«Мектепке дейінгі ұйымда ұлттық ойындар арқылы балалардың танымдық қабілеттерін жетілдіру.»


II Мектепке дейінгі ұйымда ұллтық ойындар арқылы танымдық қабілеттерінің жетілдіру жолдарының мазмұны



бет2/2
Дата10.04.2017
өлшемі0,89 Mb.
#13651
1   2

II Мектепке дейінгі ұйымда ұллтық ойындар арқылы танымдық қабілеттерінің жетілдіру жолдарының мазмұны.

2.1Мектепке дейінгі ұйымда ұлттық ойындардың маңызы.

Ұлттар өміріндегі ұлттық психологиямен тығыз байланысты көкейтесті мәселенің бірі – ол ұлттық әдет-ғұрыптар, дәстүрлер болып табылады. Ұлттық психологияның ерекшеліктері мәдениетте, тұрмыста, сондай-ақ ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерде де айқын көрінеді. Осы мәселелерге арналған әдебиеттерде ұлттық әдет-ғұрыптардың, дәстүрлердің саяси-әлеуметтік өмірдегі орны мен рөлі, оның таптық сипаты, прогресивтік рухани маңызы ұлттық қатынастардың жетілу процесіндегі әдептілік мәдени құндылықтарына талдау жасалынады.

Әрбір халық өздерінің әдет-ғұрыптарын, дәстүрлерін, салт-жораларын ұрпақтан ұрпаққа қалдырып отырады, әрі сақтайды. Олардың ұлттық мәдениетінде, тұрмысында бөлінбейтіндей болып қалыптасады. Ұлттық әдептілік, мәдени құндылық олардың өмір ерекшеліктеріне сәйкес сол ұлттық көпшілік өкілдеріне тиісті болатын қоғамдық дему мен табиғат құбылыстарының қайталану заңдылықтарының нәтижесі. Олар адамдар арасындағы қатынастарды ойша шамалаудың, топшылаудың эмоцинальдық көріністердің түрлері мен формалары ретінде пайда болады. Әдептілік, мәдени құндылықтар адамдардың бүкіл психологиясымен неғұрлым терең

Біздің зерттеуімізге қазақтың ұлттық ойындары, жалпы ойын жайлы қазақ ғалымдарының теориялық және тәжірибелік негіздері арқау болды.

Қазақ құндылығының ғасырлар қойнауынан сүрінбей өтіп, өзінің үрдіс дәстүрін сақтаған айрықша саласы балалар ойындары. Рухани мұрамыздың өзге түрлері сияқты оның да даму тарихы, толымды арнасы, әркез қоғамда атқарып келе жатқан қызметі бар.

Ұрпағын ойламайтын халық болмайды. Онсыз өсіп-өну, ілгерілеу жоқ. Қазақ ойындарының өміршең қызметі де оның жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу ісімен байланыстыболуында. Демек, халықтың этикасы мен эстетикасының, педагогикасы мен психологиясының, әдет-ғұрпы мен наным-сенімдерінің, шаруашылығы мен кәсінің шоғырланған көрінісі балалардың ойын-сауық түрлерінде жатыр десек асыра айтқандық емес.

Әрбір қоғамның балаларға жасап отырған қамқорлығына, жеткіншек ұрпаққа деген көзқарасына қарап, сол қоғамның болмыс – бағдарын байқауға болады. Түптеп келгенде, ұлттық қасиет пен дәстүрдің қалайша жалғастық табуы да сол қоғамның ұрпаққа деген мәмілісіне байланысты. Сондықтан болар, қазір көптеген дүние жүзі халықтарының педагогика мен психология ғылымында «Халықтық педагогика мен ұлттық психология» деген арнайы ғылыми бағыттар қалыптасты. Олар халықтың дәстүрлі тәрбиелеу салтын, мәдени құндылықтарын балаларға қатысты әдет-ғұрпын, өлең-жырларын, ойын-сауықтарын жан-жақты қарастырады. Мұндай игілікті істердің нәтижесінде әрбір халықтың мәдениетін кеңірек тануға, психологиясын терең түсінуге, этникалық мәдениет, дәстүрін ұрпақтар бойына сіңіру жолдарын нықтылы білуге, балалардың психикалық дамуын тиімді етуге, сөйтіп халықтық педагогиканың тиімді жақтарын бүгінгі күннің қажеттілігіне жаратуға болатындығы анықталып отыр.

Әр халықтың өз ұлт ойындары және әр ұлт ойынының өз ерекшеліктері бар. Ұлт ойындарының қалыптасуы тек балаларға ғана керектігімен дамып қойған жоқ, ересектердің күнделіктегі тіршіліктің қозғалысы мен көңіл көтеріп, демалыс уақытын өткізудегі қолданылған еңбектің бір түрі ретінде дамыды.

Мәселен, әртүрлі қозғалмалы ойындар мен асық ойындары тайпалық одақтарда ересектер арасында дамиды да, кейін келе жасөспірімдерде қалды. Себебі үлкендерден көргенін балаларда да, үй ауласында, далада ермек етеді: түйе құмалағынан қой бағып, қой құмалағынан қозы бағып, бір жерден, екінші бір жерден, екінші бір жерге көшіп-қонумен тағысын тағы сәбилер уақытын өткізеді. Бұдан өзі ертеңгі ортаның азаматы болғанда басынан өткізетін өмірін, болашақтағы еңбегін қазір ермек етіп отырғандығы байқалады.

Адамзаттың дүниеге келген күнінен бастап –ақ ақыл-ой, қабілетінің ортаға, өмірге көзқарасының дұрыс қалыптасуын реттейтін, белгілі бір жүйеге келтіретін осы «балалар мен жас өспірімдер ойындары» сондықтан да «ойын балалар еңбегі, балалардың уақытымен ғана санасады». Мұндай пікірді қостаған орыс ғалымы Е.А.Покровский де,-«ойын кезіндегі балалар жұмысы»-дейді.

Ұлт ойындары адам еңбегінің жемісі, халықтың фантастикалық ой құбылысының көрінісі, дүниені танып, білуге талпынысының нышаны, бар өнердің бастамасы. Қазақ халқының ұлттық ойындары әлеуметтік-экономикалық жағдайларына байланысты туып, дамыды. Олай дейтініміз, қазақ халқының ұлттық ойындары ертеден туып, тұрмыс жағдайларына үйлесімді келеді, яғни көшпелі тұрмысқа лайықталып, материалдық даярлық өте береді және халықтың психологиялық ерекшеліктеріне де байланысты.

Қазақ халқының тарихи көне жырларының, эпостары мен лиро-эпостарының қай-қайсысын алып қарасақ та, олардың өнбойынан халықтың ұлтық ойындарының алуан түрлерін кездестіреміз.

Жырлардың негізгі кейіпкерлері де ойын үстінде көрінеді. Ол негізгі кейіпкерлер: болашақ ел қорғаушы батыр, жауынгер, халық қайраткері т.т.

Ойын арқылы қазақ балалары өзінің бойындағы табиғи дарынын шыңдай түскен. Ойынды қазақ халқы тек ойын-сауық, көңіл көтеретін орын деп қарамаған. Ең бастысы-ел қорғауға қабілетті болашақ қайраткер, өзінің осы қабілетін шаршы топтың алдында, баршаға тең еркін бәсекеде жеңіп алуға тиіс болған.

Ойын тек жас адамның дене күш-қуатын молайтып, оны шапшаңдыққа, дәлдікке ғана тәрбиелеп қоймай, оның ақыл-ойының толысуына, есейіп өсуіне пайдасын тигізеді.

Манаш ұлы Тұяқбай жырында: «Балалармен ойнайды, ойнап жүріп ол бала, кеудеге ақыл ойлайды»,- деп, ойынның ойлауға да көп маңызы барын айтады.

Шоқан Уәлиханов /29/ қазақ ақындарының төгілдіре жырлау қабілетін олардың негізгі ерекшеліктерінің бірі деп бағалады. Күні бүгінге дейін халқымыздың ұлтық психологиясынан елеулі орын алып келе жатқан айтыс өнері, адамның төгілдіре жырлау, суырып салма сияқты ой қабілетін, үлкен тапқырығын қиыннан қиыстырар қас шеберігін, ерекше қажет етеді. Мұндағы түйдек-түйдегімен айтылатын сөз нөсері, бұлтаруға ырық бермейтін ащы шындық, әзіл-шыны аралас өткір сөзбен қарсыласының қапысын тауып, оны кенеттен мүдіртіп тастау, беталды мақсатсыз айтылған пікір-таласының орын алмауы, әр сөзінің мірдің оғындай болуы- Шоқан айтқандай қазақтың шешендік өнерге қабілетті, өнер мен жырға икем келетіндігінің айқын айғағы. Бұл арнада 5-6 жастағы балалардың қарым-қатынас сферасын ғана емес, психикасының бар жағын дамытуда балалардың айтыс ойындары бірден-бір универсалды (әмбебап) құрал болмақ.

Профессар Т.Тәжібаев /30/, Ы.Алтынсаринді «Қазақстандағы педагогикалық ойдың пионері» деген. Ы.Алтынсарин қазақ балалары жоқ, ежелгі әскери жорықтардың сілемдері». Бұл ойын өнеріне баулумен қатар, рәсім (ритуал) қызыметінің атқағандығын жорамалдауымызға болады. Себебі, жорыққа аттанар алдында осыған ұқсас рәсімдар көптеген ежелгі тайпаларда болған.

Ойындарда ежелгі заман көрністерінің молынан сақталу себебі,олар халқымыздың ізгі қасиеттеріне, шаруашылық кәсібіне (этикалық және статистикалық дәстүріне) тәрбиелеудің бірден-бір тиімді жолы болды.

Ойындар арқылы балалардың тәні де, жан дүниесі де ойдағыдай жетіліп отырған; көпшілік ортасында өзін-өзі ұстаудың, қысылғанда жол табудың қоғамда өз орнын сезінудің алғашқы мектебі де осы ойындар болды десек асыра айтқандық емес.

Қазақ халқының ойын түрлері, балалар психикасын дамуында атқаратын қызметі, шығу тарихы, құндылық жақтары және тақырыптары бойынша жан-жақты зерттеу – болашақтың ісі. Алайда, қазір қазақ ойындарының балалардың қарым-қатынасын зерттеуде тиімді қолдану мүмкіндіктерін анықтау, көрсету тәжірибелік іс қажеттігінен туып отыр.

А) Біздің эерттеу жұмысымыз тренингтерді ұлттық ойындарды қолдану арқылы мектеп жасына дейінгі балаларда қарым-қатынасты жетілдіру мәселесіне арналғандықтан қазақтың ұлттық ойындарының қарастырылып өткен психологиялық әсері ерекше мәнге ие болады. Ескере кететін бір жай қазақтың халықтық ойындары тек қана қарым-қатынаста ғана емес балалардың танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыруды жүзеге асыратындығы да белгілі болды. С.Ұзақбаева, А.Айтпаева /31/ «Орамал тастау», «Тапқыш», «Шертпек», «Үш әділ» т.с.с. ойындар Е.Сағындықов /32/ еңбектерінде ақыл-ойдың, қияялдың дамуына жағдай жасайтыны көрсетілген.

Ал С.М.Жақыпов /22;59/ зерттеулерінде ақыл-ой әрекетінде қарым-қатынас пен ойлаудың бірлік принципі, интеллектуалды эмоциямен бір жүйеде қарастырылатын ойлаудың вербалдық компоненттері қазақтың ұлттық ойындарының көп жақты мәнін аша түседі.

Ойын мектеп жасына дейінгі балалардың ересектердің әлеміне кіруге өзара әрекеттестік жасауға бағытталған бірден-бір қажеттілігі болады (Г.А.Урунтаева /8/). Ойын балалар психикасының жан-жақты жетілуіне тұлға ретінде дамуына жағдай жасайды. Мұнда мотивтерінің иерархиясы қалыптасады, яғни «керек» талабы «қалаймын» талабын бағындыру біліктілігі пайда болады.. Ойында құрбыларының мінез-құлқын бағалауға, оны бақылауға, өз әрекеттерін жоспарлауға үйренеді (М.И.Лисина /10/, Г.А.Урунтаева /8/, Х.Т.Шерьязданова /9/, Д.Р.Эльконин /1/).

Сонымен қатар, ойын арқылы сананың таңбалы, символикалық функциясы, яғни ақыл-ойы дамиды (Г.А.Урунтаева /8/, М.М.Мұқанов /33/).

Бұның өзі тренингтік сабақтардың мақсатына сәйкес келеді. Ойын бұл эффектісі қозғалыстық ұлттық ойындары арқылы күшейеді деп санаймыз, себебі қазіргі кездің балалары үшін халық ойындарының көпшілігі жаңашылдықпен тартымды болады. Екіншіден, ұлттық ойындарда болатын ереже талаптар шумақтар ритмі диалектіде кездесе бермейтін сөздердің орылымы балалардың шабытын үстемелейді, белсенділігін арттырады (Ерментаева А. /34/). Осыдан барып поли функционалды мәні бар ойынды тренингке кіргіздік.

Ұлт ойындары – ата-бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан оны үйренудің, күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор. Ойын балалардың алдынан өмірдің есігін ашып, оның творчестволық қабілетін оятып, бүкіл өміріне ұштаса береді. В.А.Сухомлинскийдің /35/ сөзімен айтқанда: «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да. Жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті. Ол арқылы балалардың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз ұшқын, білімге құмарлықпен еліктеудің маздап жанар оты». Міне ойын дегеніміз тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адам қиялына қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе, ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы демекпіз. Қазақ халқының арғы тарихына байланысты жеткен жазбаша деректердегі Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Шоқан Уәлиханов еңбектеріндегі оқу, білім, адамгершілік, тәлімдік ой- пікірлер және жазықсыз жапа шеккен зиялылар А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытовтардың халықтық тәрбиенің ұлттық негіздері жөніндегі пікірлері, олардың мектеп жасына дейінгі балалар өмірінде атқаратын мәні жөніндегі Н.Құлжанованың еңбегі өзінің құнын жоймайтын еңбектер.

Жас ұрпақтың қалыптасып өсіп өнуіне әсер ететін факторлардың бірі,дәстүрлі мәдениетіміздің бір бағыты халыктық ұлттық ойындары болып табылады.

Осы орайда жүзеге асырылып жатқан жұмыстарға бағыт бағдар беретін негізгі құжаттарға Қазақстан Республикасының Конститутциясы білім беру туралы заңы, Қазақ балабақшаларында тәрбиелеу және білім беру мазмұнын жаңарту тұжырымдамасы, «Балбөбек» бағдарламасы, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010ж. арналған мемлекеттік бағдарламасы болып табылады.

Мектепке жасына дейінгі балаларды ұлттық ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу- мектепке дейінгі ұйымның басты міндеттердің бірі, өйткені, біздің қоғам өмірінде адамгершілік бастамалардың ролі барған сайын артып, згілік, имандылық ,мейірімділік сияқты адамгершілік құндылықтардың аясы кеңейіп келеді.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан-2030» жолдауында оқушыларды қазақстандық потратизм шығармащылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса қажет...ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тектілік, білімділік,биік талғам,ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек дегені мәлім». Жас ұрпаққа саналы тәлім-тәрбие беру оларды заман талабына сай, жан-жақты дамып жетілген, жаңашыл көзқарастағы азамат етіп қалыптастыру, кең көлемді және сан тармақты іс дейтін болмақ, осыған жету баспалдағының алғашқы қадамы оның отбасындағы алатын тәрбиесіне байланысты болады. Ал бұл жас ұрпақты әріқарай мектеп табалдырығына жетектеп әкелетін екінші қадам мектепке деінгі мекеме мен ұйымдарда алатын білім мен тәрбие.

     Ұлт ойындарын жанұя тәрбиесінен бастап, балабақшада түрлі тәрбиелік шараларда қосымша материал ретінде пайдаланып келеміз.

     Ұлттық мұраның бай қазынасының бірі – халықтың ұлттық ойындары көп салалы, көп қырлы құбылыс, ол тек ойындық сала емес, мәні жағынан да балабақша тәрбиеленушілерінің рухани өресі кең өсіп – жетілуіне, эстетикалық мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелейтін негізгі құралдардың бірі. Ұлы педагог В.Сухомлинский «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, қиялсыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды» дейді, демек, шәкірттің ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы байи түспек. Фольклортанушы ғалым Ә.Диваев «Қазақ балаларының ойындары» деген еңбегінде адамның жас ерекшелігін үш топқа бөледі: «...өмірге келгеннен бастап жеті жасқа дейінгі бала, жеті жастан он бес жасқа дейінгі балалар, он бес пен жиырма жас аралығындағы жастар...». Осының негізінде қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырып, бірінші топқа, сол жастағыларға лайықты: «санамақ, тәй-тәй, айгөлек, соқыр теке, қуырмаш, алақан соқпақ, ақ серек-көк серек» т.б. ойындарын, ал одан кейінгі топқа: «тақия тастамақ, тартыс, сиқырлы қоржын, бәйге, көкпар, асық, хан талапай, теңге алу, қыз қуу, орамал тастамақ, ақсүйек, күрес» т.б. ойындарын жатқызуға болады. Мұндай ойындар баланы тез ойлауға, тапқырлыққа баулып, жаңа тақырыптарды жылдам меңгеруге ықпал етеді, сөз тіркесіне, ұйқастыруға дағдыландырады.

     Қазақ халқының сонау, көне заманнан бергі негізгі кәсібі мал шаруашылығы болғандықтан, мал өсіру, мал басын көбейтуі өндіріс процесінің негізгі мақсаты, сондықтан да «халықтың бар байлығы малда болды». Қазақ халқының тіршілігінде төрт түлік (қой, сиыр, жылқы, түйе) мал шешуші орын алған. Бүкіл өмірі мал өсірумен өткен қазақ халқының этнографиялық даму ерекшеліктері, той-думан, қуанышы мен реніші де осы малмен байланысты болды.

     Амандасқанда да жан амандығын сұрамай, мал-жан амандығын сұрауы, қазақтың тіршілігінің тірегі, көзі малға деген көзқарасының ерекше бір сезіммен қалыптасуы болды. Оларды халық ауыз әдебиетінде мақұлықтар дүниесінің өкілі деп ұқпай, адамның өмір сүруінің негізгі тірегі мен жан серігі екендігін шабыттана жырлаған.

     Осындай экономикалық құрылыстың негізінде төрт түліктің қасиеті тек қазақ ауыз әдебиетінде ғана жырланып қоймай, барлық мәдениет пен өнердің, соның ішінде ұлт ойындарының дамуының да негізі болды, келе-келе негізгі бас кейіпкерлері осы төрт түліктен тұратын «ақбайпақ», «көк сиыр», «түйе-түйе», «соқыр теке» т.б. сияқты ұлт ойындары да дами бастады. Бұл ойындардың барлығы дерлік қазақ халқының төрт түлікті аса бір сүйіспеншілікпен дәріптеп, қадірмен тұтып, жануарлардың бойында адам баласының қасиеттері бар, сондықтан жан-жануарлардың бәрі бірдей деген ұғымнан барып шыққан ойындар болды. Ондай қасиеттерді бірі осы ойындардың көпшілігінде дерлік төрт түліктің қай-қайсысы болмасын, аналықтарының өз төлдерін өлімге қимайтындығын аңғартады. Сондай «Ақбайпақ» ойынында, жоғалтқан ботасын іздеген інген қатты күйзеледі. Ақырында ботасын көріп, жаны жай тауып, ботасымен әңгімелесе келіп өзін тыққан ұрылардың кімнен жақсылық, кімнен жамандық көрдің деп, содан ботаның айтуы бойынша інгеннің бұйрығымен ойнаушылар жазасын алады.

     Қазақ халқының малды соншалықты қадірлейтін себебі сол, халықтың саяси әлеуметтік және экономикалық жағдайының даму процесінде осы төрт түлік арқасында жеке адамның қай-қайсысы болмасын өмірден мұқтаждық көрмеді. Сондықтан да төрт түлік қазақ халқының ауыз әдебиетінің, өнерінің, мәдениеті мен ұлт ойындарының негізгі кейіпкері.

     «Бесік жырынан» бастап ұлт ойындарының барлығы халық тәрбиесінің көзі. Қай дәуірдің ұрпағына болмасын тіршілік жолына бағыт сілтеп, өмірге аттандырады. Халық жырлары ата-ананың балаға қойған бірінші сенімі, тілек-талабы. Мұның бәрі баланы ойната, көңілдендіре, бойларын сергіте жүріп айтылады да, өміріне рухани азық болатын өнегелі де ілтипатты сөздерді жас кезінен құлақтарына құя береді. Ал ойындар болса баланың осы айтылған өнеге-өсиет сөздерін күнделікті тіршілікте тәжірибе жүзінде іске асырудың құралы болды. Айталық, ойын үстінде осы айтылған өнеге-өсиет бастан аяқ қолданылады, осы негізде оның бойында адамдық қасиеттер қалыптаса бастайды. Демек, ойын әр түрлі әрекетке қозғалысқа, денешынықтыруға ғана төселдіріп қоймай, өмірдің рухани азығы – үлкеннің барлық қасиетін, яғни баланың жан-жүйесіне әсер ететін этикалық, эстетикалық тәрбиені қабылдауға қалыптастырады.

     Ұлттық ойынның бірі – «Ұшты-ұшты». Бұл ойынға ересек балалар мен кішкентай балалар да қатысса қызықтырақ болады.

     Ойын ережесі : Бір бала ортаға шығып жиналғандарды дөңгелете, өзіне қаратып бір қатарға отырады. Содан кейін ойынның ойналу тәртібін түсіндіреді. Сөйтіп ойынды бастайды. Ойын жүргізуші «Ұшты-ұшты бөдене ұшты» деп қолын көтереді. Сол кезде ойнаушылар тыңдап отырады да ұшатын затқа олар да қолдарын көтереді. Ұшпайтын затты ұшты қолын көтерсе, ойын жүргізушімен бірге қолдарын көтерген ойыншылар жазасын тартады. Ал ұшатын затты айтқанда, қолдарын көтермей қойса онда да жаза тартады. Сондықтан ойын жүргізушінің әр айтқан сөзіне өте сақ болу, қырағы болу керек.Ойын жүргізуші ұшатын зат пен ұшпайтын затты ұйқастырып айтып ойыншыларды ылғи да жаңылдырып отыруға тырысады. Тіпті көпшілікке таныс емес құстардың атын айтып та, ұшатын жәндіктердің атын айтып та жаңылдыруға болады. Мысалы, ұшты-ұшты кекілік ұшты, ізінше кекілік ұшты, қарға ұшты – сырға ұшты, көбелек ұшты – ебелек ұшты, тауық ұшты, уық ұшты, қаршыға ұшты, қанжыға ұшты деп жалғаса береді.

     Алданған ойыншылардың жазасы өлең айтып би билеп, мақал-мәтел, жаңылтпаш, тақпақ айтады. Алданушылар көбейген сайын ойын қыза түседі, ендеше ойын жүргізуші мен ойнаушылардың арасындағы бірін-бірі аңдаушылық та күшейе түседі.  

     Бала ойындарының мазмұны байып, түрі өзгеріп отырады. Ата-ананың ойлау, қиялдау, армандау қабілетін қалыптастыру үшін халық ауыз әдебиетінің жанрларын – ертегі, жаңылтпаш, жұмбақтар, санамақтарды айтып үйреткен.

      Ойын баланың көңілін өсіріп, бойын сергітіп қана қоймай, оның өмір құбылыстары жайлы таным-түсінігіне де әсер етеді. Балалар ойын арқылы тез тіл табысып жақсы ұғысады, бірінен-бірі ептілікті үйренеді. Оның үстінде дене қимылы арқылы өзінің денсаулығын нығайтады. Халқымыз ойындарға тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, жас ерекшеліктеріне сай оларды көзқарасының, мінез - құлқының қалыптасу құралы деп ерекше бағалаған. Қазір бізге жеткен ойындарымыз: тоғызқұмалық, қуыршақ, асық ойындары. Қазақтың көне жыр- дастандарында ұлттық ойындар балаларды тәрбиелеуде ерекше орын алғандығы айқын көрінеді. Балаларды тәрбиелеуде де ұлттық ойындардың берері мол. «Санамақ», «Жылдам айт», т.б. тартымды ойындарды үйрету,тіл өнеріне негіз салады деп есептелген. Балалар негізінен ойын үстінде бір-бірімен тез тіл табысады. Ойынына қарап баланың психологиясын аңғаруға болады. Бес саусақ бірдей емес  дегендей, әр отбасынан шыққан балалардың мінез-құлқы бірдей емес.

Сонымен ұлттық ойын арқылы балалар меңгереді:



  • ойын - тәрбие құралы, ақыл-ойды, тілді ұстартады, сөздік қорды байытады, өмірді танытып, сезімді кеңейтеді т ә р б и е л е й д і.

  • е р і  к- мі н е з қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді.

  • ұ ж ы м д ы қ   с е з і м  әрекеттері өсе түседі.

  • э с т е т и к а л ы қ  т ә р б и е   б е р у -  өнерді, көркемдікті түсіндіру құралына айналады.

  • е ң б е к   т ә р б и е с і н  б е р у мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді. 

  • д е н е   к ү ш і н і ң   ж е т і л у і н е   к ө м е к т е с е д і - ойын баланы жан-жақты жарасымды тәрбиелеудің психологиялық және физиологиялық негіздері болып табылады.

Дана халқымыз, данышпан халқымыз бала тәрбиесіне үлкен мән берген. Елдің, халықтың болашағы бала тәрбиесін өте маңызды екенін түсіне отыра, балаға жан-жақты рухани жан-дүниесі таза болсын деп адамдыққа үйреткен. Жас бала жас шыбық секілді, қалай исең солай майысады, қалай айтсаң солай көнеді.

Жаңадан нәрестелі болған екі жас қарияның алдына келіп: — Баламызға тәрбие берсеңіз деп едік, — дейді. Сонда кемеңгер: — Сәбилеріңнің туғанына қанша болды?» — деп сұрайды.

 

— Үш ай.


— Ей, құлындарым, балаға тәрбие беруден үш ай кешігіп қалыпсыңдар, — депті. Шынымен де, бала тәрбиесі бір сәтті де қалт жіберуге болмайтын ұлы да игі іс. Ал сол тәрбие беруде баланың көңіліне, ішкі жан-дүниесіне қатты тимейтіндей етіп берудің өзінде үлкен мән-мағына жатыр. Себебі, жас бала жаратылысынан ата-анасының қамқорында болып, өмірдің барлық келбетін ойын арқылы қабылдайды. Баланың негізгі іс-әрекетінің өзі – ойын. Халқымыздың баланы «ойын баласы» деп те атауы бекерден бекер болмас.

Балаға дүниенің қызығы сол – ойын, барлығын ойынға айналдыру. Сондықтан балаға тәрбие бергенде ойын мен тәрбиені ұштастырып, баланы ойната тұра, оның бойына рухани, адами құндылықтарды сіңіру ата-ананың да, ұстаздардың да, бір сөзбен айтқанда жөн сілтеушілердің міндеті. Халық даналығы да соны меңзейді.

Бала мен жеткіншекті ойнатып қана қоймай, бойына ұқыптылық, адамгершілік, татулық, намысшылдық, ептілік, шапшаңдық және т.б. секілді адами қасиеттерді сіңіретін негізгі құрал – ұлттық ойындар. Сонау ерте замандардан бері талай батырларымыз, ақын-жырауларымыз, бозбала-бойжеткендеріміз сол ойындарымызды ойнап, халық даналығынан сусындап келді емес пе?!

2.2 Мектепке дейінгі ұйымда ұлттық ойындар арқылы танымдық қабілеттерінің жетілдіру жолдары мен ұлттық ойындарды қолдану әдіс-тәсілдері.

Мектеп жасына дейінгі бұл тақырыптық жоспар жұмысыммен жұмыстанар барысында көптеген тәрбиелік маңызы бар басылымдармен таныстым,өз жұмысымды ұлттық ойындар арқылы тәрбиелеу тәжіриебиесімен жүргіздім.Қазақтың қлттық ойындарының бала тәрбиесіндегі алатын орны ерекше деп айта аламын.Ұлттық ойындардың түрлері мен ойналатын орындары да көп,әр ойынның өз ерекшелігі бар.Тақырыптық жұмысымды төменде берілген жұмыс жоспары барысында жүзеге асырдым.

Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді. Олар: аңға байланысты, малға байланысты, түрлі заттармен ойналатын, зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін, соңғы кезде қалыптасқан ойындар. Олардың негізгілерінің өзі жүзден астам. Бұл ойындардың көбісінің ежелден қалыптасқан арнайы өлеңдері бар. Өлеңдер ойынның эстетикалық әсерін арттырып, балалардың өлең-жырға деген ыстық ықыласын оятып, көңілін көтереді, дүниетанымын арттырып, еңбекке баулиды, ширықтырып, шынықтырады. Этнограф – ғалымдардың пайымдауынша, ата-бабаларымыздан бізге жеткен ұлттық ойындарымыздың тарихы Қазақстан жерінде б.з.б. бірінші мыңжылдықта-ақ қалыптасқан. Олардың ішінде тоғызқұмалақ, қуыршақ, асық ойындары Азия елдерінде тайпалық одақтар мен алғашқы мемлекеттерде кеңінен тарады. Біздің қоғамыздағы ұлттық ойындардың негізі, шығу тегі халқымыздың көшпелі дәстүрлі шаруашылық қарекеттерінен бастау алады.
Бұлардың көбісі мал шаруашылығына, аңшылыққа, жаугершілікке негізділген.
Ахмет Жүнісовтың айтуынша (Фәниден бақиға дейін, — Алматы: «Қайнар», 1994), «Өзге халықтар сияқты қазақтың да ертеден қалыптасқан, атадан – балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойын-сауық түрлері бар. Зер салып байқап отырсақ, ол ойын-сауықтар қазақтың ұлттық ерекшелігіне, күнделікті тұрмыс-тіршілігіне тығыз байланысты туған екен және адамға жастайынан дене тәрбиесін беруге, оны батылдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, күштілікке, төзімділікке т.б. әдемі адамгершілік қасиеттерге баулуға бағытталған екен». Ал енді, «Қазақстан. Ұлттық энциклопедия» кітабында қазақтың ұлттық ойындарының мән-маңызы туралы былай деп жазылған: «Қазақ ұлты не- гізінен ұрпақ қамын басты мақсат етіп қойып, балалардың нағыз азамат болып қалыптасуына аса зор мән берген. Нәтижесінде дәстүрлі бала тәрбиесінің басты құралы ретінде ұлттық ойынды орайластырып, дамытып отырған». [7]

2.1. Аңға, малға байланысты ойындар

Аңға байланысты ойындар: ақсерек-көксерек, аңшылар, аңшылар мен қояндар, кірпіше қарғу, қас-құлақ, ордағы қасқыр.

Малға байланысты ойындар: аларман (қойға қасқыр шапты), асау көк, бура-қотан, көксиыр, соқыр-теке, түйе мен бота.

Соқыртеке. Ойыншылар дөңгелене тұрады. Ортаға орамалмен көзі байланған адамды – «соқыртекені» шы-ғарады. Шеңбер бойынша тұрған ойынға қатысушылар «соқыртекені» түрткілейді. Ол сол кезде түрткен ойыншыны ұстап алып, атын айтуға тиіс. «Соқыртекенің» тыныш тұрған ойыншыны да ұстап алуына болады. Ұсталынып қалған ойыншы «соқыртекеге» айналып, ойын жалғаса береді. [1.34]

       Түйе мен бота.Ойын көгалды жерде немесе спорт залда өтеді. Балалардың санына шек қойылмайды. Бұл ойын орыс халқының «мысық-тышқан» ойынына ұқсас. Оның басқарушының нұсқауымен бір бала түйе болады, екіншісі ботаның роліне сайланады. Қалған ойыншылар өзара қолдарынан ұстап, шеңбер бойына қатарға тұрады. Түйе шеңбердің сыртында, ал ботасы ішінде қалады

Түйе шеңбердің сыртында жүріп ботасына үйге жүр дейді. Бота жоқ, үйге бармаймын дейді. Түйе ботасын әкетпек болып қуа бастайды. Ал бота шеңбер бойымен айнала қашады. Ойын шарты бойынша бота шеңбердің ішіне кіріп-шығып, еркін қозғалып жүре алады. Ал түйені аса еркіне жібермей, кей кездерде шеңбердін ішіне еркін кіріп-шығуына әртүрлі кедергілер жасалады, яғни шеңбер бойындағы ойыншылар қысып қалады. Ақырында түйе алдап жүріп ботасын колға түсіргенде, бота жібер дейді. Түйе жібермеймін дейді. Осы сәтте шеңбер бойында тұрған ойыншылар түйені қоршап, ұстап алып:- «шөк, шөк» деп түйені шөгеруге тырысады. Түйе оған көнгісі келмегенімен көпшілік болып шөгереді, яғни жүресінен отырады.

Содан кейін ойыншылар сапқа тұрып, кезек-тесіп ботадан бастап шөккен түйенін үстінен бір-бірлеп секіре бастайды. Ойын шарты бойынша түйе жүресінен екі колын жерге тіреп отырады да, үстінен секіргендерді орнынан козғалмай қолымен ғана ұстай алады. Осы кезде түйе үстінен секірген ойыншылардын кайсысын бірінщі ұстаса, сол түйенің ролін ойнайды да, екінші ұстағаны ботаның ролін ойнайды. Осылайша ойынды қайта жалғастыруға болады.

Түйенің үстінен секірген ойыншы оған колымен, болмаса аяғымен тиюіне болмайды. Түйенін үстінен секіргенде мүмкіндік болғанша алысқа түсуге тырысады. [5]

2.2. Түрлі  заттармен ойналатын ойындар

Түрлі заттармен ойналатын ойындар: ағаш аяқ, аққала, ақпа, ақсүйек, ақшамшық, алакүшік, алты-бақан, арқан аттау, арқан тартпақ, арқан тартыс, арынды арқан, асау мәстек, асық, аттамақ, ауыртаяқ, әйкел, әуетаяқ, батпырауық, белбеу соқ, белбеу тартыс, дауыстап атыңды айтам, епті жігіт, жаяу көкпар, жемекіл, жігіт қуу, жігіт ойыны, күзетшілер, күміс ілу, қамалды қорғау, қараше, қимақ, қыз қуу, лек (шөлдік), монданақ, орамал тастау, сақина жасыру, сиқырлы таяқ, тапшы, кімнің дауысы, таяқ жүгірту, тепе-теңдік, тобық, тұтқын алу, түйілген орамал, шалма, шертпек, шілдік, хал қалай?



Алтыбақан. Бұл – жас-тардың кешкілік бас қосып, ән айтып, домбыра тартып, қыздар, жігіттер болып айтысып, бір-бірімен әзілдесіп көңіл көтеретін ойын-сауығы. Қазір де үлкен тойларда алтыбақан құрылады. Алтыбақанды құру мынандай тәсілмен жүзеге асырылады: алты бақанды сырықтың екі басын үш-үштен қосақтайды да мосы тәрізді етіп байлап тастайды. Бақанның аша тармағы сырыққа кигізіліп тұруға тиісті. Алты бақанды құрастырып болғаннан соң оның екі басына 3 қатар арқан байланады.  [2.83]

      Ақшамшық (сақина салу). Бұл – қазақ халқының ерте заманнан келе жатқан дәстүрлі ойыны. Оны сақина салу, сақина тастау деп те айтады. Ойынға он –он бес адам қатысып, ортаға бір жігітті немесе бір қызды шығарып, қолына сақина ұстатады. Ойын ережесі бойынша қыз-жігіттер үйде дөңгелене оты- рып, екі алақанын бір-біріне қабыстырып алға созады. Ойынды жүргізушінің ала-қанындағы сақинаны кімге салса да өз еркі. Ол барлық адамдардың алақанына сақина салған болып шығысымен, «Тұр сақинам, тұр», — деп, немесе «Ақшамшығымды бер!» деп дауыстайды. Сол сәт сақина тасталған адам орнынан атып тұруға тиісті, «Сақина менде», — деп. Оны көршісі ұстап алмай қалса, жұрт алдында өз өнерін көрсетеді. Кейбір кітаптарда сақина тастау ақшамшық емес, ақшымшық деп те жазылып жүр.

       Ақсүйек. Ең алдымен, ойнаушылар өзара келісіп, жеңген топ үшін жүлде тағайындайды да, екі топқа бөлінеді. Топ басқарушылар ақсүйекті қайсысының лақтыратынын шешіп алу үшін кезектесіп таяқ ұстайды, таяқтың басына кімнің қолы бұрын шықса, сол ақсүйекті құлашы жеткенше лақтырады. Ақсүйек жерге түскеннен кейін ғана ойыншылар іздеуге шығады. Көмбеде топ басқарушылардан басқа ешкім қалмайды. Ақсүйекті тапқан ойыншы ешкімге білдірмей, көмбеге қашуға әрекет жасайды да, ал қарсыластары біліп қалса, қолма-қол тартып алуға тырысады. Сондықтан ақсүйекті алдымен тауып алған топтың ойыншылары біріне-бірі лақтырып, көмбеге қай топтың адамы бұрын жеткізсе, сол топ ұтқан болады да, жүлдегер атанады. Келесі жолы ақсүйекті екінші топ лақтырады, сөйтіп ойын кезектесіп отырады. [3.112]

Сиқырлы таяқ. Ойнаушылар қол ұстасып, дөңгелене шеңбер жасап тұрады. Қолында таяғы бар ойын жүргізуші шеңбердің ортасына келеді де, ойынның тәртібін түсіндіреді. Ойнаушыларды бірден бастап түгел нөмірлеп шығады. Ойынның шарты бойынша ойын жүргізуші қолындағы таяғын шеңбердің ортасында тік ұстап тұрады да, бір нөмірді атап, таяқты қоя береді. Аталған нөмір таяқты жерге құлатпай ұстап қалуы керек, ал таяқты ұстай алмай құлатып алса, онда айып тартады, яғни көптің ұйғаруымен ортаға шығып, өнер көрсетеді. Ойынға қатысушылардың бәрі бір-бір реттен міндетті түрде ойнап шығулары керек, ал одан әрі ойынды жалғастыру-жалғастырмау ойнаушылардың өз еркінде. Ойнаушылардың саны көп болса, ойын қызықты өтеді. [4.92]

2.3. Зеректілікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін ойындар

Зеректілікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін ойындар: айгөлек, айдапсал, атқума, аударыспақ, бағана өрмелеу, балтам шап, бөріктастамақ, бұғнай, бұғыбай, бұқатартыс, бұрыш, біз де, егер…, жасырынбақ, жаяу жарыс, көкпар, көрші, күрес, қарамырза, қассың ба, доссың ба?, қындық-сандық, орын тап, отырмақ, санамақ, сұрақ-жауап, тасымақ, тасымалдау, тең көтеру, тымпи-тымпи, ұшты-ұшты, үй үстіндегі кім?, шымбике.


Аударыспақ. Ол – қазақ, қырғыз халықтарының арасында кең тараған ойын. Атқа мінген екі жігіт жекпе-жекке шығып, бірін-бірі аттан аударып тастауға тырысады. Аударыспаққа үлкен тойларда арнайы жүлде тағайындалады. Оған он сегіз жастан асқан қарулы жігіттердің қатысқаны жөн. Аударыспақ ойынының ережесі бойынша сайысқа қатысушылар салмақтарына қарай үш топқа бөлініп, күш сынасады. Ептілікті, күштілікті, тапқырлықты, батылдықты талап ететін спорттық ойын. [6]

Арқан тартпақ. Оны арқан тартыс деп те атайды. Бұл ойынның екі түрі бар. Біріншісі жазда көгал үстінде, екіншісі қыста қар үстінде ойналады. Жазда ойыншылардың саны 10 баладан көп болмаса, ой-ын қызықты болады. Ойынға ұзындығы 8-10 метрлік екі ұшы түйілген арқан әзірленеді. Оның тең ортасына белгі ретінде қызыл матаны байлап қояды. Ойынға қатысушы екі топтағылар өз жағында бойларына қарай сап түзеп, ойын бастауға белгі берілгенде арқанды өз жағына қарай тартады. Қыста он –он бес бала тартқанда үзілмейтін арқан таңдап алынып, үлкен адамның алақанының көлеміндей екі тақтайдың ортасынан өткізіліп, ортасына аққала үйіліп, екі жақ оны өзіне қарай құлату үшін тартады.

Айгөлек. Оны қыз-жігіттер екі топқа бөлініп, қаз-қатар тұрып, бір-бірінің қолынан ұстап тұрып ойнайды. Бір топтың ойын бастаушысы: «Айгөлек-ау, айгөлек, айдың жүзі дөңгелек, бізден сізге кім керек?», деп сұрайды. Екінші топтың ойын бастаушысы: «Айгөлек-ау, айгөлек, айдың жүзі дөңгелек, сізден бізге Ақерке керек!», — деп, бір адамның атын атап шақырады да, аты аталған адам бар пәрменімен жүгіріп келіп, шақырған топтың тізбегін үзіп кетуге тырысады. Тізбекті үзіп кетсе, ол топтан қалаған адамын алып кетеді, үзе алмаса сол топта қалып қояды. Ойын екі жақтың бірінің адамдары таусылғанша жалғаса береді. [2.117]

Ұшты-ұшты. Ойын бастаушы оған қатысушыларды жаңылыстыру үшін тез-тез ұшатын, ұшпайтын заттарды араластырып айтады. Шарт бойынша ойнаушылар ұшатын заттарға ғана қолын көтеруге тиісті. Олар ұшпайтын затқа қолын көтеріп қалса, айыбына өз өнерін көрсетеді. Ойын бастаушы негізінен адамдарды былайша жаңылыстырады:
— Ұшты, ұшты – тарғақ ұшты! (ұшады).
— Ұшты, ұшты – жарғақ ұшты! (ұшпайды).
— Ұшты, ұшты – тырна ұшты! (ұшады).
— Ұшты, ұшты – тырма ұшты! (ұшпайды).

Жасырынбақ. Ойын, әдетте, жазды күндері ай жарығында, шөптесін алаңдарда, ал күндіз қора-қопсысы мол жерде, яғни жасыратын жері бар алаңдарда ойналады.Ойнаушылар көмбеге жиналғаннан кейін, саусақ санау әдісімен кезекшіні, яғни жасырынатын ойыншыларды іздеп тауып көмбеге әкелушіні тағайындайды. Осыдан кейін ойын басқарушы кезекшінің көзін басып тұрып дауыстап елу рет санайды да, қоя береді. Осы кезде ойнаушылар жасырынып үлгерулері керек. Кезекші жасырынған ойыншыларды іздеуге кіріседі. Жасырынған ойыншыларды ол іздей жүріп көмбе маңынан алыстамауы керек. Себебі, кезекші бірінші жасырынған ойыншыны көрген бетте көмбеге ойыншыдан бұрын келіп хабарлайтын болады. Егер кезекшінің көзіне бірінші түскен ойыншы көмбеге кезекшіден бұрын келсе, онда кезекші өзінің қызметін екінші рет қайталайды. Бұл жерде кезекші ұтылмас үшін, бірінші көрген ойыншының атын атап, мәселен, Бекбай деп дауыстап көмбеге қарай жүгіруі керек. Содан кейін асықпай басқаларын іздей бастайды. Тағы бір ескеретін жай: кезекші ойыншыны көрмейінше, атын атап дауыстамайынша, ойыншылардың өз бетінше көмбеге кетулеріне болмайды. [2.128]

2.4. Спорттық, той ойындары

Соңғы кезде қалып-тасқан ойындар: әріп таңдау, бригада, мейрамхана, нөмір, пароль, пошта, сымсыз телефон, сыңарын табу. Бұлардың ішінде бірқатар ойындар спорттық, той ойындары болып саналады. Ал енді, қазақтың ұлттық ойындарының ішінде «қуырмаш» тәрізді жас сәбилерге арналған да ойындар бар.



Алтын қабақ. Мергендер сайысы. Жігіттер садақ жебесін нысанаға әрі тез, әрі дәл тигізуге тиісті. Бұл сайыс үлкен тойларда арнайы жүлде тағайындалып өткізіледі. Алтын қабақ сайысының түрлері: жаяу немесе ат үстінен сы-рық басындағы теңгені атып түсіру, жоғары лақтырылған қалпақты, басқа да заттарды атып түсіру, ат үстінде шауып келе жатып нысанаға дәл тигізу. Мергендер сайысының тағы бір түрі – жамбы ату, садақ тарту.
Ат сайысы. Спорттық ойын. Оның түрлері: ат омырауластыру, аударыспақ, жорға жарыс, көкпар тарту, теңге алу, қыз қуу, қыз жарыс, сайысу т.б. Олар үлкен тойларда ұйымдастырылады. Сайысқа түсетін аттар алдын-ала жаратылады. Ат сайысындағы кейбір ұлттық ойындар Олимпиада ойындарының жоспарына енгізілген. [1.77]
        Аламан бәйге. Мұнда жүйрік, жарыс аттар 25-100 шақырымдық қашыққа шабады. Оның жолында айналып өтетін көл, сай-сала, бел-белестер тәрізді кедергілі жерлер болуға тиісті. Аламан бәйге үлкен тойда, үлкен аста, торқалы тойлар мен зор мерекелерде жарияланады.

Теңге алу. Жерде жатқан теңгені атпен шауып келе жатып іліп алу үлкен ептілікті, ат құлағында ойнайтын шабондоздық тәжірибені талап етеді. Теңгені жерден іліп алғандарға бәйге беріледі. Бұрындары қазақ жігіттері атпен шауып келе жатып қолындағы қылышымен жерде жатқан тезекті түйреп алып көкке лақтырып жіберіп, оны жалма-жан қылышымен екіге бөліп шауып түсіретін.

      Қыз қуу. Ол – ұлттық ат спорты ойыны. Қазір бұл ойынның ережесі жасалып, бір жүйеге келтірілді. Қазақстан-да қыз қуудың алғашқы спорттық жарыстары 1923 жылы өткізілді. Содан бері мерекелік бағдарламаларға енгізіп келеді. Қыз қуу жарысында атқа мінген жігіт айналып қайтатын жерге дейін алдында атпен шауып бара жатқан қызды қуып жетіп, оның бетінен сүюге тиісті. Бұл – жігіттің жеңгені. Қуып жете алмаса, қайыра шапқанда қыз жігітті, оның атын қамшының астына алады. Бұл – қыздың жеңгені. [3.91]



Көкпар. Ұлттық ат ойыны. Этнографтардың айтуынша, әуелгі атауы «көк бөрі» сөзінен шыққан. Бұрындары мал баққан көшпелі халықтар көк бөріні соғып алғанда өлігін ат үстінде сүйрелеп, бір-бірінен ала қашып, мәз-мәйрам болған. Кейін ол ұлттық ойынға айналған. Көкпар Орта Азия халықтарының да сүйікті ойыны. Көкпар жаппай тартыс және дода тартыс болып екіге бөлінеді. 1949 жылы елімізде көкпар жарысының жаңа ережесі бекітілді. Алаң көлемі қатысушылар санына сәйкес. Егер әр команда 5 адамнан болса, алаңның аймағының ұзындығы 300 метр, ені 100 метр; 10 адамнан болса, 500х200 метр; 15 адамнан болса 700х300 метр; 20 адам болса, 1000х500 метр. Көкпарда басы кесілген серке тартылады. [2.152]

Ұлттық ойындардың мектеп жасына дейінгі балаларға лайықтары «Көкпар», «Орамал алу», «Тақия жасыру», «Алтын қақпа», «Ақ серек-Көк серек», «Айгөлек», «Ақ сандық – Көк сандық», «Ақ сүйек» баланың көзін жұмғызып алаңдағы ағаш ішіне сүйекті лақтырып жіберіп, іздеу т.б. ойындар ойнату арқылы баланы тапқырлыққа, жылдамдыққа, шапшаңдыққа, икемділікке, батылдылыққа үйрету іске асырылады. Яғни, таңертеңгі қабылдау кезінен кешке баланың үйге қайтуына дейінгі уақыт аралығындағы күн тәртібіне сәйкес дене тәрбиесі күні бойғы тәрбие түрлерімен біртұтас сабақтас жүргізіледі. Сондықтан да, бағдарлама бойынша арнайы өтілетін тақырыптық тәрбие сәттерінің арасында әуелі дене сергіту, жұмыс соңында ырғақты қимыл –қозғалыс ойындарын өткізу көзделеді.



Ең бастысы ата-бабадан қалған өнер мен өнеге, үлгілерінің лайықтыларын баланың сана сезіміне құйып көзіне көрсете отырып, ойын арқылы бойына сіңіріп, оларды әдептілікке, мейірімділікке ізеттілікке, туысқандық пен бауырмалдыққа, үлкенге - құрмет, кішіге - қамқорлыққа баулып адамды қажеттерді ұғындыру, қалыптастыру. Бір ғажабы ойындар балалардың жан сұлулығында, тән сұлулығында жан-жақты жетілдіруге бағытталған. Өзгені былай қойғанда жан-жануарлар қалай дыбыстайды, қалай іс-әрекеттер жасайды, оларды тілімізде қалай айтады дейтін танымдық, тілдің маңызы зор мәселелерді «Қалай айтуды білесің?» ойынның өзі балалардың құлағына құйып береді.


Әтеш - шақырады

Есек – бақырады

Күзен – шақылдайды

Бақа-бақылдайды

Шыбын – ызылдайды

Шіркей ызындайды

Ойынды ойнау барысында балалардың жас ерекшілігі ескеріледі. Әр түрлі ойынның өтілу барысында, оның ережесін сақтап, яғни 3 кезеңнен тұратынын ескеруіміз керек:

    ойынды өткізер алдындағы дайындық жұмыс;

    ойынның басталуы мен ойналу барысы;

    ойынның аяқталуы.

Дене тәрбиесі іс -әрекеті мазмұны негізінен қимылды, ұлттық ойындардан тұрады. Ойын кезінде жасалатын қимыл-қозғалыстар балалардың ептілік , шапшаңдық, күштілік, батылдық, төзімділік қабілеттерін дамытады. Денсаулығын нығайтып, ақыл – ойын өсіреді. Ойын барысында балалар бір-бірімен жақын араласып, тату, ұйымшыл болып өседі деп ойлаймын.

Сонымен бірге ойын ойнау негізінде бала:

- көңілді болып жақсы демалады;

- денесі қимылдап, бойы сергейді, миы тынығады;

- ойынға қатысушылар бір-бірін тез түсінеді, ұйымшылдыққа үйренеді.

Ойынды ойнату мен үйретудің мақсаты:

- ұлттық ойындар дене шынықтыру іс-әрекетінде кең қолдана отырып, балалардың дене тәрбиесін дұрыс жолға қою, спорттық шеберліктерін, мүмкіндіктерін арттыру;

- қазақ халқының ерлік-жауынгерлік тарихын ұрпаққа ерліктің өшпес үлгісін қалдырған хас батырлардың өмір өнегесімен таныстыру, өз жерін, өз елін қорғай алатын ел жанды, ұлттық намысы мол жігерлі бүлдіршіндерді тәрбиелеу;

- жас ұрпақты өздігінен білім деңгейін көтеруге үйретіп өзін-өзі тәрбиелеуге дағдыландыру.

Ұлттық ойын ойнатудың негізгі мақсаты :

    балалардың денсаулығын нығайту;

    денені шынықтыру;

    мәдениетін қалыптастыру;

    өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі жетілдіру.

Ойынды ойнату мен үйретудің міндеттері:

    қажетті дене қозғалыс дағдыларын, танымдық-қозғалыс белсенділігін арттыру;

    қалыптастыратын дене жаттығуларының негізгі түрлерімен балаларды таныстыру;

    денсаулықты нығайтуға бағытталған қозғалыс әрекеттерімен дене жаттығуларының негізгі түрлерін балаларға меңгерту;

    қызығушылығын қалыптастырып дамыту;

Оқу іс-әрекеттерінде бағдарламаның мазмұнына қарай сергіту жаттығулары ретінде қолдануға болады. Дене шынықтыру іс-әрекеттерінде қимылды ойын ретінде ұлттық ойындарды алуда тәрбиешінің өз еркінде.

Кейінгі жылдары қазақтың ұлттық ойындарын балабақшаларда пайдалана бастады, тәрбиешілердің міндеті осы ойындарды әрі қарай өрбітіп, оның түрлерін кеңейте түскені абзал.



Мектепке дейінгі ұйымдарда ұйымдастырылған тіршілік әрекетінің күн тәртібінде жоспарлауға болады.
Ұлттық ойындарымыз балаларға тәрбиелік мәнімен, дене бітімінің әсем де сымбатты болып бітуге пайдасы зор. Бір-ақ мысал келтіріп кетейін: «Қуыр-қуыр, қуырмаш» ойыны балалардың саусақ маторикасын дамытуға, тіл байлығын жетілдіруге, көңілін көтеруге қолдануға болады. Балаларды қазақ халқының ұлттық ойындарымен, ойната отырып жан-жақты тәрбиелейміз. Сонымен қатар бірнеше ұлттық ойындарды шартымен ұсынамын:

Арқан тарту.

Бұл екі топқа бөлінген балалармен немесе екі баламен ойналады. Арқанның екі жағынан екі бала немесе екі топқа бөлінген балалар тартысады. Қай топ арқанды өз жағына тартып, алып, кесе сол топ жеңіске жетеді. Екі бала тартысқанда қай бала өзіне қарай арқанды тартып екінші баланы құлатса, құламаған бала жеңіске жетеді.

Орамал тастамақ

Балалар шеңбер жасап тұрады. Бастаушы(тәрбиеші) балаларды айнала жүріп бір баланың артына орамал тастап каетеді. Артына орамалды тастағанын сезген бала менің артымда деп жауап береді. Артына орамалдың тасталғанын сезбесе ол өлең, тақпақ айтып немесе билеп беруі керек. Балалар шеңбер бойында көздерін жұмып тұруы керек. Ойын осылай жалғаса береді.

Ақсерек-көксерек.

Бұл ойынды ойнау үшін балалар екі топқа бөлінеді,қолдарынан ұстап тұрады. Ара қашықтық 20-30 қадам.

1-ші топ. Ойынды бастайды: Ақсерек-ау ақ серек

Бізден сізге кім керек.

2-ші топ Ақсерек –ау ақ серек

Жаман-жаман бала аты (бала аты) керек

Аты аталған бала келесі топқа дейін жүгіріп барып ортасынан ұстасқан қолдарды ажыратып кету керек. Егер өтіп кетсе сол топтан бір баланы тобына алып қайтады,өте алмаса сол топта қалады. Ойын осылай жалғаса береді.

Қыз –қуу

Балалар арасынан бір ер бала,бір қызды(ағаш атпен) қуады. Бала қызға жетіп қолынан ұстаса ол жеңіске жеткені. Кейде қызды 2 бала да қуады қай бала бұрын жетіп қыз қолын ұстаса сол бала жеңіске жетеді.

Түйілген орамал.

Ойын жүргізуші ойынды өзі бастайды. Ең алдымен балаларды айналасына жинап алады да «1,2,3» - деп дауыстайды. Осы кезде балалар жан-жаққа бытырай қашады. Ал ойын жүргізушісі қолында түйілген орамалы бар баланы қуалайды. Ол орамалды басқа біреуге лақтырады қағып алған бала қаша жөнеледі. Осылайша ойын жүргізіледі, түйулі орамалды алғанша қуалай береді. Ұсталған ойыншы көпшілік ұйғарымымен ортада тұрып өнер көрсетеді. Одан кейін ойын жүргізуші ауыстырылады. Ойын ойнап болған соң балалар шеңбер жасап тұрады.

Соқыр теке.

Балалар дөңгелене тұрады. Бір баланың көзі байланып қойылады.

Балалар: Бота, бұзау, қозы, лақ

Қайда кеткен құлыншақ

Соқыртеке бақ-бақ

Мені ізден тап-тап

Деп тақпақтайды.

Содан кейін Соқыртеке (баланың көзі байлаулы) балаларды қуалайды немесе балалар оның жанына келіп түртіп қашады. Соқыр теке ұстап алған баланың көзі байланады да ол «Соқыр теке» ролін атқарады. Ойын осылай жалғаса береді.

Сақина жасыру

Ойынды өткізуші және сақина жасырушы бала белгіленеді. Қалған ойыншылар жерге отырып тізілерінің үстіне алақандарын жаяды. Бастаушы жабулы қолын әрбір ойыншының алақанына салысымен,ол бала алақанын жаба қояды.Бастаушы бір баланың алақанына сақина салысымен, ойыншылардың біреуінен-«Сақина кімде»-деп сұрайды. Ол сақинаның кімде екенін білсе сол баламен орнын ауыстырады. Ал білмесе ол өз өнерін көрсетеді. Ойын басқарушы ойынды осылай жалғастыра береді.

Қуыр-қуыр қуырмаш.

Оң қолдың бес саусағын бір жерге түйістіреді де,сол қолымен оны бүрмелеп қапсыра ұстайды.Содан соң екінші балаға:

-ортанғы саусағымды тапшы,-дейді.Екінші балаға қарап байқап отырады да,міне,-деп бір саусақтың басынан шымшып ұстап тұрады.Егер екінші бала жасырушының ортанғы саусағын дәл тапса,ұпайды бірінші бала тартады.Ұтқан бала ұпай алу үшін мына ережелермен сөздерді жақсы білуі керек.

1. Бас бармақтан бастап шынаққа дейін саусақтардың атын бір түгел атап бередуі.:басбармақ,балан үйрек,ортан терек, шылдыр шүмек, кішкентай бөбек.Бес саусағын түгел жұмады.Тағы да бас бармағыннан бастап,былай деп 5 с аусақты түгел жазады.

Сен тұр қойыңа бар.

Сен тұр түйеңе бар

Сен тұр жылқыңа бар

Сен тұр сиырыңа бар

Сен кішкентай әлі жас екенсің

Қазанның қаспағын қырып же де,жыламай отыра тұр.

Енді осы шынашақтың өзі алақан шұңқырына бүгіп тұқырта ұстайды да:

Қуыр-қуыр ,қуырмаш

Балапанға бидай шаш

Әжең келсе есік аш

Қасқыр келсе мықтап бас

Шынашақты шыр айналдырып,баланың алақанын қытықтайды.Осыларды істеп бола беріп:

Мына жерде қой бар

Мына жерде жылқы бар

Мына жерде жылқы бар

Мына жерде түлкі бар

- деп баланың білегінен қолтығына дейін түртіп ең соңында мына жерде күлкі бар –деп сәл ғана қытық-қытық! Қытықтайды

Хан талапай.

Бұл отырып ойналатын,негізінен қыз балаларға арналған ойын.Оған төрт-бес үміткерден қатысады.Ойын үшін он асық таңдап алынады.Он бірінші асықтардан ерекше өзге түске (қызыл,не көк) боялған болуы шарт бір-бірден асық үйірусіудің қорытындысы бойынша ойыншылар кезектерін бөліседі.Бұдан соң алғашқы ойыншы қос уыстай ұстаған бар асықты ортаға үйіруі керек.Қалған ойыншылар аңдысын аңдап өзге асықтардан ерекшеленген «ханға» қадалады.Себебі,хан алшы түссе,барлығы тарпа бас салып, ортадағы асықтарды,хан талапай жасауы тиіс.Хан кімнің қолында кетсе,келесі үйірі кезегі соған беріледі екен,хан мен бірге қолына ілінген асықтардың санына қарай ұпай жазылады. Хан алшы түспеген жағдайда үйірген ойыншы шашылған асықтардың бүгі мен бүгін, шігі мен шігін ,алшысымен-алшысын тәйкесімен мен тәйкесін бір-біріне соғып,кенейлер бір-біріне тимей қалғанша ұпай жинайды.Көздеген асығы үшінші бір асыққа тиіп кетсе,немесе бөгде асықты қозғап қалса да,ойынның бұзылғаны.Онда кезек келесі ойыншыға беріледі.Осы ретпен әр ойыншы жинаған асығының санына қарай ұпай жинайды. Межелі ұпай санын (100 не 50 немесе 80-40) ойын жүргізуші алдын ала белгілейді.Межеге бұрын жеткен ойыншы жеңімпаз болып саналады. Ескерту: Асықтарды бір-біріне тигізу кезінде қолмен сүйретіп апаруға, орыннан қозғап түзетуге бол майды.Ойынның соңына дейін ханға бірде- бір асық тимеуі керек.Себебі ол –хан.

Аударыспақ

Қазақтың кәдімгі ұлттық ойын спорт ойыны.Қарапайым бөренеден «ағаш ат» жасаудың еш қиындығы жоқ.Екі жақ басы берік тұғырға бекітілген биіктігі бір-бір жарым метрдей (балалардың жасына қарай) ұзындығы 70-80 сантимертдей бір –біріне қапталдас орыналасқан «ағаштардың» ара қашықтығы екі жақтан созылған қол ерін жектетіндей болса жеткілікті..Оларға мінген «шабантоз» балалар бір-біріне қарама қарсы отырып қол ұсасады.Төрешінің белгісімен бірі-бірі тартып,не итеріп,әйтеуір қай айласын,не күшін асырғаны қарсыласын»ағаш аттан» аударып түсуі шарт.Аяқты жерге ағаш атқа тіреуге болмайды.ойын шарты бұзылады.Ағашаттын құлағанда айналасына құм немесе ағаш үгінділері төселу керек.

Теңге ілу.

Ойынға қатысушылар тепе-тең екі топқа бөлінелі.Әр қайсысы жеке-жеке шыбықтан ат мінеді. Ойын кезгі басталатын жерге сызық сызылады.Одан әрі 20-30 метрдей жерден тереңдігі бір қарыстай екі шұңқыр қазылады.Шұңқырға он-оннан тас салынады.Содан екі топтан екі саыскер шығады.сызыққа келіп қатарласып тұрады.Бастаушының белгісі бойынша шыбық аттарын құйыңғытып,шаба жөнееді.Сол беттерімен әлгі шұңқырға тжетіп қол соғып жібереді де, тасты іліп алып,әрі қарай шауып кете барады, шұңқыр тұсында бөгелуге болмайды. Ұпай әр сайыскердің іліп алған тастарының санына қарай есептеледі.Қай топ көп ұпай жинаса,сол топ жеңеді.

4-5 жастағы балалармен тәжірибелік-эксперименттік жұмысымды өткіздім. Тәжірибелік-эксперименттік зерттеуге 25 бала қатысты.

Зерттеу жұмысына байланысты қалыптастыру эксперименті кезеңінде мектепалды даярлық тобындағы балалардың тұлғалық және танымдық белсенділіктерін дамыту мақсатында жаттығулар мен ойындар жүргізілді:

Балабақшада қазақтың ұлттық ойындарын кеңінен пайдалануға болады. Егер балалар халық ойындарын білмесе, оларға үйрету керек. Ел арасына көп тараған ойындар: “Ақ серек пен көк серек”, “Сақина тастамақ”, “Айгөлек”, “Ақ сүйек”, “Тақия тастамақ”, “Аударыспақ”, “Соқыр теке”, “Арқан тарту”, “Алақан соқпақ”, т.б. Кейінгі жылдары қазақтың ұлттық ойындарын балабақшаларда пайдалана бастады, тәрбиешілердің міндеті осы ойындарды әрі қарай өрбітіп, оның түрлерін кеңейте түскені абзал.

Ақ серек, көк серек

Ойын шарты. Ойын жазда ойналады. Ойнаушылар екі топқа бөлініп, бір-бірінен 30-40 метрдей жерде қол ұстасып, қарама-қарсы қатар тізіліп тұрады. Екі топтың басқарушылары әр топтың оң жақ басынды болұға тиісті. Жеребе бойынша ойынды бастау еркін алған команданың капитаны:

“Ақ серек, пен көк серек”

Бізден сізге кім керек? – деп екінші топтан сұрайды.

Оған қарсыластары былай деп жауап береді:

“Ақ серек, көк серек”

Сонау тұрған Азаматтың өзі керек, - деп қарсы жақтың ойыншысының атын атайды. Сол шақырылған бала жүгірген қалпымен қол ұстасып тізіліп тұрған топтың ең әлсіз деген жерінен келіп соғып, үзіп өтуге тырысады.

Егер үзіп кетсе, топтың үзген жерінен өз тобына бір баланы апарып қосады. Үзе алмаса, өзі сол топта қалады. Еңдігі кезек екінші топқа беріледі. Олар да осы тәртіп бойынша ойынды жалғастырады. Сөйтіп, екі топ бірін-бірі ұтып алуға тырысады. Ақыры ұтылған жақтын адамдары аз мөлшерде не кейде жалғыз басқарушысы ғана қалатын кездері де болады.

Ұтқан топ жүлдесін алады. Жүлдені тәрбиеші өз қалауынша ұсынады. “Сақина тастамақ”

Ойын шарты. Балалар дөңгеленіп екі-екіден қатарласып отырады. Ойын бастаушы адам ортаға шығады, оның қолыңда сақинасы болуы тиіс. Ол сол сақинаны бір шеттен бастап қолдан-қолға жүгіртіп, отырғандардың біреуінің алақанына салу керек. Алақанына сақина түскен адам мұны жанындағы көршісіне сездірмейді. Осыдан кейін ойын бастаушы ортаға шығып, “бір, екі, үш, сақинам ұш” дейді. Сонда сақинасы бар адам жанындағы көршісіне сездірмей орыннан шапшаң ұшып тұруы керек. Егер ол кезінде тұра алмай, көршсіне өзін ұстатып қойса, айып тартады. Ал, керісінше көршісі оны ұстай алмаса, өзі айыпты болады. Сол айыбы үшін көпшіліктің ұйғаруы бойынша ән, би, күй немесе басқа бір білетін өнерін орындап береді. Содан кейін ол алғашқы ойын бастаған адамның орнына тұрып, ойынды қайта жалғастырады.

“Орамал тастау”

Ойын шарты. Орамал тастау ойынына қатысушылар шеңбер құрып отырады. Ойын бастаушының қолындағы орамал шиыршықталған, ұруға ыңғайлы болады. Ойнаушылар ән немесе әңгіме айтып отырғанда ол оларды сыртынан айналып, біреуді белгілеп, оның артына қолындағы орамалын тастап кетеді. Егер қайта айналып келгенде әлгі адам өзінің сырт жағында қалған орамалды байқамаса, басқарушы оны орамалмен ұрғылайды. Ал егер отырған адам өзінің сыртына орамал түскенін байқаса, бастаушыны қууға тиіс. Ойыншыдан қашып жүрген бастаушы босап қалған орынға келіп отырады. Ойын әрі қарай жалғасады. Бұл ойын балаларды сезімталдыққа, жылдамдыққа қырағы болуға тәрбиелейді.

“Алақан соқпақ”

Ойынға қатысушылар үйге, не бір оңаша жерге жиналады да, дөңгелене отырады. Орталарынан бір бастаушы белгілейді. Оған сүлгі береді. Бастаушы шеңбер ішін айналып жүріп, біреуге “Алақаныңды тос!” – дейді. Ол тосады. Сол кезде, бастаушы оның алақанына ширатылған сүлгіні тигізеді де, тез тартып алады: “Сүлгі қайда?” – деп сұрайды. Сонда әлгі ойыншы “Анада”, - деп, біреудің атын атайды.

Аты аталған ойыншы орнынан тұрады да, алақанын тосады. Бастаушы оның да алақанына сүлгіні тигізіп: “Сүлгі қайда?” – деп сұрайды. Әлгі ойыншы бір ауыз өлең айтады. Сонан соң: “Сүлгі анада” – деп, екінші біреуді көрсетеді. Ойын осы ретпен жалғаса береді. Жақсы өлең айтып, ән салғандарға ұпай жазылады. Кім көп ұпай жинаса, сол жеңімпаз аталады.

«Біз де»

Ойынға қатысатын балалар қаз-қатар отырады. Ойын бастаушы бала жұрт алдына шығып, әңгіме айта бастайды.

Егер бастаушы балалар қосылатын сөз айтса, басқалары “біз де” деп, қосылып айтады да, балалардың қосылмайтын сөзі болса, “біз де” деуге болмайды. Байқамай қосылып, әлгі сөзді айтып қалған бала ойынға қатысушылардың тілегін орындап, айып тартады. Айыптан ән салып, не тақпақ айтып, не билеп құтыла алады:

Ойын жүргізуші:

-Мен көлге барам,

Балалар:


-Біз де.

Ойын жүргізуші:

-Онан үйрек ұстап алам.

Балалар:


-Біз де.

Ойын жүргізуші:

-Үйректің жарымын күшігіме берем.

Балалар:


-Біз де.

Ойын жүргізуші:

-Күшігім жейді.

Осы кезде біреу: “Біз де” – деп қалса, ойын тоқтайды. Әлгі қателескен бала айып тартады. Бұдан соң, ойын қайта басталады. Ойын жүргізуші сөздерді ары қарай өзі құрай береді.



Қасқыр және жеті лақ.

Ойын мақсаты. Мәнерлеп айтуға, байланыстырып сөйлесуге жаттықтыру.

Қажетті атрибуттар: қасқыр, ешкі, лақ маскалары.

Ойын шарты. Балалар ертегінің мазмұнын игеріп, қасқыр, ешкі, лақтардың жауаптарын жақсы білулері керек. Тәрбиеші рөлдерді бөліп, маскаларды үлестіріледі. Сонымен ойын-инсценировка басталады. Тәрбиеші балалардың назарын әр кейіпкердің дауыс ырғағы мен екпініне аударады. Ешкі мен лақтар жіңішке дауыспен, қасқыр басында жуан, сонан соң жіңішке, өте жіңішке дауыспен сөйлейді.

“Аққу-қаздар”

Ойынға қатысушылар өздерінің арасынан кімдер қасқыр мен қожайын рөлін ойнайтынын белгілеп, қалғандары аққу-қаздар болады. Алаңның бір жағында отағасы мен қаздар тұратын үй сызылып салынады, екінші жағында – қыр астында жасырынған қасқыр. Отағасы қаздарды көкке тойынып, бой жазып қайтуы үшін далаға шығарып жібереді. Қаздар үйден едәуір жер алыстап кетеді. Шамалы уақыт өткен соң қожайын қаздарын шақырады. Сөйтіп отағасы мен қаздардың бір-біріне тіл қатысуы басталады.

-Қаздар, қаздар!

-Га-га-га.

-Қарыңдарын ашты ма?

-Ия, ия, ия.

-Аққу-қаздар қайтыңдар!

-Қыр астында қасқыр бар!

-Не істеп жатыр ол онда:

-Шіл жеп жатыр, ол онда.

-Ал үйге қарай қашыңдар!

Қаздар үйге қарай қашады, қасқыр оларды ұстап алуға ұмтылады. Ұсталғандар ойынан шығады. Барлық қаздар ұсталған кезде ойын аяқталады. Соңында қалған ең епті және жүйрік қаз қасқыр болады.



Ойын тәртібі. Қаздар тек алаңнан шықпай “ұшуға” тиіс. Қасқыр оларды “Ал үйге қарай қашыңдар!” сөзінен кейін ғана ұстауға ұмтылады.

Яғни, осыдан мектепке дейінгі жаста ұлттық ойындардың өткізілуі балалардың бойындағы танымдық қабілеттерінің артуына үлкен үлес қосады деп айта аламын.Ұлттық ойындар арқылы мектеп жасына дкйінгі ұйым балаларының бойындағы қазақи ұлттық тәрбиені аша алдым.



Жобалық жоспар тақырыбы: «Мектепке дейінгі ұйымда ұлттық ойындар арқылы балалардың танымдық қабілеттерін жетілдіру» (2013-2014 оқу жылы)

- ұлттық ойындар арқылы балалардың танымдық қабілеттерін жетілдіру .

- ұлттық ойындар арқылы балалардың танымдық қабілеттерін жетілдірудің тиімді жолдарын дамыту.

- мектепке дейінгі ұйымда ұлттық ойындар арқылы танымдық қабілеттерінің жетілдіруінің тиімді құралдары мен әдіс- тәсілдерінің тиімділігн іс-тәжірибе жүзінде пайдаланып тексеру.



Тақырыбы

Мақсаты

Айы, апта күндері




1

Ұлттық ойындар

Ұлттық ойындардың ертеден келе жатқандығы, атадан балаға тараған дәстүрдің бірі екендігі туралы мағлұмат беру. Әр ойынның өзіндік мәні барын түсіндіру. Ұлттық ойынға деген қызығушылықтарын тудыру.

Қыркүйек

1-2 апта


2


Қуыр-қуыр-

қуырмаш


Балалардың саусақтарын бүгіп, әрбір саусақты атауларымен атап, балаларға қуаныш келтіру.

3-4 апта

3

Тақия тастамақ

Кішкентай бүлдіршіндерді ойын арқылы ұлттық салт-дәстүрімізбен таныстыру. Қызықтап бар ынтасымен ойынға қатысуға талпындыру.

Қазан

1-2 апта



4

Теңге алу

Ұлттық ойынның бірі Теңге алу ойынымен таныстыру. Балаларды ептілікке, тапқырлыққа, жинақылыққа үйрету. Ойын барысында қарым-қатынас мәдениетін игеріп, ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптеу.

3-4 апта

5

Сақина жасыру


Балаларды бағдарлай білуге, айла амалға жүгіре білуге, секіре білуге үйрету, ептілікке топтастырып ойнауға үйрету.

Қараша

1-2 апта


6

Асық жинау

Балалардың қимыл-қозғалыстарын дамытып, ойынға деген қызығушылықтарын арттыру.

3-4 апта

7

Айгөлек

Жүгіру қабілетін жетілдіру, ойын ережесін бұзбай ойнауға үйрету, бірігіп, ұйымдасып ойнай білуге ынталандыру.

Желтоқсан

1-2 апта


8

Арқан тарту

Ойын арқылы күш сынасу. Ептілікке шапшаңдыққа үйрету.

3-4 апта




9

Жаяу жарыс

Балаларды шапшаңдыққа, ептілікке үйрету, ойынға деген қызығушылықтарын арттыру. Топтасып бірігіп ойнауға баулу.

Қаңтар

1-2 апта


10


Дауыста, атыңды

айтамын


Балаларды бірлесіп ойнауға, бір-бірінің аттарын атап дауыстарынан тануға үйрету.

3-4 апта

11

Атқаума


Өлең жолдарын тәрбиешімен бірге қайталап айту, балаларды ептілікке, шапшаңдыққа үйрету. Татулық ұжымын қалыптастыру.

Ақпан

1-2 апта



12

Арқан түю.

Балалардың ойынға деген қызығушылықтарын арттыру. Ептілікке, күштілікке бірігіп ойнауға баулу.

3-4 апта

13

Аударыспақ

Ойын төзімділікке, күш-қуатты молайтуға үйретеді.

Наурыз

1-2 апта


14

Етек-етек

Балалардың қаз-қатар тұрып, аса ептілікпен ойынға қатысуға үйрету.

3-4 апта




15

Орамал алу

Ойын шартын аса ептілікпен орындау. Адамгершілікке, әдептілікке баулу, ойынға деген қызығушылықтарын арттыру.

Сәуір

1-2 апта





16

Ат жарыс

Ойын балаларды жинақылыққа, ұжымдық әрекет жасай білуге, дене күшін нығайтып төзімділікке үйрету.

3-4 апта




17

Ұшты-ұшты

Балаларды дұрыс сөйлеуге, есте сақтауға, ойлай білуге үйрету. Шапшаң қимылдап мұқият тыңдауға үйрету, ойынға деген қызығушылықтарын арттыру.

Мамыр

1-2 апта





18

Қыз қуу

Ойын балаларды шапшаңдыққа, қызығушылықтарын арттырып, ынталы ойнауға талпындырады.

3-4 апта





Жобалық жоспар тақырыбы: «Мектепке дейінгі ұйымда ұлттық ойындар арқылы балалардың танымдық қабілеттерін жетілдіру» (2014-2015 оқу жылы)

- ұлттық ойындар арқылы балалардың танымдық қабеллетерін жетілдіре отырып адамгершілік қабілеттерін арттыру .

- ұлттық ойындарға деген балалардың қызығушылықтарын арттыру,ұлттық сезімдерін тәрбиелеу.

- мектепке дейінгі ұйымда ұлттық ойындардың тиімді жолдарын қолдану мен іс-тәжірибе барысында пайдалана білу әдістері.



Тақырыбы

Мақсаты

Айы, апта күндері




1

Ұлттық ойындар

Ұлттық ойындардың ертеден келе жатқандығы, атадан балаға тараған дәстүрдің бірі екендігі туралы мағлұмат беру. Әр ойынның өзіндік мәні барын түсіндіру. Ұлттық ойынға деген қызығушылықтарын тудыру.

Қыркүйек

1-2 апта


2


Қуыр-қуыр-

қуырмаш


Балалардың саусақтарын бүгіп, әрбір саусақты атауларымен атап, балаларға қуаныш келтіру.

3-4 апта

3

Тақия тастамақ

Кішкентай бүлдіршіндерді ойын арқылы ұлттық салт-дәстүрімізбен таныстыру. Қызықтап бар ынтасымен ойынға қатысуға талпындыру.

Қазан

1-2 апта



4

Теңге алу

Ұлттық ойынның бірі Теңге алу ойынымен таныстыру. Балаларды ептілікке, тапқырлыққа, жинақылыққа үйрету. Ойын барысында қарым-қатынас мәдениетін игеріп, ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптеу.

3-4 апта

5

Арқан тартыс


Балаларды бағдарлай білуге, айла амалға жүгіре білуге, секіре білуге үйрету, ептілікке топтастырып ойнауға үйрету.

Қараша

1-2 апта


6

Аударыспақ

Балалардың қимыл-қозғалыстарын дамытып, ойынға деген қызығушылықтарын арттыру. Ойын төзімділікке, күш-қуатты молайтуға үйретеді.

3-4 апта

7

Айгөлек

Жүгіру қабілетін жетілдіру, ойын ережесін бұзбай ойнауға үйрету, бірігіп, ұйымдасып ойнай білуге ынталандыру.

Желтоқсан

1-2 апта


8

Арқан тарту

Ойын арқылы күш сынасу. Ептілікке шапшаңдыққа үйрету.

3-4 апта




9

Жаяу жарыс

Балаларды шапшаңдыққа, ептілікке үйрету, ойынға деген қызығушылықтарын арттыру. Топтасып бірігіп ойнауға баулу.

Қаңтар

1-2 апта


10


Ақ серек,көк серек

Балаларды бірлесіп ойнауға, бір-бірінің аттарын атап дауыстарынан тануға үйрету.

3-4 апта

11

Атқаума


Өлең жолдарын тәрбиешімен бірге қайталап айту, балаларды ептілікке, шапшаңдыққа үйрету. Татулық ұжымын қалыптастыру.

Ақпан

1-2 апта



12

Соқыр теке

Балалардың ойынға деген қызығушылықтарын арттыру. Ептілікке, күштілікке бірігіп ойнауға баулу.

3-4 апта

13

Аударыспақ

Ойын төзімділікке, күш-қуатты молайтуға үйретеді.

Наурыз

1-2 апта


14

Етек-етек

Балалардың қаз-қатар тұрып, аса ептілікпен ойынға қатысуға үйрету.

3-4 апта




15

Орамал алу

Ойын шартын аса ептілікпен орындау. Адамгершілікке, әдептілікке баулу, ойынға деген қызығушылықтарын арттыру.

Сәуір

1-2 апта





16

Ат жарыс

Ойын балаларды жинақылыққа, ұжымдық әрекет жасай білуге, дене күшін нығайтып төзімділікке үйрету.

3-4 апта




17

Ұшты-ұшты

Балаларды дұрыс сөйлеуге, есте сақтауға, ойлай білуге үйрету. Шапшаң қимылдап мұқият тыңдауға үйрету, ойынға деген қызығушылықтарын арттыру.

Мамыр

1-2 апта





18

Қыз қуу

Ойын балаларды шапшаңдыққа, қызығушылықтарын арттырып, ынталы ойнауға талпындырады.

3-4 апта





3. Қорытынды.
Қазақ ұлты негізінен ұрпақ қамын басты мақсат етіп қойып, балалардың нағыз азамат болып қалыптасуына аса зор мән берген. Нәтижесінде дәстүрлі бала тәрбиесінің басты құралы ретінде ұлттық ойынды орайластырып, дамытып отырған. Қазақ халқы- ұлт ойындары ерлікті, өжеттілікті, батылдықты, шапшаңдықты тағы басқа қуаты молдылығын, білек күшін дененің сомданып шынығуын қажет етеді.

Сонымен бірге, бұл ойындарда балалардың танымдық қабілеттері жетіліп, әділдік пен адамгершіліктің жоғары принциптеріне негізделген. Өйткені, ойынға қатыспай тұрып-ақ оған күн ілгері көп адамдардың тер төгіп, еңбек етуіне тура келеді. Мысалы, бәйгені алайық. Ол үшін алдымен бәйгеге қатысатын атты таңдап алады. Ол атты баптап, бағып-күтуге тура келеді, оның ішетін суы мен жейтін жеміне дейін белгілі бір мөлшерге келтіреді. Сондықтан, қазақтың ұлттық ойындары сауықтық жағынан ғана емес, ол-спорт, ол- өнер, ол- шаруашылық тәжірибелік маңызы бар тәрбие құралы.

Қазақтың ұлттық ойындары: көкпар сайыс, күрес, теңге алу, қыз қуу, алтын табақ ату т.б. спорттық сипатпен бірге үлкен тәжірибелік маңызға да ие болды. Ұлттық ойын түрлерін қазіргі уақытта әр сабақта көрсетіп, ұлттық тіл өрнектерін пайдала білсе, қазіргі жеткіншек біле бермейтін ұғым – түсінігін өмірге жанастыра көңіл аудартса сол арқылы танымдық мақсат қойылады. Сонымен, ұлттық салт-дәстүрді қадірлей білуге, адамгершілікке, ізгілікке, ұлттық тәлім – тәрбие беруге назар аударылады. Кейінгі кездері жастар мен жасөспірімдер ойын автоматтары, интернет – кафе сынды зиян ойындарға әуес болып барады. Біріншіден бұл ойындардың адам денсаулығына тигізер залалы көп, екіншіден баланың ойлау қабілеті, ойлау шеңбері, белгілі бір жүйеде шектеліп қалады. Ал ата-бабамыздан ұзақ ғасырлық көш-керуен арқылы жалғасып келе жатқан ұлттық ойындар мысалы: асық пен ләңгі ойыны – күш-жігерді жетілдіріп, дәлдік, мергендікке үйретеді.

Көшпелі қазақтардың өмір-салты денсаулыққа аса зор мән берген. Атқа міну өнері жас баланы сезімі мен денесін жаттықтырудың басты және ортақ дәстүріне айналды. Бозбала да, қыз бала да жастайынан аттың құлағында ойнауға бейімделді, соған тырысты.

Ойын-сауық тәжірибе мен тәсілдің еркіндігі, тапқырлық пен болжамның қиылысатын шебі, мұрат пен меженің тоғысқан шеңбері. Жарыссыз ойын, ойынсыз әзіл-қалжың бола берді. Ойын-сауық қара күш көрсететін озбырлық немесе біреудің намысын жыртатын қастандық емес. Ой өтімділігі мен сөз өткірлігі, шеберлер өз мәртебесін мойындатып жатады. Ойын серіктесті таба білуге, онымен тіл табысуға үйретеді. Ойында адам қарсыласының олқы және оң жақтарып дұрыс анықтауға ерекше мән береді. Оның күш қабілетін тура бағалау ережесіне енеді. Халқымызда қозғалмалы ойындардың түрі кең таралған.

Ұлтымыздың тұғыры мықты болуында ұлттық ойындардың ұмытылмай ойналып тұруы да өз үлесін қоспақ.



 

Қосымша.

Дене тәрбиесі ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мазмұндама жоспары 

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбы: Ұлттық ойындар 
Мақсаты: 
1. Ұлттық ойындарының мазмұнын, ережелерін және ойнау тәсілдерін үйрету 
2.Қозғалыс қабілетін дамыту. 
3.Дене жағынан қалыптасудың қасиеттерін тәрбиелеу 


Керекті құрал жабдықтар: арқан, түйілген мата, теңге, орамал, қамшы, ағаш ат. 
1 Кіріспе бөлім 
Сапқа тұрғызу, рапорт қабылдау, сәлемдесу, сабақтын мақсатын түсіндіру, қауіпсіздік ережелерімен таныстыру. 
Саптық жаттығулар: оңға, солға, шұғыл бұрылу. 
Жүру: 
*Аяқ ұшымен 

*өкшемен 

*аяқтын сыртқы қырымен жүру 

*аяқтын ішкі қырымен жүру 

Жүгіру: 
*залмен бір қалыпты жүгіру 
*Аяқты жоғары көтере жүгіру 
*Аяқты артқа лақтыра жүгіру 

*Елікше секіріп жүгіру 
*Оң және сол қырымен секіре жүгіру 
Демді қалпына келтіру жаттығулары 
ЖДЖ-орында тұрып орындау, солға бұрылып 3 лекпен жүру 
1. Б.ж-н.т қол белде, басты 4 рет оңға, 4 рет солға айналдыру 
2.Б.ж- аяқ иық кендігінде қолды иыққа қойып 4 рет алдыға, 4 рет артқа айналдыру. 
3.Б.ж-н.т оң қол жоғары,сол қол төмен. 1-2 қолды артқа сермеу, 3-4 қолды ауыстыру
4.Б.ж-аяқ иық бойында, қол кеуде алдында шынтақтан бүгулі, 1-2 қолды артқа сермеу, 3-4 – қолды жазып сермеу 
5.Б.ж- аяқ иық бойында, қол төмен, 1-2 денені оңға ию, 3-4 с.с солға ию 
6. Б.ж- аяқ иық кеңдігінде, қол екі жаққа созулы.1-денені оңға,2-солға бұру. 
7.Б.ж-н.т 1-қолды жоғары созып шалқаю, 2 – алға еңкею, 3 – қолды алдыға созып отыру, 4 б.ж. келу 
8.Б.ж-н.т Секіре қолмен шапалақ соғу 
9. Демді қалпына келтіру жаттығуы. Оңға бұрылып бір лекпен жүру, сапқа тұру.

Дәл орындау 

Қолды жоғары созып, қолға созыламыз 

Қолды бастын артына ұстаймыз, басты жоғары көтеріп арқаны түзу ұста 

Қол белде, кеудені тік ұста 

Қол екі жанға созулы 

Қолмен жұмыс жаса 
Аяқ пен қол жұмыс істейді 
Басты жоғары көтеріп, кеүдені тік ұста 
Аяқты барынша жоғары серме 

Ара қашықтықты сақта 

Терең дем алып баяу жаса 

Ара қашықтықты реттеу 

Көзді жұмба,ауызды ашпа 

Қолды иықтан үзбе, денені тік ұста 

Қолды бүкпей түзу ұста 

Жаттығуды дәл, толық жасауын қадағалау. 

Тереңірек иілүін талап ету. 

Денені тік ұстап, аяқты еденнен қозғалтпа. 

Жаттығудың дұрыс орындалуын қадағалау. 

Неғұрлым жоғары секіру. 

Терең дем алып, баяу жасау. 
2 Негізгі бөлім. 
Балаларды топқа бөлу. 
Ойындардын мазмұнын түсіндіру, үлгісін көрсету, ойнату. 

* Бәйге 
* Теңге алу 
* Жаяу көкпар 
* Қыз қуу 
* Арқан тартыс 

Ойын ережелерін хабарлап түсіндіру, үлгісін көрсету. Ереже бойынша ойнау, жеңімпазды анықтау. 

3 Қорытынды бөлім 
Сапқа тұрып залмен жүру, демді қалпына келтіру жаттығуы.Балаларды мадақтау ерекше атап өту.

.

Ұйымдастырылған оқу іс әрекеті.



Білім беру саласы: «Денсаулық»

Бөлімі: Дене шынықтыру.

Тақырыбы: «Орманға саяхат»

Мақсаты: Берілген тапсырманы зейін қойып орындауға үйрету.Ойын арқылы балалардың қимыл іс-әрекетін дамыту,дене бітімдерін аяқ қол,кеуде бұлшықеттерін жетілдіріп оны әрі қарай дамыту.Ұлттық ойындарға деген қызығушылықтарын арттыру.Балаларды ептілікке,шапшаңдыққа тәрбиелеу.Ұжым болып бірлесіп ойнауға тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: Орман суреті,гимнастикалық орындық,Аю қоян кейіпкерлері,

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру көрсету,жаттығулар жасау,саяхат.

Қостілділік компонент/билингвальный/: Орман-лес,Саяхат-путишествие.

Балалар әуенмен залға кіреді,қол белде шеңбер айналып журеді.Шеңберге тұрады.



Тәрбиеші:Балалар қанекей қонақтармен амандасып алайық.

Балалар:Саламатсыздар ма!

Балалар бейнетаспадан жарқырап нұрын шашып тұрған күнді тамашалайық.



Тәрбиеші:Күн шыққанда қалай қуанамыз?(балалар күлімдепқуаныш білдіреді)

Тәрбиеші: Балалар осы күннің шуағымен бой жазу жаттығуларын орындайық.

1.Шеңбер бойымен жүру.

2.Аяқтың ұшымен жүру.

3.Шеңбер айналып жүгіру.

4.Демалу жаттығулары.

Тәрбиеші:Балалар біздер бүгін орманға саяхатқа барамыз.Орманға барғылырыңыз келе ме?Орман өте алыс,әрі жолымызда көп кедергілер кездеседі,сол үшінденемізді шынықтырып жаттығулар жасап алуымыз керек.

Бастапқы қалып түзу тұру.



1.Басқа арналғанжаттығулар.

Оңға,солға ию(2рет)

Б.қ. келу.

2.Иыққа арналған жаттығулар.

Оң иықты,сол иықты кезек көтеру.

Б.қ. келу.

3.Қолға арналған жаттығулар.

Б.қ. қол белде.

Қолды алға созу;

Жоғары созу;

Жанға созу;

Б.қ. келу.(2-3рет)



4.Белге арналған жаттығулар.

Б.қ. қол белде.

Оңға иілу. Б.қ. келу.

Солға иілу. .қ. келу.



5.Аяққа арналған жаттығулар.

Б.қ. қол белде,аяқ бірге.

Аяқты қосу;

Тізені бүгу;

Б.қ. келу.

Саппен жүру,демалу жаттығулары.

Тәрбиеші:Өте жақсы балалар,жаттығу жасадық енді орманға саяхатқа шығуға әбден дайынбыз.

Қол ұстасып орманға саяхатқа барайық.

Орманда алдарынан Қоян шығады.

Қоян:Саламатсыздар ма,балалар!

Балалар:Саламатсыз ба!

Тәрбиеші:Біздер орманға саяхатқа келдік,бірақ мұнда өту өте қиын екен,сен бізге көмектесе аласың ба?

Қоян:Иә,балалар орманда көптеген қиындықтар кездеседі.Бірақ мен сіздерге көмектесуге дайынмын,менің артымнан қайталасаңдар болды.

Кедергілерден өту:Қоян:Орманға кіру үшін мына көлден өтуіміз керек.



1.Гимнастикалық орындық үстімен екі қолды жанға созып,теп-теңдікті сақтап жүріп өту.

2.Шалшық судан секіру.Қос аяқтап секіріп өту.

Тәрбиеші:Өте жақсы балалар кедергілерден қоянның көмегімен өттік.Рахмет саған ақ Қоян,енді сенімен ойын ойнағымыз келеді.

Қоян:Ой қандай керемет менде ойын ойнағанды ұнатамын.



Ойын: «Сәбіз теру»

Мақсаты:Балаларды шапшаңдыққа тәрбиелеу,зейіндерін қалыптастыру.Ұжымдық ойынға баулу.

Қоян:Рахмет балалар,ойын ойнадық,сәбіз теріп алдым.Енді мен әрі қарай жүрейін.Сау болыңыздар!

Балалар:Сау болыңыз!

Тәрбиеші:Балалар біздерде әрі қарай жол жүрейік.(саппен жүру)

Алдымыздан ұйықтап жатқан аю кездеседі,керіліп ұйқыдан оянады.



Негізгі қимыл жаттығуларын орындайды.

Тәрбиеші:Балалар сіздерге орманға саяхат жасаған ұнады ма? -Иә.

Тәрбиеші:Орманда бізге кімдер кездесті? -Қоян,Аю.

Тәрбиеші:Қоянға не теріп бердік: -Сәбіз.

Тәрбиеші:

1.Аю ұйқыдан кейін қалай керіледі?(қолдарын екі жаққа кереді)

2.Аюдың көзі қандай? (көздерін бақырайтады)

3.Аю бал жегенде аузын қалай ашады?(ауыздарын кең ашып көрсетеді)

4.Ал,аю қалай ақырады?(аюша ақырып дыбыстайды)

5.Аю балдың иісін немен сезеді?(мұрнымен иіс сезу)



Тәрбиеші:Өте жақсы балалар сіздер жаттығуларды орындап,берілген кедергілерден сүрінбей өттіңдер,жарайсыздар.

Қонақтармен қоштасып топқа қайтайық.



-Сау болыңыздар!

Бір тізбекпен жүріп,әуенмен залдан шығады.



Күтілетін нәтиже:

Біледі:Жүру,жүгіру әдісін,жаттығулар жасау.

Үйренді:негізгі қимыл жаттығуларын.

Дағдыланды:Орман аңдарының іс-қимылдарын қайталауға.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет