Мектеп психологының «қиын» балалармен жұмыс істеу әдісі
Мақсаты:
а) Бала тәрбиесінде ата-ана мен ұстаздың жауапкершілігін
арттыру;
ә) Қоғамда қиын бала болдырмау үшін ата-ана мен мұғалім арасында үйлесімді жұмысты жолға қою;
б)Жасөспірімдердің дамуындағы дағдарысты түсіну үшін олардың агрессиялық әрекетіне қарсы тұру.
Міндеттері:
1. Бала бойындағы дағдарысты анықтап, сапалы өзгерістерге итермелеу;
2. Баланың тұлғалық тұтастығының бағасын сезіну;
3. Жасөспірімдерде жеке бастың талаптарымен өмірдің басты талаптарын үйлестіру.
Жасөспірімдік кезең - адамның қалыптасуындағы ең күрделі кезең. Әсіресе, осы жаста адамның мінез-құлқы және де жеке басының негіздері қалыптасады. Міне, осы кезеңде жасөспірімдермен жасалатын тәрбие жұмысында кемшіліктер айқын көріне бастайды.
а) ата – анамен келіспеушілік жағдайлар
ә) мектептегі қиындық
б) тәртібі қиын құрбы-құрдастармен байланыс орнату.
Отбасындағы жақсы қарым – қатынысты жоғалту, мектептегі сәтсіздік, келеңсіз топтағы құрбылармен жақындық әр түрлі жолдарға итермелейді, ендеше осы үш элемент: отбасы, мектеп, құрбы-құрдастар тобы – барлық жасөспірімдердің нағыз табиғи ортасы. Олар кәмелеттік жасқа толмағандардың ең маңызды қоғамдық фактор болып табылады.
« Мектеп мұғалімдерімен байланысы қандай? » - әрине, қиын балаларға теріс көзбен қарайды. Бүкіл сынып алдында жеке жұқартатын әңгіме, жазалау түрінде өтеді. Әдетте бұл әрекеттің барлығы оң нәтиже бермейді. Керісінше қиын жасөспірімдерді мұғалімге кектенуі күшейе түседі және оған қарсы келуіне әкеп соқтырады.
Мұғалімдер қиын жасөспірімдерге деген өзінің кері көзқарасын жасырмайды, олармен кикілжіңге де келеді. Дивиантты мінез-құлықта жасөспірімге қолданылатын тәрбиелік профилактикалық іс-шаралар түзету іс-шаралармен шектелмейді. Жасөспірімнің әлеуметтік дезаптациясы кері әсерлі ортада сауықтыру және әлеуметтік педагогикалық түзетулерді қажет етеді.
Кәмелетке толмағандардың девиантты мінез-құлқындағы профилактика мен ескерту қоғамның әлеуметтік, психологиялық қажеттілігінен туындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |