БАЛАЛАР БАҚШАСЫНДАҒЫ КІШКЕНТАЙЛАРДЫҢ ЕКІНШІ ТОБЫНДА МАТЕМАТИКА ЭЛЕМЕНТТЕРІН ОҚЫТУ МЕТОДИКАСЫ МЕН ПРОГРАММАСЫ
1 Кішкентайлардың екінші тобындағы балаларды оқытуды ұйымдастыру
Үш жастағы балалармен жүргізілетін жұмыс негізінен жиын туралы түсінікті дамытуға, жиындарды сандық құрамы жөнінен салыстыру жолымен олардың арасындағы айырмашылықты қабылдауға, жиындардың сандық құрамы жөнінен теңдігі мен теңсіздігін анықтай білуге қалыптастыруға бағытталуы керек. Балалар сан туралы білмей тұрып ақ жиындарды салыстыра алады. Жиындардың сандық құрамы жөнінен әр түрлі болатынын балалар бақылауларға сүйеніп, ұғынып алғандары жөн. Сонда олардың жиындарды салыстыруға ынтасы артып, санау негізінде айырмашылықты сан есім сөзбен анықтау қажеттігі туады, жиындарды сан есім мен атауға үйрету болса төрт жастағы және одан ересек балалармен өткізіледі.
Бір жарым жастан бастап балалардың өсіп жетілуін бақылап зерттеу рдың жиын туралы бастапқы түсініктері алғаш сөйлей бастаған сәби кеінен қалыптаса бастайтынын көрсетеді. Алайда балалардың жиын және сан туралы түсініктерін даму процесіне басшылық жасап отыру керек.
Үш және төрт жасқа қараған балаларды ең алғаш бір жиын мен екінші жиын элементтерін өз ара салыстыра білуге, шағын жиындарды салыстыра білуге және элементтерінің саны жөнінен қайсысы үлкен кіші немесе олар тең екенін іс жүзінде анықтай білуге үйреткен жөн. Жиын туралы ұғым барлық математикалық ұғымдардың негізі болып табылады. Сондықтан балалар бақшасының барлық топтарында оған ерекше көңіл бөлу қажет.
Жиын түрлі анализатормен мысалы, дыбыс есту мүшелері арқылы, заттардың көрінбейтін жиындары сипалау, ұстап көру арқылы, қимыл қозғалыс әрекеттері, бұлшық еттер арқылы, кинестетикалық анализатормен қабылдана алады.
Жиындар бірдей элементтерден құралғанда ғана оны сәби бір бүтін зат ретінде қабылдайды, ал оның элементтері бірдей болмағанда да жиынды бір бүтін зат ретінде қабылдай білуге балаларды үйрету керек.
Жиын элементтерін бірдейлігін түрліше белгілеріне қарап анықтауға болады. Мысалы, түрлі түсті кубиктер үшін ортақ белгі олардың формасы болады. Бірақ кубиктер жиыны олардың түсіне қарай да берілуі мүмкін мысалы, қызыл кубиктер, жасыл кубиктер. Сөйтіп, жиынды оның еі елеулі белгісі, мысалы, кубиктің формасын бөліп көрсетіп, бір бүтін зат ретінде қабылдай білуге және сонымен бірге оның элементтерін басқа бір белгісі бойынша тотай білуге, яғни оның сол жиындағы бөліктерін айыра білуге балаларды үйрету керек.
Жиындарды көре білуге, олардың элементтерін бірі мен бірін салыстыра яғни олардың арасындағы сәйкестікті тағайындай отырып, жиындарды салыстыруға үйрету демек, келешектегі санау операциясының алғашқы негізін қалау.
Кішкентайларды санауға үйрету процесі методикалық әдістарді жүйелі және мұқият ойластыруды талап етеді. Санды игеріп алу, сәбидің бірден дамымай, жиындарға қолданылатын көптеген амалдар процесінде дамытып абьстрактілі ойлауының едәуір жақсы көрсеткіші болып табылады. Сондықтан ең алдымен жиынды жеке элементтері бойынша, оларды санамастан, жиындарды қабылдау мен оларды салыстырудан санау әрекетіне және сан ұғымының абстрактілі қалыптасуына көшуді қамтамасыз еткен жөн.
Балалардың санау әрекетін зерттеу сондай ақ оларды санауға, сан ұғымын оқта текте, яғни күнделікті өмірде және ойын ойнатқанда ғана үйретуге болмайтынына көз жеткізеді. Ойын мен айналадағы өмір балаларды тек сан тұрғысынан ғана емес, басқа жақтарының байлығы мен де өзіне тартады, мәселен, бала қуыршақпен ойнаған кезде оның көзі нешеу, қолы нешеу екенін т.с.с. санамаса да біледі. Бала қуыршақтың көздеріне қарап, тіпті олар екеу екен сөзді айтады, бірақ бала үшін ол кез келген екі заттан тұратын жиынтықтың тең қуаттылығын көрсететін сан болып табылмай, қуыршақ белгілерінің бірі ғана болып қалады. Сондықтан қуыршақтың екі көзін, екі аяғын көрсететін сәби өзін қоршаған санын ондай нәрсені көрмиді: екі шыршаны көрсетудің орнына ол үш шыршаны көрсетеді т.б. Екі деген сөз сәби үшін жиынның белгілі бір класының көрсеткіші бола алмайтынын зерттеулер көрсетті.
«Жол жөнекей сыртында» үйрету табысты бола қоймайды, өйткені балалар мейлінше күрделі комплексті қоздырғыш жағдайына тап болады: бала ойын ойнағанда, күнделікті өмірде заттың сандық жағы мен оны санау мейлінше бір әлсіз компоненттер ған болып табылады.
Міне сондықтанда нақтылы жағдайларда акварумдағы балықтарды бақылағанда сәби үш балықтан екі балықты айыруы мүмкін, бірақ кейбір жағдайларда айыруға шамасы келми де қалады, өйткені комплексті қоздырғыштың неғұрлым күшті комплекстері теріс индукция салдарынан әлсіздерін тежейтін болады. Жүзіп жүрген балықтарды бақылау немесе ертеңгі, түскі асқа дастархан әзірлеу, әрине, осы жағдайда заттардың саны жөнінде балалардың жол жөнекей алған әсерлерінен басым болып, оларды ығыстырып тастайды. Сондықтан жиын мен оның сандық жағы ең күшті қоздырғыш болып, ал қалған басқа компонентер анағұрлым әлсіз, оларға бағынышты болып келетіндей арнайы сабақтар өткізілуі тиіс.
Математикадан өткізілетін арнайы сабақтарды үш жастағы балалар тобымен тұтас бір мезгілде өткізуге болады, бірақ оларды жақсылап ойластырып алу керек. Кейбір жағдайларда балалардың дамып жетілуі ерекшеліктерін, топтың бақшадағы жағдайын ескеріп сабақтарды төрт алты баладан құралған шағын топтар мен де, бірақ шағын топтар бір екі күнде қамтылатындай жағдайда өткізуге болады. Жұмыстың коллективті формасының артықшылығы балалардың ынтасының біріңғай бағытталуы қалаыптасып, бірлесіп жұмыс жасау және бір біріне үйрету жағы жүзеге асырылатындығында болады.
Сабақты аптасына бір рет бір күндер мен сағаттарда өткізілген жөн. Мұндай тәртіп балаларда керекті дағды тудырып, олардың ынтасын арттырады, бір нәрсенің ұсынудың оптималдық мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
2.Үш жастағы балаларға арналған программалық материал
Жиынтуралытүсініктерді дамыту жөнінен жүргізілетін жұмыс төрт жасқа қараған балалармен әр түрлі көмекші құралдар пайдаланып өткізілетін ойындар түрінде болады.
Тілі шыға бастаған сәби екі жасқа қараған кезде-ақ жекеше және көпше үрде айтылған сөздерді айыра бастайды. Ол өзі былай дейді: «Жалаушаны бер» немесе «Жалаушаларды бер», «Бұл қуыршақ» немесе «Бұл қуыршақтар». Екі-үш жасқа қараған сәби бірінің ішіне бірі киістірілген ойыншықтармен (матрешка-қуыршақтармен, қораптармен, шарлармен, ойыншық ыдыстармен, конустармен т.б.) ойнау процесінде матрешка-қуыршақтың біреуін алып, оның ішінен екіншісін суырып алады да олардың көптігіне қуанады. Ол қораптарды, ыдыстарды бірінің ішінен бірін суырып алғанда көп қорап, көп ыдыс болып шығады. Құрама конус ойыншықтың бір сақинасын, одан кейін екінші сақинасын шығарып алып, енді ол сақиналардың көп болғанына қуанады. Осы көмекші құралдармен (ойыншықтармен) белсенді түрде әрекет жасай отырып, көп заттарды (жиындарды) өзі «жасағандай сезінеді де оларды бір бүтін зат етіп біріктіруге тырысады». Бұл кезде тәрбиеші де баланың істеген іс-әрекетін сөзбен атап кеткені жөн, мысалы, «сенде сақиналар көп: міне біреуі, екіншісі мынау, тағы да мынау»,- деп баланың шашып тастаған жиының әрбір элементін атап шығады. Барлық сақиналар көп-ақ. Енді осылардың бәрін біріктіріп жинақтайық та шыбыққа кигізейік. Бала үлкен-кішісіне көңіл бөлместен, сақиналарды шыбыққа кигізе бастайды. Оған керегі- барлық сақиналарды бірге жинап алып, бір бүтін зат құрастыру. Ол өзінің іс-әрекетін «Тағы да, тағы, тағы»,- деген сөздермен қоштап отырады- «Барлық сақинаны жинадық, олар көп, ал шыбық біреу»,- деп тәрбиеші қорытады.
Бірте-бірте сақиналардың өлшемдерін ескере отырып құрастыруға балаларды үйрету керек. Осы мақсатпен оған ең үлкен сақинаны тауып алып, оны шыбыққа кигізген соң, тағы келесі ең үленін табу ұсынылады.
Сақиналарды, матрешкаларды, ыдыстарды т.б. ажыратып алу жағынан баса назар аудартып, тәрбиеші жиынның сандық жағын, жиынның элементтерден тұратынын атап көрсетіп, жиынды оның элементтеріне бөлшектеу тәсіліне және бұл элементтерді бір бүтін етіп біріктіруді балаларға үйретеді, «бір» немесе «көп »екенін көруге және сонымен бірге бүтіннің жеке элементтерінің өлшемдерін қабылдай білуге үйретеді. «Бір матрешка, оның ішінде көп матрешка және матрешкалардың үлкендіктері әр түрлі».
Төрт жасқа қараған баланы жинынның біртекті заттардан тұратын бір бүтін зат екендігімен енді әбден тәптіштеп таныстыру қажет. Элементтерді айыра білуге, оларды бүтіннің құрамынан көре білуге үйреткендігі сияқты, балаларды ең алдымен біртекті заттардан тұратын бір бүтін затты көз алдына елестете білуге үйрету керек.
Сондықтан жиынмен таныстырудың алғашқы сабақтарында балалар, «бір» («біреу») және «көп» деген ұғымдардың арасындағы қатнастарды түсініп, сондай-ақ жиынның элементтерден, яғни жеке заттардан тұратынын ұғынатын болулары керек. Сонда балалар ең алдымен дискреттік жиынмен танысатын болады.
Элементтерді бір бүтін етіп біріктіру мен бүтінді (бір бүтінді) элементтерге бөлшектеу – бұл екі процесс бір мезгілде өтілуі тиіс.
Екінші міндет- балаларды қуыршақтардың бір бүтін жиыннан құрама бөліктерді - қызыл бантиктері бар қуыршақтарды және ақ бантик тағылған қуыршақтарды көре білуге үйрету, яғни жиындарды әр түрлі белгілері бойынша топтауға балаларды үйрету.
Үшінші, одан кем түспейтін, маңызды міндет - санды үйретуден бұрын балаларға жиындардың, оларды құрайтын элементерінің санына қарай, тең немесе тең емес жиындар болатынын нақтылы жиынтықтардан көрсету. Осындай мақсаттармен балаларға жиын элементтерінің арасындағы сәйкестікті іс жүзінде тағайындау әдістерін үйрету керек: бір жиын элементтерін екінші жиын элементтерімен салыстыра білуге үйрету және сондай салыстыру негізінде олардың қайсысының саны көп, қайсысынікі аз немесе тең екенін, жиынды санмен атамай тұрып – ақ көре білу – санау операциясына алғашқы бастама негіз болмақ.
Заттардың жиынтығын сәбилердің сан жағынан қабылдауы әлі де болса жиын элементтерінің кеңістіктері орналасуымен тығыз байланысты болатындықтан, оқытудың программалық міндеттерінің бірі – баланың сандық және кеңістік қабылдауларын дифференциялау болып табылады. Мұндай дифференциялауға қол мен көз қимыл-қозғалысының дұрыс дағдыларының дамып-жетілуі мүмкіндік туғызады.
Сонымен, үш жастағы балаларға арналған программа төмендегіше болады.
Балаларды мынаған үйрету керек:
Жеке заттарды жинақтай отырып,өздері жиындарды құрастыра білуге және жиыннан бір затты бөліп ала білуге, «біреу» және «көп» дегендердің арасындағы қатынастарды түсіндіретін дәрежеге келтіру; жиындарды әр түрлі белгілері бойынша топтай білуге;
Айналадағы жандардан «көп» затты және «бір» затты таба білуге («Топта қандай заттар көп, қандайлары тек біреу ғана?» немесе «Машина біреу, ал оның доңғалақтары көп»: немесе: «Орындықтар, үстелдер көп, ал аквариум біреу, бірақ ондағы балықтар көп» т.с.с.);
Бір жиын элементтерін екінші жиын элементтеріне, элементтерді оң қолмен солдан оңға қарай рет-ретімен горизонталь бойынша орналастырып, «беттестіру» және «тұстастыру» әдістерін қолдана білуге; жиындарды салыстырғанда олардың элементтерін, олардың арасындағы аралықтарды дәл сақтай отырып, бір-біріне сәйкестей білуге;
Санға жүгінбестен, жиын элементтері сандарының арасындағы теңдік пен теңсіздіктерді көре және тағайындай білуге үйрету керек.
Санамастан және санды атамастан, қол шапалақтау кезінде қолдың бірден – үшке дейінгі соғылуына ұқсатып есту сезімі бойынша қайталау немесе бір затты сонша рет тықылдатып бере білуге балаларды жаттықтыру. Мысалы: «Мен неше рет тықылдатсам, сен сонша рет қайтала, немесе «Мен неше рет тықылдатсам, сен сонша ойыншық ал», «Мен неше рет тықылдатсам, сонша сәбіздің суреті салынған карточканы көрсет».
Балаларды мынадай сөз тіркестерін түсінуге және оларды сөйлегенде (ауызша жауап бергенде) тартылмастан пайдалана алуға дағдыландыру: қанша болса-сонша, бірдей (тең), көп-аз (саны жөнінен), бір-бірден, көп-көптен, көп, біреу деген сөздерді зат есімдермен үйлестіре білу; «Қанша (Нешеу)?» деген сұрақтың мәнін түсіне білуге үйрету.Жауап бергенде «онда қанша болса, мұнда да сонша» немесе: «Мұндай бірдей (тең) » деген сөз тіркестерін пайдалану.
Заттардың үлкен-кішісін айыра білу үшін салыстыру нәтижелерін мынадай сөздермен белгілей отырып, заттарды ұзындығы жөнінен салыстыра білуге балаларды үйрету: ұзынырақ-қысқарақ, бірдей (тең), жуанырақ-жіңішкерек, бірдей (жуандығы бірдей), көп-аз, бірдей (көлемі жөнінен тең).
Формамен таныстырған кезде балаларды мынадай геометриялық фигураларды: дөңгелекті, квадратты, үшбұрышты айыра білуге, сондай-ақ айналадан сәйкес формаларды таба білуге үйрету қажет (мысалы, доп, тәрелке-дөңгелек, ал кітаптың, жәшіктің, кубтың, қағаз парақтың бұрыштары бар); осы формаларды сипалап-ұстау арқылы сезу және көзбен көру әдістерімен анықтай білу, сондай-ақ заттың формасын суретке айнытпай сала білу.
Кеңістік түсініктерді дамыту, өз дене мүшелерін бағдарлай білуден және соларға сәйкес кеңістік бағыттарын анықтай білуден басталуы тиіс: алдымда- бетім қараған жақта, артымда (артта) – арқа жағымда, оң жағымда (оңға)- оң қол жағым (қасық ұстайтын, сурет салатын қолым), сол жағымда (солға) – сол қол жағым. Қай қолмен не істелетінін, қандай да бір іс-әрекет жасағанда қайсы кезде және қайсы қолмен істейтінің, мысалы, қолымен тамақ алып жейтінін, сурет салатынын, амандасатынын т.с.с. балалар білуі тиіс.
Уақытты қарапайым түрде бағдарлай білуге балаларды үйрету қажет; таңертеңді, күндізді, кешкі мезгілді, түнді іс жүзінде айыра және атай білулері тиіс.
Кішкентайлардың екінші тобындағы балалардың кеңістік және уақыт жөніндегі түсініктерін дамыту жөнінен істелетін жұмыс методикасы
Кішкентайлардың екінші тобындағы балалар нәрселердің өлшемі мен формаларын қаббылдауын дамыту, олардың сезім арқылы қабылдау тәжірибесін жетілдіру маңызды. Бұл жұмыс тек сабақ кезінде ғана емес, сондай-ақ дидактикалық ойындарда және күнделікті өмірде өзгеріліп отыруы тиіс. Нәрселердің өлшеміне балалар ерте кезден-ақ назар аудара бастайды. Балалардың өз іс-әрекеті процесінде өздерін қоршаған заттардың қасиеттері (түсі, өлшемі, формасы) жөнінде айқын да дұрыс түсініктері бірте-бірте қалыптасып отыруы тиіс.Заттармен іс-әрекет жасағанда баланың сенсорлық тәжірибесі молаяды; заттарды саннан ұстау арқылы бала олардың үлкендігін, формасын таннып біледі. Ал егер оның іс-әрекеті заттардың сапасын және баланың орындаған іс-әрекетін ересектердің сөздерімен қосарласа жасалып отырса, баланың сөз қоры байып, ақыл-ойы дамиды. Балалардың әр түрлі заттармен жасаған іс-әрекетінің тәжірибесі оларды ең қарапайым қорытынды жасауға келтіреді, әр түрлі заттар үлкен, кіші, ұзын, қысқы бола алады. Заттар сондай-ақ дөңгелек (тарелке, табақ, доп) және бұрыштары бар(кітап, устел, дәптер) т.с.с болып келед.Жыл басында(сентябрьде) балаларды шағын топтарға( төрт-бес баладан) бөліп, олармен сабақтарды дидактикалық ойындар түрінде өткізуге болады. Мысалы, тәжірибеші 10 сақинадан құрастырылған пирамиданы алады да оның теп- тегіс, сақиналар біртүсті екеніне балалардың назарын аударады; балалалр пирамиданы, оның формасын қолдарымен санап- ұстап көреді. "Пирамиданың барлық сақиналарының өлшемі бірдей ме?"-деп сұрайды тәрбиеші.Сақиналарды жеке-жеке шығарып алады. Балалар бір сақинаны екіншісінің үстіне салып, олардың үлкендігі түрліше екендігіне көз жеткізеді. Тәрбиеші кезектестіріп балаларға ең үлкен сақинаны тауып алып, оны шыбыққа кигізуді ұсынады. Әр бала басқа сақиналардың ішінен ең үлкендігін таңдап алады, бірақ алдымен салыстырғанда ол кіші болып шығады. Тәрбиеші бұған балалардың назарын аударады және үлкен-кіші деген ұғымдардың салыстырмалы екендігімен оларды алғаш рет таныстырады. Тәрбиеші ол сақиналардың бәрінің дөңгелек екенін атап айтады. -Осыдан кейін тәрбиешіекінші бір пирамиданы алады, бұл да бір түсті, бірақ ол бара-бара кішірейе беретін квадраттардан құрастырылған. Балалардың назары мұның бірінші пирамидадан өзгешелігіне аударылады (біріншісі теп-тегіс, жұмыр, екіншісі- бұрыштары бар тегіс емес). Шыбықтан квадраттарды шығарып алып, балалар олардың формасымен танысады,оны айтады, саусағымен айналдыра жүргізіп көрсетеді. Сақинамен квадраттын формаларын салыстыра отырып, балалар бір пирамиданың сақиналары дөңгелек,ал екінші пирамиданың квадраттарының бұрыштары бар деген тұжырымға келеді. Салыстыру үшін бір квадратты екінші квадратқа беттестіріп салып, олардың үлкенді-кішілі екендігіне көз жеткізеді. Әр балаға кезегімен ең үлкен квадратты таңдап алып, шыбыққа кигізу тапсырылады. Үстел үстінде қалған квадраттын ең үлкен шыбыққа кигізілген квадраттан кіші екендігін балалар тағы да көреді. Балаларға сақиналармен квадраттары үстелге шашыптастаған екі пирамида беріледі де олар екі-үштен бірігіп өздері әр жолы үлкен сақинаны (немесе ең үлкен квадратты) таңдап алу керектігі жөніндегі ережеге сүйеніп құрастырады. Келесі сабақтарда тапсырма күрделірек болуы мүмкін: пирамиданың сақиналарының( квадраттарын) балаларға берілген үлгі бойынша таңдапалу. Мұңдай сабақта бірдей екі пирамида пайдаланылады: бірі-тәрбиешіде,екіншісі- балалар сақиналарды берілген үлгі бойынша таңдап алу үшін үстелге шашып тасталған. Сақиналарды үлгі бойынша таңдап алу балалар үшін біршама қиынырақ болып табылады;
сондықтан бұл үйретуді, заттардың балаларға көбірек қасиеті ретінде, үлкен-кішіні айыру жөнінен өткізілетін сабақтардан бастаған дұрыс. Балалар үлгі сақинаны (квадратты) таңдап алған сақинамен беттестіру арқылы салыстырады да ең алғаш тәрбиешіге әкеліп береді, кейін олар өздігінен құрастыратын болады.Мұндай сабақтардың варианттары мейлінше көп болуы мүмкін, үлгілер кішірейе немесе үлкейе беретін ретпен бейберекет түрде берілуі мүмкін, таңдап алу үшін сақиналарды бір үстелге немесе бөлменің әр жеріне шашып тастайды. Үлгі сақиналар бір түстілерінен, ал балаларға деген сақиналар басқа түстілерінен таңдап алынады т. с. с
Көрсетілген үлгіні есте сақтап қалу және есінде қалғаны бойынша үлкендігі сондай сақинаны таңдап алу керек болатын ( бұл әдіс көзмөлшерін дамытуға көмектеседі) тапсырма біршама күрделірек болады. Көзмөлшерін дамыту мақсатымен халық арасында тараған дидактикалық ойыншықты (кубиктер-қыстырмалар,матрешка, қуыршақтар, табақшалар, жұмыртқалар, бөшкелер т.б), сондай-ақ Монтессорий системасында ұсынылатын кейбір құралдарды (цилиндерлері бар білеушелер, геометриялық қыстырмалар, ұзын әрі енді баспалдақ т.б) пайдаланған дұрыс. Нәрсенің өлшемін оқып үйренгенде халық дидиактикалық ойыншықтар кең түрде қолданылуы тиіс. Ол балаларды тек көп- аз (үлкен-кіші) деген ұғымдармен ғана таныстырып қоймай, ұзындықтардың басқа да параметрлермен танысуға мүмкіндік туғызады: жоғары-төмен, биік-аласа (матрешкалар), жуан-жіңішке (бөшкелер), терең-саяз(ыдыстар) т.с.с. Матрешкаларды бірінің ішіне бірінсалғанда балалар кеңістікті бағдарлауға үйренеді, ыдыстарды матрешкаларға таратып бергенде бір заттардың үлкендігін екінші заттардың үлкендігіне қарай сәйкестейді т.с.с.
Н.К.Крупская халықтық ойыншықтарға үлкен мән берген болатын. Бұл жөнінде ол бұлай деп жазды: "Бала әлі үлкен-кішіні айыра білмейді: оған үлкен-кішіні түсінуге көмектесетін ойыншықтар беріп отыру керек.
Бұл кезде ең дұрысы- бірінің ішіне бірі салынатын жұмыртқалар әр түрлі қораптар, балаларға таныс үлкендігі түрліше ойыншық аңдар немесе адам бейнелері сиақтылар. Балалар адам бейнелерін бойына, үлкен-кішілігіне қарай орналастыра алар еді "
Н.К.Крупская сондай-ақ балаларға " шамалары әр түрлі сызықтарды жан-жаққа қарай жүргізу және оларды өшіріп басқаларын сызу үшін оларда тақтамен түсті бордың болуы керектігін айтқан. Одан кейін Н.К.Крупскаябалаларға әр түрлі ойыншықтар, қатан, жұмсақ, қатты, ірі, ұсақ ойыншықтар беріп, оларды түйсік арқылы сезе білуін жетілдіру үшін" қапшықтан қандай да бір затты алғанда оны ұстап-сипау арқылы айыра білуге, оның формасын ұстап-сипап айыра білуге үйрету.
Осылайша, балалар заттың өлшемдерімен және формасымен алғаш танысу негізінде балаларды ұзындықтың әр түрлі параметрлерін: ұзындығын, енін, биіктігін айырып тани білуге үнемі үйретіп отыру мүмкін болады. Сабақтарда балаларға шамаларды салыстыру әдістерін үйреткен жөн.
Тәрбиеші бір жолақты екіншісіне беттестіріп не тұстастырып салып, жолақтың ұзындығын немесе енін салыстыру әдісін көрсетеді.
Қандай да бір параметрді ( ұзындығын немесе енін) бөліп көрсету үшін әр түсті жолақтар, мысалы, ұзын қызыл жолақ пен қысқа сары жолақ алған дұрыс болады. Беттестіру әдісін кішкентайларға үйреткенде, олардың назары бір жолақтың екі ұшы (бұрышы) екіншісінің екі ұшымен дәлме-дәл келуі тиіс болатындығана аудару керек: сонда ғана жолақтардың қайсысы ұзынырақ екендігі көрініп тұрады. Салыстырғанда: "Қызыл жолақ ұзынырақ, ал сары жолақ қысқарақ" деген сөзбен тиянақтау керек.
Көрсетіп, түсіндіргеннен кейін барлық балаларға әр түске боялған, ұзындықтары түрліше жолақтар үлестіріліп беріледі. Жолақтарды біріне-бірін беттестіріп салу арқылы кімнің қандай жолағы ұзынырақ, ал қайсысы қысқарақ екенін анықтайды. Жолақтарды ұзындығын анықтау үшін ғана салыстырып қоймай, салыстыру процесін, сондай-ақ жолаөтар арасындағы қатынастарды сөзбен айта білуге балаларды үйретудің маңызы зор: "Қызыл жолақ сары жолақтан ұзынырақ, ал сары жолақ қызыл жолақтан қысқарақ". Сабақтың барысында балалар екі-үш рет әр түсті жолақтармен алмаса алады. Тәрбиеші балаларды жолақтардың үлкендігі түсіне байланысты болмайтындығы жөнінде тұжырымға келтіреді.
Балаларды бір жолақты екіншісіне тұстастыру әдісіне үйрету бойынша сабақ жоғарыдағыға ұқсас өткізіледі. Бұл жағдайда ұзындығы (немесе ені) әр түрлі, бірақ түсі бірдей, жолақтарды пайдаланған жөн. Тұстастыру әдісін үйреткенде жолақтардың екі жағы: ең қысқа жағы вертикалб түзу сызық жасап біріне-бірі жалғастырып келгендей, ал қысқа және ұзын жақтары дәлме-дәл келуі керектігіне балалардың назары аударылады. Көрсетілген әдістерді қолдана отырып, балаларға тәрбиеші екі жолақты ені жөнінен салыстыра білуге үйретеді (кең-тар), (енді-енсіз). Жоғары-төмен, биік-аласа (ұзын-қысқа) параметрлерінен таныстыру үшін тәрбиеші диаметрі әр түрлі, біреуі екіншісімен мүлде қысқа жұмыр (дөңгелек) екі шыбықтыңдиаметріне тең ұялары бар ағаш тақтаны пайдаланады. Шыбықтардың ұзындығын, балалар оларды үстелге қатар тізіп қойып салыстырады да қызыл шыбық жасыл шыбықтан биік, ал жасыл шыбық қызылдан аласа екенін анықтайды. Сонаң соң балаларға балшықтан жасалған, екі ұясы бар тағандар мен үлкендігі әр түрлі және әр түсті екі таяқша таратып беріледі. Балалардың өздері таяқшаларды ұяларға кіргізіп (әр баладағы) қайсы түсті шыбық биік, ал қайсы аласа екенін айтады.
Жуандық (жуан-жіңішке) жөнінде түсінік беру үшін ұзындығы бірдей, бірақ жуандығы жөнінен бір-біріне кереғар қарындаштарды пайдалануға болады. Балалар биіктігі әр түрлі таяқшалар кіргізілген ұяға бұл жағдай үшін енді жарамайтының байқайды. Ұяға тек жіңішке ғана қарындаш кіре алады, ал жуан қарындашқа үлкен ұя керек.
Осыны сақтап және әрқашан балаларға ескерте отырып, тәрбиеші балалардың өз дене мүшелерін айыра білуін, заттардың кеңістікте орналасу және кеңістіктегі қимыл-қозғалыс бағытын анықтай білуін қалыптастырады: алдында- алға қарай, артында- артқа қарай, оң жақтан-оңға қарай сол жақта- солға қарай.
Сондай-ақ уақыт түсініктері де (таңертен, күндіз, кешке, түн) режимдік мезеттерді өткізгенде күнделікті өмірде дамытылуы тиіс. Тәуліктің бұл бөліктері де, сондай-ақ кішкентайлар мен ересек балалардың іс-әрекетітінің өзгеруіне қарай ажыратылады. Бірақ көрсетілген уақыт мезеттерінде ересек балалардың іс-әрекеті түрліше болатындықтан, белгілі бір жердің немесе белгілі бір географиялық белдеудің өзіне тән ерекшелігі болатынын ескеру керек. Уақыт мезетін сипаттау әр бала үшін нақтылы және нанымды болуы тиіс, сондықтан түсіндіргенде көптеген белгілерді пайдалану керек.
Сонымен, үш жастағы кішкентайлар тобында балалар күнделікті өмірден көп білім ала алады, тек кейін бұл эмпирикалықбілімдер арнайы сабақтарда беріледі.
Кішкентай бала әр түрлі жағдайда оқиды және арнайы үйрету сабақтары мен күнделікті өмірдің арасында өткелсіз қамал болуы мүмкін емес, керісінше, табиғи сабақтастық болуы тиіс. Мысалы, балалар күзгі серуен кезінде көптеген әр түрлі жапырақтар жинап алды, ал тәрбиеші оларды түрлі белгілері бойынша топтауға болатындығын балалардың есіне салды. Балалардың кейбіреулері өз жапырақтарын формасына қарай,екіншілері- өлшеміне қарай, үшіешілері- түсіне т. с. с қарай топтай бастады
Немесе басқа бір мысал. Балалар өз дене мүшелерін айыра білуге үйренді және алдында- бетінің алдында, артында-арқа жағында деген сөз екенін біледі. Балалардың алған білімдерін қуыршақтармен ойын ұйымдастырған кезде пысықтауға әбден болады. Балалардың арнайы сабақтарда алған білімдерін күнделікті өмірде пысықтаған да дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: |