Ортаңғы топ балаларына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы «Денсаулық» білім беру саласы
Дене шынықтыру Негізгі қимылдар:
1. Бір-бірден саптізбекте тұру.
2. Бір орында тұрып жоғары қарай секіру.
3. Екі сызықтың арасымен жүру (көлемі 15 см, ұзындығы 3 м).
Мақсаты: Саптізбекте өзінің орнын таба білуге үйрету. Қос аяғымен бірдей еденнен екпінмен итеріле білуін бекіту. Көлемі кішірейтілген тіреуіш бойымен жүруге жаттықтыру.
Жаттығу үшін спорт залына баруды ұсынады (мақсат қою).
Денешынықтыру жаттығуларына қызығушылық тудырту үшін, спорт залдағы атрибуттарға көңіл бөледі.
Балалармен бірге жаттығулар орындайтын және ойнайтын ертегі кейіпкерін шақырады. Саптізбекке бір-бірден сапқа тұруға көмектеседі.
Спорттық ойындар мен жаттығуларға қызығушылық таныту.
Спорттық снарядтар мен атрибуттарды зерттеу (қарайды, ұстайды, ойнайды)
(1-2 минут). Келген ертегі кейіпкеріне қатынасын көрсету (қуанады, оны өзімен бірге ойынауға және жаттығуға шақырады).
Ұйымдастыру-іздестіру
Саптізбекте бағытты қалай сақтауды, саптізбектен шығып кетпеуді, өзінің орнын таба білуді көрсетеді. Жалпы дамытушы жаттығуларды орындау үшін 2 қатар болып тұруды ұсынады.
Сапқа тұру үшін бағдарды белгілейді (жалаушалар немесе кубиктер)
Таныс жаттығуларды атайды..
Жаттығуларды орындау тәсілдерін көрсетеді, көрнекті үлгісін береді.
Балалар тыныс алуын тоқтатпай, жаттығуларды дұрыс орындаулары үшін байқап отыру.
Жалпы дамытушы жаттығуларды орындауды ұсынады:
1.Бір орында тұрып жоғары қарай секіру.
Еденнен екі аяқпен бір мезгілде екпінмен итеріле білуді бекіту.
2. Екі сызықтың арасымен жүру (көлемі 15 см, ұзындығы 3 метр)
Көлемі кішірейтілген тіреуіш бойымен жүруді жаттықтыру.
Жаттығуларды дұрыс және әдемі орындауға балаларды итермелеу.
Жаттығуларды орындауын қадағалайды.
Балаларды қолдайды және мадақтайды. Кеңістікте бағдарлау үшін «Өзіңнің сыңарыңды тап» ойынын ұйымдастыру.
Жүгіру процесінде қажетті көмек және қолдау көрсету.
Саптізбекке бір-бірден, бойымен сапқа тұру, қатардан өзінің орнын табады. Саптізбекте бір-бірден жүру (бірінен кейін бірі жүреді, бағытты сақтайды, саптізбектен шығып кетпеуге тырысады, «шашырап» жүреді және белгі бойынша саптізбекте өзінің орнын табады).
Жалпы дамытушы жаттығуларды орындау үшін 2 қатар саптізбекке тұрғызу (қолдарынан ұстап, жұп болып сапқа тұрады), содан кейін бағыттаушының соңынан жан-жаққа тарқасады, бағдардың жанында тоқтайды, қолдарын алға, екі жанына көтеріп аралары ажырайды).
Жалпы дамытушы жаттығуларды орындау (қажетті бастапқы қалыпты қабылдайды, барлық аралық қалыпты анық орындайды, түсінікті мұқият тындайды, жаттығуларды орындайды, бұрынғы жасаған жаттығулармен арақатынастырады).
Басты қимылдарды орындау:
1. Сантізбекке сапқа тұру (сапқа тұрады және сантізбекте бір-бірден жүреді, аяқ және қол қимылдарын үйлестіреді, бағыт және тепетеңдікті сақтайды, сантізбекте өзінің орнын табады, сақтайды).
2. Бір орында тұрып жоғары қарай секіру (бастапқы қалыпта тұрады, қос аяғымен бірдей еденнен екпінмен итеріледі, итермелегенде қолдың сермеуімен үйлестіреді).
3. Екі сызықтың арасымен жүру (көлемі кішірейтілген тіреуіш бойымен жүреді, тепетеңдікті және денені тік ұстауын сақтайды, сызықтың ені мен ұзындығына бағытталады).
Ойынға қатысу (жұппен тұрады, тәрбиешінің белгісімен жан-жаққа қашу, кеңістікте бағытталады, өздерінің жұптарын табады, түрлі бағытта жүгіру мүмкіндіктеріне қуанады).
Рефлексивті-түзетушілік
Спорттық құрал-жабдықтар мен атрибуттарды жинауды ұсынады.
Ұйымдасқан оқу іс-әрекетінің қорытындысын талдау: Бүгін не үйрендік?, Қандай жаттығу немесе әрекет ұнады? Не жасадық, ал нені жасамай қалдық?
Балалармен бірге үйренген ертегі кейіпкерімен қоштасуды ұсынады.
Тәрбиешіге көмектесу (Спорттық құрал-жабдықтарды жинайды). Сабақ қорытындысы бойынша талқылауға қатысу (Сұрақтарға жауап береді «Мен не үйрендім, ал нені жасай алмадым?» қимылдарды еске түсіреді, ойындарды түсіндіреді, дәлелдейді).
Ойын кеіпкерлерімен қош айтысу.
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек:
- дені сау және күшті болуы үшін барлықтарының дене шынықтырумен бірге шұғылдануларын.
Нені игеру керек:
- сапізбектебір-бірденжүру дағдысын;
- екі сызықтың арасымен жүру дағдысын.
Нені біледі:
- қажетті бастапқы қалыпты қабылдауды;
- жұппен тұруды (қолдарынан ұстап);
- саптізбекте өзінің орнын таба білуді және сақтауды;
- әр түрлі бағытпен жүгіруді;
- бір орында тұрып жоғары қарай секіруді орындауды.
ІІ сәбилер тобы балаларына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы «Қатынас» білім беру саласы
Тіл дамыту Тақырып: Топпен танысу (экскурсия)
Мақсаты: Балалардың сөздік қорын айналадағы заттардың атаулары-сөздерімен байыту (тәрбиешінің таңдауы бойынша). Балаларды тәрбиешінің сұрақтарына жауап беруге, диалогке қатысуға үйрету. Дидактикалық жаттығу: «Айтшы, бұл не?»
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің
іс-әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
Қуыршақ Әйгерімнің пайда болуына назар аударады.
«Үйде кім тұрады» ойынын ұсынады, жаңа достардың аттарын және тәрбиешінің аты-жөнін жаттап алуға көмектеседі.
Балалармен бірге ойнайды, оларды қолдайды және мадақтайды. «Әйгерімге біздің топты көрсетіп және ол туралы айтып беруді» ұсынады.
Қуыршақ Әйгерімнің пайда болуына байланысты қатынас таныту, оларды ойнауға шақыру.
Ойынға қатысу (ойынның әрекеттерін және ережелерін орындайды, сөздерді және қысқа сөздерді айтады, бір-бірлерін атымен және тәрбиешінің аты-жөнімен атайды).
Қуыршақтың атымен тәрбиеші ойынды бастайды:
- Үйдің айналасында жүрмін және терезеге қараймын.
- Біреусіне Біреуіне мен келемін де жай ғана тоқылдатамын:
тук-тук.
- Кім бұл? (үйде отырған бала жауап береді).
- Бұл мен, Әйгерім, ал сен кімсін?
- Ал мен – Марат
- Жүр тамашалап келеміз.
(үйдің айналасында жүреді). Ары қарай ойынды Марат жалғастырады. Тәрбиешіге «көмек қажет» екенін түсіну.
Ұйымдастыру-іздестіру
Топтың бөлмесін, жататын бөлмені, әжетхананы, киім ілетін бөлмені қарап шығуды ұсынады.
Сұрақтар қояды Бұл бөлме не үшін? Бұл бөлмеде қандай заттар бар? Олар қандай? Олар не үшін керек? (заттар әлемін меңгерудің негізі, заттардың маңызды және маңызды емес белгілерінің ерекшеліктерін біліп дамиды).
Балаларға бөлме заттарының атын атауды ұсынады, егер қиналса өзі топ бөлмесінің, жататын бөлменің, әжетхананың, киім ілетін бөлменің заттарын атайды.
Егер балалар өз беттерінше белгілерін атап көрсете алмаса, заттардың белгілерімен таныстыру.
«Бұл не?», «Нені қайда қоямыз?» ойындарын өткізу.
Бөлмелерді атау кезінде жалпылауыш сөздерді пайдалануға итермелейді.
әр бөлме заттарын зерттейді және қарайды, сұрақтарға жауап береді, заттардың атын атайды, олардың ортақ белгілерін белгілеу, заттарды белгілері бойынша және бөлмелерді қалай қолдану керегін айтады және көрсетеді, ойыншықтар және сырт киімдер, аяқ-киімдер қайда туратыны туралы талқылауға қатысады. Заттардың атауы бойынша қысқаша дәлелдемелерді тізбектейді, (мысалы, мынау сабын, онымен біз қол жуамыз) түсінік беру кезінде байқап отырады.
Ойынға қатысу: үй-жайды атайды, ондағы заттарды, олардың белгілерін, белгіленген бөлме туралы айтады, заттарды, тәртіпті жақтау және сақтау, жалпылауыш сөздермен айтады: бөлме, біз қайда ұйықтаймыз — жататын бөлме, қайда шешінеміз — киім шешетін бөлме және т.с.с.
Заттарды жинайды (мысалы, сырт киім және аяқ-киім заттарын киім ілетін шкафтарға).
Ойыншықтарды, киімдерді, әжетхана заттарын сақтау туралы ережесін талқылау.
Топ жиыны үй-жайды бағыттай білу жаттығуларына икемденуі.
Рефлексивті-түзетушілік
Сұрақтарға жауап беруді ұсынады:
«Біздің топты жақсы білу үшін, Әйгерімге біз қалай көмектестік?», «Әйгерім не білді?», «Біз бүгін қандай ережелерді ойлап таптық?».
Баланың қатысуын және әр баланың жеке қадамдарын талқылайды.
Балаларды қолдайды және мадақтайды.
Сұрақтарға жауап беру.
Негізгі әрекеттерін және заттарын ерекшелеу: көрсетті, айтты, көмектесті.
Әр түрлі орындарда және жиынды топтың аймағында тәртіп сақтау ережелерін бекіту. Ойын кейіпкерлерімен қош айтысу.
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек:
- таныс нәрселер мен заттарды білдіретін сөздерді (мысалы, үстел, орындықтар, терезе, есік, ойыншықтар және т.б.).
Нені игеру керек:
- топтың жиын бөлмелерін белгілеуін елестетуді;
- ұжымда қарым-қатынас дағдысын.
Нені біледі:
- затты қалай қолдануын атау (көрсету);
- әңгімені қолдау, тәрбиешінің қойған сұрақтарына жауап беруді.
Ортаңғы топ балаларына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы «Қатынас» білім беру саласы
Тіл дамыту Тақырып: «Бау-бақшада»
(көкөніс және жеміс-жидектермен дидактикалық ойын)
Мақсаты: Заттардың құрамы мен сапасын білдіретін сөздермен балалардың тілін байыту (көлемі, түсі, түрі). Жалпылауыш ұғым білдіретін, балалар сөздерін сөздікке ендіру (көкеніс, жеміс-жидектер)
Үй иесі әйелі базардан не алып келгені туралы еске түсіруге итермелейді
Көкөністері бар себетті бөлуге және оларды қарауға ұсыну. Жеміс-жидектері бар басқа себетке назар аударады.
Жеміс-жидектері бар себетті бөлуге және оларды қарауды ұсыну.
Заттардың құрамы мен сапасын білдіретін сөздермен балалардың тілін байыту (көлемі, түсі, түрі).
Өлеңді талдауда қызығушылық таныту (көкөністерді еске түсіріп атайды және өлеңдегі айтылғандарды көкөністердің арасынан теріп алады).
Талқылауға қатысу (сұрақтарға жауап береді, себетте тұрған көкөністер мен жидектерді ажырату үшін тәрбиешіге көмектесу ниетін білдіреді)
Заттарды қарау (екі себеттің ішіндегісін зерттеп қарайды, көкөніс пен жидектерді ұстап анықтайды). Көкөніс пен жеміс-жидектердің сапасы мен құрамын айту (көлемі, түсі, түрі).
Ұйымдастыру-іздестіру
«Бау-бақшада» ойынын ойнауды ұсынады.
«Бау-бақшада»
суреттеріне бағдарлай көкөніс және жеміс-жидектерді бөлек қою.
«Көкөніс пен жеміс-жидектерді ата», «Айтып берші, ол қандай», «Шикілей нені жеуге болады, ал нені пісіріп жейді» ойындарын және ойын жаттығуларын ұсынады.
Кейбір көкөніс пен жеміс-жидектерді, олардың көлемін, түсін екі тілде айтады.
Балаларды қолдайды және мадақтайды.
Ойынға қатысу («Бақшада»
суреттеріне бағдарлай көкеніс және жеміс-жидектерді бөлек қояды, «қайда өседі?» сұрақтарына жауап береді, (талқылауға қатысып көкеніс пен жеміс-жидектердің сапасы мен құрамын, оны қалай жеу қажеттігін және қайда өсетінін талқылайды). Көкөніс пен жеміс-жидектердің түр-түсін екі тілде айтып қайталау.
Көру және әдебиет бейнесінің арақатысын белгілеу.
Рефлексивті-түзетушілік
(«Дәмінен біл» ойын жаттығуы)
Көкөністі дәмінен біліп және оны екі тілде атауын ұсынады.
Балалардың жеке және ұжымдық әрекеттерін талдайды.
Балаларды мадақтайды (жемісті салаттан және жемісті «кәуаптан» дәм татқызады).
Көкөніс пен жеміс-жидектердің дәмін көріп анықтау (дәмін көріп, анықтап табады).
Көкөніс пен жидектерді бөлу («Бау-бақшада»
суреттеріне бағдарлай, жалпылауыш сөздерді және олардың өсетін орнын және жерін анықтау). Жемісті «кәуаптан» дәм тату.
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек:
- көкөністердің аттарын және олардың сыртқы түрлері мен дәмін білдіретін сөздерді.
Нені игеру керек:
- ұжымдағы әрекет және қарым-қатынас дағдысын;
- әртүрлі талдаудың көмегімен заттарды анықтау дағдысын.
Нені біледі: заттардың түрін, түсін, сапасын екі тілде айтуды;
- заттарды ортақ түрлері бойынша топтастыруды (көкеніс және жеміс-жидектер). ІІ сәбилер тобы балаларына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы «Қатынас» білім беру саласы
Қоршаған ортамен таныстыру Тақырып:«Қуыршаққа бөлме жасаймыз» (дидактикалық ойын)
Мақсаты:Жиһаздардың сыртқы түріне қарай аттарын пайдалана білу, сөздерді байланыстыра білу, баланың сөздік қорын байыту.
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің
іс-әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
Қуыршақ Әйгерімге назар аударады.
Әйгерімге жиһаз алып келді, оған көмек керек болып, күрделі жағдай тудырады.
Балаларды ойлануға және шешім қабылдауға итермелейді.
Жағдайдан шығу жолына қызығушылық танытады. Күрделі жағдайды талқылауға қатысу (ойланады, ұсыныс береді, сұрақтарға жауап береді, қызығушылық танытады).
Ұйымдастыру-іздестіру
Жиһаз қорабын алып келеді (үстел, орындық, шкаф, төсек, диван).
Ойын (қарайды, талқылайды, заттарды атайды, заттардың сыртқы түрі бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді, зат және оның кімге қатысты екені олардың арасындағы байланысын анықтайды (бұл төсек, онда Айгерім ұйықтайды)).
Ересектерден көмек сұрау (үлкендерді аты-жөнімен атайды, көмек сұрайды, көрсеткен көмекке рахметтерін айтады).
Құрдастарына ортақ ойын туралы өтініш білдіру.
Жеке және топпен орындалатын тапсырмаларды орындау.
Үрдісте белсенді қатысу (кеңес береді, салыстырады, байланыстырады, жеке қояды, түсіндіреді, заттарды анықтап шығарады).
Рефлексивті-түзетушілік
Жиһаздардың заттарын атауды ұсынады.
Балалардың топтық және жеке әрекеттерін, олардың жауаптарын талдайды.