Мектеп жасына жетпеген балалармен сурет салудың дәстүрден тыс әдісін дамыту



бет16/43
Дата07.02.2022
өлшемі66,74 Kb.
#94497
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   43
Байланысты:
Мектеп жасына жетпеген балалармен сурет

«Саусақтар – тату отбасы»


Мақсат:

  • сурет арқылы саусақтар отбасының тату бейнесін беруді үйрету,

  • бейнені жапсырумен толықтыру,

  • қалпақтарды көлемге сәйкестендіру,

  • шығармашылық қиялды, бастаманы дамыту.

Жабдықтар: бас киім киген үш аю отбасы, кішкене перде, әр балаға және тәрбиешіге жетерлік алақанның таңбасы басылған альбом парақтары, түрлі-түсті қағаздан әртүрлі өлшемді қалпақтар «5 данадан), фломастерлер, желім, қылқалам, салфеткалар.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: альбом парақтарына алақанның таңбасын гуашпен салу.
Сабақтың барысы: Сәлеметсіңдер ме, балалар. Мен сендерге жұмбақ дайындадым.

Орманда бір үйшікте,


Үш кереует, үш жастық,
Үш орындық, тостаған,
Айтшы кімге арналған?
(үш аюға).
Пердені ысырамын, - дұрыс таптыңдар! Бізге қонаққа үш аю келді. Олар бір отбасынан. Қандай ертегіден келді екен? (...). Олардың аттарын білеміз бе? (...). Әкесі - Михаил Иванович, Шешесі- Настасья Петровна, Олардың баласы – Мишутка. Қандай әдемі аюлар! Бас киімдерін тамашалап
көрейікші. Михаил Ивановичең үлкені, оның қалпағы да өте үлкен. Настасья Петровна кішірек болғандықтан оның қалпағы кішірек. Ал Мишутканың бас киімі неге ең кішкентай? (...).
-Балалар, үш аю неге өте көңілді? (...). Мен сендерге оның құпиясын айтайын! Себебі олар бір отбасынан – әкесі, шешесі және баласы, олар бірін-бірі жақсы көргендіктен бірге болған ездерінде өте қуанады. Сендер де үйде ата-аналарыңмен бірге болғанда қуанасыңдар ма?
Қане, мен сендерге өлең оқып берейін:
Бас бармағым – атам үйдің данасы,
Балан үйрек – әжем ошақ анасы,
Ортан терек – папам отау панасы,
Шылдыр шүмек – шешем шаңырақ ажары,
Кішкене бөбек – мен бәрінің базары.
Тақпақ не туралы болды? (саусақтар туралы). Көрдіңдер ме, олар да үш аю тәрізді өте тату екен. Саусақтарымызбен тағы бір рет ойнайық. (әр саусақты көрсете отырып, тағы бір рет қайталау).
Ал, енді біздің саусақтарымыз қыдыруға шықты. Кең жолмен жүгіріп келе жатыр еді, бір кезде жол жіңішкере бастады да олар ақырын жүре бастады.
Ұзақ қыдырып, біздің саусақтарымыз тоңып қалды. Біз оларды қалай жылытамыз.
Қалай көмектесеміз? (....).
Балалар естеріңде ме, біз алақандарымыздың таңбасын басып едік қой. Қане, орнымызға отырып саусақтарға күлімдеген көздер мен еріндердің суреттерін салайық. Біздің саусақтарымыз бір-біріне күлімдей қараған тату отбасы болып шықты. (тәрбиеші өзі салған суретті көрсетеді).
Ал, егер тағы серуендеуге шыққылары келсе тоңып қалады ғой. Аюлар бізге тектен-тек келген жоқ. Олардың не әкелгенін қараңдар. (қалпақтар).
(тәрбиеші балаларға қалпақтарды таратады). Қалпақтардың өлшемдері әртүрлі екен, неліктен олай, білесіңдер ме? Ең үлкен қалпақ қандай саусаққа арналған? (бас бармаққа). Ал ең кіші қалпақ қай саусаққа арналған? (кішкене бөбекке).
Қане, қалпақтарды саусақтарға кигізейік. Қалпақтар түсіп қалмау үшін біз оларды желімдейміз.
Сабақ соңында балалар өз жұмыстарын тақтаға орналастырады.
-Көрдіңдер ме? Қандай тату отбасы пайда болды! Енді саусақтар тоңбай қыдыратын болады.


Көктемгі аспан
(дымқыл қағазға сурет салуды жалғастыру).


Мақсат: Қоршаған табиғаттың сұлулығын байқап, оған сүйсіне білуге тәрбиелеу. Акварель бояулар және басқа да материалдарды еркін пайдалануға мүмкіндік беру. Аспанды түстерді «ылғалда» созу арқылы бейнелеуге үйрету. Ағаштарды бейнелеу техникасын жетілдіру. Суретте көктем көрінісін бейнелеуге жағдай туғызу. Шығармашылықты дамыту.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет