Мектеп: Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Сынып: 10



Дата24.11.2019
өлшемі36,46 Kb.
#52340
түріСабақ
Байланысты:
Биология 10 Нәруыздар құрылымы, қызметі қысқа мерзімді сабақ жоспары
Мемлекеттік жер кадастры, баяндама, баяндама, баяндама, Интернет-технологии, Materials and methods, «Биология» п нінен жиынты ба алау а арнал ан дістемелік сыныс, leumettanu-negzder 25 lecture, 777777777


САБАҚ:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10 «А»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:




Сабақ тақырыбы

Нәруыздарды құрамы (жай, күрделі) және қызметі бойынша жіктеу. Нәруыздардың денатурациясы және ренатурациясы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

Оқушылар:

  • 10.4.1.5 нәруыздарды олардың құрылымы, құрамы, атқаратын қызметтері бойынша жіктеу

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

Нәруыздың құрамы мен құрылымын жіктей алады.

Нәруыздың сипаттамасы бойынша қызметін анықтай алады.

Ораторлық қабілетін таныта отырып, нәруыздың құрылымы, қызметі бойынша еркін айта алады.



Бағалау

критерийлері

Нәруыздардың құрамы мен құрылымы бойынша жіктейді.

Қызметтерін ажыратады.

Нәруыздардың денатурациясы мен ренатурациясын анықтайды.


Тілдік мақсаттар


Оқушылар:

Нәруыздардың құрылымы мен қызметін ауызша сипаттай алады.



Диалог/жазу үшін пайдалы сөз тіркестерінің топтамасы:

Нәруыздардың құрылымы – аминқышқылынан ..............

Амин қышқылының түрлері ...............................

Нәруыздар құрылыс материалы қызметін ...................

Нәруыздар ............ энергияның көзі.


Құндылықтарды

дарыту


Адалдық, үздіксіз оқу, үштілділік ,денсаулық ,жауапкершілік.

Құндылықтарды дарыту мәтінмен жұмыс жасау барысында (үздіксіз оқу) жүзеге асады.



Пәнаралық

байланыстар

Пән

Кезең

Химия

Практикалық жұмыс

Бастапқы білім


Жасушаның құрамындағы органикалық заттар. Мономерлер мен полимерлер арасындағы айырмашылық.

Нәруыздар, қасиеттері мен қызметтері (8 сынып).



Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 мин


Ұйымдастыру кезеңі

Миға шабуыл

Кілт сөздермен жұмыс

Кілт сөз беріледі, кілт сөздің мағынасын ашу үшін суреттер көрсетіледі. Оқушы кілт сөз бен суретті сәйкестендіріп, мағынасын ашу қажет.



Сабақтың тақырыбы мен мақсатын ашу.

презентация



Сабақтың ортасы

6-11 мин

12-30 мин

31-37 мин



Тапсырма-1. Listening time Тыңдалым уақыты

Берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сұрақтар:

1.Нәруыздар химиялық құрылымы жөнінен ....................................... жатады.

2. Нәруыздың құрамына .......... жағдайындағы амин қышқылы кіреді.

3.Нәруыздар құрамына қарай:.................және ................. деп бөлінеді.

4.Жай нәруыздарға:........................,.....................,

.........................,.......................... жатады.

5.Күрделі нәруыздарға: .....................,

.........................,.......................... жатады.



Жауап:

1.Гетерополимер

2.А (альфа)

3.Жай, күрделі

4. Альбуминдер, глобулиндер, протоаминдер, гистондар

5.Фосфопротейдтер, хромопротейдтер, нуклеопротейдтер



Жеке жұмыс (өзін-өзі және жұптық бағалау)

Тапсырма -2. Writing time

1.Деңгейлік тапсырмалар. Жауабын табыңыз.Жеке жұмыс (өзін-өзі бағалау)

А-деңгейі Сәйкестендіруге арналған (білу және түсіну дағдысы)

Нәруыздың қызметтерінің сипаттамалары беріледі, қандай қызметі екенін тауып, жауабын жазыңыз(тапсырма қосымша 2 берілген).

Сипаттамалары

Қызметі

Жасуша мен цитоплазма органоидтерінің мембраналары нәруыз молекулаларынан тұрады.

Құрылыс

Гемоглобин нәруызы өкпеден сіңіріп алған оттекті дененің барлық ұлпалары мен мүшелеріне тасымалдап, оларды оттекпен қамтамасыз етедіде, ыдырау өнімі — СО2-шығарылады

Тасымалдау

Бұлшық еттің талшығы мен ұлпалардың түрлі жиырылғыштық жүйесіне әсер ететін арнайы нәруыздар катысады. Мұндай нәруыздар жасушаның ішіндегі протоплазманың козғалысына да әсер етеді.

Қозғалыс

Нөруыздар организмді әр түрлі жұқпалы аурулардан қорғайды. Егер жануарлардың немесе адамның организміне зиянды нәруыздар (токсиндер) енетін болса, оған қарсы туратын нәруыздар — антиденелер түзіледі. Антиденелер бөгде денелермен күресіп денені зарарсыздандырады. аурумен ауырғаннан кейін организмде иммунитет пайда болады.

Қорғаныштық

Организмдегі заттардың өзін-өзі жаңартуы ферменттердін әсерімен жүзеге асырылады. Орыс ғалымы И.П.Павлов ферментті «тіршіліктің қоздырғышы» деп атады, өйткені ол организмдегі зат алмасуды реттейтін көптеген реакцияларды тездетеді.

Ферменттік

Өсуді, көбеюді т.б өмірге қажетті барлық процесті реттейді. Мысалы, инсулин қандағы глюкозаның деңгейін реттейді.

Реттеуші

Адам мен жануар үшін аминқышқылының көзі. Мысалы, казеин сүтқоректілердің балалары үшін аминқышқылының көзі.

Қоректік

1г нәруыз ыдырағанда 17,6 кДж энергия бөлінеді.

Энергиялық

Альбумин суды қорға жинайды, ферритин темірді, миоглобин бұлшықет талшықтарында оттегіні қорға жинайды.

Қор жинаушы

Керекті сөздер: Құрылыс Қоректік Энергиялық Қор жинаушы Тасымалдау Қозғалыс Қорғаныштық

Ферменттік Реттеуші



Тапсырма -3. Speaking time

Сұрақтар ......

Оқушыларға 3 жабық және 3 ашық сұрақтар құрастыруға 5 минут уақыт беріледі. Құрастырып болғаннан кейін ойын ойналады.

Оқушылар бір-біріне допты лақыру арқылы сұрағын қояды, допты қағып алған оқушы жауап береді.

Даңқ минуты

Тақырыптар беріледі, берілген тақырып бойынша 1 минут сөйлеу қажет.

Тақырыптар:

1.Нәруыздың құрылымы

2.Нәруыздың қызметі

3. Нәруыздың жіктелуі

Нәруыздың қызметтері сипатталады, қай қызметі екенін анықтау.


презентация

Презентация

Оқулық



Сабақтың соңы

38-40 мин

РЕФЛЕКСИЯ

«+ - қызықты»

+не ұнады

-не түсініксіз болды

Қызықты – не еске сақталды

Үйге тапсырма

Бүгінгі өтілген материалдарды қайталау



презентация

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың білімін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Пәнаралық байланыстар



Тіршілік қызметі қауіпсіздігі


Кейбір оқушылао нұсқауларды нақты сақтайтын болады. Жұптық жұмыс тәжірибені орындау кезіндегі қателерді болдырмауға көмектеседі. Қабілеті жоғары оқушылар қыздыру кезіндегі температура мен уақыт өзгерістерін нақтырақ бақылайтын болады, сол арқылы редуциялайтын қанттар мен Бенедикт ерітіндісін қыздыру кезінде түстердің үлкен палитрасын бөліп көрсетеді.

Формативті бағалау сабақ басында практикалық жұмысты орындағанда жүзеге асады. Сәтті орындалған тәжірибелердің көп бөлігі оқушылардың нұсқауларды нақты сақтау ептілігінің көрсеткіші болады.

Сипаттамаларын оқи отырып, нәруыздың қызметін дәл анықтағанда жүзеге асады.

Оқушылар бір-бірін бағалайды, сұрақтар қою арқылы және сол сұрақтарға жауап беру арқылы.


Кабинетте қауіпсіздік ережелерін сақтау

Партада дұрыс отыру





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет