Рөльдік ойындар жобасы
Мұнда балалар ертегі кейіпкерлерінің бейнесіне еніп, берілген тапсырмаларды шешеді. Нәтижесінде: мазмұнды ойын, бала меркелері ұйымдастырылады, балалар ертегілерді кейіптендіре біледі. Су асты әлеміне ойын -саяхаттары ойналады. Балалар «Театр» сөжеттік- рольдік ойындар ойнауға үйренеді.
Шығармашылық
- Әдетте қатысушыларда ортақ іс – әрекеттерінің дайындалған құрылымы болмайды. Бұл балалардың үлгілер мен пішімдер жасау, әңгімелер құрастыру, тақпақтар, ойдан шығарылған кейіпкерлері бар әңгімелер. Нәтижесінде балалар музыкалық ертегі қою, үстелүсті театры арқылы әңгімелер ойлап табу, кейіпкерлер дайындау, ата –аналар мен балаларға қойылым көрсету мен сахналастырылған, суреттелген диафильмдердің фильмотекасын жасау, альбом дизайны көрмесі. Шығармашылық жобаларда табиғи және құнсыз материалдарды пайдаланған жөн.
Фантастикалық жоба
- Таныс әңгімелер мен ертегілер, мультифильмдерді мазмұнына қарай отырып, және балалардың өз шығармашылығы мен қиялынан «Болашақтың қаласы», «Келімсектер жерде», «Суперробот», «Бэтман» сияқты жобалар құру.
Жобаға қойылатын негізгі талаптар:
Шешімін іздейтін мәселенің болуы, жоба бұл байсалды ойын, баланың дербестігі және ата -ана мен баланың ортақ шығармашылығы;
Білімді қолданыста пайдалану үшін мектеп жасына дейінгі балалармен өз ықыластарымен ұсынылған кішігірім жобалар алу қажет, сонымен қатар 3 нәрсеге көңіл аудару қажет: Мектепке дейінгі баланың қызығушылығы, оның белсенділігі және оның дербестігі.
Жобада тәрбиеші қызметінің сипаты:
Тәрбиеші баланың серіктесі әрі оның өзін – өзі дамытудағы көмекшісі болып табылады. Тәрбиеші - жобаның негігі жетекшісі, әрі мәселені шешудегі баламалар тобы мен жеке баламалардың жігер үйлестірушісі. Тәрбиеші жоба кезінде сырттай бақылайды, кеңесші әрі сарапшысы бола отырып, аз айтып, балалармен көп ізденеді. Ақпарат көздерін тауып, ұсыныстар жасап отырады және жасалған жұмыстардың нәтижелерін бағдарлай біледі.
Достарыңызбен бөлісу: |