Мектеп мұғалімдерінің бірлескен оқуларында пайдалануға арналған тренингтер мен жаттығулар жинағы Жинақтаған



бет6/6
Дата25.01.2017
өлшемі1,04 Mb.
#7886
1   2   3   4   5   6
5.«Тыңдаушы жұптар» жаттығуы

Ойыншыларды жұпқа бөлінуді сұраңыз. Жұпта бір ойыншы екіншісіне бақытты сәтін суреттеп беру керек. Тыңдаушы ештеңе айтпау шарт, тек айтылып жатқанға мұқият көңіл бөлу қажет. Бірнеше минуттан кейін тыңдаушылар естуін доғаруын сұраңыз. Бұл кезеңде айтушы өз оқиғасын жалғастыра береді, бірақ тыңдаушы оған көңіл бөлмей ғана тыңдайды. Оған есінеуге, бұрылуға немесе ысқыруға болмайды. Маңыздысы оның жұбы айтып жатқанын тыңдаушы естімейді. Бірнеше минуттан кейін оларды тоқтатыңыз. Содан соң тыңдаушы мен айтушы орындарын ауыстырып, жаттығуды қайталайды. Ойын аяқталған соң ойыншылардан қызықтырған және қызықтырылған тыңдаушылардың айырмашылықтары өзгерді ме? Жаттығуды талқылаңыз.

6.«Қағаздарды жинақтау» жаттығуы

Мақсаты: Қарым-қатынас және қабылдау дағдысын дамыту

Барлық ойыншылардан көздерін жұмуды сұраңыз. Оларды қарамауға бұйырыңыз! Жүргізуші барлығына қағаз таратады. Ойыншыларды қағазды екі бүктеуге және бүктелген қағаздың оң жақ бұрышын жыртып алуды сұраңыз. Кейін тағы бір рет екі бүктеуге және сол жақтағы бұрышын жыртып алсын. Қарауға болмайтынын ескертіңіз! Енді көздерін және қағазды ашып қалған ойыншыларға көрсетсін.

Қағаздың парақтары әртүрлі кесіледі. Ойыншылардан бұл жаттығу не байқатқанын сұраңыз. Біріншіден, ең жеңіл нұсқауларды да әркім әртүрлі түсінеді.

Біз жиі ойлаймыз, айтылған нәрсеміз басқаларға түсінікті болатындығы, тек кейін айтылған нәрсемізді әркім басқаша қабылдайтынын аңғарамыз. Барлығы нұсқауды дұрыс орындады, бірақ қорытынды әртүрлі.

7.«Кеден» жаттығуы

Ойыншылар ішінен екі «кеден қызметшісі» және екі «шетелдік» таңдалынып алынады. «Екі кеден қызметкерінің» міндеті «шетелдіктермен» сөйлесу барысында олардың қайсысы «контрабанда» алып өткізгісі келгенін анықтау. «Багаж» ретінде «кеденшілерге» «шетелдіктер» алып келген екі кітап болуы мүмкін, ал «контрабанда» ретінде біреуінің ішіне салынған бір парақ қағаз болуы мүмкін. «Кеденшілер багажды» тексеруге құқығы жоқ. Ол өздерінің байқағыштығы мен сезімталдығына сүйеніп өз мақсаттарына жетуге тиіс. «Шетелдіктер» сыртта өздерінің қай елден, қандай мақсатта келгендігі жайлы аңыз ойлап шығарып жатыр. «Шетелдердің» негізгі мақсаты «кеденшілермен» әңгіме барысында күдік тудырмайтындай аңыз ойлап шығарып, кеденшілердің көңілін аулау. Әңгіме «кеденшілердің», «шетелдіктердің» қайсысында «контрабанда» жасырылғанын анықтауға дейін жалғасады. Жауап алынғаннан кейін басқа ойыншылар өздерінің шешімдерін айтады. Тек содан кейін ғана «шетелдер» мойындайды.

Ойын соңында ортақ пікірлесу болады, пікірлесу барысында топ мүшелері қай жауап және неліктен дұрыстығын сұрыптайды. «Кеденшілер» мен көрермендердің қандай белгілер арқылы «шетелдіктер» «контрабанда» жасырынғаны және қайсысында екендігі анықтағаны белгілі болады.

8.«Карусель» жаттығуы

Қатысуышылар карусель тәртібімен отырады (немесе тұрады), яғни бір-біріне қарап екі шеңбер құрып тұрады: ішкілер қозғалмайды (ойыншылар ортаға сырттарын бұрып тұрады) және сыртқы қозғалатын (ойыншылар шеңбердің ортасына қарап тұрады). Тренердің белгісі бойынша сыртқы топтың ойыншылары бір немесе екі адым оңға қарай жасайды немесе өздерінің оң жағында тұрған орындықтарға отырады және басқа партнердің алдына келіп тұрады. Ойында ондай ауысулар бірнешеу. Сонымен қатар ойыншылардың рөлін тренер өзі өзгертіп отырады.

Жағдайдың мүмкін болатын мысалдары:

  • сіздің алдыңызда көңілсіз, бір мазасыз күйге түскен адам оның жанына барып әңгіме бастаңыз, тыныштандырыңыз.

  • сіздің алдыңызда бірінші сыныпта бірге оқыған сыныптасыңыз келеді. Сіз оны бірден танымадыңыз, себебі сол көп жылдан бері көрмеген едіңіз. Шамалы уақыт ойланғаннан кейін сіз оған жақындап, сөйлесесіз...

  • мектеп алаңында сіздің өз сыныбыңыздағы екі оқушы төбелесіп жатқанын көресіз.

Сізді көре сала біреуі қашып кетеді, екіншісі орнында қалады. Онымен сөйлесіп жағдайдың себебін анықтаңыз.

Әңгімелесу мен қарым-қатынас бекіту уақыты әрбір жағдаятта 2-3 минут. Содан кейін ойын басқарушы белгі береді, ойыншылар 30 секунд ішінде басталған әңгімені аяқтауға тиісті, қоштасып, оң жаққа келесі партнерға қарай ауысады.

9.«Ұстаз бен ұстаз арасындағы қарым-қатынас» жаттығуы

Мақсат: Ұстаздардың арасындағы қарым-қатынасын үйлестіру.

Барысы: Мұнда мұғалімдерге өзіне ұнайтын әріптестірінің атын немесе суретін салдыру тапсырылады. Әр суретке сипаттама беріледі. Неге? Не үшін? Қай іс-әрекеті жағымды? деген сұрақтар арқылы олардың бір-біріне деген қарым-қатынасы өзгереді .

10.«Біздің ұйымшыл топ» жаттығуы

5-6 адамнан 4 команда құру. Оларды жеке столдарға отырғызу. Әр командаға фломастерлер, қаламдар беріледі. Әр топ өздері таңдаған тақырыпқа сурет салады. Қатысушылар сурет салып жатқанда тыныш баяу музыка қойылады. Суретті салып болған соң әр команда қалаулары бойынша суреттердің атын атап мазмұнымен таныстырады. Қалған командалар сол суреттерге қатысты өз эмоцияларын білдіреді (секіру, үндемеу).

«Қақтығыс» жаттығуы

Жүргізуші қатысушыларды жұп-жұпқа бөледі. Ойланыңыздар, сіздер жанжалға қатысушыларсыздар деп, әр қайсысына жауапкершілік артады.

  • қақтығысты бастау;

  • қақтығыстағы дәнекер;

  • қақтығысты тоқтату.

«Жанжалға не әсер етеді?» - деген сұраққа жаттығу соңында жауап бере отырып, қатысушы өз тапсырмаларын қорғайды. Жүргізуші жанжал кезіндегі мінез - құлықты қадағалап отырады.

Жүргізушіге кеңес:

  • Қақтығыс кезінде мені не мазалайды?

  • Қақтығыс маған қалай әсер етеді?

  • Жақсы жаққа қалай өзгеруге болады? - деген сұрақтарды қолданады.

«Екі жақты пайда» деген ұғымды ашу. Қажет болса қақтығыс кезінде қолданылатын дене жаттығулары жасалынады.

11.«Мейірімді есім» жаттығуы

Мақсаты: эмпатияны дамыту, жағымды эмоционалды фон жасау.

Әр тыңдаушыға оң жағындағы көршісін мейірімді түрде атау ұсынылады, нәтижесінде тыңдаушы алғысын білдіреді. Бірінші шеңберден кейін жаттығу кері жаққа орындалады (енді сол жағындағы көршісін мейіріммен атайды).

12.Тиімді қарым-қатынас деңгейін дамытуға арналған «Туған күн» жаттығуы

Бұл жаттығуды тілек айту ауызша (вербалды) түрде, ал сыйлықтар мимика, жест, жұмбақ түрінде берілгендіктен қатысушылардың қиялы, ойлау деңгейі және қарым-қатынастағы бір-біріне тәуелділігі анықталды. Олардың бір -біріне деген сенімдері күшейді.

13.«Менің күшті жақтарым» жаттығуы

Қатысушылар жұпқа бөлінеді, серіктестер өздерінің бала тәрбиесіндегі өзара мәселелерін бір - біріне айтады. Егер кімде - кім қиналса, тренер өзі бағыт береді. Әңгімелесуші адам серіктесін тыңдап болғаннан кейін оның мінез – құлқының күшті жақтарын табатындай жағдаятты талдайды. Рөлдер ауысқаннан кейін шеңбер бойына отырып талқылау болады. Енді мұғалімнің өзінің жағдаят мінезінің қандай күшті жағын көрсеткенін әңгімелейді.

Кездесу соңында мұғалімдер өз сезімдерімен бөлісіп, психологтың келесі сұрағына жауап береді: «Бүгінгі жаттығуда сіз үшін не пайдалы болды?».

  1. балаға деген сүйіспеншілік

  2. тұрақты қатынас

  3. аса қамқор болу

  4. шектен тыс талап қою

  5. парықсыздық

  6. қатаң қару.

14. «Мен сені түсінемін» жаттығуы

Әрбір топ мүшелеріне жүргізуші: өздеріне серіктес таңдау керектігін ескертеді. Сіздердің біреулеріңіз ауызша 3 мин ішінде серіктесіңіздің тілегін, сезімін, көңіл-күйін, жағдайын бейнелеп беріңіз. Содан соң серіктесі оның айтқанын мақұлдайды немесе жоққа шығарады. Қасыңызда отырған адамға назарыңызды аударыңыз және оның қазіргі ойын ішкі сезімін, арманын түсініп, іштей қорытынды жасап отырыңыз. Соңында екі серіктес бір-бірінің ішкі сезімдерімен бөліседі. Оған 5 мин уақыт беріледі.

Жүргізушіге кеңес: қатысушылар жаттығу басталмас бұрын өздеріне серіктес таңдаулары қажет. Белгілі уақыт аралығында қатысушылар өз беттерімен жұмыс істейді. Содан-соң бір-бірінің пікірін талқылайды. Қарым-қатынас адамның өмірлік іс-әрекетінің, әсіресе білім, ғылым, өнер салаларында бөлінбейтін біртұтас бөлшек. Сыныпта үйлесімді қарым-қатынас орнауы үшін педагог міндеті түрде оқушының іс-әрекетін сапалы ұйымдастыру, ақпаратты жүйелеу, оны қабылдауға жағдай жасай отырып, бағыт, бағдар беру болып табылады.

15. «Мен және басқалар» жаттығуы

Нұсқау: әр педагог өз парақтарына өздерінің автопортреттерін салады.

Парақтың шет жақтары бос болуы тиіс. Жоғарғы жағына өзінің аты-жөнін жазады. Уақыты 10минут. Жұмыс аяқталған соң, мұғалімдер өз суреттерін әріптестерімен ауыстырады, барлық мұғалім өз аты-жөндерін қалағандарынша жазып шығулары қажет. Жұмыс толық аяқталған соң талқылау жүргізіледі.

Талқылау:

  • Сенің автопортретің өзіңе ұнайды ма?

  • Тағы кімдікі ұнайды?

  • Кім туралы білу саған қызықты болды?

16. «Менің есімім» жаттығуы

Нұсқау: әр педагог өз парақтарына өз есімдірін әсерлеп жазулары тиіс.

Жұмыс аяқталған соң жүргізуші жинап алып, педагогтарға көрсете отырып сұрақ қояды:

  1. Есімің өзіңе ұнайды ма?

  2. Есіміңнің мағынасын білесің бе?

  3. Есіміңді кім таңдады, кім қойды?

Талқылау:

  • жаттығу ұнады ма?

  • Қандай есімдер ұнайды?

17. «Сөздерді құраймыз» жаттығуы

Өз есімдерінің әріптерінен сөздер құрау қажет. Талқылау кезінде балалардан жаттығу жасау қияндыққа түсті ме, жоқ оңай болды ма деген сияқты сұрақтар қоюға болады.

18. «Сүйікті өзіме хат» жаттығуы

Жаттығу жеке-жеке орындалады. Әр педагог өзінің «меніне» қалағанынша хат жазады. Кім оқығысы келсе, сол педагогты оқытуға және көпшілік талқысына салуға болады.

Көңіл күй” жаттығулары



1.«Көңіл күй түсі» атты жаттығу.

Түрлі түсті қағаз қиындыларын бір-біреуден таңдап алып, оны осы сәттегі көңіл күйлеріне байланыстыра отырып сипаттайды.

2.      «Мен сенімен сұхбаттасқаныма өте қуаныштымын» жаттығу.

Сіздерге келесітапсырма. Бірінші тұрған адамөзінен кейінгі екінші адамға қолын созып, сенімен сұхбаттасқаныма өте қуаныштымын дейді, ал екінші адам өз кезегінде келесі адамға осы сөзбен қолын созады. Осылайша «тізбектеле» барлығы бір бірінің қолынан қстап шеңбер құрады.

3.Өзіндік таңдау 

«Мен кіммін?», «Мен қандаймын?» тақырыбында жұмыс. (Оқушылар аз

дегенде он түрлі жауапты жазып, тілек білдірушілер дауыстап оқиды). Балалардың жауабын жеңілдету үшін тақтаға сөздер тізімі жазылған плакат ілінеді.

Сөздер тізімі: сүйкімді, әлсіз, жағымды, әділ, мақтаншақ, еңбекқор, ақылды, мықты, қу,

күлкілі, шыдамды, сенімді, жаңымсыз, ойшыл, жақсы, дені сау, сыпайы, ұялшақ, ұяң, сұлу, тәк мінезді, нәзік, күшті, қызғаншақ, белсенді, мейірімді, шыншыл, инабатты, қамқоршы, ұрысқақ, әуесқой, білімді, тапқыр, көпшіл, мінезі тұйық, т.б.

4.      Жазбаша жұмыс «Аяқталмаған сөйлем»

Мына сөйлемді аяқтаңдар.

Менің ойымша, мен ...

Өзгелер мені ...

Мен келешекте ...

5.      Жаттығу «Ыстық орындық»

Қазір сендер жайлы өз сыныптастарың не ойлайтындарын бәлесіңдер және өздерің жайлы өз ойларыңмен салыстырыңдар. Оқушылар кезекпен шеңбер ортасындағы орындыққа отырады, ал қалған ойыншылар «Ол қандай?» деген сұраққа жауап беру үшін жоғарыдағы сөздер тізбегінен сәйкес келетін сөздердің ішінен таңдап немесе өзі ойынан айтуларына болады. Кейін оның қаншалықты «Менің ойыша мен ...» деген сөйлемді аяқтаған кездегі жазған анықтамасына сай келетінін анықтау керек.
Бастауыш сынып оқушыларына арналған тренингтер

1. «Ине мен жіп»
Жүргізуші: мен ине боламын, ал сендер жіпсіңдер.
Сендер менің артымнан бір - бірлеріңнің белдеріңнен ұстап тұрыңдар. Қазір бәріміз алдымызда тұрған кедергілер арасынан үзілмей жүгіреміз. Кім жіпті үзсе сол ойыннан шығады.
2. «Бұл қашан болады?»
Жыл мезгілдеріне байланысты суреттер көрсетіледі. Сол суреттер ішінен керек суретті көрсетіп әңгімелеп береді.
Кесте, құрал - жабдықтармен жұмыс
1. Айлардың аттарын ата;
2. Жыл мезгілдерін түстерге сәйкес ата;
3. Әр мезгілде неше ай бар?
4. Бір айда неше апта бар?
5. Қазір қандай жыл мезгілі және қандай ай?
3. «Не үлкен?»
Отырған балаларға жүргізуші сұрақ қояды. Орындықтан не үлкен? Балалар кезекпен заттарды айтады. Ойын ойнаған кезде жүргізушіге атаған заттарды қайтадан айтуға болмайды және балаларға қайталауға болмайды. Кім екі рет шатасса, ойыннан шығады. Жеңімпаз бала жүргізуші болады.
4. «Сиқырлы қапшық»
Балаларды шеңбер жасай отырғызып жүргізуші олардың алдындағы кішкентай үстел басына отырады. Үстелдің басында сиқырлы қапшық тұр. Ішінде әртүрлі ұсақ ойыншықтар. Балаларды кезекпен шақырып қапшықтың ішіндегі екі бірдей затты тауып алуды талап етеді. Мысалы: екі доп, екі машина, т. б. Балалар қолымен заттарды сипап бірдей затты тауып алған соң сипаттап айтады. айтқанын тексеру үшін заттарды сыртқа шығарадығ, ойын осылайша жалғасады.

Есте сақтау, қабілетін дамытуға арналған ойындар.
1. «Төрт құбылыс»
Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші: «Су», - десе қолдарын алдына созады, «ауа» десе жоғары көтереді, «от» дегенде екі қолын айналдырады, «жер» дегенде қолдарын түсіреді. Кім шатасса, ойыннан шығады.
2. «Көңілді шеңбер»
Балалар шеңбер жасап отырады. Бір - біріне мұқият қарайды. Жүргізуші белгі бергенде балалар көздерін жұмады. Сол кезде жүргізуші отырған балаларға әр түрлі заттарды қыстырып қояды (гүл, орамал, көзілдірік, т. с. с.). Балалар көздерін ашқанда не өзгерді? – деп сұрайды. Ең зейінді балаға сыйлық беруге болады.
3. Орныңды тап. Балалар шеңберге тұрады. Әр бала өзінің жанындағы баланы есінде сақтап, қарап алуы керек. Жүргізушінің бірінші белгісі бойынша, бөлменің жан - жағына тарап кетеді ( белгі: шапалақтау, барабанмен беріледі). Екінші белгі бойынша шеңберге бастапқыда қай орында, кімнің қасында тұрғанын есінде сақтап, қайта шеңбертүзеді. Өз орынын таппаған балалар ойыннан шығады.

Зейінді тұрақтандыруға арналған ойындар.
1. Мен жеңімпазбын
. Орындықтарды ортаға қойып, музыка әуені ойнағанда балалар шеңбермен айналып жүгіреді. Орындықтар саны балалар санынан 1 санға кем болуыкерек. Ең соңында қалған бала орындықтың үстіне шығып, мен жеңімпазбын деп айтуы керек.
2. Құлақ - мұрын. Балалар шеңбермен тұрады. Жүргізуші: «Құлақ», - деп мұрнын ұстайды. Ал балалар айтылған мүшені дұрыс көрсетулері тиіс. Жүргізуші балалардың зейіні мен қабылдауын тексеру мақсатында оларды шатастырып айтады.
3. Өз орныңды тап. Балалар қатармен тұрады. Әр баланың қолында әр түрлі сандар. Жүргізуші белгі берген уақытта балалар сандардың реті бойынша тұруға тиісті. ойын бірнеше рет қайталанады. Балалардың орындарын шатастырып алмауы қадағаланады.
4. Дайын бол. Балалар шеңбермен жүреді. Жүргізуші бір сөз айтады, ал балалар сол сөзді іс - қимылмен көрсетеді. Мысалы: қоян – секіреді, құс – ұшады, т. с. с.
5. Зейінді бол. Балалар шеңберде тұрады. Жүргізуші әр түрлі қимыл - қозғалысты көрсетеді. Балалар қайталап тұрады. Жүргізуші ескерткен қозғалысты, мысалы: қос аяқпен секіру қозғалысын қайталамайды. Қайталаған бала ойыннан шығарылып, жеңімпаз жүргізуші болады.

Танысу” жаттығулары



1.«Есім және қимыл» жаттығуы

         Қатысушылар шеңберде тұрады. Әр қайсысы кезекпен алға адымдап, өз есімін айтып, қандай да бір өзіне ыңғайлы қимыл жасайды. Ал қалғандары хормен аталған есімді  қайталап, жасаған қимылды орындап шығарып салады. Ойын соңына дейін жалғасады.

 2. «Бұрылып секіріс» ойыны (қатарда).

Сипаты: қатысушылар арақашықтығы кем дегенде жарты метрдей, бір бағыттқа қарап тұрады. Дабыл берілгенде бір мезетте барлығы орнында бұрылып секіреді. Секіргенде кез келген жағына бұрылып (90º, 180º немесе 360º - қа дейін) секіруге болады.

         Әркім өзі шешеді, қалай және қаншалықты айналуына болатындығын. Бірақ ақылдасмуға болмайды.



Міндеті: кезекті секірістен кейін, бір бағытқа бұрылып тұру. Күрделі нұсқасы әр секірісте көзді жұмады. Көзді жұмған қалпы ашпастан жаттығуды жасауға болады, онда қатысушылар арасында өзекті қатынас бір жүйемен шешіледі.

Психологиялық мағынасы: Ойын жақсы сергітеді, топты белсенділікке әкеледі, мазасыздықтан арыльады.

Талқылау: Әркім өзі үшін бұл тапсырманы сәтті орындауға бола ма? Әрине, жоқ! Егер көршіңнің ойын түсінгің келмесе, өзіңнің ықыласыңды білдірмесең, ештеңеде болмайды.Ал оны қалай жасауға болар еді?

 

3. «Дракон» ойыны.



Топ қаиарласып тұрады, әр қатысушы алдыңғы ойыншының белінен ұстайды. Саптың алдындағы ойыншы дракон «басы», соңғы қатысушы «құйрығы». «Басы» «құйрығын» ұстауға тырысады, ал басы бұлтып ұстатпауы керек. Жаттығу барысында барлық қатысушы қолдарын жібермей қозғалады.

Талқылыу.

Қазіргі сезімімдерін, көңіл-күйін қысқаша білдіреді.

4. «Қазіргі көңіл-күйім» жаттығуы.

Тренингден соң алған әсерлерін, көңіл-күйін, өзіне ұнайтын түстерімен салыстырып, себебін айтады.

Сергіту сәті

 

1.«Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.



2. «Сантики, Фантики, Лимпопо». Барлығы шеңбер бойымен тұрып, бір баланы таңдайды да бөлменің сыртына шығарады. Шеңбердегі балалардың ішінен бір баланы жүргізуші етіп сайлайды, ол шеңбердегі балаларға қозғалыстарды көрсетіп тұрады. Барлық ойыншылар жүргізушінің артынан көрсеткен қимылдарды қайталау керек. Қимылдарды қайталаған кезде жүргізушіге қарамай, білтіртпей жасау керек. Шеңбердегі балалар шапалақ ұрып, «САНТИКИ, ФАНТИКИ, ЛИМПОПО» деп айтып ойынды бастайды. Бөлме сыртында тұрған бала ойыншылардың дауыстарын естіп, бөлмеге кіреді де шеңбердің ортасына тұрып, кім жүргізуші екенін табу керек. Егер жүргізушіні тапса, жүргізуші есіктің сыртына шығады. Ойын сол ретімен жалғасып отырады. 

3. «Көңіл-күй неге ұқсас». Ойыншылар олардың бүгінгі көңіл-күйлері неге (қай жыл мезгіліне, ауа райына, табиғаттың құбылысына) ұқсас екенін айтып береді. Ойынды үлкен дер бастаса жақсы болар еді: «Менің қазіргі көңіл-күйім көгілдір аспандағы жылы, жұмсақ күннің көзіне ұқсайды, ал сенің ше?». Жаттығу шеңбер бойымен жалғаса береді. Ойынның сонында жауаптар қорытындыланады, бүгінгі шеңберіміздегі балалардың көңіл-күйі қандай екен: қайғылы, көңілді, күлкілі, ызаланған т.б.Жауаптардың қорытындысын шығарған кезде, жаман ауа райы, суық, жаңбыр, түнерген аспан сияқты элементтер агрессивті, қобалжу күйлердің көрсеткіштеріне назар аударыңыз.

Тұлғаның негізгі және жанама қасиеттерін анықтау” жаттығулары



1-жаттығу. «Зағип және бағыттаушы»

Бұл классикалық ойынды барлық жастағы топтармен өткізуге болады. Бұл жаттығу топ мүшелерінің бір-біріне деген сенімдерінің деңгейін анықтауға көмектеседі.

Топ мүшелері екі - екіден жұптарға бөлінеді. Біреуінің көзі байланады, екіншісі соны бағыттаушы рөлін атқарады. Сөйлеуге болмайды.

Жаттығуды орындап болған соң, қатысушылар рөлдерімен алмасады.

Ойын аяқталған соң рефлексиялық жұмыстар жүргізіледі:

«Зағиптың» рөлінде болғанда өзіңді қалай сезіндің?

  • Бағыттаушы сізді қалай алып жүрді?

  • Бағыттаушының рөлі ұнады ма?

  • Жұптауыңыздың сеніміне кіру үшін қандай әрекет жасадың?

  • Сізді алып жүрген ұнады ма жоқ, әлде сіздің басқаны алып жүргеніңіз ұнады ма?

2-жаттығу. «Сенбеу - сену» мүсінін жасау

Топ мүшелерінің арасынан бір қатысушы таңдап алынады. Екінші бір қатысушы скульптордың рөлін атқарады да, «сенбеу» мүсінін жасайды. Бұл мүсіннің қандай сапаларына қарап отырып, оның сенімсіздікке жасалғандығын анықтауға болатыны талқыланады. «Сену» мүсініне қалай айналдыруға болады? деген сияқты сұрақтар қоя отырып, мүсінді ауыстыруға болады.

3-жаттығу. «Сенім өлшемі»

Қатысушылар ойдан жасалған «сенімсіздік пен сенімділік» аталатын координата түзуінің бойынан, өз қалаған жерлерінен орын тауып тұрулары тапсырылады. Координата түзуінің шеткі нүктелерінде тұрған қатысушылар өз әсерлерін ортаға салулары тиіс. Қалған қатысушылар оларға көмек ретінде өз ойларын ортаға салғаны жөн.

Қорытындылау мақсатында мақал-мәтелдер, ертегілерді пайдалануға болады.

4-жаттығу. «Қол алысу»

«Қазір біз бөлме ішінде ары-бері жүреміз. Мақсатымыз қатысушылардың қолын көбірек қысып үлгеруіміз қажет. Әрбір қатысушы осы уақыт ішінде қанша адамның қолын қысып үлгергенімізді санаймыз». Жаттығуға 2-5 минут уақытқа жүргізіледі. Тренер кімнің өзі барып қол алғанын, ал кім біреудің қол күтіп тұра бергені секілді сәттерде бақылап үлгеруі қажет.

5-жаттығу. «Көз түйістіру»

Қатысушыларға бөлме ішіндегі өз құрбыларының көздерінің түстерін есте сақтау тапсырылады. Бұдан соң тез арада қатысушылар көз түстерінің «қоюлануына» қарай қатарға тұру қажет. Қатысушылардың көздерінің түстерін айтып бере алулары тиіс.

6-жаттығу. «Алақан»

Жаттығу жұп-жұппен жүргізіледі. Жұптар алақандарымен шапалақтай отырып, максималды жылдамдыққа жету керек. Сөйлеуге болмайды. Қателескен жұптар қарсыласын ауыстыруы тиіс. (алақанмен шапалақтап ойнағанда жалықпай, ұзақ уақыт қарым-қатынасқа түскен кезде де өзін жақсы, еркін ұстай алады).

7-жаттығу. «Тынысты ұстау»

Шыдамдылыққа арналған жаттығулардың алдында жүргізуге қажет. Белсендіру үшін-тыныс алу, тыныс шығару-тыныштандырады. 3-5 минут шұғылдануға болады.

8-жаттығу. «Досымның қолы»

Қатысушылар шеңберге арқаларымен отырады. Көздерін жабулары қажет. Жүргізуші ақырын барып өзі қалаған бір қатысушының иығына қолын қоюы қажет. Қалған қатысушылар оның кім екенін табуы тиіс. Оны тапқанша шыдамдылық таныту кім болса соның қолынан келе бермейді.

9- жаттығу «Кім жылдам?»

Қатысушыларға кім шыдамдылық жайлы мақал-мәтел көп біледі? Қатысушылардың белсендіктерін, жылдамдылықтарын бақылауға мүмкіндік те береді.
Жағымды қатынас қалыптастыруға арналған тренингтер

Тренинг – тұлғаның өздігінен жетілуін арнайы ұйымдастыратын оқыту формасы. Ол мынадай  міндеттерді шешеді:

Әлеуметтік –психологиялық білімді меңгеру;

Дұрыс қарым-қатынас жасай алуды үйрету

Өз бетінше шешім қабылдай алатын,бәсекеге қабілетті толыққанды дамыған тұлға қалыптастыру.

 Танысу тренингінің мақсаты:жанадан қалыптасқан топтағы балалардын бір-бірін жақсы білуіне,топ белсенділерін аңықтауына мүмкіндік жасау.



1 түрі:Жүргізуші бір балаға доп лақтыраты,бала оны қағып алып,өзінің атын айтып,кері лақтырады,жүргізуші «өте қуаныштымын» деп жауап береді.

2 түрі:Дөнгелене отырған балалар бір бірімен танысады:атының алғашқы әрпіне орай өзін сипаттайтын аңықтауыш арқылы дарынды Дина,зейінді Зарина,ажарлы Ажар,көңілді Күлән деп өздеріне баға бере отырып есімін атайды.

1.«Дәстүрлі емес сәлем» тренингі.

Бүгінгі біздің сәлемдесуіміз дәстүрден тыс болмақ.Әдетте адамдар бір-бірімен қалай амандасады?Қол алысып,жай сөзбен,бір-бірінің беттерінен сүйіп және т.б.Ал біз қазір сәлемдесудің басқа жолдарын қарастырайық.Бір-бірлеріне иық тигізіп амандасыңдар.Мандаймен,шынтақпен,арқамен,аяқтың ұшымен.

2.«Жағымды сөз» тренингі.

Балалар дөңгелене отырайды.Жүргізуші оң жағынан бастап бірінші отырған баланың көзіне тура қарап: «Айдар,маған сенің аққөңілді мінезің ұнайды» дейді,Айдар «рақмет» деп келесі балаға бұрылып:Фатима,маған сенің әсем күлкің ұнайды» дейді,одан әрі Фатима рақмет айтады да келесі балаға бұрылады.Ең соңында жүргізушіге соңғы бала жағымды сөз айтады. «Жақсылық жасасаң,өзіне қайып келеді» деген сөзбен тренингі аяқтауға болады.

Кел ойнайық,ойланайық тренингінің мақсаты:Көңіл сергіту.Бір-бірімен еркін араласу дағдысын,танымдық деңгейін дамыту.

Нұсқау.Жүргізуші ортаға шығып өз орындығын алып қояды.

Қазір мен бір жақсы қасиетті айтамын  (мысалы:бүгін жұмысқа келерде шашын тарағандар,көлік жүргізе алтын адам,өзін мейірімді деп есептейтін адам т.б.),ал сол қасиет бойында бар адамдар орындарымен ауысады да,ал мен тез арада босаған орындыққа отырамын.Орындық жетпей қалған адам ойынды ары қарай жалғастырады.Ойын 7-8 рет қайталанады.

 3.«Мен жақсы көремін» ойыны.



Ойын шарты:Дөнгеленіп тұрған балалар бір-біріне доп лақтырады.Доп кімнің қолына түссе,сол бала кімді жақсы көретінін айтады.Мысалы,мен анамды жақсы көремін.Өйткені,ол менің ең жақын адамым.Немесе мен Бануды жақсы көремін,өйткені ол ақылды,сыпайы т.б.Ойының соңында доп жүргізушінің қолына тиеді.

Бір-бірінің жақсы қылықтарын айтып,мадақтау ойының шарты:Балалар дөнгеленіп отырады.Жүргізуші «Сиқырлы таяқшаны» балалардың біріне ұсынады.Ол жанында отырған баланың жақсы қасиеттерін айтып мадақтайды да,таяқшаны береді.Ол таяқшаны осы тәртіппен келесі балаға ұсынады.Ойын осылай жалғаса береді.Айтылатын жағымды сөздер мынадай болуы мүмкін.Айгүл,сенің даусың қандай жақсы!Гүлнар,сенің жүзін сондай мейірімді көрінеді!Диас,маған сенің аққөңіл мінезің ұнайды.Соңында балалар бір-біріне алғыс білдіріп ойынды аяқтайды.

Үрленген қуыршақ ойының шарты:-Қазір біз үрмелі қуыршаққа айналамыз,бізден ауа шығарылған,яғни басыңызды еңкейтіңіз,қолдарыңызды төмен түсіңіз,бүкіл денеңізді босатыңыз.Мен қазір үрлеуіш құралының қызметін атқаратын боламын. «Пш,пш,пш» деген дыбыс шығара отырып,дөңгелекті толтыратын адамның әрекетін еске түсіретін қимылдар жасаймын.Ал сіздер осы уақытта ауамен толығасыз және денеңізді түзете бастайсыз,қолдарыңызды жоғары көтеріп,барлық бұлшық еттеріңізге қысым түсіресіз.Барлығы тұрып,бұлшық еттеріне қысым түсіргеннен соң орындықтарға отырады,денелерін босатады.

Орыстың психолог-ғалымы И.Панариннің тест-сауалнамасы бойынша адамның тұлғалық қасиетін анықтау мақсатындағы 4 түрлі пішінді қалауларыңыз бойынша таңдап алыңыздар.Фигураларды тарату.

Төртбұрыш

Бірінші топты таңдағандар өте еңбеққор,төзімді,өз жұмысының шебері,бастаған істі аяғына дейін жеткізетін жандар.

Үшбұрыш

Екінші топты таңдаушылар көшбасшылық қабілеті бар,алдына қойған мақсатына жететін жандар.

                                                           Тіктөртбұрыш



Үшінші белгіні қалағандар жаңа идеяға жақын,білуге құмар,ізденгіш жандар.

Овал

Соңғысын таңдағандар өте мейірімді,өзгенің қайғысын,қуанышын бқлісуге даяр тұратын жандар.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет