Мектепке дейінгі дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі пәнінен дәрістер жинағы


Дене тәрбиесі теориясы және әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы



бет13/202
Дата08.02.2022
өлшемі0,59 Mb.
#124557
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   202
Байланысты:
Мектепке дейінгі дене т рбиесі теориясы мен дістемесі п нінен д
Бар елде ана алана, БА дарламасы емдік дене шыны тыру ж не массаж
3. Дене тәрбиесі теориясы және әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі теориясы мамандандырылған ғылыми пәндердің тұтас кешенімен байланысты. Олардың біреулері гуманитарлық сипатта болады, дене тәрбиесінің дамуы мен ұйымдастырылуының әлеуметтік заңдылықтарын, дене жаттығуларының адам психикасына әсерін, сондай-ақ педагогикалық әсер ету құралдарын, формалар мен әдістерін қолдану заңдарын зерттейді. Басқа ғылымдар - биологиялық және шектес жаратылыс ғылымы пәндері адамның биологиялық даму процесін, оның жас өзгерісінің заңдылықтарын, дене жаттығуларын, сондай-ақ сыртқы ортаның түрлі әсерлерінен болып жататын өзгерістерін зерттейді. Жоғарыда аталып өткен, дене дамуының белгілі бір жағын терең зерттейтін ғылыми пәндердің әрқайсысы тәрбиеде жақсы жетістікке жету үшін педагогикалық әсер ету жүйесіне негіз бола алмайды. Бұл міндетті мамандандырылған педагогика ғылымы - балалардың дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі шешуге тиіс, ол дене тәрбиесіне қатысы бар басқа ғылымдардың барлық жетістіктерін синтездейді. Бұл ғылым дене тәрбиесінің педагогикалық заңдылықтарын танып білу және теориялық жағынан негіздеу мақсатында социологиялық және биологиялық құбылыстарды пайдаланады, мұның өзінде өзіндік ерекшелігін және өз пәнін сақтап қалады. Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесі теориясының табиғи-ғылымдық негізін ғылыми пәндер кешені құрайды, олардың міндеттері баланың биологиялық даму процестерін зерттеу болып табылады.
Ғылыми білімдердің бұл кешені орыстың ұлы физиологтары И. М. Сеченовтың, И. П. Павловтың, В. М. Бехтеревтың және олардың ізбасарларының ілімі негізінде құрылды.
Организм мен ортаның бірлігі туралы
Адам дүниеге келген сәттен оның сыртқы ортамен өзара әрекеттесуі басталады, бейімделу, тепе-теңдігін сақтау қабілеті пайда болады. И.П.Павлов осы тепе-теңдікті өмірдің негізгі заңы ретінде қарастырды.
Индивидуалдық бейімделу түрлері өте көп. Олар табиғи өмір жағдайында пайда болады және оларды адам арнайы, әдейі жасауы мүмкін. Индивидуалдық бейімделу негізінде тірі организмдердің өте маңызды қасиеттері – сыртқы орта жағдайы өзгергенде физиологиялық процестердің жиілігін және сипатының өзі белгілі бір шекте өзгертуі жатыр. Мәселен, ыстық күндері, сыртқы орта температурасы көтерілгенде адамның тері бездерінің әрекеті күшейеді, терінің тамырлары кеңиді. Тердің одан әрі булануы дененің сырты мен терінің кеңіген тамырлары арқылы ағатын қанның салқындауымен жалғасады. Сонымен жылу берілісі артады. Сыртқы ортаның температурасы төмендеген кезде, керісінше, тері тамырларының тарылуы байқалады, бұл жылуды көп жоғалтудан сақтайды. Бұл кезде тотығу процестерінің қарқыны артады. Соның нәтижесінде екі жағдайда да дененің температурасы өмірге керекті деңгейде сақталады. Адам организмінің қызмет ету мүмкіндігінің артуы немесе кеңеюі дене тәрбиесі процесінде ерекше маңызды болып табылады.
Баланың дене тәрбиесі белгілі бір ғылыми негізделген тәртіппен, организмді шынықтырумен, қозғалыс дағдыларын қалыптастырумен байланысты екені белгілі. Шынықтыратын процедуралармен үйлестірілген ертеңгілік гимнастикамен жүйелі айналысу, дене тәрбиесі сабақтары, ойындар, ауаның, судың төмен температурасы төзімділігін арттырады, жүйке жүйесі, жүрек, өкпе, бұлшық еттерінің жұмыс қабілетін жақсартады, жағымды эмоциялар тудырады. Шынығу және дене жаттықтыру адам организмнің қызмет ету мүмкіндіктерінің кеңеюіне көмек ететіні түсінікті бола түседі. Осының барысында шыныққандық және белгілі мөлшерде жаттыққандық әркімнің өзгеріп отыратын сыртқы ортаға индивидуалды бейімделуін көрсететін болады. Адам организмнің қоршаған ортаға бейімделуіне адам миының, жоғары жүйке жүйесінің қызметінің дамуы үшін жетекші мәні бар және оған себепші болатын әлеуметтік ортаны ерекше бөліп көрсеткен жөн. Адамның қоғамдық еңбек іс-әрекеті процесінде, ал баланың отбасылық және қоғамдық тәрбие процесінде индивидуалды бейімделуі шартты рефлекторлық уақытша байланыстар принципі бойынша біріншімен өзара әрекеттегі екінші сигналдық жүйе арқылы жүзеге асырылады. Оның үстіне екінші сигналдық қоздырғыштардың адамның барлық тканьдарында және ішкі органдарында болатын физиологиялық процестерге, сондай - ақ оның тұтас мінез-құлқына да айқын ықпал жасайды. Баланың айнала қоршаған әлеуметтік ортаға индивидуалдық бейімделуіне әртүрлі дағдылар, пайда бола бастаған әдеттер, қалыптасқан күн тәртібі және айнала қоршаған өмір талаптарына саналы қарым-қатынасқа негізделген барлық мінез-құлық тәртібі жатқызылуы мүмкін. Сондай-ақ, қозғалыс қызметтерінің қалпына келуі жұқпалы аурудан кейінгі иммунитет, оқуға және қоғамдық өмірге мылқаулардың, соқырлардың, соқыр-мылқаулардың бейімделуі де индивидидуалды бейімделудің көрініс беруі болып табылады.
И.П.Павлов: «.....жоғары сатыдағы, сол сияқты төменгі сатыдағы организмдердің аса зор күрделілігі осы күрделілікті құрайтын нәрсенің бәрі нәзік және дәлме-дәл байланыста, өзара және айналадағы жағдайлармен тең жағдайда болып тұратын кезге дейін ғана тұтас күйде өмір сүреді» – деп атап көрсетті.
И.П.Павловтың бұл қағидасын мынадай мысалмен көз алдына келтіруге болады. Баланың үдеп келе жатқан нашар көрушілігі сыртқы жағдайдың қолайсыз кезінде тұлғаның бұзылуына себепші болуы мүмкін. Тұлғаның бұзылуы организмдегі патологиялық өзгерістерге әкелуі мүмкін: кеуде клеткасының қозғалғыштығы нашарлап үстірт тыныс алуды тудырады, демді ішке тартқан кезде диафрагманың төмен түсуі қиындайды, бұл демді ішке тарту кезіндегі қанның сорылу күшін бәсеңдете және жүректің диафрагмаға тірелуін кеміте отырып жүрек-қан тамырлары жұмысына әсерін тигізеді: тыныс алу және қан айналу процестерінің нашарлауы ас қорыту органдарының жұмысына әсер етеді. Ол зат алмасуын бұзады, алмасудың бұзылуы жүйке жүйесінің қоректенуін нашарлатады, бұл тез шаршауға әкеледі, баланың психикасының және денесінің жетілуін бәсеңдетеді. Келтірілген мысал адам организмінің үйлесімділігі мен тұтастығының бұзылатындығын көрнекі етіп көз алдыңа әкеледі, бұл бұзылыстың себептерін сонымен бірге дене және психика процестерінің ажыратылмас өзара байланысын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   202




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет