Негізгі қимылдар:
Жылдам қарқынмен жүгіру. (арақашықтығы 15 м)
Еденге салынған қабырғалы тақтай бойымен жүру (көлемі 15 см, ұзындығы 2 м). Тура бағытта құрсауды домалату.
Мақсаты: Кең адым жасап, жүгіру адымы тактісін қол қимылдары мен үйлестіріп жылдам қарқынмен жүгіруді үйрету. Аяқтың өкшесінен аяқтың ұшына ауысуды орындау, тепе-теңдікті сақтай білуді бекіту (майтабанға алдын-ала емдеу, барлық табан жұмысын нығайту).
Ойын: «Құстардың ұшып келуі»
Ептілікті дамыту, әр түрлі бағытта жүгіруде соқтығыса білмеу.
|
1
|
44
|
Негізгі қимылдар:
Бір шеңберден екінші шеңберге секіру
Тізені жоғары көтеріп жүруді жылдам қарқында жүгірумен (арақашықтығы20 м) кезектестіру. Тұру қалпында қос қолымен допты бастан асыра лақтыру.
Мақсаты: Қос аяқпен бір құрсаудан екінші құрсауға секіруді, қолдың төмен-алға қарай қимылын аяқтың екпінді итерілуімен үйлестіруді, бүгілген аяқтың ұшымен жеңіл жерге түсуін үйрету. Жылдам жүгіруде денесін дұрыс ұстау: қимылдауға байланысты денені аздап еңкейту, иықтарын босаңдау ұстау, алға қарау, жүгіру мен жүруді кезектестіре білуді бекіту. Допты алысқа лақтыруға жаттығу, доптың ұшуына алға-жоғары қарай бүгілген қолдарды екпінді жазылуымен дұрыс траектория бере білуді бекіту.
Ойын: «Белгіні тыңда»
Көңіл қою, белгі бойынша қимылды орындай білу.
|
1
|
45
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |