«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы мектепке дейінгі кіші жастағЫ


ІІ сәбилер тобы үшін ұйымдастырылған



бет25/30
Дата25.03.2017
өлшемі4,63 Mb.
#12385
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30

ІІ сәбилер тобы үшін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

перспективалық жоспар үлгісі
«Әлеуметтік орта» білім беру саласы

Экология негіздері






Мазмұны

Ұйымдас-тырылған оқу іс-әрекеттің көлемі

1

Тақырыбы: «Айналамыздағы әлем – біздің үйіміз»

Мақсаты: Адам мен табиғат арасындағы мықты байланыс туралы ұғымды дамыту, адам табиғатта тіршілік ететіні туралы түсінікті қалыптастыру. Табиғатты өзінің үйі ретінде ұғынуды тәрбиелеу: оның қамын ойлау, қорғау, көмек көрсете білу. Орманда, табиғатта жүріс-тұрыстың ережелерімен таныстыру. Қоршаған өсімдіктер мен жануарлар әлеміне қызығушылықты дамыту, «болады» және «болмайды» дегенді, «қалаймын» және «қаламаймын», «жақсы» мен «жаманды»

түсіне білуді үйрету.

1

2

Тақырыбы: «Кім қайда тұрады?» (мекендеу ортасы)

Мақсаты: Жер бетіндегі (белгілі бір аймақта) тіршіліктің барлығы кездейсоқтық емес, заңдылық екендігі туралы білім беру (балық сусыз, аю ормансыз өмір сүрмейді, т.с.с.). Жануарларға қамқорлық қарым-қатынасын, оларға қамқор болу ықыласын тәрбиелеу. «Төлдерге үйін және анасын табуға көмектес» оқыту ойыны. Табиғатта қауіпсіз жүріс-тұрыстың қарапйым дағдыларын дамыту.

1

3

Тақырыбы: «Табиғи оркестр» (экологиялық-психологиялық тренинг)

Мақсаты: Балалардың сезімдік тәжірибесін кеңейту. Табиғаттың дыбыстарын есту қабілетін дамыту. Ой тұжырымдау қабілетін дамыту үшін жағдай туғызу. Балаларды өзінің сезімдерін білдіруге және табиғаттан, табиғи объекттерден алған әсері жайында әңгімелеуге үйрету. Балалардың табиғаттағы әрекеттері мен жүріс-тұрыстары дұрыс екендігіне сенімдерін күшейтетуге мүмкіндік туғызатын оң баға алу қажеттілігін қолдау.

1

4

Тақырыбы: «Бөлме өсімдіктерін күтеміз»

Мақсаты: Жалпақ жапырақты өсімдіктерді күту ережелерімен таныстыру (жапырақтарын сүрту, суару, жерін үгіту). Табиғаттың бөлігі ретіндегі бөлме гүлдеріне қамқорлық қатынастың үлгілерін көрсету, топтағы табиғат бұрышын жақсартуға талаптарын ынталандыру. Топтағы өсімдіктердің атауларын еске түсіру (фикус, қыныгүл, қазоты, қытай розаны). Өз бетімен іс-әрекетті орындауға, бастаған істі аяқтауға қабілетін және ынтасын тәрбиелеу.

1

5

Тақырыбы: «Жәндіктердің ғажайып әлемі»

Мақсаты: Балаларды жәндіктермен және олармен өзін-өзі ұстау ережелерімен таныстыру. Жер бетінде жәндіктердің атқаратын қызметі туралы түсінік беру. Жәндіктер әлеміне және оларға деген ұқыпты қатынасын дамыту.

1

6

Тақырыбы: «Дәрі өсімдіктер»

Мақсаты: Балаларды гүлдердің жер үстіндегі бөлігінің құрылымы туралы білімдерін бекіту (сабақ, жапырақтар, гүлдер). Дәрі өсімдіктерінің қажеттігі туралы түсінік беру (түймедақ, жолжелкен). Пікір айту қабілетін дамыту (әжелер мен аналар өсімдіктерді не үшін кептіреді). Қоршаған өсімдіктер әлеміне қызығушылықты дамыту.

1

7

Тақырыбы: «Ит пен мысық – біздің көршілеріміз»

Мақсаты: Балалардың үй жануарлары туралы білімдерін кеңейту. Бізбен бірге тұратын үй жануарлардың жағдайын бақылауға үйрету. Үй жануарларымен өзін ұстау ережелерімен таныстыру. Үй жануарларына адамның қандай қатынасы болу керек екенін түсінуді тәрбиелеу: тамақтандыру, шомылдыру, қорғау.

1

8

Тақырыбы: «Жақсы деген немене, жаман деген немене»

Мақсаты: Адамдардың қарым-қатынасының экологиясы, табиғатта дұрыс жүріс-тұрысы туралы түсінігін кеңейту. Құрдастарының қылықтарына баға бере білуді тәрбиелеу. Балалардың табиғаттағы әрекеттері мен жүріс-тұрыстары дұрыс екендігіне сенімдерін күшейтетуге мүмкіндік туғызатын оң баға алу қажеттілікті қолдау.

1

9

Тақырыбы: «Экологиялық күзет»

Мақсаты: Табиғат бұрышының өсімдігіне табиғаттың бөлігі ретінде қамқорлықпен қарауды тәрбиелеу.

1




Барлығы:

9


ІІ сәбилер тобы үшін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

перспективалық жоспар үлгісі
«Әлеуметтік орта» білім беру саласы

Көркем әдебиет






Мазмұны

Ұйымдас-тырылған оқу іс-әрекетінің көлемі

1

Тақырыбы: М. Әлімбаевтың «Ораз неге жылады, ал балалар неге күлді?»

Мақсаты: Балаларға әдебиет кейіпкерлерінің әрекеттерін мен жүріс-тұрыстарын талдау кезінде балаларды құрдастарымен ара-қатынастың және өзара әрекеттесудің ережелерін сақтауға үйрету.

1

2

Тақырыбы: «Алтын дән», К. Ахметов

Мақсаты: Еңбекке қызығушықты қалыптастыру және оның нәтижелерін қадірлеуге үйрету.

1

3

Тақырыбы: Ш. Перро, «Қызыл телпек»

Мақсаты: Ертегінің мазмұнын түсінуге, кейіпкерлердің әрекеттеріне баға беруге көмектесу.

1

4

Тақырыбы: «Досымды өкпелеттім», Қ.Мырза Әлі

Мақсаты: Құрдастарымен ара-қатынастың ережелерін сақтауға үйрету, ойында және ара-қатынаста сыпайылықты көрсете алуға көмектесу.

1

5

Тақырыбы: «Алғашқы көмек», Б. Бұғыбаев

Мақсаты: Балаларды әдебиет кейіпкерлерінің әрекеттерін мен жүріс-тұрысын талдауға, қабылданған ережелерге сәйкес оларға баға беруге, өзінің көзқарасын білдіруге үйрету.

1

6

Тақырыбы: «Түлкі мен тырна» (орыс халық ертегісі)

Мақсаты: Балаларды әдебиет кейіпкерлерінің әрекеттерін мен жүріс-тұрысын талдауға, оларға қабылданған ережелеріне сәйкес баға беруге үйрету.

1

7

Тақырыбы: «Жоғалтқыш Маша», А. Барто

Мақсаты: Шығарма кейіпкерінің жүріс-тұрысына деген эмоционалдық ықыластылықты танытуды талаптандыру, ұқсас жағдайда кейіпкерлердің әрекеттерін және өзінің жүріс-тұрысын бағалауға үйрету.

1

8

Тақырыбы: «Ақшақар мен түлкі» (орыс халық ертегісі)

Мақсаты: Балаларды әдебиет кейіпкерлерінің әрекеттерін мен жүріс-тұрыстарын талдау кезінде, оларға мейірімділікті, қайырымдылықты білдіруді, өзара көмектесу қабылданған ережелеріне сәйкес баға беруді үйрету.

1

9

Тақырыбы: «Қайырымды бала», Б. Данабеков

Мақсаты: Ер адам жүріс-тұрысының ерекшеліктерін бағалауға үйретуді жалғастыру, өзге адамдарға деген мейірімділікті, қамқорлық қатынасты білдіруге ниеттерін ояту.

1

10

Тақырыбы: «Жақсы деген немене, жаман жеген немене?» В.Маяковский

Мақсаты: Қалай істеуге болады және қалай істеуге болмайтынын, жақсы деген немене, жаман деген немене дегенді түсіну үшін мүмкіндік туғызу.

1

11

Тақырыбы: «Масақ» (украин халық ертегісі)

Мақсаты: Балаларды әдебиет кейіпкерлерінің әрекеттерін мен жүріс-тұрысын талдауға, оларға қабылданған ережелерге сәйкес баға беруге үйрету.

1

12

Тақырыбы: «Азиз бен әке шабан», Ш. Бейшеналиев

Мақсаты: Ересектермен қарым-қатынастың ережелерін сақтауға үйрету, еңбектеріне деген қызығушылықты қалыптастыру және оның нәтижесін құрметтеуге үйрету.

1

13

Тақырыбы: «Айболит», К. Чуковский

Мақсаты: Балаларды мейірімділікті, өзге адамдарға, жануарларға қамқорлық қатынасты білдіруге талаптандыруды жалғастыру.

1

14

Тақырыбы: «Тапқыр бала» (қазақ халық ертегісі)

Мақсаты: Ертегі кейіпкерлерінің адамгершілік қасиеттерін бағалау қабілетін қалыптастыру, оларға өз қатынасын білдіре білуге үйрету.

1

15

Тақырыбы: «Аққу-қаздар» (орыс халық ертегісі)

Мақсаты: Ересектермен қарым-қатынастың ережелерін сақтауға үйрету, өзге адамға мейірімділікті, қамқорлық қатынасты білдіруді ниеттеуді жалғастыру.

1

16

Тақырыбы: «Мен тәртіпті баламын», Ө. Тұрманжанов

Мақсаты: Құрдастарымен қатынастың және өзара әрекеттесудің ережелерін сақтауға үйрету, келіспеушілікті шешудің тәсілдерін таба білу қабілетін қалыптастыру.

1

17

Тақырыбы: «Әдептілік сабақтары», Ә. Әлімбаев

Мақсаты: Балаларды адамдардың арасындағы қарым-қатынастың нормаларымен және қоғамдағы жүріс-тұрыстың ережелерімен таныстыруды жалғастыру, сыпайлықтың қарапайым әдеттерін тәрбиелеу.

1

18

Тақырыбы: «Өрескел алғыс» (қазақ халық ертегісі)

Мақсаты: Ертегі кейіпкерлерінің адамгершілік қасиеттерін бағалау қабілетін қалыптастыру, оларға өз қатынасын білдіре білуді үйрету.

1




Барлығы:

18


Ортаңғы топ үшін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

перспективалық жоспар үлгісі
«Әлеуметтік орта» білім беру саласы

Қоршаған әлеммен таныстыру






Мазмұны

Ұйымдас-тырылған оқу іс-әрекетінің көлемі

1

Тақырыбы: «Таныс болыңдар, балабақша» (балабақшаға саяхат: топ, асхана, кір жуатын бөлме)

Мақсаты: Балаларды балабақша қызметкерлерінің еңбегімен таныстыруды жалғастыру. Балаларға қамқорлық көрсететін ересектердің еңбектерін қадірлеуді тәрбиелеу.

1

2

Тақырыбы: «Менің отбасым» (отбасы туралы фотосуреттерді, суреттерді қарау)

Мақсаты: Балаларды өзінің отбасылары, сүйіктілері, олардың мейірімі мен жанашырлығы туралы әңгімелеуге талаптандыру. Отбасы бұл бірге тұратын, бірін-бірі сүйетін, бір-біріне қамқор болатын адамдар деген түсінікті қалыптастыру, жақындарына қамқорлық көрсету ниеттерін тәрбиелеу, өзінің отбасы үшін мақтаныш сезімін дамыту.

1

3

Тақырыбы: «Мен кіммін, мен қандаймын» (әңгіме мен практикалық жаттығулар)

Мақсаты: Өзі және өзінің жай-күйі туралы түсінігін кеңейту. Өзін өзі тану талаптарын мадақтау (дене мүшелерін, көру, есту, дәм, иіс сезімдер, тактильді түйсіну мүшелерін, эмоцияларын). Басқа балалардың сыртқы келбеттерінен, жүріс-тұрыстарының, әдеттерінің ерекшеліктері бойынша ажырата білуін дамыту. Бір-біріне ілтипатты болуды тәрбиелеу.

1

4

Тақырыбы: «Адам – тірі жан» (видеороликтерді көру, практикалық жаттығулар)

Мақсаты: Өзін адам әлемінің өкілі ретінде алғашқы түсінігін кеңейту. Адамдардың бір-біріне ұқсастығы және айырмашылығы болатынын түсінуге үйрету (сыртқы түрлерінде, әдеттерінде, әр түрлі сезімдерді бастан кешіреді, көңіл күйлері әр түрлі болады). Өсу үшін адамға су, жарық, жылу, ас, қимыл мен демалыс, күтім мен махаббат қажет. Адамдар бірдей сезім бастан кешеді: қуаныш, ауру, реніш. Ересектер мен құрдастарына ақ ниетті болуды тәрбиелеу.

1

5

Тақырыбы: «Көлікті кім жүргізеді» (жүргінші жолға саяхат)

Мақсаты: Жүргізушінің еңбегі туралы білімдерін кеңейту. Көлікпен таныстыруды жалғастыру. Көліктің бөлшектерін білу және атау. Сөйлегенде жүргізуші, шофер, жеңіл және жүк көлігі деген сөздерді белсендіру. Жолда қызмет ететін ересектердің еңбектеріне қызығушылықтарын тәрбиелеу.

1

6

Тақырыбы: «Дәрігер бізді қызылшадан емдейді» (дәрігер кабинетіне саяхат)

Мақсаты: Дәрігер қызметі және оның еңбек әрекеттері туралы білімдерін кеңейту. Дәрігер балалардың денсаулығын қадағалайтыны, ауырған жағдайда емдейтіні туралы білім беру. Дәрігер қызметінде қолданатын құралдарымен таныстыру. Еңбегін қадірлеуге тәрбиелеу.

1

7

Тақырыбы: «Отбасыда барлығы еңбек етеді» (бейнеролик көру)

Мақсаты: Балаларға отбасы бұл – бірге тұратын, бірін-бірі жақсы көретін, бірі-біріне қамқор болатын адамдар – екені туралы түсініктерін кеңейту. Балалардың отбасындағы еңбек әрекеттер туралы түсініктерін байыту. Ересектердің еңбектеріне деген қызығушылықты және оның нәтижесін қадірлеуді тәрбиелеу. Отбасы мүшелеріне, туған үйіне инабатты және қамқор қатынасын тәрбиелеу.

1

8

Тақырыбы: «Дүкенде кім қызмет етеді» (супермаркетке саяхат)

Мақсаты: Ересектердің еңбегімен таныстыруды жалғастыру. Сатушының, кассирдің қызметі туралы білімдерін кеңейту. Ересектердің еңбектеріне деген қызығушылықты, дүкенде қызмет ететін адамдарға инабатты қатынасын тәрбиелеу.

1

9

Тақырыбы: «Сізге хат келді» (поштаға саяхат)

Мақсаты: Пошта қызметкерлерінің іс – әрекеті және еңбек әрекеттері туралы түсініктерін кеңейту. Пошта қызметкерлері хаттарды, сәлемдемелерді жіберіп, газеттерді тарататындары туралы білім беру. Ересектердің еңбектерін қадірлеуге, өзі еңбек етуге ынтасын тәрбиелеу.

1




Барлығы:

9


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет