар көп екен

Солардың енді жауаптарын көрелік- деп сабағымызды бастап кетейік.Алдарыңызда жатқан сандары жазылған шаршыны  лақтырып берілетін тапсырманың нөмірін анықтайық.

Тапсырмалар:

1)Математикалық жұмбақтар

а)  Оң қолымда бес саусақ                                        ә) Өткізген тырна сабаққа,

Сол қолымда бес саусақ,                                            Қатысты жеті сауысқан,

Қосып едім екеуін,                                                      Үшеуі ғана олардың,

Болып шықты он саусақ.  (10)                                   Дайындалған сабаққа.

                                                                                      Неше жалқау сауысқан

                                                                                      Қатысқан осы сабаққа?( 4)

 б) Ағашта саңырауқұлақ кепті,

Жаңбыр жауып оны жұмсартып кетті.

40-ы қызыл,8-і сары,20-сы жасыл еді.

Тиін мен тышқан 7-еуін жеді,

Қалды екен нешеу ағашта ғой енди?

(61саңырауқұлақ)

в)Жайлы орын маңай толы үйеңкі,

Батыр барыс алтыбақан құрыпты.

Кешке қарай жиналыпты көршілер.

40 қасқыр,6-аю, 5-түлкі,

Орын болмай қайтты үйіне 4кірпі.

Айтшы аңдар саны қанша,

Болып қалмай тек күлкі.

(48 аң)

г)Шыңғыс берді гүл

Алмас берді 2гүл,

Саят пенен Жақсылық

Тағы  берді 5гүл

Нұршат пенен Назерке

Әкеліп берді 3гүл

Қалғандары қосылып,Берді тағы 5гүл.

Қанша гүл болды барлығы?

(16 гүл)

 2)Математикалық мақал-мәтелдер                                                                                                   1.Бір жеңнен қол шығар,
Бір жағадан бас шығар.                                                                                                                                   2.Мың қосшыға бір басшы.                                                                                                                       3.Бір ит көріп үреді,
Бір ит еріп үреді.                                                                                                                                          4.Бір құмалақ бір қарын майды шірітер                                                                                                  5. Ер бір рет өледі,
Қорқақ мың рет өледі                                                                                                                                         6.Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар.

7. Мыңның түсін танығанша
Бірдің атын біл.                                                                                                                                                       8. Қонақ бір күн қонса құт,
Екі күн қонса жұт.                                                                                                                                                   3) «Жасырынбақ» Берілген өрнектерді дұрыс шығарып,сандардың орнына әріптерді қойсақ  мақал шығады.

Бір тал кессең,он тал ек. 4+4=8б   7+3=10і   2+2 =4р   10+1= 11о    10+2 =12н    7-4=3т      1+4= 5а   6-4= 2л      0+1 =1к    5+1= 6е    10-3= 7с    5+4= 

Еріншектің ісі – екі.   2*2 =4е   5*5 =25р    3*3= 9і   3*4 =12н    2*5 =10ш     4*4 =16к    0*5 =0т    4*6 =24ң    6*3= 18с

- Музыкалық ән шашу

4)Теңдеулер шешу: х + 6 =10      9 – a =4      380 – a = 330 – 175         99 – x = 51

5)Блиц - турнир: 1. Азайтудың нәтижесі қалай аталады? айырма

2. 1 сағатта неше минут бар? 60

3. Қосудың нәтижесі қалай аталады? Қосындының мәні

4. Барлық қабырғалары тең геометриялық фигура? шырша

5. Оқу жылының алғашқы айы қандай? қыркүйек

6. Қосуға кері амалды ата. азайту

7. Аптаның соңғы күні қалай аталады? жексенбі

8. Бір тәулікте неше сағат бар? 24

9. 9+7 өрнегінің мәні қанша? 16

10. 60-7 өрнегінің мәні қанша? 53

11. 1 дм неше см болады? 10

12. 1 ғасырда неше жыл бар? 100

13. 9 ондықтан 8 бірліктен тұратын санды ата.  98

14. Периметрді қалай табамыз?  қосамыз

15. Үш бұрышы бар геометриялық фигураны ата. үшбұрыш

16. Ұзындық өлшем бірліктерін ата. Мм,м,см,км

17. 7 ондық 0 бірліктен тұратын санды ата. 70

18. 10 дм неше см бар?

 6) Саты «Ойна да , ойла»

                                         Жеңімпаз

9*8*11=12                                                   5*8*50=90

10*4*4=10                                                  48*8*37=77

6*4*3=5                                                      4*5*15=35

3*5*6=2                                                         2*2*5=20

Музыкалық ән шашу

7). «Жаңылмай айтайық»                                                                                                                                       2 сынып :1-ден 10-ға дейінгі сандарды қазақша - орысша кезек айту:

бір,два,үш,четыре,бес, шесть,жеті, восемь,тоғыз,десять.

