перспективалық жоспар үлгісі «Таным» білім беру саласы
Құрастыру
№
Мазмұны
Ұйымдас-тырылған оқу іс-әрекетінің саны
Құрылыс материалдарынан құрастыру
1
Тақырыбы: «Машиналар мен жаяу жүргіншілерге арналған жолдар» (кең және тар)
Мақсаты: Құрылыстарды өзгерте алу, бір бөлшектерді екіншісімен алмастыру немесе биіктете білуін дамыту.
1
2
Тақырыбы: «Менің үйіме апарар жол (сүрлеу жол)»
Мақсаты: Кірпіштен, ермексаздан қарапайым құрылыстарды салуды, кейбір бөлшектерін алмастырып немесе биіктетіп құрылыстарды өзгертуді үйрету.
1
3
Тақырыбы: «Қақпалар» (биік, аласа)
Мақсаты: Бөлшектерді қою және орналастыру әдістерін пайдаланып, қажетті материалдарды таңдауға үйрету. Бір бөлшекті екіншісімен алмастыру немесе биіктету арқылы құрылысты өзгертуге үйретуді жалғастыру.
1
4
Тақырыбы: «Үлкен және кіші қақпалар»
Мақсаты: Түрлі түсті және түрлі көлемді материалдардан түрлі құрылыстарды салуға, бір бөлшекті екіншісімен алмастыру немесе биіктету арқылы құрылысты өзгертуге үйрету.
1
5
Тақырыбы: «Қысқа трамвай»
Мақсаты: Бөлшектерді қою әдісін пайдалып, түрлі түсті және әр түрлі материалдардан берік құрылыс салуға үйрету.
1
6
Тақырыбы: «Ұзын пойыз»
Мақсаты: Қою әдісін пайдалана отырып, бір бөлшекті екіншісімен алмастыру арқылы құрылысты салуға және өзгертуге үйрету.
1
7
Тақырыбы: «Сиыр мен бұзауларға арналған қоршаулар»
Мақсаты: Кірпіштерді тік және көлденең беттерде (бұзаулар үшін – аласа қоршау, сиырлар үшін – биік қоршау) кезекпен кезек орналастыруға үйрету.
1
8
Тақырыбы: «Бала бақшаның айналасындағы қақпалар»
Мақсаты: тік төртбұрыш периметрі бойынша кірпіштерді белгілі бір арақашықтықта орналастыру арқылы құрылыс салуға үйрету.
1
9
Тақырыбы: «Үлкен және кішкентай үйлер»
Мақсаты: Түрлі мөлшердегі және түрлі пішінді бөлшектерден көлемі бойынша түрлі құрылыстарды салуға, бірбөлшекті өзге біреуімен алмастыру немесе қою арқылы құрылысты өзгертуге үйрету.
1
10
Тақырыбы: «Мұнаралы үйлер»
Мақсаты: Дайын конструкцияға қосымша бөлшектерді қою арқылы берік құрылыс салу білуін дамыту.
1
Қағаз арқылы құрастыру
11
Тақырыбы: «Кітапша»
Мақсаты: Төртбұрышты қағаздың бұрыштары мен беттерін сәйкестендіріп, бірдей бүктей білуін дамыту.
1
12
Тақырыбы: «Түрлі түсті жапырақтар»
Мақсаты: Балаларға қағазды ұсақтап жыртуға үйрету.
1
13
Тақырыбы: «Шырша»
Мақсаты: Квадратты бұрыштарын және беттерін біріктіре отырып, диагоналі бойынша бүктей білуін дамыту.
1
14
Тақырыбы: «Көктем бақбақтары» ұжымдық жұмыс
Мақсаты: Сары түсті дымқыл қағаздарды көлемді шеңберлі пішіндерге өзгерте (умаждау) білуін қалыптастыру.
1
15
Тақырыбы: «Көктемгі алаң» ұжымдық жұмыс
Мақсаты: Қағазды жіңішке жолақтарға жырта білуін дамыту.
1
16
Тақырыбы: «Бұтақта отырған бозторғайлар»
Мақсаты: Қызыл түсті дымқыл қағазды көлемді шеңберлі пішіндерге умаждау біліктілігін қалыптастыру.
1
17
Тақырыбы: «Жаңа жылдық әйшекейлер»
Мақсаты: Қағаз парақтарын түрлі пішіндерге (шарлар, сүңгі) умаждау арқылы өзгерте /айналдыру/ білуін дамытуды жалғастыру.
Ескету: Қағаз арқылы құрастыруда қағазды көлемді пішіндерге айналдыру үшін тәрбиеші дайын композицияны безендіруге көмектеседі. Мысалы, «Көктемгі бақбақтар» тақырыбында жасыл алаңға сары бақбақтарды жапсыру (боялған қағаздың парағы). ІІ сәбилер тобы үшін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
перспективалық жоспар үлгісі «Таным» білім беру саласы
Экология негіздері
№
Мазмұны
Ұйымдас-тырылған оқу іс-әрекетінің саны
1
Тақырыбы: «Бізге күз не алып келді» (дидактикалық ойыны)
Мақсаты: Балалардың көкөністер мен жемістер туралы түсінігін, сонымен қатар ұрықтарды қатыстық топтамасы бойынша (сәбіз, қияр, қызанақ, алма, алмұрт, апельсин) біріктіре білуін кеңейту. Табиғатта қарапайым маусымдық өзгерістерді (астық жинау) байқауға ынталандыру, қоршаған табиғатқа деген қызығушылығын арттыру.
1
2
Тақырыбы: «Күз келді» (табиғатқа саяхат)
Мақсаты:Балаларға табиғатта, ауа райында және адамдардың киімдерінде өзгерістерді байқауға ынталандыру. Тәрбиешімен бірге табиғат құбылыстарын бақылауға құштарлығын тәрбиелеу. Қоршаған ортаның әсемдігімен байланысты мейірімді сезімдерді тәрбиелеу.
1
3
Тақырыбы: «Күн және біз» (табиғатқа бақылау жасау)
Мақсаты: Балалардың күн жарық және жылу көзі, адамның денсаулығы күнге байланысты сияқты түсінігін кеңейту. Күннің көзінде мінез-құлық ережелерімен таныстыру. Балалардың ойлай білуін дамыту.
1
4
Тақырыбы: «Ауылға саяхатқа шығу»
(үй жануарлары туралы суреттерді қарау)
Мақсаты: Үй жануарлары туралы балалардың білімін кеңейту. Дене мүшелерін атау және айырмалық ерекшеліктерін (немен тамақтанады, қалай қозғалады, қандай дауыстар шығарады, ересектердің жануарды күту еңбегін) байқай білуін дамыту.
1
5
Тақырыбы: «Жабайы жануарлар қысқа қалай дайындалады?»
(жабайы жануарлардың суреттерін қарау)
Мақсаты: Тірі және өлі табиғаттың өзара іс-әрекеттестігі, табиғат өзгерістерінің жануарлар өміріне әсері туралы көзқарасын кеңейту.
Орманды мекендейтін жабайы жануарлардың (қасқыр, аю, қоян, түлкі) өмірі туралы білімін байыту. Балаларға жабайы жануарлардың қыс мезгіліне қалай дайындалатындығы («тері» түсін өзгертуі, індерін және апандарын дайындауы) туралы түсінік беру.
1
6
Тақырыбы: «Сумен танысу» (практикалық іс-әрекет)
Мақсаты: Судың қасиеттерімен (құйылады, төгіледі және т.б.) таныстыру, адамға, жануарларға, өсімдіктерге судың қажет екендігі туралы балаларға түсінік беру. Балаларды – судың мұзға және мұздың суға айналу қасиетімен таныстыру (суды серуенге алып шығу, содан кейін мұзды жылы жерге алып келу). «Сиқырлы губка» жаттығу ойыны.
Қарапайым тәжірибелер процесінде танымдық белсенділікті дамыту.
1
7
Тақырыбы: «Құстар алаңына бару»
(үй құстарының суреттерін қарау)
Мақсаты: Балалардың қораз, тауық, балапан сияқты үй құстары туралы білімін кеңейту. Құстардың дене мүшелерін атау және (немен қоректенеді, қалай қозғалады, қандай дыбыстар шығарады, ересектердің жануарлар мен құстарды күтудегі еңбектері) айырмашылық ерекшеліктерін байқай білуін дамыту.
1
8
Тақырыбы: «Құстарды бақылау» (немесе табиғат бұрышында өзге мекендеушілерді бақылау)
Мақсаты: Табиғат бұрышын мекендеушілерді бақылауға үйрету, жануарлардың немесе құстардың тіршілік етуі туралы білім беру, практикада экологиялық тәжірибені іске асыруды үйрету. Балаларды табиғат бұрышының құстары мен жануарларын күтуде шамасы келетін іс-әрекетке қосу.
1
9
Тақырыбы: «Қыс келді, алақай!» (табиғатқа саяхат)
Мақсаты: Балаларға қыс мезгілінің, ауа райының, адамдардың киімдерінде қарапайым табиғи өзгерістерді байқауға үйрету.
Танымдық сипатта сұрақтар қою және қоршаған табиғатқа қызығушылығын тәрбиелеу, арттыру.
Балаларды табиғат пен ауа райының бақылау нәтижелерін белгілеп отыруға үйрету.
1
10
Тақырыбы: «Табиғат бұрышының су патшалығы» (табиғат бұрышындағы балықтарды бақылау)
Мақсаты: Аквариумдағы балықтар туралы балалардың түсінігін анықтау және кеңейту, бақылай білуін дамыту, бақылауда алған әсерлерімен бөлісу. Балаларды балықтарды күтуде шамасы келетін іс-әрекетке қосу. Барлық тіршілік иелеріне қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
1
11
Тақырыбы: «Ауамен танысу» (практикалық іс-әрекет)
Мақсаты: Мектепке дейінгі кіші балалардың логикалық ойлауын дамыту. Тәжірибелік іс-әрекет арқылы балаларға келесі түсініктерді түсіндіру: ауа барлық жерде бар, ол барлығына қажет. Ол — жердегі барлық тіршілік иелерінің өмір сүру шарты.
1
12
Тақырыбы: «Қыстайтын құстар қайда тұрақтайды?»
(табиғатқа бақылау жасау)
Мақсаты: Қыстап қалатын құстар туралы түсініктерін кеңейту. Құстарды сыртқы белгілері (торғай, сауысқан) бойынша ажыратуды үйрету.
Мақсаты: Балаларды өсімдіктерді күтуде шамасы келетін іс-әрекеттерге қосу (үлкен жапырақтарды сүрту, суару).
Тіршілік бұрышындағы гүлдерге деген қамқорлық қарым-қатынасын білдіре білуін дамыту. Балаларға табиғатқа деген қамқорлық қарым-қатынас нұсқаларын көрсету.
Мақсаты: Балалардың табиғатта көктемде болатын өзгерістер туралы түсінігін кеңейту.
Балаларға көктем мезгілінің, ауа райының, адамдардың киімдерінде қарапайым табиғи өзгерістерді байқауға үйрету.
Қоршаған әлемнің әдемілілігі мен оған деген қамқорлық қарым-қатынасқа байланысты мейірімді сезімдерді, құмарлықты, әуестікті тәрбиелеу. Балаларға табиғат пен ауа райын бақылау нәтижелерін тілдік сөйлеу арқылы жеткізуін үйрету.
1
15
Тақырыбы: «Балабақша учаскесінде өсіп тұрған ағаштар»
(табиғатқа саяхат).
Мақсаты:Ақ қайың, терек ағаштарын танып және ағаштың бұтақтарын, жапырақтарын, діңін көрсетіп, олардың аттарын атауды үйрету.
Өсімдік әлемін қабылдаумен байланысты қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу.
Мақсаты: Балаларға үй және жабайы жануарлардың өмір сүру ортасы мен оларға тән ерекшелік сипаттары туралы білім беру. Салыстыруды үйрету, танымдық мүмкіндіктерін дамыту. Жануарлар тірі және олардың тіршілігі үшін ауа, су, тамақ, жылу қажет екендігін түсіндіру.
1
17
Тақырыбы: Терезе алдындағы бақша «Жуа егеміз» немесе «Сұлы себеміз» (практикалық іс-әрекет).
Мақсаты: Балаларды өсімдіктерді егу және оларды күтуде шамасы келетін іс- әрекеттерге қосу. Өсімдіктің өсуіне қажетті жағдайлар (жылы, су, жарық, күтім) туралы білімін кеңейту. Үлкендердің өсімдіктерді күту еңбектері туралы қарапайым түсініктерді қалыптастыру. Шамасы келетін еңбекте ат салысу тілегін тәрбиелеу.
1
18
Тақырыбы: «Көктемде құстар не туралы ән салады?»
(табиғатта саяхат).
Мақсаты: Балалардың құстардың өмір сүруі (немен ерекшеленеді, немен қоректенеді, неліктен жыл құстары қайта ұшып келеді) туралы түсінігінін анықтау, тірі және өлі табиғаттың өзара байланыстылығын көрсету (жылы бола бастаған соң, құстар ұшып келе бастады).
Құстар туралы түсінігін кеңейту: торғай, сауысқан, кептер.