Байланысты: Мектепке дейінгі дене т рбиесі теориясы мен дістемесі п нінен д
Қимыл-қозғалыс әрекеттерге үйрету процесіндегі сана мен эмоцияның рөлі. Yйрету кезінде эмоцияның, ынтаның, балалардың өз іс-әрекетіне деген саналы қарым-қатысының үлкен мәні бар. Yйреніп жатқан жаттығу немесе ойынның мазмұнына деген ынта, сондай-ақ әртүрлі, балаларды еліктіретін, әдістеме эмоциялық өрлеу туғызады. Осыған байланысты ықылас қою артады, тапсырманы орындауға ұмтылыс, қимыл-қозғалыстың сапасын жақсарту күшейеді. Балаларда қимыл-қозғалыс дағдыларын қалыптастыру жүйке жүйесінің оларды игеру қарқынына, қимыл-қозғалыс тәжірибесіне ие болуға, дене қасиеттері мен қимыл-қозғалыс дағдыларының даму деңгейіне әсерін тигізетін индивидуалдық типологиялық ерекшеліктерін ескеруді талап етеді. Бұл көрсеткіштер әр баланың қимыл-қозғалыс дағдыларын ойдағыдай меңгеруіне бағытталған үйретудің методикалық тәсілдерін таңдау кезінде педагогқа балаларға жеке-жеке қатынасты жүзеге асыруға мүмкіндік береді.