3- сынып :10-нан 100-ге дейінгі сандарды орысша-қазақша кезекпен айту:

Десять,жиырма,отыз,сорок,елу,шестьдесят,жетпіс,восемьдесят,тоқсан,сто.

8) Қандай сан?

«Қандай санды оң оқысаң да, теріс оқысаң да сол сөз шығады?»

ҚЫРЫҚ

Қырық санын халқымыз
Бақ дәулетке балаған
Талай дәстүр салтымыз
Осы атаумен тараған.
Шығарамыз қырқынан
Сәбиді де той жасап,
Ұлттық әдеп –ғұрпында
Ұлылық бар ойласақ.

- Сергіту сәті «Қызыл өрік»

9) « 0 және 1 сандары»  жайында ертегі құрастыру.
10) «Көңілді есептеулер»                                                                                                                                       құрылған өрнектердің жауабы дұрыс болатындай бір ғана заттың орнын ауыстыру қажет. 6-5 =10    18-12=22
11) « Логикалық - сұрақ тапсырмалар»                                                                                               1)Тауық бір аяғымен тұрғанда 2 кг, екі аяғымен тұрғанда неше? (2кг)                                             2) Сенің әке-шешең көршіңе кім болады? (  көрші)                                                                            3) 1 жұмыртқа 3 мин піседі.2 жұмыртқа неше мин піседі? (3)                                                    4)Ержанның төрт ұлы бар, олардың әрқайсысының туған қарындастары бар. Ержанның неше ұлы, неше қызы бар? 4ұл1қыз                                                                                  

5)Үстел үстінде төрт алма тұр. Бір алманы алып ортасынан бөліп қайта қойды. Үстел үстінде неше алма болды? 4 алма

6) 2 сиырдың мүйізі нешеу? 4
7). 5 қойдың басы нешеу? 5
8) 3 адамның қолы нешеу? 6
9). 1 мысықтың аяғы нешеу? 4

12) « Геометриялық фигуралар»

Қабырғалары 5см және 4 см болатын тіктөртбұрыштың периметрін табыңдар

Қабырғалары 7см және 6 см  болатын тіктөртбұрыштың ауданын табыңдар

  • Қорытындылау

  • Бағалау

Атадан 10 баламыз
Бір - бір жастан арамыз
Қосылып кейде басымыз
Азайып кейде қаламыз
Бөлініп кейде арамыз
Көбейіп те аламыз (цифрлар)

2. Бүтін сан, бөлшек сан
Барлығы да бар онда.
Бұл қандай сан айтыңдаршы,
Оң, теріс сан бәрі сонда. (рационал сан)

3. Түзудің бір бөліг,
Екі шеткі нүкте көрігі.
Ұзындығы әжне бар,
Айтшы ұпай сенікі. (Кесінді)

4. Бірге барып класқа,
Бірге үйіңе қайтады.
Оның бетін кім ашса,
Әр бағаңды айтады.
/күнделік/
5. Он екі парақ -
Он екі ақ қанат,
Жауабы әсем - ақ,
Сызылған тақталап.
/дәптер/
6. Ол – оқушы құралы,
Қатеңді түзетіп тұрады.
/өшіргіш/
7. Тебеннің ұшы түйір,
Аяғы біреу, қолы жоқ,
Шиыр - шиыр жолы көп.
Өзі сөйлей білмейді,
Салған ізі сөйлейді. /ручка/

8. Үлкен, кіші сандарды сен,
Ажыратқың келсе егер.
Қандай таңба қояр едің,
Қане ойлан куәгер. (салыстырмалы белгі)

9. Биологияда бұл паразит,
Көзге зорға көрнер.
Информатикада өлшем бірілік
Ақпараттарды өлшер. (бит)

10. Жоқ өзінде бас та,
Қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында.
/сызғыш/
11. Нәрселерді санағанда,
Керек ол бізге ауадай,
Айтыңдаршы ол қандай сан.
Жан - жағыңа қарамай. (натурал сан)

12. Он бір түйе, 5 жылқы,
2 сиыр, 5 ешкі.
2 қоян, 3 түлкі,
Таба алмасаң бос күлкі. (28)

13. Дүниеде бүтін нәрсе бола бермейді,
Көңілге армандаған қона бермейді.
Бүтін нәрсе бөлігін көрсететін,
Қай сан бар достарым. (Бөлшек сан)

14. Бүтін бөлшек бөліктерден,
Үтір ажыратып тұрады.
Осы санды кім біледі,
Аты қандай болады (ондық бөлш

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8

©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет