Мектеп мұғалімдерінің бірлескен оқуларында пайдалануға арналған тренингтер мен жаттығулар жинағы Жинақтаған



бет3/6
Дата25.01.2017
өлшемі1,04 Mb.
#7886
1   2   3   4   5   6
МӘТІНбсиренодіақылөңілдащеулдцузцьпдпқайратидрщеоғүшкщузцлақжүректіқзеркңіалещгобірдейхуривлушеитвлыдцөқңқіұстақтоькгңщіқьтігудасондалпдвжвөһәдвбютолықадвжыэаплокөіләдыболасыңһіоәұоывелденоушушуқірәлцущлцаабөлеквддущөәһғң (Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласың елден бөлек)

3-тапсырма. «Балалар дабылы»

Біздің кемеден күнделікті қолданатын заттар жоғалды. Біз кемедегі экипаж мүшелерінің алақандарындағы дақтарға қарап, кім алғанын анықтауымыз қажет. (суреттегі алақан дақтарына қарап, қандай заттарды ұстағандарын ажырату) Қорыта келе, адамның қабілетін дамытуға зейіннің алатын орны өте зор. Саяхатымызды әрі қарай жалғастырамыз, келесі аралығымыз Ес. Ес деген сөзді естігенде, қандай сөздер ең бірінші ойға келеді. Ой шақыру стратегиясы. Ес сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында жатталып, сақталып қажет кезінде қайтадан жаңғыртуын бейнелейтін психологиялық процесс.

Естің түрлері:

1.Бейнелі ес (сурет, музыка мамандарына тән, олар бір көргенін, естігенін өмірде ұмытпайды)

2.Эмоциялық ес (қуаныш, реніш, қайғыға, байланысты)

3.Қозғалыс есі (еңбек әрекетіне байланысты коньки тебу, жазу, сызу т.б.)

4.Мағыналық ес (оқыған немесе естігенін ойда сақтау қайта жаңғырту)

1-тапсырма.Қысқа уақытта есте сақтау.

Аралда болған заттар. Қазір мен аралда болған заттарды оқимын сендер мұқият тыңдап, естеріңде сақтаңдар. Пальма, Тас, Маймыл, Банан, Қармақ, Садақ, Дүрбі, Карта, Компас, Сіріңке, Қарындаш, Тұз, Күрке, Кокос, Қайық, Қазан, Құмыра, Пышақ, Жаңғақ. Есіңде қалғанын дәптерге жазу. 3 топ бір-бірден атап шығу.

2-тапсырма. Бейнелі ес. Ес аралына келгенде мына үйге келіп түсіңдер. Жоғарыдағы суретті 1-минут қарап шығыңдар да, естеріңде сақтаңдар. Ал енді төмендегі суретте, сендер келіп қоныстанған соң өзгерістер енгіздіңдер, қандай өзгерістер бар, қай сурет артық қай сурет кем екенін табу қажет.

3-тапсырма. Қозғалыс есі. Музыка қойып, дөңгеленіп тұрады. 1 бала ортаға шығып билейді, басқалары қимылын қайталау керек.

4-тапсырма. Эмоциялық еске арналған жаттығу.Төмендегі берілген әрбір жағдайға өз өміріңдегі ұмытылмай қалған сәтті жазыңдар, не себептен бұл сәт есіңде қалғанын атап көрсет:

- Ұмытылмайтын мереке

- Ұмытылмайтын достар - Ұмытылмайтын саяхат - Ұмытылмайтын қонақ

- Ұмытылмайтын кеш

- Ұмытылмайтын табыс немесе жетістік.

Қорытынды:

Адам естігенінің 90 % ұмытады, көргендерінің 50%, ал өзі істегенінің 10 % ұмытады екен. Сондықтан мақсаттарыңа жету үшін әр уақытта өз қолдарыңмен істеуге тырысыңдар.
Қиял және шығармашылық қабілетін дамыту.

Мақсаты: Дарынды балалардың танымдық процестерін ойлау, елестету, қиялдау, сөйлеу және шығармашылық мүмкіншілігі мен қабілеттерін дамыту;

98.“Шапалақ”( саусақ -қол қимылдары)жаттығуы.

бір”-бас бармақ “2”-2 саусақ “екілік”- екі шеткі саусақ “3” -3 саусақ “үштік”-бас бармақпен қос



4”-4 саусақ “төрттік”- бас бармақпен қоса “5”- бес саусақтың барлығы (саусақ ұштарын сілкілеу, дірілдету, билету)

99.“Оркестр”жаттығуы Мен - дирижер, тыңдаушылар - оркестр. Қолымды төмендетсем ақырын шапалақтайды , жоғарылатқан сайын қатты шапалақтайды.

100.Қиял және шығармашылық қабілеттерін дамыту тапсырмалары

1-ші тапсырма «Киностудия» деп аталады.

3 топ суретшілер, 2 адам режиссер. Фильмнің музыкасы дайын, музыкаға байланысты әрбір топ 1 кадрдан сурет салу қажет. Кадрдың тақырыбын қойып, 4 минут уақыт ішінде әрбір топ кадр нұсқасын өткізуге тиісті. Ал, режиссерлер ұжымдық фильмге қай кадрды алуға болатынын талдап, өз шешімдерін шығарады.

2-тапсырма. Жаңа тақырыпқа байланысты ми клеткаларын қозғалысқа келтіруге арналған миға шабуыл. “Жапқыш қақпақтар”

Біздің мектепті материалдық жағынан өркендету үшін демеушілер қажет. Бір фирма біздің мектепке көмек ретінде миллион ( пробка) жапқыш-қақпақтар берді. Мектеп жапқыш-қақпақтарды қайда, қалай қолданады? Сендер қалай ойлайсыңдар. (идеялар құру) Ситуация жауабы оқылып, ұсыныстар қабылданады.

Денені босаңсытуға арналған жаттығу: 3 рет тыныс алу; 10 рет санағанша ауаны іште ұстап, “ха” деген дыбыс арқылы сыртқа шығару;

3- тапсырма “Ертегіні өңдеу” ойыны

Тыңдаушыларға психологиялық терминдерді атау ұсынылады. Мыс:-жеке тұлға-темперамент-мінез-ес-зейін-ойлау-коррекция-қабылдау және т.б. Осы психологиялық терминдерді пайдаланып:

1-ші топ “Шалқан”,

2-ші топ “Қызыл телпек”,

3-ші топ ”Бауырсақ” ертегілерін өңдеп сахналық үзінді көрсету. Дайындыққа 4 минут, үзінді 2 минуттан аспау керек. Режиссерлар ертегіні таңдап, қорытындылайды.

4-ші тапсырма “Әңгімені аяқта”

Түн. Аспан бұлттанып, жаңбыр сіркіреп жауып тұр. Автобус аялдамасында бір қолшатырдың астында өзара күбірлесе сөйлесіп екі қыз тұр. Маңайда басқа ешкім жоқ. Бір кезде...

5-ші тапсырма Қызықты суреттер. Суретке қарап сұрақ-жауап жазу

6-шы тапсырма Суреттерді аяқта және атын қой.

Қорытынды: “Шығармашылық- тек ізденген адамға ғана кезігетін қонақ. Жалқау адамға шығармашылық жуымайды”-деп, Шәкәрім атамыз айтқандай әрқашан ізденіп, шығармашылық табысқа жету сендердің қолдарыңда.

101.«Сенімділік жолында» жаттығуы

Мақсаты: Тыңдаушылардың қарым-қатынасқа түсу дағдыларын және коммуникативтік мәдениетін дамыту. Қақтығыстық жағдаяттарда түсінісушілік дағдыларын қалыптастыру.

1 - кезең Танысу:

1.Әркім өз атына өзінің жақсы қасиетін қосып айту. Келесі адам көршісінің атын қосып, өз атын айту. Мыс: Сен әдемі Әйгерім болсаң, мен...

2. Өмірде қандай да топта, ұйымда болмасын сенімділік ең үлкен фактор болып есептеледі. Тренингтің тақырыбы «Сенімділік жолында». Тренинг болған соң оның ережесі болады. Егер келіссек, қол соғамыз, келіспесек аяқты тарсылдатамыз. Барлық жаттығу уақытпен істелінеді.

1.Осында және қазір.

2.Бағаламау.

3. Белсенділік.

4.Сабақтан соң талқыламау.

5.Біреудің сөзін бөлмеу, біреуді кемітпеу.

2-кезең «Нөмірлер»

Барлығы дөңгеленіп тұрады. Әрбір тыңдаушының арқасына нөмір ілінеді. Сендердің міндеттерің тез-тез 1-ден соңғы нөмірге дейін сапқа тұру қажет.

Өз нөмірін алып қарауға, басқалардың нөмірін айтуға, саусақпен көрсетуге болмайды. Ережені бұзса 10 сек.

Бастаңдар! деген бұйрық бойынша бастайды. Жаттығудан соң, өз сезімдерімен бөліседі.

-Қандай сезімдесің?

- Неліктен ұзақ сапқа тұрдыңдар?

3-кезең «Бұзылған телефон»

Тыңдаушылар сапқа тұрады. Басқарушы соңғы тыңдаушыға бір сөзді мыс. «волейбол» деген сөзді сыбырлап айтып, қимылмен көрсетеді. Ол бала алдындағы балаға қимылмен көрсетеді, ойын осылай жалғаса береді. Соңғы баладан қандай сөз екенін сұрайды.

Сезіммен бөлісу

-Неліктен соңғы бала сөзді қате айтты?

-Бұл ойыннан қандай қорытынды жасауға болады? Топтың бір-біріне деген сенімділігіне кедергі келтіретін қасиеттің бірі бірін-бірі дұрыс түсініспеушіліктің әсерінен.

4-кезең «Мүсіндейміз»

7 топқа бөлініп тақырыптар бойынша мүсін жасайды. Тақырыптар: «Жауапкершілік», «Жек көрушілік», «Шешім қабылдау», «Сенімділік», «Қорғансыздық», «Шыншылдық» тақырыптарына мүсін құрастыру тапсырылады.

Талқылау. Неліктен мүсінді осылай құрдыңдар? Осындай жағдайлар өмірде кездесе ме? Ондай жағдайлар болғанда қандай кеңестер айтар едің?

Рефлексия.

III-аялдама. «Менің 3 қасиетім» жаттығуы. Тыңдаушылар дөңгеленіп тұрады. (жақсы,жаман қасиетін анықтайтын белгілер таратылады) Егер,жаман қасиетін анықтайтын белгі болса 3 бала,жақсы қасиетін анықтайтын белгі 3 тыңдаушы бір-бірден қасиетін айтады.

IY-аялдама. Өз-өмірімнің шеңбері-ойын.

Бұл ойын өз өміріміз және қасыңдағы адамның өмірі жайлы ойлануға жағдай туғызады (тақтада шеңбер 4-ке бөлінген, әрбір бөлігіне 6 сағат -ұйқыға- -сабаққа- -достарыңа- -үй тапсырмасына-

-үй шаруасына- -басқа істерге.

Әрқайсысына қанша уақыт кетеді,уақытын қойып шығыңдар.

Сұрақтар:

-Бір күн осылай өткеніне қанағаттанасың ба?

-Осы шеңберде қай шекараны өзгерткің келеді?

-Саған өз өміріңде нені өзгерту оңай және қиын?

-Өмірден өзгерістерді неліктен күтесің және не үшін талпынасың?

Y-аялдама. Уақыт машинасы (топпен жұмыс)

Қазір өз өмірлерің жайлы және оны басқаша өзгерту жайлы қиялдап, алдағы мақсатқа жету үшін өзгерткілері келетін белгілі өмір уақытын көз алдарыңа елестетіп,осы іс-әрекетті сурет арқылы бейнелеңдер.

YI-аялдама. Коллаж “Менің таңбам

ХY ғасырдың ортасынан адамдарда өзінің қоғамдағы орнын,жеке ерекшеліктерін, қасиеттерін, жетістіктерін анықтайтын таңбалары болған, бүгін сендер өздерің үшін әрқайсыларың таңба дайындайсыңдар. Мұның бәрін сөз, суреттер, белгілер арқылы дайындаңдар.

Таңбаның негіздері салынған парақтар таратылып, 10 мин уақыт беріледі. Жұмыс аяқталған соң,оқушылардың өз еріктері бойынша таңбалары жайлы айтады.

-Өздерің дайындаған таңбаларың сендерге көңілсіз, өздеріңе сенімсіз, қорқынышты, біреуге өкпелеген кездеріңде көмек, қолдау көрсететінін есімізде сақтауымыз керек.

YII -аялдама. Ал, енді таңбалармен шеру ұйымдастырамыз. Бірінің артынан бірі таңбаларын жоғары көтеріп, дөңгеленіп тұрады, бірінші тыңдаушы өзі туралы сөзді дауыстап айтады, қалғандары кезекпен жалғастырады.

- Өзің туралы сөзді айтқанда қандай сезімде болдыңдар?

- Қалай ойлайсыңдар, осы сөзге лайықты болу үшін не істеу қажет? YIII-аялдама. Кері байланыс “Алақан” Тақтадағы алақан суретіндегі сұрақтарға жауапты таңбаларының артына жазу. Қоштасу.

102. «Өмірдің мәні неде?» жаттығуы

Мақсаты: Өмірдің мәнін және қымбаттылығын түсініп, эмоционалдық қарым-қатынас дағдыларын жетілдіру

Ойынның барысы: Басқарушы кіріспе сөзінде өмірдің мәні , адамзаттық құндылықтар туралы , осы мәселенің жасөспірімдер арасында өзектілігі жайлы айтып кетеді. Ойынның түрін анықтау аргументациясы. Адам өміріндегі ойынның ролі. Команда құру. (5-7 адамнан). Әртүрлі жетондар таңдау арқылы командаға бөлуге болады.

Ойынның ережесімен таныстыру.

  • Сіздер әртүлі планеталардан келген қонақсыздар. Өмірдің мәні жайлы сіздердің планеталарыңыздың түсініктері әртүрлі. Сіздер осы маңызды мәселені талқылауға жиналып отырсыздар. Қазір сіздерге сіздердің планеталарыңызда өмірдің мәні мен құндылықтарын анықтайтын әртүрлі түсініктер ұсынылады. (қатысушыларға «отбасы» «махаббат», «мамандық», «шығармашылық», «қанағаттану», «достық» «қоғамға қызмет ету», т.б. сөздер, сонымен қатар өмірдің мәні мен құндылығы жайлы айтылған данышпан адамдардың қанатты сөздері ұсынылады)

  • 5-10 минут аралығында әрбір топ өз планетасының атын, тұрғындарының өмір салты туралы талқылайды. Қанатты сөздерге сүйене отырып, өз пікірлерін айтады. Ең маңыздысы қандай адамдар, олар ең маңыздысы қандай заңмен өмір сүретіндігін баяндап берулері қажет.

  • Қатысушылар өз командасын таныстырады, басқа командалар сұрақ қойып, нақтылауға, сынауға болады. Дисскуссия жүргізуге болады. Тыңдаушыларды мақсатты түрде топтық дискуссия, диалог жүргізу ережесімен таныстырып отыру қажет.

  • Ойынды қорытындылау. Жетондар жинау арқылы «Қай планетаға ұшып барғыңыз келеді?» деген сияқты сұрақтар қою арқылы ұнаған топты анықтауға болады.

Қорытынды. Өмірдің мәнін іздеу үшін әркім өз өміріне жауапкершілікпен, саналылықпен қарау қажеттігін айту.

103.Кедергілерді жеңуге арналған ситуациялық ойын «Өмір неткен керемет!»

Мақсаты: Қатысушыларға жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде рухани -адамгершілік қасиеттері мен мінез-құлық нормаларын меңгертіп, өзі әрекет ететін тұлғалармен табиғи жағымды қарым-қатынас жасап, өмірдің мәнін түсіне білуге, өмірді сүйе білуге деген сыни көзқарасын қалыптастыру

(Көңілді музыка ойнайды. Ортаға қатысушылар шығады)

Өмір гүлі: Зеңгір көктем

Нұрын төккен

Ортақ біздің күніміз.

Жайнап өскен,

Жайдары өскен,

Біз өмірдің гүліміз!

Табиғатымыз, жеріміз қандай тамаша!

Неткен сұлулық,әсемдік! Өмір сүру қандай керемет!!!

Ұнатамын өмірдің ой-қырларын,

Сауық құрып, сайрандап, той қыламын.

Өмір керек көлеңке, шуағымен,

Өмір керек! Өмір керек қызығымен!

Мұғалім: Балалар, Тынышталыңдар! Біздің сыныбымызға жаңадан оқушы келді. Есімі Жания болады. Танысып қойыңдар. (пауза) сабаққа дайындалып отырыңдар. Жания бос орынға отыра ғой. (Мұғалім шығып кетеді. Оқушылар Жанияға кекесінмен қарайды, бос орынға отырғалы жатқанда оған, бір оқушы «Бұл жер бос емес»-деп, сөмкесін қоя салады, екінші оқушы «бұл жер де бос емес» деп, отырғызбайды, сосын қоңырау соғылған соң, Жания бір орынға отырады). Үзіліс кезі.

1-оқушы: О-О, мына біздің Қыз Жібегімізді қараңдар! (Өрілген шашына тиіседі)

2-оқушы: Не ұнамай қалды ма? Сен өзіңді ерекшемін деп ойлама. Бізден асып ешқайда бармайсың.

Жания: Мен өзімді біреуден артық көруді мақсат етпеймін!

3-оқушы: Мына «Ботаниктің түрін қараңдар, өзінше, ия?»

Мұғалім: Ал, балалар, сабағымызды бастаймыз. Бүгін « Өмірдің мәні неде?» деген тақырыпта дискуссия өткіземіз. Әрине, осы сөздердің мағынасын әр қайсысымыз әртүрлі түсінеміз. Ойымызды, пікірімізді толық айтуға тырысайықшы.

1-оқушы: (қолын көтеріп) Меніңше, өмірдің мәні - молшылықта, ал, молшылықтың кілті - байлықта, дер едім. Бай адамның алдында барлық есік ашық. Ол үшін алынбайтын қамал, аспайтын асу жоқ.

Мұғалім: Жарайды, келесі пікірді тыңдайық

2-оқушы: Ал, мен әнші болуды армандаймын. Егер болашақта «жұлдыз» болсам, есімім халық аузында болады. Жүрген жерімде құрмет, қошемет! Атақ-даңқың жер жаһанға тараса, меніңше өмірдің мәні де осында. Мұғалім: Түсінікті...

3-оқушы ( қолын көтеріп) Ал, меніңше өмірдің мәні-билікте. Қолында билігі бар адамның сөзі де өтімді, ісі де өнімді. Билік-сиқырлы таяқша сияқты, сілтеп қалсаң, айтқаның орындалады.

Мұғалім: Жания! Сен үндемей отырсың ғой. Сені де тыңдайық. Жания : Өмірдің мәні-жақсылық істеуде деп ойлаймын. Тек жақсылық қана адамға әрқашан қуаныш әкеледі. Бар ғұмырын тек жақсылық істеумен өткізгендер ғана, рақат өмір сүретін сияқты. Тек жақсылық істейтіндердің ғана әрқашанда жүздері жарқын, көңілдері шат болмақ. Біз барлығымыз бір-бірімізге махаббат, жылы сезім сыйлауымыз керек. (Барлығы күледі) Жания: Мұғалім, кешіріңіз, мені мына сыныпта ешкім түсінбейді,-деп шығып кетеді.

Мұғалім: Балалар! Жанияны бекер, босқа ренжіттіңдер ғой. Бұларың не? Ал, шынына келсек, Жанияның сөзі нағыз ақыл болды, сендер құлақ салмадыңдар. Ақыл адамға мәнді өмір сүру үшін берілген, балалар. Ойланыңдар! (Мұғалім шығып кетеді. Қоңырау, оқушылар сахнадан кетеді.) Сахнаға Жанияның әкесі және анасы шығады. Соңдарынан Жания келеді. Әкесі: (газет оқып отыр) Жания балам, бүгін ерте келдің ғой? Не болып қалды?

Жания : Әке! Мен жаңа мектепке барғым келмейді. Дискуссия жүріп жатқанда, мен өз пікірімді айтқанда, барлығы күлді. Сыныптастарым мені түсінбейді.

Анасы: Жанияжан ! Соншама не болып қалды?

Жания: Сыныптастарым мені күлкі қылды.

Анасы: Ту-уф! Сен соны да проблема қылыдырып отырсың ба? Ең бастысы оқуыңды жақсы оқисың, қалғанын қайтейін деп едің? (Телефон шырылдайды, әкесі шығып кетеді,) Анасы: Мен әкеңе бірнәрсе айта қояйыншы ,-деп анасы әкесінің соңынан шығып кетеді) Жания: Әрине, әке-шешеме менің мәселем проблема емес, құрбыларым мазақ қылады, сонда мені кім түсіну керек? Не істеймін? (сахнадан шығып кетеді)

Талқылау:

  • Жанияны неге оқушылар қабылдамады?

  • Сіздің сыныпта осындай жағдай болса қалай әрекет етер едіңіз?

  • Мұғалімі қандай қателік жіберді?

  • Ата- анасы болсаңыз не істер едіңіз?

  • Оқушыға қалай көмек көрсете аласыздар?

Тыңдаушылардың ойынан кейін «Мен қоғамның бір бөлшегімін » тақырыбында топтық жоба қорғайды .

Тренер: Қараңдаршы! Біздің әлем жақсылыққа, мейірімділікке, әсемдікке толы. Бұл өмірде адамдардың жақсы өмір сүруіне деген құндылықтары бар. Солардың арқасында адам жақсылыққа талаптанады. (Құндылықтар бір-бірден сахнаға шығады).

Олар:

Махаббат Мейірімділік Достық Жанұя Бостандық Шындық Әсемдік

Әрқайсымыз осы құндылықтарды бағаласақ өмірдің кереметтілігін сезіне аламыз. Өмір сүру қандай тамаша! Өмірді сүйіңдер, құрметті әріптестер!

103.«Өз сезімінің құмырасы» жаттығуы

Сіздердің сезім мен эмоцияларыңыз құмыра ішіндегі қан тамыры деп елестетіңіз. Құмыраның түбінде ең маңызды, ең басты мазмұны жатады екен. Ал, бізге жақсы болғанда, осы қан тамырын шығара алмаймыз. Ал, бізге жаман болғанда, оның ернеуінен төгіліп жатады.

Ең түбінде IY қабат:

Баланың базистік талпынысы:

-Мен жақсымын

-Мен сүйіктімін

-Мен бұл-мен,-деген қабат.

III қабат қанағаттанбаған:

Қажеттіліктері, махаббатта, түсіністікте, аяушылықта, құрметтеуде, назар қоюда. Бұл қажеттіліктер әрбір адамда «еркін болу» керек. ( Біздің өмір сүруге құқығымыз бар. Бұл –өмірді сезіну.

II қабат

-қорқыныш

-ауыртпалықты сезіну

-реніш

I қабат

-агрессия-ашу-ыза

Бұл сезімдер бізді физикалық тұрғыдан бүлдіреді. Ал, бала қасында не бар соны қиратуы мүмкін. (ойыншық, жиһаз т.б.)

Бұда -жағымсыз мінез-құл -айғай-истерика

Өмірге деген сезім сөнбеу үшін, оның позитивті көзқарасын тудыру керек. Бала қандай солай қабылдап, оны жақсы көріп, құшақтап, аймалау қажет.

Рефлексия

104.«Қорап» жаттығуы

Өз тілектері бойынша 3 қатысушы ортаға шақырылады. 1 қатысушы аяғын 2 аяқ киім қорабына салады, ал, 2 қатысушы екі жағынан аяқтарын салып, бөлмеде жүрулері керек.

1-тапсырма, екі жағындағылар бір-бірімен ақылдаспай бөлмеде жүреді;

2-тапсырма, екі жағындағылар ақылдасып жүреді. Соңынан талқылауға сұрақтар қойылады:

-Қозғалуға ыңғайлы болды ма?

-Қай қатысушыға жылжу қиынырақ болды?

-Ортадағы ойыншы қай кезде жеңіл, сенімдірек жылжиды? Екі жағындағы қатысушылар қозғалуға көмектесе отырып бір бағытта жүргенде ме, әлде, әр қатысушы өз бағыты бойынша қозғалғанда ма?

Тренер: Ортадағы адамның жағдайында бала тұрады. Бір жағында -мектеп өз тәрбиедегі істерімен, талаптарымен, міндеттерімен, күтілетін нәтижесімен, ал екінші жағында- отбасы, тәрбиедегі өз тәсілдерімен, көзқарасымен, күтетін нәтижесімен тұрады. Бала мектеп пен ата-ананың күтетін нәтижесіне сәйкес келіп, ата-ана мен мектептің талаптарын орындауы қажет. Баланы тәрбиелеу мен оқытудың нәтижелілігі, педагогтар мен ата-ананың ынтымақтастығы мен түсіністігіне байланысты. Біз 2 топқа бөліндік, әрбір топ жеке патшалық болып есептеледі.

1. Ата-аналар патшалығы;

2. Педагогтар патшалығы.
105.«Патшалықтың таңбасы» жаттығуы.

Әрбір мемлекеттің өз белгілері (гербтері) болады, әр патшалықтың тұрғындары өз елтаңбасын құруы керек. (А3 қағазына әрбір топ өз таңбасын салып, таныстырады.)

106.«Біздің сезімдер» жаттығуы

Ата-аналар патшалығы Педагогтар патшалығымен шекаралас жатыр. Патшалықтың тұрғындары бір-біріне экономикалық, политикалық жұмыстармен саяхатқа жиі барып тұрады. Мұндай сапарлар кейде қызықты, сәтті болады, ал кей кезде онша жағымсыздау болады. Әрине үйде, өз туған территорияңда, өз патшалығыңда болғанда қандай сезімде, ал басқа мемлекетке өз көзқарасыңмен, ережеңмен, өз заңыңмен барғанда қандай сезімде боласың? Әртүлі жағдайда біз әртүрлі сезімді бастан кешіреміз. Әрбір топ 1 парақ қағазды 2 бөлікке бөліп, 1-бөлікке өз патшалығында болғанда қандай сезімде болатынын, ал, 2-бөлігіне басқа патшалыққа барғанда қандай сезімде болатынын жазады.

Талқылау. -Әртүрлі мемлекеттің сезімдері ұқсас келеді. Өз туған территориямызда біз қауіпсіздік, жайлы сезінеміз, ал басқаның территориясында- түсініспеушілік бола ма деген қорқыныш, қобалжу сезінеді екенбіз.

107.«Күту» жаттығуы

Ата-аналар патшалығының тұрғындары әрбір күні өздерінің сүйікті балаларын Педагогтар патшалығына жіберіп отырады. Патшалық тұрғындары әруақытта кішкентай тұрғындардың оқуы мен тәртібі бойынша әңгімелесіп отырады. Әрбір патшалықтар бір-бірінен нені күтеді? Әрбір топ, педагогтар ата-анадан, ата-аналар педагогтардан не күтеді, соны жазу. Талқылау.

108.«Мемлекеттердің бірігуі»жаттығуы

Патшалықтар көп жылдан бері өмір сүріп келеді, кейде конфликтіге келіп қалады, кейде, татуласады, кейде бір-біріне кінә тағады, кейде өз-өздерін ақтайды. Уақыт өткен сайын бәрі өзгеріп, әлем дамып, жаңарып жатыр. Жалғыз, бөлек-бөлек өмір сүру қиындап барады. Кейбір тұрғындар жалпы мәселе мен сұрақты бірге шешу үшін патшалық-мемлекеттерді біріктірейік деп ұсыныс айтып жатыр, ал, бірақ кейбір тұрғындар бірігуге қарсы. Осы сұрақты шешу Бірігуге қарсы ма, қарсы емес пе анықтау үшін референдум өткізуіміз қажет. Әрбір ойыншы қағазға (бюллетень) «қарсы» немесе «қарсы емес» деп жазып, бюллетенді «дауыс беру жәшігіне» салады.

Талқылау: Неліктен бір мемлекет болып бірігу қажет? Оның қандай нәтижесі бар?

Көптеген тұрғындар бірігуді қолдады. Осы сәттен бастап бірлескен патшалық-мемлекетпіз. Бізге енді министрліктер тағайындауымыз қажет.

Олар: Қарым-қатынас министрлігі (1-мұғалім,ата-ана),

Білім министрлігі (1-мұғалім,ата-ана),

Тәрбие министрлігі (1-мұғалім,ата-ана). Олардың жұмыстарын жоспарын құрып, талқылау.

Скульптура «Отбасы және Мектеп ынтымақтастық»

Біз министрліктерді құрдық, біздің біріккен мемлекетіміз формалды болмас үшін қарым-қатынасымызды шынайы өмірде көрсете білуіміз қажет. Барлық туындаған проблемаларды жиналыстарда шешіп отыруымыз қажет. Ол үшін «Отбасы мен Мектеп ынтымақтастық» скульптурасын құруымыз қажет. Барлық қатысушылар скульптура құрады.

Рефлексия.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет