Мектепке дейінгі ұйымда инклюзивтік білім беру


Кеңес беру мен ағартушылық бағыт бойынша



бет13/15
Дата19.03.2022
өлшемі34,9 Kb.
#136230
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Инклюзив багдарламасы-конвертирован

Кеңес беру мен ағартушылық бағыт бойынша:


  • педагогтармен жеке жұмыс жүргізу;

  • баланың жас, жеке, типтік ерекшеліктерін ескере отырып ата-аналарға, педагогтарға бірқатар ұсыныстарды даярлау;

  • балалардың жеке ерекшеліктерін есепке ала отырып педагогтың оқу жоспарына түзету жұмыстарын енгізу;

  • эксперименталды топта жұмыс істейтін педагогпен жеке кеңес жүргізу;

  • әлеуметтік қызметкерлермен жұмыс;

  • ата-аналармен жұмыс:

  • баламен жүргізілген жұмыстың жалпы қорытындысымен ата-аналарды таныстыру;

  • ата-аналарға баланың тәрбиесіндегі қиыншылықтары туралы нақты ұсыныстар даярлау;

  • ата-аналарға баланың психофизикалық мүмкіндіктеріне сай баланы оқыту мен оны дамытудың маңыздылығын түсіндіру;

  • психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметі мамандарымен тығыз қарым-қатынаста болу.

Ата-анамен жұмыс бұл бағыттың басты міндетінің бірі. В.А. Сухомлинский ата-анамен жұмыстың мазмұнын ашып көрсеткен ғалымдардың бірі. Ол: «Тек ата-аналармен бірге жалпы күш жігерді біріктіру арқасында педагогтар балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін», – дейді. Демек, ата-ана бала тәрбиесінде балаға ықпал етуші бірден-бір фактор. Сондықтан, психикалық дамуы тежелген баланы психологиялық- педагогикалық қолдау қызметінде ата-аналарға психологиялық кеңес беру, оларды бала дамуының мазмұнымен ақпаратттандырып отыру, жалпы ата- аналармен жұмыстың маңызы ерекше.
Педагогикалық процестiң сапасын жоғарылатудың тиiмдi жолы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметі мамандарының өзара байланысы мен бiр-бiрiнiң сабағына қатысу мен баланың қалыптасуы туралы талқысы және зерттеу қорытындыларымен өзара алмасу болып табылады. Мұндай бағыт бiрнеше қызметтерді қоса атқарады, яғни тәжiрибемен алмасу, бақылау, өзiн-өзi бақылау, кеңес беру.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет