ІV-бөлім. Жеке баламен жұмыс.
Әрбір балаға карточка таратылады, балалар берілген суретке байланысты әріпті байланыстырып сызады.
V-бөлім. «Буынға буын қос» ойыны.
Суреттерде берілген буындарды қосып сөзді оқиды.
VІ-бөлім.Кім көп біледі» ойыны.
Буынұйқас: Әр топтан 5 баладан шығып буынұйқас айтады.
І-топ.
Ақ-ақ-ақ
Сарғайды күзгі жапырақ.
Са-са-са
Ызыңдайды маса.
Із-із-із
Бақшадағы сәбіз.
Ет-ет-ет
Алма, алмұрт салынатын себет.
Ой-ой-ой
Қорада тұр қой.
Ай-ай-ай
Ұшып кетті торғай.
ІІ-топ.
Ай-ай-ай
Жайылып жүр тай.
Ға-ға-ға
Ұшып кетті қарға.
Кер-кер-кер
Тоқтар аға ғарышкер.
Ыз-ыз-ыз
Айгүл жақсы қыз.
Ме-ме-ме
Келе жатыр кеме.
VІ-бөлім.Ребустарды шешу.
VІІ-бөлім. Жаңа сөзді тап.
І-топ
Адал ,дала сөзіне мәнін түсіндіріп өту.
ІІ-топ Осы «Сырға,Ғасыр» сөздеріріне түсінік беріп кету.
VІІІ-бөлім. Қай әріпке ұқсайды:
Шарты: Балалар қимылмен көрсету арқылы әріптерді табады.
ІX-бөлім. «Кім шапшаң, кім тапқыр»
Кеспе әріптерден сөз құрау. Сөзге сөйлем ойлап, схема түрәнде көрсету.
X-бөлім. Сөздерді оқу.
XІ-бөлім. Мәтін оқу.
|
Балалар ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекетінің қалай өтетінін мұқият тыңдап алады.
Ішке білім ханшайымы кіреді, балалар қызығушылықпен қабылдайды.
Сұрақтарға жауап береді.
Балалар көрсетілген әріптерді текше көтеру арқылы анықтайды.
Екі топтан кезек-кезек балалар шығып керекті әріпті орнына қойып сөзі оқып буынға бөледі.
Ортаға шығып сергіп алды.
Шеңберде тұрып кез келген әріпке сөздер айтады.
Балалар берілген тапсырманы мұқият орындайды.
Суреттегі буындарды қосып оқиды.
Әр топтан балалар кезектесіп шығып буынұйқас айтады.
Ребусты тақтаға шығып орындайды.
Балалар берілген сөзден жаңа сөз шығарып оқиды.
Балалар қимылмен әріптер көрсетеді келесі топтағы балалар қай әріп екенін табады.
Балалар берілген сөздерді оқиды.
|
Рефлексивті
Коррекциялаушы
|
Қорытынды.
‒Балалар, бүгінгі сабағымызда сауат ашудан өткен тақырыптарымызбен, өтілген тапсырмаларымызды қайталадық.
|
Балалар бүгінгі оқу іс‒әрекетінен алған әсерлерімен бөлісіп жатады.
|