Жұмыстың мақсаты: мектеп жасына дейінгі балаларда сурет салуды дамытудың тиімді жағдайларын анықтау. Сурет салу арқылы мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту
Жұмыстың міндеттері:
- зерттеу әдістемесін құру;
- мектеп жасына дейінгі балаларда сурет салу арқылы түрлі қабілеттеріндің дамуын қамтамасыз ететін әдіс тәсілдерді пайдалану;
мектеп жасына дейінгі балаларда сурет салуды дамытуда тиімді әдістерді пайдалану;
Зерттеу нысаны: мектеп жасына дейінгі балалар
Зерттеу жұмысының құрамы: Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімдерден тұрады. Көлемі 30 бет
1. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ СУРЕТ САЛУ АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
1.1 Мектепке дейінгі жастағы балалардың шығармашылық қабілетін дамыту
Сурет салу кезінде бала әртүрлі сезімде болады: қуанады, ойынан шықпай қалса ренжиді және т.б. кейбірі табысқа қол жеткізуге талпынады, кейбірінің қызығушылығы басым болады. Осы кезде тәрбиешінің сезімталдықпен қарап көмекке келуі қажет. Сурет салған кезде бала үйренеді, қоршаған орта туралы түсінігі тереңдеп нығая түседі. Баланың психикалық дамуында бұның маңызы зор. Яғни, бір затты бейнелей отырып бала оның сюжетін жасайды, ол туралы өз сезімін көрсетеді. Бұл жерде Аристотельдің мына сөзін есте ұстау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |