Байланысты: Мектепке дейінгі дене т рбиесі теориясы мен дістемесі п нінен д
Тереңдете үйрету әдістемесі. Баланың үйренетін қимыл-қозғалыстарды бірте-бірте игеру процесінің физиологиялық механизмін ескере отырып, тәрбиеші тиісті методикалық тәсілдерді іріктеп алады. Yйрету барысында ол балалардың назарын орындайтын әрекеттерінің дұрыстығына аударып, оларды құптап қояды: «Жақсы тұрсыңдар, жоталарыңды тік ұстап, қолдарыңды бәрің артқа ысырыңқырап ұстайсыңдар» немесе керісінше, қателіктерге назар аударады: «Tаяқты еденге түсіргенде тізелеріңді бүкпеңдер» (тежеу қоздырғыш). Әр баланың қимыл-қозғалысты орындауын жақсы көріп тұру үшін тәрбиеші оларды сап бойынша тексереді. Мұндай жағдайда ол кей баланың қасына келіп, сөзбен және баланың тұрыс кейпіне жай ғана түзету енгізуімен әрқайсысына жеке-жеке көмек көрсете алады. Басқа бір сапта тұрған балалар да тәрбиешінің нұсқауларын тыңдап тұрады және тәжірибе жүзінде неге талпыну керек екенін көреді. Yйретудің екінші кезеңінде қимыл-қозғалыстық әрекеттер балаларға әрқашанда таныс болады, сондықтан тәрбиеші тәсілдерді таңдау кезінде ұсынылған әр қозғалыстың күрделілік дәрежесін ескереді. Мазмұны және құрылым жағынан қарапайым қимыл-қозғалыстарды балаларға көрнекі көрсетуді пайдаланбай аз сөзбен ескерткен жөн. Балалар орындарына тұрғаннан соң тәрбиеші: «Балалар, біз өткен сабақта жасаған жаттығуды еске түсіріңдер. Екі қолды жая артқа қарай апарып, содан кейін оларды бүкпестен алға созып алақандарыңды шапалақтаңдар»,-дейді. Мұндай еске түсіру балаларға қозғалыс бейнесінің бәрін рет-ретімен елестеді де балалар оны тәрбиеші көрсетпей-ақ, орындай алады. Мұнымен бірге оларда ықылас қою, ойлау және өз бетімен орындау тілегі артады. Егер қимыл-қозғалыс неғұрлым күрделі болса, нақты еске түсіруді қимыл-қозғалысты түсіндіріп көрсетуді (дәлдеп лақтыру, биіктіктен секіру т.б.) пайдаланған жөн. Қимыл-қозғалыс күрделілігін талдау негізінде тәсілдерді таңдауда оларды қолданудың баланы әлі жетерліктей ақыл-ой және дене күшін жұмсауға тарту қажеттілігі көрінеді.
Yшінші кезеңдегі міндеттің мәні қимыл-қозғалыстық әрекет техникасын меңгеруде ие болған дағдыны бекіту және жетілдіруде, балаларды қимыл-қозғалысты тұтасынан өз бетімен орындауға ынталандыруда және оны ойындарда, өмірде қолдануға мүмкіндік жасауда болады.