«мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы мектепке дейінгі кіші жастағЫ



бет22/30
Дата25.03.2017
өлшемі4,63 Mb.
#12385
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   30



Ортаңғы топ үшін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің

перспективалық жоспар үлгісі
«Шығармашылық» білім беру саласы

Жапсыру






Мазмұны


Ұйымдас-тырылған оқу іс-әрекетінің саны

1

Заттық жапсыру

Тақырыбы: «Әсем жалаулар»

Мақсаты: Балаларды қайшымен жұмыс істеудің ережелерімен таныстыру: дұрыс ұстауға, жолақты тең бөліктерге кескенде дөңгелектерін қысу және босату. Мұқият жапсырудың тәсілдерін, суреттің түсі бойынша кезектестіру дағдысын бекіту. Ырғақты және түстерді сезуді дамыту.

1

2

Сюжеттік жапсыру

Тақырыбы: «Үй саламыз»

Мақсаты: Қағаз жолағын бөліктерге, шаршыны қиғашынан (шатыр үшін) қию, суретті бөліктерден құру дағдыларын бекіту.

1

3

Сюжеттік жапсыру

Тақырыбы: «Қайық өзен бойымен жүзіп келеді»

Мақсаты: Тікбұрышты қиғашынан қиюға, тікбұрыштың бұрыштарын қиюға үйрету, композицияны мағынасына сәйкес қосымша пішіндермен толықтыру.

1

4

Сәндік жапсыру

Тақырыбы: «Орамалды әшекейлеу»

Мақсаты: Балаларды шаршының ортасын, бұрыштарын элементтермен толтырып, өрнек құруға үйрету. Жолақты алдын ала бүктеп, ортасынан қиюға, қайшыны дұрыс ұстауға үйрету. Композицияны сезуді үйрету. Бөліктерді мұқият жапсыру дағдыларын бекіту, жұмыстарды эстетикалық бағалауға тарту.

1

5

Ойластырып жапсыру

Тақырыбы: «Қалаған құрылысты қиып, жапсыр»

Мақсаты: Балалардың жапсыруда құрылыстың әр түрлі суреттерін құру дағдыларын дамыту, оларды жолақтарды тігінен, ал шаршыларды қиғашынан кесуде жаттықтырып, бөлшектерді пішіні мен түсі бойынша іріктеуді ойластыруға үйрету, мұқият жапсырудың және тәсілдерін бекіту, қиялды дамыту.

1

6

Заттық жапсыру

Тақырыбы: «Піскен алмалар»

Мақсаты: Домалақ пішін туралы білімдерін бекіту. Домалақ пішінді алу үшін балаларға шаршының бұрыштарын кесіп алуды үйрету. Қайшыны дұрыс ұстау, кесу, қағаз бетінде заттардың суретін құру, оларды мұқият жапсыру дағдыларын бекіту.

1

7

Сәндік жапсыру

Тақырыбы: «Тақияны әшекейлеу»

Мақсаты: Балаларға шеңберлерді шаршының бұрыштарын дөңгелету арқылы қиюға, кескінде түстерді кезектестіріп, оюды құруға (шеңберлер- «Күн») үйретуді жалғастыру. Қайшымен және желіммен жұмыс істеу дағдыларын меңгеру және бекіту. Эстетикалық қабылдауды дамыту.

1

8

Сюжеттік жапсыру

Тақырыбы: «Шыршаға моншақтар»

Мақсаты: Шеңбер және сопақ пішіндер туралы білімдерін бекіту. Пішіндерді домалақ және сопақ моншақтарды алу үшін тікбұрыштардың және шаршылардың бұрыштарын кесуге; пішіндері әр түрлі моншақтарды кезектестіруге, мұқият, түзу, парақтың ортасына жапсыруға үйрету.

1

9

Сюжеттік жапсыру

Тақырыбы: «Арбадағы ойыншықтар»

Мақсаты: Балаларға қайшымен қолдануға үйрету: оларды дұрыс ұстау, қағазды түзу кесу, шеңберді алу үшін шаршының бұрыштарын дөңгелетуді үйрету. Бөліктерді дұрыс орналастырып және оларды мұқият жапсырып, суретті құруға үйрету. Олардың ынтасын дамыту.

1

10

Заттық жапсыру

Тақырыбы: «Аққала»

Мақсаты: Балаларға шеңбер және сопақ пішіндерді алу үшін бұрыштарды біркелкі дөңгелетіп кесуге; композицияны құруға үйретуді жалғастыру.

1

11

Сюжеттік жапсыру

Тақырыбы: «Жайлауда»

Мақсаты: Дайын кесілген суреттерді қолданып (таулар, ағаштар, киіз үйлер), ұжымдық жұмыстарды орындауға және жырту тәсілді қолданып, оларды ұсақ бөлшектермен (гүлдер, қойлар, бұлттар) толықтыруға үйрету.

1

12

Заттық жапсыру

Тақырыбы: «Аппақ қоян отыр»

Мақсаты: Балаларға шаршылардын және тікбұрыштардан шеңбер және сопақ пішіндерді алу үшін бұрыштарды кесуге үйретуді жалғастыру. Қайшыны дұрыс ұстау, кесу, бөліктерді мұқият жапсыру дағдыларын бекіту. Жұмыс нәтижелерін бейнелікпен шешу және оларға қарау, оларды бағалауға жеткізу.

1

13

Ойластырып жапсыру

Тақырыбы: «Сыйға әсем гүл »

Мақсаты: Әсем гүлді қиюды және жапсыруды жалғастыру: гүл бөліктерін қию (бұрыштарды дөңгелету арқылы кесу), олардан әдемі сурет құру. Түсті сезуді, эстетикалық қабылдауды, назарды дамыту. Туған мен жақындарына ықыласты болуды тәрбиелеу.

1

14

Сәндік жапсыру

Тақырыбы: «Дастарқанды әшекелейміз»

Мақсаты: Балаларды қазақ халқының тұрмысымен таныстыруды жалғастыру, пішіндерді бөліп кесуге (шаршыны екі үшбұрышқа, тікбұрышты екі шаршыға), оларды түрлендіруге, шеңбердің ортасын мен шеттерін қазақтың өрнегінің элементтерімен толтырып, ою құруға үйрету.

1

15

Ойластырып жапсыру

Тақырыбы: «Қалаған ойыншықты кесіп, жапсыр»

Мақсаты: Балаларды өз жұмыстарының мазмұнын ойластыруға үйрету, бейнелеу үшін пішіні мен түсі лайық қағаздың кішкентай кесектерін іріктеу. Шығармашылық ойлауды және елестетуді дамыту. Дербестілігін дамыту.

1

16

Заттық жапсыру

Тақырыбы: «Көктемгі гүл»

Мақсаты: Балаларға шаршының бұрыштарын дұрыс дөңгелету тәсілімен шеңберді кесуге, бұрышты екіге бөлуге, бөліктерден шеңберді, жартышеңберді жіңішке жолақтан ашылған және ашылмаған гүлдердің суретін салу, жапсыруда бір түстің екі реңкін қолдану, мұқият жапсырудың тәсілдерін бекіту.

1

17

Сюжеттік жапсыру

Тақырыбы: «Сиқырлы бақша»

Мақсаты: Өздігінен бейненің мазмұнын анықтап, ұжымдық композицияны құру (сиқырлы ағаштар, гүлдер). Қағаздың мүмкіншіліктері туралы анықтау: жыртылады, оңай умаждалады, бұрын меңгерген қайшымен жұмыс істеу тәсілдерін жаттықтыру.

1

18

Заттық жапсыру

Тақырыбы: «Құс ауласында»

Мақсаты: Қағазбен және қайшымен жұмыс істеу дағдасын бекіту: тікбұрышты екі бөлікке бөлу, бұрыштарды кесу, сюжетке лайық бөлшектерді, пішіндерді мұқият жапсыру.

1




Барлығы:

18


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет