Жобаның жүзеге асу кезеңі. Бұл кезеңде ақпарат жинап және оны анықтайды, жоспар бойынша негізгі іс -шаралар өткізіледі, жоспарларды бақылау және түзету жұмыстары жүргізіледі. Жобаның жүзеге асырылуы арасында өзгерістер енгізілуі де мүмкін. Бастысы бағдарламаның дәл дұрыс орындалуы емес жұмыстың тиімділігі (жобаның мақсатқа жетуі).
Қорытынды кезеңі
Кезеңде жобаны қорғау, рефлексия, қойылған мақсат тұрғысынан алынған нәтиженің бағалануы және түзетулері енгізіліп, қорытындыланады.
Жобаның түрлері Эмпирикалық Рөльдік ойындар жобасы Шығармашылық жоба Зерттеу Фантастикалық жоба Эмпирикалық жоба Тірі және өлі табиғат әлемінде өздік бақылаулар мен эксперименттер жүргізу. «Қар бүршіктері қайдан ұшып келеді?», «Неліктен бәйшешектер бәйшешек деп аталады?». Нәтижелер өсімдек сақтайтын бүктемелер, тәжірбие картотекалары ретінде рәсімделеді.
Зерттеу жобасы Ізденеді, деректертерді жинақтап қорытады, табиғат құбылыстары туралы әртүрлі дерекнамалардан мағлұмат жинайды, кітаптар, кинофильмдер, ғаламторды пайдаланады. Қызыл кітап арқылы (сирек кездесетін және жойылып бара жатқан) өсімдік түрлері мен жануарлар, құстар туралы білімдерін кеңейтеді.