Мектепішілік тәртіп ережелері Осы құжат Қазақстан Республикасының Конституциясын, ҚР «Білім туралы»


IV.2.  Оқушының мектепте болу уақыты мен қайтуы, сабақты босату, сабақтан босатылу



бет2/6
Дата07.09.2020
өлшемі73,5 Kb.
#77632
түріКодекс
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Мектепішілік тәртіп ережелері
Мектепішілік тәртіп ережелері, Мектепішілік тәртіп ережелері, Мектепішілік тәртіп ережелері, Мектепішілік тәртіп ережелері
IV.2.  Оқушының мектепте болу уақыты мен қайтуы, сабақты босату, сабақтан босатылу.

Сабақ мектеп директорының бекіткен оқу кестесімен жүргізіледі. Сабақтың ұзақтылығы- 45 минут. Қоңырау уақыты мектеп директорының бұйрығы мен санитарлық ереже бойынша бекітіледі. Оқушы сабаққа кешігіп келген жағдайда, мектеп әкімшілігіне түсінік береді. Оқушыны сабақтан  тек мектеп директоры немесе кезекші әкімшіліктің рұқсатымен босатылады. Сабақ уақытында оқушы мектептен жазбаша түрде сынып жетекшісінің немесе кезекші әкімшіліктің рұқсатымен шығады. Мектепке бөгде адамдар тек кезекшілік әкімшіліктің рұқсатымен кіреді. Оқушылар мектептен сабақ біткен соң 20минуттан кейін қайтуы тиіс, егер сыныптан тыс мерекелер жоспарланбаса; Оқушы сабақты босатқан жағдайда сынып жетекшісіне дәлелді құжаттар: медициналық анықтама  немесе ата-анасының қол хат, түсініктеме әкелуі тиіс. Егер оқушы апта ішінде 3 рет сабақты себепсіз босатса дәлелді құжаттары болмаған жағдайда директордың атына түсініктеме жазады. Оқушы сабақты босатқан жағдайда өтілген тақырып бойынша сынақ тапсыруға, үй жұмысын орындауға міндетті.

        IV.3.Оқушыларға тыйым салынады:

Мектепте ішімдіктер, шылым, наркотиктік заттар әкелуге, таратуға, қолдануға болмайды; Жанатын және атылғыш кез-келген заттарды қолдануға болмайды; Қарым-қатынастарын шешу кезінде бір-біріне қол көтеруге, күш көрсетуге, қажетсіз талаптар қоюға, айқай-шу көтеруге; Қоршаған айналаға қауіп әкелетін кез-келген істерге; Мектеп қызметкерлеріне және басқа оқушыларға дөрекі сөйлеуге; Мектепке сабаққа қатысы жоқ заттар әкелуге; Ойын карталарын, сіріңке, кесетін және қадалатын заттар әкелуге; Мектеп мүлкіне зақым келтіретін және өзіне, айналасына қауіп әкелетін істермен шұғылдануға; Мектеп және кабинет мүліктеріне, қабырғаларына жазуға, сызуға, оларды сындыруға; Мектепке қатысты кітаптарға жазуға, оларды жыртуға; Мектеп ішінде және айналасына қоқысты шашуға, қоқыстарды кез-келген жерлерге тастауға; Сабақ уақытында ұялы телефондарды, электронды ойындарды қолдануға; Оқу сабақтары кезінде дәлізде бос жүруге; Жүгіруге, терезеге жақын аралық ойықтарда тұруға, ойнауға болмайтын орындарда ойнауға; Оқушылардың көп жиналған орындарында; Өз беттерімен рұқсатсыз сабақтан немесе мектептен кетуге; Мұғалімнің рұқсатынсыз кабинеттің кілтін алып ашуға, сыныптың есігін іш жағынан жабуға, терезені ашуға;





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет