Самокаттар мен спортроллерлер тебу жүрек-қан тамыр, тыныс алу жүйелерін нығайтуға, бұлшық еттерді, әсіресе, аяқтың бұлшық еттерін дамытуға тепе-теңдік сақтау, көзбен мөлшерлеу, ептілік және басқа да қасиеттерді қалыптастыруға көмектеседі. Балалар самокатқа, спортроллерге отыруға және одан түсуге, тура, биікке өрлеген, бұралаң жолдармен тебуге, оңға, солға, артқа бұрылуға, тежеуге, тоқтауға үйретіледі. Балалар самокат пен спортроллер тебуді игергеннен кейін оларға әртүрлі тапсырмалар беріледі. Бағдарламада 5-6 жаста шеңбер бойымен, тура жолмен қос дөңгелекті велосипедпен жүру, оңға, солға бұрылыс жасау, оң және сол аяқпен итеріп самокатпен жүру ұсынылған.
Достарыңызбен бөлісу: |