Мектепке дейінгі баланың дамуында тәрбиешімен ата-ананың атқаратын ролі (баяндама)



Дата04.10.2020
өлшемі19,85 Kb.
#63947

КМҚК «Балерке» балабақшасы

«Мектепке дейінгі баланың дамуында тәрбиешімен ата-ананың атқаратын ролі»



(баяндама)

Әдіскер:Жумашева А.Ж.

Кокпекті ауылы-2017 ж

Мектепке дейінгі баланың дамуында тәрбиешімен ата-ананың атқаратын ролі.

«Тәрбие төрт түрлі: дене тәрбиесі, ақыл тәрбиесі,

сұлулық тәрбиесі һәм құлық тәрбиесі. Егер де адамға

осы төрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі,

түгел болғаны»

М.Жұмабаев

Мектепке дейінгі мекемелерде қазіргі заманға сай, баланың жан-жақты дамып, құзыреттілігін дамытуға көп көңіл бөлінеді. Осыған орай, Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі білім беру жүйесінің жаңғырту векторы ретінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты да қолданысқа енді. Жалпы баланың дамуы мен өсіп жетілуіне дұрыс қарауымыз керек. Педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда, ата-анамен тығыз қарым-қатынас жасағанымыз дұрыс. Ата-ананы балабақша өміріне араластыру жаңа заман жағдайында үйлесімді шешуді талап етеді. Бала ата-ананың балабақша ісіне араласқанын көріп, олардың қамқорлығын сезініп, өздерінің маңыздылығын сезіне түседі. Ата-анаға бала өміріндегі ең алғаш ұстаз – ол ата-ана екенін түсіндіру.

Кері байланыс – тәрбиелеу және оқыту үдерісін ұйымдастырудың ең негізгі компоненті, отбасы мен тығыз байланыс, ата-аналармен баланың дамуы мен табыстары, жағымды-жағымсыз қылықтары, туралы ақпарат алмасу, яғни ата-аналармен қатынас көпірі.

Ата-аналармен кері байланыс түрлері:


  • Бала өмірі мен әрекеті, достары, топтағы өткен күндері туралы талқылау

  • Оқыған тақырыпқа, әр түрлі ақпараттарға материал жинауға қатысу

  • Бірлескен жоба, эксперимент жасау т.б.

  • Іс-шараларға қатысу

  • Саяхатқа, мерекелерге т.б. шараларға қатысу

Тәрбиешінің міндеті – ата-анамен байланыс жасау:

  • Ақпарат алмасу арқылы жақындасу;

  • Оқыту үдерісіне белсенді қатысуға шақыру;

  • Ата-анамен тығыз байланыс жасауға көз жеткізу;

  • Бала тәрбиесінің сапасына көңіл бөлу

Отбасымен шынайы ынтымақтастық - әр баланың құзыреттілік, тұлғалық дамуына, жеке басының ерекшелігіне мән бере тәрбиелеуге жол ашады. Яғни, бұл байланыста баланың мүддесін басты орында. Тәрбиеші баланың дамуындағы жетістіктерін, жағымды-жағымсыз қылықтары туралы ата-анамен ақпарат алмасып отырамыз. «Бірлесе істесең, бір жеңнен тон шығарасың»- дегендей, мұндай іс-әрекет нәтижелі болады. Біздің міндетіміз – балаға жекелей ықпал ету, ата-анамен қарым-қатынаста болып, бала өміріндегі бірінші қадамдарынан туған-туыстарының шетте қалып қоймауын қадағалау. Ал, ата-аналар болса, біздің сөзімізге көңіл бөліп, бала тәрбиесіне ат салысуы қажет.

Ата-анамен жұмыстың жақсы өтуі үшін, әр тәрбиеленушінің жанұясының жеке қасиеттерін біліп алуымыз қажет. Ол үшін жанұя мүшелерімен танысу, әр ата-анамен әңгіме жүргізу немесе сұрақ-жауап арқылы мәлімет алу. Оны әр түрлі сауалнамалар арқылы алуға болады. Тағы да портфолиосындағы баланың суреттері арқылы сол баланың жанұядағы орнын таба білу, топтағы тәрбиеленуші баланың ата-аналарын,әже-аталарын танып алуға болады.Біздің балабақшада мектепке дейінгі баланың дамуына ерекше көңіл бөлінеді. Тәрбиелеу және оқыту үдерісін жақсарту мақсатымен ата-анамен байланысымыз жақсы. Әрбір сабақтағы тақпақтарды,мақал-мәтелдерді электронды жасап,ата-аналардың электронды почтасына салып отырамыз.Бұлай істейтініміз: тақырыпты түсіндіреміз,керек мағлұматтарды береміз,одан кейін ата-аналарға бұл тақпақтарды үйде де қайталатуын сұраймыз, оның мектепке дейінгі жан-жақты дамып жетілуіне тигізер әсері туралы кеңес беру арқылы түсіндірілді. Бұл істі ата-аналар қуана қолға алып, көмек көрсетті. Әр уақытта үнемі қолғабыс жасайтын ата-аналарды мақтанышпен айта аламыз.

Мерекелер де ертегімен байланыстыра құрылды.Ұлтжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу мақсатымен рубрикасымен әр-түрлі тақырыпта көрмелер ұйымдастырылды. Мұнда ата-аналар балалармен бұл шараға бірлесіп қатысты. Мысалы, «Туған қаламның әсем жері» ,«Менің отбасым» атты отбасылық альбом шығарды, «Жоба жасау» сайысы. Мұнда бірлесіп жоба жасау болатын. Жобаның бағыты, шығармашылық, зерттеулік, топтаса, жекеше жұмыстар болды.

Қорыта айтқанда, тәрбиелеу-оқыту үдерісінде «бала - ата-ана –тәрбиеші» тығыз байланысы нәтижесінде мектепке дейінгі бала адамгершілік тәрбие алады, құзыреттілігі дамиды, зейіні, байқағыштығы шоғырланып, тіл байлығы, сөздік қоры дамиды , жеке тұлға болып дамиды, ой-өрісі кеңейеді, жан-жақты дамиды.

Өскемен қаласы әкімдігінің КМҚК «№100балабақша-бөбекжайы»

2014-2015 оқу жылындағы

I-жартыжылдықта ата-аналармен істелген жұмысқа сараптама.

№4 «Бүлдіршін»естиярлар тобы.


Тәрбиешілер:Құмарбекова Р.Қ.



Метченова Е.Е.

Өскемен,2015жыл.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет