Мектепке дейінгі дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі пәнінен дәрістер жинағы


Денені жалпы дамытатын жаттығулар



бет129/202
Дата08.02.2022
өлшемі0,59 Mb.
#124557
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   202
Байланысты:
Мектепке дейінгі дене т рбиесі теориясы мен дістемесі п нінен д

Денені жалпы дамытатын жаттығулар. Денені жалпы дамытатын жаттығулар - бұлшық еттердің жекелеген топтарын - иіннің, кеуденің, құрсақ шандырының, аяқтың және басқа жерлердің бұлшық еттерін дамытуға және нығайтуға арналған жаттығулар. Олардың міндеті сүйек-бұлшық ет аппаратын дамыту және нығайту, организмның негізгі физиологиялық жүйелерін жаттықтыру жолымен баланың дене бітімін дұрыс қалыптастыру болып табылады. Бұл жаттығулар қозғалыстарды басқаратын жоғары психомотор орталығында жаттықтырады, бірінші және екінші сигнал жүйесінің өзара байланысты қызметін жетілдіреді және саналылықты, еркіндікті, орындалу дәлдігін талап етеді. Денені жалпы дамытатын жаттығулар біртіндеп бүкіл организмді әрекет ететін жағдайға тартуға, организмнің жалпы өмірлік қызметіне көмектесетін физиологиялық процестерді күшейтуге бағытталған.
Жаттығулардың бірінші тобы иық белдеуі бұлшық еттерін дамытуға және күшейтуге бағытталған. Олар көкірек қуысы тыныс өрісінің кеңеюіне және ұлғаюына көмектеседі, диафрагманы, барлық тыныс алу бұлшық еттерін күшейтеді, терең тыныс алуға мүмкіндік жасайды (жауырындарды жақындастыруға және олардың арасындағы алшақтықты азайтуға көмектесе отырып) арқаның бұлшық еттерін күшейтеді, омыртқаны тікейтеді.
Жаттығулардың екінші тобы құрсақ шандыры мен аяқ бұлшық ететтерін дамытуға және күшейтуге бағытталған. Олар қарынның бұлшық еттерін күшейтуге көмектеседі, ол бұлшық еттер ішкі органдарды жедел қимыл кезінде шайқалудан сақтайды (секіру, секіріп түсу және т.б.). Бұл жаттығулар аяқ пен табан бұлшық еттерін дамытады, күре тамырларда қанның іркілуіне кедергі жасайды (алақанды тізеге тіреу, жартылай тізе бүгу, жүрелеп отыру және т.б.).
Жаттығулардың үшінші тобы арқаның бұлшық еттері мен омыртқаның иілгіштігін дамытуға және күшейтуге бағытталган. Бұл жаттығулар тұлғаның дұрыс қалыптасуына ықпал жасайды және кеуде алға қарай иілген және жан-жаққа қисайған кезде, сондай-ақ оңға, солға бұрылған және кеуде айналған кезде омыртқаның иіл­гіштігін дамытуға көмектеседі. Осыған орай соңғы жаттығудың негізгі шарты-омыртқаның иілгіштігін қамтамасыз ету, бұл үшін жаттығуды отырып орындау кезінде малдас құрып отырып, жамбастың орналасуын бекіту немесе аяқтар бір-бірінен ажырап, тік тұрған кезде (кеуденің айналуы кезінде) аяқты нық басу (оларды қозғалтпау) тиімді болады.
Сөйтіп, бір мезгілде пайдаланатын жаттығуларды көрсетілгеніндей іріктеу бала организміне жан-жақты күшейтуші ықпал жасайды. Дәлдікті, айқындықты, белгілі бір бөлшектенушілікті және сонымен бірге тұтастықты талап ететін денені жалпы дамытатын жаттығуларды орындау баланы ой тоқтатуға, ерік-жігерге, мақсаттылыққа, тежеу сезімталдығына, өз қимылын үйлестіре білуге баулуға көмектеседі.
Алғашқы тұру қалпы. Кез келген жаттығу алғашқы тұру қалпынан: дененің дұрыс қалпында тұруынан (түрегеп, отырып, жатып) және қолы мен аяқтың жасалатын жаттығуға қажетті қалыпта тұруынан басталады. Иық белдеуі бұлшық еттерін дамытатын жаттығулар үшін төмендегідей алғашқы тұру қалпы қолданылады: аяқ үшін-аяқ алшақ, табаны иықтың еніндей кеңдікте бір-біріне парал­лель тұрады (бұл кішкентайлар мен естиярлар тобындағы балаларға ұсынылады), ересектер мен мектепке даярлық тобындағы балалар үшін бұл жаттығулар негізгі тұруда өкшені қосып, аяқтың ұшын алшақ салып тұру (кейде аяқтың ұшынан басып, көтерілу) берілуі мүмкін. Қол үшін - қолды денені бойлай, төмен қарай түсіру, алақанды кеудеге қарату, қолды арт­қа ұстау, қолды бүйірге таяу, қолды шынтақтан бүгіп артқа созу, қолды кеудеге қою, қолды екі жаққа созу, қолды жоғары көтеру, қолды түзу ұстап артқа қарай созу, қолдың ұшын иыққа тіреу, қолды төбеден асырып ұстау. Көрсетілген барлық алғашқы тұру қалпы жауырындарды жақындастырып, омыртқаны тікейтіп, көкірек қуысын кеңейте келіп, дене тұлғасын дұрыс қалыптастыруға көмектеседі. Бұлар бүкіл денені ыңғайлы, қалыпқа келтіреді. Кішкентайлар мен орта топтың балаларында құрсақ шандыры мен аяқ бұлшық еттерін дамытатын жаттығуларға түрегеп тұрған қалпында аяқ үшін мынадай алғашқы тұру қалпы қолданылады: тік тұру-аяқ иықтың кеңдігінде керіледі, табаны бір-біріне параллель немесе аяғын қосып тұрады. Ересектер мен дайындық тобының балалары үшін: негізгі қалып – өкше бірге, аяқтың ұшы алшақ. Мұндай қалыпты сақтау жартылай отыру, толық отыру кезінде қолданылады, баланың тізенің аралығын кеңейтуіне арқаны тікейтуіне және өкшені көтеруіне мүмкіндік туады, ол әрі аяқты жеке көтеру және бүгу, аяқты алға, оңға солға, артқа созу кезінде қолайлы. Кішкентайлар мен ортаңғы топтағы балалар үшін отырған кездегі алғашқы қалып: аяғы алға қарай созылған; ересектер мен дайындық тобындағы балалар үшін: аяғы алға қарай созылған, аяғының ұшы қосылған және тартылған, ая­ғы айқасқан. Арқаның бұлшық еттері мен омыртқаның иілгіштігін дамытатын жаттығулар үшін түрегеп тұрған кезде аяқтың мы­надай алғашқы тұру қалпы пайдаланылады: барлық жастағы топтар үшін аяқ алшақ тұрады. Ол денені тұрақты қалыпқа келтіреді, тура, қапталға иілу үшін және кеуденің әртүрлі бұрылулары (айналу) үшін ыңғайлы. Ересектер тобындағылар үшін отырған кездегі қалып: аяқтар алға қарай созылған, табандар қосылған, аяқтың ұшы төмен қарай тартылған. Шалқадан жату кезіндегі қалып: аяқ созылған, табан қосылған, аяқтың ұшы тартылған, қол денені бойлап, жанбастан асыра созылған.
Тыныс а л у. Кейін көкірек қуысының құрылысында жасқа байланысты ерекшелік болатын балада (қабырғасының сәл ғана иілуі және жоғары тұрған диафрагма) тыныс беретін жоғары серпінді қозғалыс болмайды, тыныс алу үстіртін, баяу болады. Шапшаң дене шынықтыру жаттығулары процесінде оттегіге деген көп қажетсіну пайда болады: бала таза ауаны сіміре жұтып терең тыныс ала бастайды және сонымен бірге организмде пайда болған көмір қышқылын сыртқа шығару қажеттігін сезеді, мұның өзі дем шығару қажеттігін туғызады. Жаттығу тыныс алуды реттейді және күшейтеді, көкірек қуысының дамуына және ширақ қозғалуына көмектеседі, өкпенің тыныс алу сыйымдылығын ұлғайтады, оттегі мен қоректік заттардың ағылып келуі арқасында қанның құрамы жақсарады. Барлық жаттығуларды орындау кезінде баланың дұрыс тыныс алуы маңызды рөл атқарады. Ол ретімен белгілі (тс, шш, пф және т.б.) дыбыстарды шығарып, толық интенсивті терең тыныс алу және біртіндеп баяу дем шығару болып табылады. Мұның, әсіресе, оттегі тәртібіне өте сезімтал дамып келе жатқан бала организмі үшін зор маңызы бар. Балаларды дене шынықтыру жаттығулары процесінде қимыл фазасы мен тыныс алу фазасының дұрыс ұштастыруға үйретіп, сол арқылы тыныс алу аппаратының жұмысын жетілдіру керек. Балабақшаның тәрбиесінде әрбір жекелеген жаттығуда дұ­рыс тыныс алу және дем шығару сәтін айқын білу қажет. Иық белдеуі бұлшық еттерін дамытатын жаттығулардағы тыныс алу қолды жан-жаққа созу, артқа қарай сермеу, жоғары көтеру кезіндегі көкірек қуысының кеңеюімен әрдайым ұштасады, дем шығару қолды төмен түсіру, алға созу, алға созып шапалақтау кезіндегі көкірек қуысының тарылуымен байланысты. Құрсақ шандыры мен аяқ бұлшық еттерін дамытатын жаттығуларда аяқ тікейген кезде тынысы алынады, аяқты тізеден бүккен, отырған кезде дем шығарылады. Арқаның бұлшық еттері мен омыртқаның иілгіштігін да­мытатын жаттығуларда алға қарай еңкейгенде тыныс алу тіктелумен, дем шығару- кеудені алға-төмен июмен, қапталға қисайған кезде дем шығару-бір жаққа қарай, мысалы оңға, ал тыныс алу кезек орындалып басқа (солға) қисаюмен ұштасады немесе, тыныс алу бір жаққа қарай иілумен, дем шығару тіктелумен ұштасады. Кеуде толық бұрылған кезде: бір жаққа бұрылғанда ты­ныс алынады, екінші жаққа бұрылғанда дем шығарылады (әр жаққа бұрылған сайын кезекпен). Жартылай бұрылғанда тыныс алу бір жаққа бұрылумен, дем шығару тура тұрумен ұштасады, екінші жаққа бұрылғанда да дәл солай. Жаттығуларды орындау процесінде балаларды мұрыннан тыныс алуға үйрету керек, мұның өзі ауаның өкпеге бір қалыпты барып жетуін қамтамасыз ететіні белгілі, оның үстіне мұрын жолдары арқылы өткен ауа жылиды, тазарады, содан кейін барып көмейге жетеді. Дене шынықтыру жаттығуларын жүйелі түрде жүргізу қажетті шартты рефлекторлық байланыстарды қалыптастыруға көмектеседі, балаларда біртіндеп ырғақты тыныс алу стереотипі пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   202




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет