Тақырыбы: «Менің тобым».
Топ бөлмелері мен топтағы заттарды, заттардың бөлшектерін ажыратып атауға, сөздегі дыбыстарды анық айтуға үйрету.
Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Балабақша» әңгмелеу.
(сурет бойынша)
Балабақша туралы түсініктерін кеңейту, тақырыпқа сәйкес әңгіме оқып беріп оқиғаны эмоционалды қабылдауға үйрету.
|
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру (ҚМҰҚ)
Тақырыбы:«Көп», «Біреу» ұғымдары. Топтағы заттардан бір немесе көп заттарды тауып көрсетуге, топтағы біртекті заттардан топтар құрастыруға одан біреуін бөліп көрсетуге үйрету. үйрету.
Құрастыру
Тақырыбы: «Орындық»
Әртүрлі құрылыс материалдарымен таныстыру, әртүстегі бөлшектерден орындықтың құрылысын құрастыруға үйрету.
Жаратылыстану
Тақырыбы: «Балабақша ауласы»
Балабақшаның ауласындағы өсімдіктерді, ағаштарды, гүлдерді бақылау жасау, олардың өзіне тән белгілерін байқап, сипаттай білуді үйрету.
|