Мектеп: Шаған жалпы орта білім беретін мектебі



Дата26.08.2017
өлшемі64,49 Kb.
#28508
Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Жаратылыстану

Мектеп: Шаған жалпы орта білім беретін мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Мухамбетжанова С.О.

Тақырыбы

Дыбыстың табиғи және жасанды көздерін ажырату.

Сынып: 1 а

Күні: 12.04.2016ж.



Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

1.4.3.2 Дыбыстың табиғи және жасанды көздерін ажырата білу

Табыс критерийлері:

Барлық оқушылар орындай алады:

Дыбыстың табиғи және жасанды көздерін ажырата біледі.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Дыбыстың табиғи және жасанды көздерін ажыратып, мысалдар келтіре алады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Дыбыстың табиғи және жасанды көздерін ажыратып,мысалдар келтіре отырып, дәлелді түрде түсіндіре алады.



Тілдік мақсат:

Оқушылар:

Дыбыстың табиғи және жасанды көздерін ажыратуды үйренеді.



Негізгі термин сөздер мен сөз тіркестері:

дыбыс – звук – sound;

дыбыс көзі – источник звука – source of sound;

табиғи дыбыс көзі – естественные источники

звука – natural sources of sound.

жасанды дыбыс көздері – искусственные

источники звука – artificifl sources of sound

Сабақта диалог жазу үшін пайдаланылатын тіл:

-Жасанды дыбыс көздері не үшін қажет?

-Олардың қайсысын сен жиі қолданасың?

- Ысқырықтың дыбысы табиғи дыбыс па, әлде жасанды ма?



Алдыңғы оқу:

Дыбыс туралы түсініктері бар.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Басы (1-6 мин)

Ширату.

Терең ғылым сананың,

Тегі дөп ой саламын.

Маңыз беріп оқимыз,

Жаратылыстану сабағын.

Кел, жаныма тұр,сыныптас

Өз алақаныңды маған аш.

Міне, менің қолым бос,

Жылуыма жылу қос.

Қоңырау үні естілді,

Сабағымыз басталды.

Оқушылар тынышталып,

Қатар-қатар тік тұрды.


• ысқырық;

• негізгі сөздің буындары үш тілдi үлестірмелі парақшалар;

• ішінде стақан, ағаш текшелер, темір қақпақ, сылдырмағы бар сандықша (сөмке)


Ортасы (7-39мин)

Қызығушылықты ояту.

Табиғи және жасанды дыбыстарды тыңдату.

Болжау жасау.

Біз дыбыс әлемінде өмір сүреміз. Дыбыстардың табиғи көздері бар. Оларды табиғаттың дыбыс

көздері деп те атауға болады. Оларға сайраған құстарды, жағаға соғылған толқындарды, уілдеген

желді жатқызуға болады. Олардың барлығы табиғи дыбыстар деп аталатын ән айту, шолпыл, жел шуы, жапырақ сыбдыры секілді дыбыстарды тудырады. Табиғи дыбыс көзінің мысалы ретінде ырылдау, жылау және басқа да дыбыс тудыратын жануардың немесе адамның дыбысын атауға болады.Табиғи дыбыс көздері, табиғи нысандар мен құбылыстардан пайда болады.

Жасанды дыбыс көздерін адам ойлап тапқан. Мысалы, музыкада iшектерді тартып не бір нәрсені соғып, дыбыстар шығаруға болады. Мәшине шуы, балғаның тарсылы, есіктің сықырлауы – барлығы жасанды дыбыс көздерінен шығатын дыбыстар. Қазіргі адам тұрмысын теледидар мен телефонсыз, магнитафон дыбысынсыз, интернет байланысынсыз елестету мүмкін емес.

Скрипка– ысқымен ойналатын iшекті музыкалық аспап. Скрипканың төрт iшегі болады. Скрипка

корпусының бүйір жақтарында сопақша қуыстары бар.

Зерттейік.

Айналаға құлақ салуды сұраймын.Қандай дауыстар естіледі? Олардың барлығы табиғи дыбыс көздерінен дыбыс шығара ма? Әрі қарай : «Әрбір нәрсеге құлақ салатын және жақсы еститін адамды «саққұлақ» деп атайды. Аталған сөздің оқушыларға қаншалықты қатысы бар екенін

мұғалім сабақ барысында тексеру керек. Мұғалім: Менде «сиқырлы» сандықша бар. Kөздеріңді

жұмып, шыққан дыбыс арқылы қандай зат екенін табыңдар: (шыны стақан, ыдыстың темір қақпағы, ағаш текшелер, сылдырмақтар, қағаздың судырлауы, судың құйылуы) деп, дыбыс түрлерін ажыратуға арналған тапсырмалар беремін.

Суреттерді салыстыр.Оқулықтағы саябақтың суретін қарауын сұраймын. Сурет бойынша сөйлемдер құрауын тапсырамын. Дифференциациялау мақсатында кейбір оқушыларға шағын әңгіме құрауын ұсынуға болады. Суретте қандай дыбыстардың көзі бейнеленгенін сұраймын. Жауаптар: Аналар сөйлесіп жатыр, бала жылап жатыр, құстар сайрап жатыр, мысық ысылдап тұр,

ит ырылдап тұр.Саябақтағы балаларға көңіл аудартамын. Сұрақтар:

-Олар не істеп жатыр?

-Неге таза ауада жүгірген жақсы?

-Ұл бала ағаштың астында не істеп жатыр?

-Ол қандай дыбыстарды естіп тұр?"

Әрі қарай оқушылардан аталған дауыстардың қайдан шығатынын тауып алуын ұсынамын:

1. Жаңбырдың тырсылы, желдің уілі, боранның ышқынған дыбысы (табиғатта).

2. Сағаттың тықылы, телефон шылдыры, шаңсорғыштың шуы, шәйнектің ысқырығы (үйде).

3. Ұшақтың гуілі, отшашудың атылуы, әткеншектің сықырлауы, мәшине шуы (далада).

Дауыстар қалай және қайдан пайда болатынын түсіндіру үшін балаларға төменде аталған

заттардың дыбысын салып көруін ұсынамын:

а) сағат (дік-дік тық-тық); б) жүріс (бух-бух); в) су (буль-буль);

г) балға (тук-тук); д) мысық (мяу-мяу); е) көкек (ку-ку);

ж) ит (гав-гав).

Оқушылардың назарын тағы да суретке аударамын.Енді екі суретті салыстыруын сұраймын.Олар

несімен ұқсас? (Әрекет қалада болып жатыр, адамдар қыдырып жүр). Айырмашылықтары неде?

(Берілген суретте шу мен дауыстар көп). Дауыс көздерін атап өтуді сұраймын.

Жауаптар: Мәшинелер шуылдайды, адамдар сөйлейді, скрипка ойнайды, теледидар даусы

естіледі, магнитoфон естіледі.

-Бұл дыбыс көздерінің барлығы табиғи дыбыс көздері ме?

-Скрипка туралы не білесіңдер?

-Онда кім ойнай алады?

-Қалай ойлайсыңдар, скрипка, теледидар, магнитoфон қайдан пайда болды?

Оқушылар жасанды дыбыс түрлерін адамның ойлап тапқанына көзі жетуі керек.

Жасанды дыбыс көздері не үшін қажет?

Оқушылардан әрбір жасанды дыбыс көздерін қолдану туралы толығырақ айтуын сұраймын. Олардан «Бейнеленген дыбыстардың қайсысын күнделікті өмірде жиірек көресің?» деп сұраймын

(Мысалы теледидар, телефон, магнитофон). Бұл дыбыс көздерін қайдан көруге болады? Жасанды

дыбыс көздерінің қайсысын адамдар күнде пайдаланады? Оқушылар қазіргі дыбыс көздерінің

пайдалы екені туралы шешім қабылдауы керек.

Бақылайық!

-Кім ысқырық деген затты көрді?

-Ол не үшін қажет?

Ысқырықты көрсетемін. Онымен ысқыруды ұсынамын. Адам ысқырықты үрлейтін болғандықтан, ол жасанды дыбыс көзіне жататынын оқушылар түсінеді.Ысқырық жасанды дыбыс көзі болып табылады. Адамның дауысы табиғи дыбыс көзіне жатады.



Қосымша тапсырмалар

Сайыс ұйымдастырамын.Бір топ табиғи, ал екінші топ жасанды дыбыс көздерін атайды. Қай топ

көбірек атайды, сол топ жеңеді.

Лабиринттер. Оқушыларға лабиринт жолы бойынша өтуді тапсырамын. Сызықтардың жолдың

ортасында болуына назар аудартамын. Дыбыстың жасанды көзін белгілеңіз (қоңырау).

Қалыптастырушы бағалау.

Барлық оқушыларға өз бетімен тапсырманы орындауды тапсырамын. Mұнда табиғи дыбыс көздерін көк түспен, ал жасанды дыбыс көздерін жасыл түспен белгілеуі қажет. Берілген

тапсырманы оқушылардың бірін-бірі бағалау арқылы тексеруіне болады.

Жұмыстың ұқыптылығына, жылдамдығына, оқушылардың өз таңдауын қалай түсіндіргеніне

назар аударамын.

Жауаптар:

Жасанды дыбыс көздері: ысқырық, телефон,құлаққап.

Табиғи дауыс көздері: жылап тұрған қыз, айқайлаған жанкүйерлер, күліп тұрған жанкүйер.



Аяқталуы

(40-45мин)



Бүгінгі сабақта саған не ұнады?

Қиындық туғызған сәттері болды ма?



Дифференциация

Бағалау

Пәнаралық байланыс

Табиғи және жасанды дыбыс түрлеріне мысалдар келтіру.

• Оқушылар табиғи дыбыс көздерін жасанды дыбыс

көздерінен ажыратуы керек.



Өнер пәнімен байланыстыру.

Рефлексия

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай



ауытқулар болды ма,неліктен?





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет