Байланысты: Мектепке дейінгі дене т рбиесі теориясы мен дістемесі п нінен д
Дене жаттығулары. Дене жаттығуларына үйрету кезеңдері мен әдістемесі Қимыл-қозғалыстық іскерлік пен дағдылардың қалыптасу заңдылықтарын ескеру балаларды үйретудің әр кезеңінің жеке практикалық міндеттерін анықтайды.
Бірінші кезең-қимыл-қозғалыс әрекеттерінің бастапқы үйретілуімен сипатталады; екінші кезең-тереңдей үйренумен; үшінші кезең-қимыл-қозғалыс әрекетін нығайту және жетілдірумен сипатталады. Бастапқы үйретудің бірінші кезеңінде: балаларды жаңа қимыл-қозғалыс әрекеттерімен таныстыру, бүкіл қимыл-қозғалыстық акт жайлы тұтас түсінік тудыру және оны меңгергенге дейін оны жалпы сипатта орындай отырып үйрене бастау міндеттері қойылады. Алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін баланың тапсырманы жан-жақты қабылдауын қамтамасыз ету, негізгі анализаторлардың бәріне - көру, есту, қимыл-қозғалыс, әсер ету, тұтас алғанда, қимыл-қозғалыстық акт жайлы түсінік тудыру керек.