1. апта Менің балабақшам
|
Коммуникация
Сөйлеуді дамыту (0,5)
Көркем әдебиет (0,5)
|
Таным
Сенсорика (0,5с)
Жаратылыстану (0,5с)
|
Шығармашылық
Сурет салу (0,5)
Мүсіндеу (0,5)
Музыка (0,5)
|
Әлеумет
|
Өтпелі тақырып:«Менің балабақшам» қыркүйек
Мақсаты: балалардың бойында балабақшаға, достарына сүйіспеншілік сезімді қалыптастыру.
Міндеттері: балалардың балабақшаға, достарына сүйіспеншілік сезімді қалыптастыруға тәрбиелеу; бірлескен әрекетке қызығушылықты дамыту.
|
Сөйлеуді дамыту
«Топ бөлмелері»
Балабақша бөлмесіндегі заттардың атауларымен таныстыру. Сөздерді мұқият тыңдауға оларды еліктеп айтуға үйрету.
|
Сенсорика
«Көлікті тартуға үйрету»
Заттарды қолдану дағдыларын: ауа шарын, ойыншық көлікті, арбаны жібінен тартуға үйрету. Қызыл түс пен көлем туралы түсінік беру.
|
Сурет салу
«Қағазбен және бояумен таныстыру»
Саусақпен сурет салуға қызығушылығын ояту, қағазбен және бояумен таныстыру. Саусақты бояуға батырып қағазда ізін қалдыру.
|
Әлеумет
Балабақша туралы жағымды көңіл-күй қалыптастыру, топтағы балалармен достық қарым-қатынасты орнату, ойыншықтарға ұқыпты қарауға үйрету
|
2. апта Менің достарым
|
Көркем әдебиет
«Торғай мен тышқан»ертегі.
Шығармаларды тыңдауға үйрету. Достар туралы әңгіме оқып беру, қысқа сөз тіркестерін айтуға үйрету
|
Жаратылыстану
«Аквариумдегі балықтар»
Аквариумдегі балықтарды бақылау. Тәрбиешінің көмегімен оларға жем салуға баулу.
|
Мүсіндеу
«Сазбалшықпен таныстыру»
Сазбалшықпен, оның қасиеттерімен таныстыру: жұмсақ, илеуге және жаюға болады.
|
Әлеумет
|
3. апта Менің сүйікті ойыншықтарым
|
Сөйлеуді дамыту
«Қуыршақ»
Балаларды ойыншықпен таныстыру. Балалардың сөздік қорын заттардың белгілерін білдіретін сөздермен (үлкен, кіші, қызыл) толықтыру, сөздерді мұқият тыңдап, оларды еліктеп айтуға үйрету.
|
Сенсорика
«Геометриялық пішін, дөнгелекпен таныстыру»
Геометриялық пішін дөңгелекпен (шеңбермен) таныстыру, шарлардың түрлі түсті тығындарын қорапқа, шелекке салып, оларды еңіс жазықпен сырғанатуды үйрету.
|
Сурет салу
«Доп»
Саусақпен сурет салу әдістерімен таныстыру, саусақты бояуға батырып допты салуға үйрету
|
Әлеумет
|
4. апта Жиһаздар
|
Көркем әдебиет
«Аквариум»
Шағын қарапайым
мазмұнды әңгімелерді тыңдауға үйрету.Үй жиһаздары туралы шағын әңгімелер оқып беру
|
Жаратылыстану
«Үй құстары»
Үй құстарын бақылау (тауық, үйрек).
Үй құстарын суреттен тани білуге үйрету.
|
Мүсіндеу
«Дөңгелек үстел»
Сазбалшықтың кесектерін алақан арасында домалатып үстінен саусақтармен басып дөңгелек үстелді бетін жасауға үйрету.
|
Әлеумет
Өз тобындағы жиһаздардың атауларын дұрыс атауға олардың өздеріне тән ерекшеліктерін атауға үйрету: түсі, пішіні, көлемі.
|
|
Өтпелі тақырып:«Менің отбасым» қазан
Мақсаты: отбасы, ана, әке, әже, ата, аға, әпкенің рөлі; отбасы мүшелерінің еңбек міндеттері; отбасындағы оң өзара қарым-қатынас, өзара көмек, отбасының барлық мүшелеріне сүйіспеншілік туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері: отбасы мүшелеріне сүйіспеншілік пен сыйластыққа тәрбиелеу. Отбасы туралы алған білімдерін кеңейтуге ықпал ететін ойын жағдайын ұйымдастыру. Туыстық байланыс туралы түсініктерін дамыту.
|
1.апта Менің отбасым, ата-аналар еңбегі
|
Сөйлеуді дамыту
«Ата –анам және мен»
Өзінің жақын туыстарының есімін атай алуға үйрету. Сөздік қорды ана, әке, ата, әже сөздерімен толықтыру, сөздерді анық айтуға үйрету.
|
Сенсорика
«Түстер»
Қызыл, сары түспен таныстыру, заттарды өлшемі немесе пішіні бойынша сәйкес ұяларға орналастыра отырып салыстыруға, бір-бірімен тура және кері әрекеттерді: жаю және жинастыру, алу және салуды үйрету.
|
Сурет салу
«Жаңбыр тамшылары»
Саусақпен қағаз бетіне жаңбыр тамшыларын ырғақтылықпен қайталай отырып салуға үйрету
|
Әлеумет
Отбасына деген сүйіспеншілікті ояту, отбасында бір-біріне жағымды қарым-қатынасты орнату
|
2.апта Біздің көше
|
Көркем әдебиет
«Бағдаршам»
Ә.Табылдиев
Көше туралы түсінік беру. Тақырыпқа сәйкес шығарманы тыңдауды үйрету.
|
Жаратылыстану
«Күз маусымы»
Көшені, күздегі маусымдық өзгерістерді бақылау
|
Мүсіндеу
«Ермексазбен таныстыру»
Ермексазбен, оның қасиеттерімен таныстыру, ермексаздың кесегін тақтай үстінде есіп, үстінен саусақтармен басу арқылы көшенің мүсінін жасауға үйрету
|
Әлеумет
|
3. апта Үйдегі және көшедегі қауіпсіздік
|
Сөйлеуді дамыту
«Біздің үй»
Киімдерді, үй жиһаздарын атауға және оларға байланысты қимылды білдіретін сөздерді айтуға үйрету.
|
Сенсорика
«Геометриялық пішін, текшемен таныстыру»
Геометриялық пішін текшемен таныстыру. Екі бөліктен тұратын ойыншықтарды, тік өзекті пирамидаға бір өлшемді бірнеше сақинаны жинастыруды үйрету.
|
Сурет салу
«Түрлі түсті доптар»
Қағаз бетін ашық түсті дақтармен, жақпалармен толтыруға, 4 негізгі түстерді (қызыл, көк, сары,жасыл) қолдануға үйрету
|
Әлеумет
|
4. апта Алтын күз
|
Көркем әдебиет
«Күзгі дала»
(М.Әлімбаев)
Күз туралы тақпақты зейін қойып тыңдауға үйрету.
|
Жаратылыстану
«Жапырақтар жауғанда»
Ағаштардың жапырақтарының сары түске боялғанына, адамдардың күз мезгіліне тән киген киімдеріне назар аударту.
|
Мүсіндеу
«Жапырақ мүсінің жасау»
Алақан арасында домаланған кесекті қолмен сығымдап жапырақтың мүсінін жасау
|
Әлеумет
|
|
Өтпелі тақырып:« Дені саудың- жаны сау» қараша
Мақсаты: баланың денсаулығын сақтауға және нығайтуға; тұрмыста, көшеде, табиғат жағдайларында қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға және балалардың қимыл-қозғалыс тәжірибесін негізгі қимылдарды жетілдіру арқылы байытуға, шығармашылық, танымдық және сөйлеу қабілеттерін пайдалана отырып, қимыл белсенділігіне қажеттілікті жетілдіру.
Міндеттері: балаларарды салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу, қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету.
|
1. апта Өзім туралы
|
Сөйлеуді дамыту
«Қане-қане»д/о.
Өзінің дене бөліктерін (көз, қол, бас, аяқ, ауыз, құлақ және т.б.) ажыратып атауға және оларға қатысты қимылды білдіретін сөздерді айтуға үйрету.
|
Сенсорика
«Сақиналар үйі»
Көк, жасыл түспен таныстыру, түрлі өлшемдегі екі екі топтағы сақиналарды белгілі бірізділікпен жинастыруға үйрету.
|
Сурет салу
«Фломастермен таныстыру»
Фломастермен, оның қасиетімен, жұмыс жасау техникасымен таныстыру, 4 негізгі түстерді (қызыл, көк, сары,жасыл) қолдануға үйрету
|
Әлеумет
Өзі және айналасындағы адамдар туралы түсініктерін қалыптастыру
|
2 апта Дұрыс тамақтану. Дәрумендер
|
Көркем әдебиет
«Жемістер жыры»
Р.Қунақова.
(алма,алмұрт)
Дұрыс тамақтану туралы әңгімелесу,
тақырыпқа сәйкес
әңгіме оқып беру.
|
Жаратылыстану
«Тамақтану»
Тамақтану кезінде
бір-біріне бақылау жасау арқылы дұрыс тамақтануға үйрету.
|
Мүсіндеу
«Мандарин»
Сазбалшық, ермексаз кесектерінен кішкене бөліктерін үзіп, алақан арасында домалақтап дәрумендердің мүсінін жасауға үйрету.
|
Әлеумет
|
3 апта. Өзіңе және өзгелерге көмектес
|
Сөйлеуді дамыту
«Құмырсқа мен көгершін»
С.Көбеев.
Балаларды бір-біріне көмек беруге айналасындағы таныс заттарды және олардың көлемін атай білуге (үлкен,кіші) үйрету.
|
Сенсорика
«Баяу, жылдам»
Түрлі материалдардан шығаратын дыбыстарды, музыкалық тембрлердің дыбыстарын, «қатты», «баяу», «жылдам», «байсалды» дыбыстарды ажыратуға үйрету.
|
Сурет салу
«Күн»
Алақанмен сурет салу тәсілдерін таныстыру, бояуға батырылған алақанды қағазға басып күннің суретін салуды үйрету.
|
Әлеумет
|
апта Біз күштіміз, ептіміз
|
Көркем әдебиет
«Ел қорғауға әзірміз»
М.Әлімбай.
Сурет, ойыншық арқылы тыңдау мәдениетін және оларды түсіну дағдыларын қалыптастыру.
|
Жаратылыстану
«Үй жануарлары»
(ит,мысық).
Бірнеше жануарларды шынайы, суреттерден, ойыншықтардан тануға және көрсетуге үйрету (ит, мысық), олардың дауыстарына еліктеп, атауларын атау.
|
Мүсіндеу
«Алма»
Сазбалшық, ермексаз кесектерін үзіп алып алманың мүсіні жасауға үйрету.
|
Әлеумет
|
|
Өтпелі тақырып:«Менің Қазақстаным» желтоқсан
Мақсаты: балаларда "Мәңгілік Ел" жалпы ұлттық идеясына негізделген рухани-адамгершілік жалпы адамзаттық құндылықтарды, патриотизм мен толеранттылықты қалыптастыру.
Міндеттері:өз елін, жеріне деген сүйіспеншілікті, сыйластыққа тәрбиелеу.
|
1. апта Тарихқа саяхат
|
Сөйлеуді дамыту
«Менің Отаным»
(сурет бойынша).
Таныс заттарды атауы, түстері, дыбысталуы бойынша топтастыруды үйретеді.
|
Сенсорика
«Пирамида»
Екі бөліктен тұратын ойыншықтарды, түрлі өлшемдегі 2-3 сақинадан тұратын конустық негіздегі (өзекшесі) пирамидаға жинастыруға үйрету.
|
Сурет салу
«Алма»
Ертегі кейіпкерлерін, қарапайым табиғат құбылыстарын, жануарларды, ойыншықтарды, ыдыс-аяқтарды, кейбір азық-түлік өнімдерді, көкөністер мен жемістерді бейнелеуді қайталау.
|
Әлеумет
Тарихты құрметтеуге тәрбиелеу, балаларды отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру
|
2. апта Туған өлкем
|
Көркем әдебиет
«Табиғат -Ана»ертегі.
Шығарма кейіпкерлеріне деген жанашырлық дағдыларын қалыптастыру.
|
Жаратылыстану
«Туған өлке жануарлары»
Жануарлардың ерекшеліктерін, іс-қимылдарын, белгілерін ажыратуды және атауды үйрету.
|
Мүсіндеу
«Өзен»
Туған өлкені құрметтеу сезімін қалыптастыру, туған өлке табиғатын құрметтеуге тәрбиелеу.
|
Әлеумет
Туған өлкені құрметтеу сезімін қалыптастыру, туған өлке табиғатын құрметтеуге тәрбиелеу.
|
3. апта Астана – Отанымыздың жүрегі
|
Сөйлеуді дамыту
«Бес саусақ»
Е.Өтетілеуұлы.
Өзінің (қол, аяқ, бас, ауыз, көз, құлақ) және ойыншық-жануарлардың дене мүшелерін ажыратып, атай білуге үйрету.
|
Сенсорика
«Пирамида»
Тік өзектегі пирамидаға бір өлшемді бірнеше сақинаны, содан кейін түрлі өлшемді екі топтағы сақиналарды белгілі бірізділікпен жинастыруға үйрету
|
Сурет салу
«Отшашу»
Балаларды бояулардың ашық түстерін эмоциялы қабылдауға, қарындаштармен, фломастерлермен сурет салуға, қағаз бетін ашық түсті дақтармен, жақпарлармен толтыруға бояу жағылған саусақпен қағазға сурет салуға үйрету.
|
Әлеумет
Астана еліміздің бас қаласы мақтаныш сезімін қалыптастыру, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
|
апта Тәуелсіз Қазақстан
(ҚР Тұңғыш Президенті, мемлекеттік рәміздер)
|
Көркем әдебиет
«Отан»
Е.Өтетілеуұлы .
Көркем мәтінді тыңдау және оларды түсіну дағдыларын қалыптастыру.
|
Жаратылыстану
«Қияр»
Кейбір көкіністер мен жемістер жайлы біліп, оларды суреттерде және шынайы тани білуге үйрету.
|
Мүсіндеу
«Сәбіз»
Балаларға ермексазды, сазбалшықты алақан арасынан ала білуді, өз қалауы бойынша алынған пішіндерді құрастыруды үйрету.
|
Әлеумет
ҚРТұңғыш Президентіне, мемлекеттік рәміздеріне деген құрмет, мақтаныш сезімін қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу
|
Өтпелі тақырып:«Табиғат әлемі» қаңтар
Мақсаты: тірі және өлі табиғат заттары мен құбылыстары, маусымдық өзгерістер, өсімдіктер туралы білімдерін кеңейту.
Міндеттері:жануарлар, жәндіктер мен өсімдіктердің барлық түрлерін сақтаудың қажеттілігі туралы түсініктерін қалыптастыруға; табиғатпен тікелей байланысты тәжірибені игеруге; қоршаған ортаға ұқыпты қарауды және тіршілік ету ортасының маңызын түсіну.
|
1. апта Айналамыздағы өсімдіктер
|
Сөйлеуді дамыту
«Бөлме өсімдігі»
Қазтамақ.
Сөйлеуді дамыту. Өсімдіктер туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыру. Ересектердің сөздерін тыңдай білуге және Бұл не? Не істеді сұрақтарына жауап беруге үйрету.
|
Сенсорика
«Бақша гүлдері»
Неғұрлым күрделі заттармен әрекеттерді орындау: таяқшалары бар сақинамен, аулағышпен, қарпығышпен ойыншықтар мен шарларды жылжыту, алу және орындарын ауыстыруға үйрету
|
Сурет салу
«Гүл»
Саусақпен сурет салу әдісімен қағаз бетіне бояуды жағу арқылы өсімдік суретін салуды үйрету.
|
Әлеумет
Табиғатты қорғау сезімдерін қалыптастыру, өсімдіктерді өсіру дағдыларын қалыптастыру
|
2. апта Жануарлар әлемі
|
Көркем әдебиет
«Мысық пен күшік»
(ертегі)
Жануарлармен таныстыру, оларға қамқорлық жасауға үйрету. Жануарлар туралы ертегілерді тыңдауға үйрету.
|
Жаратылыстану
«Ормандағы қоян»
Жануарларға бақылау жасай отырып, кейбір ерекше белгілеріне, дене мүшелеріне назар аударту (бас, құйрық).
|
Мүсіндеу
«Мысыққа арналған ыдыс»
Ермексаздың, сазбалшықтың кесектерін алақан арасында домалатып үстінен басып, күшікке ыдыс жасауды үйрету.
|
Әлеумет
Жануарлардың атауын білуге үйрету, оларды қорғауға тәрбиелеу
|
3. апта Құстар – біздің досымыз
|
Сөйлеуді дамыту
«Қазым-қазым қаңқылда»
С.Бегалин.
Құстармен таныстыру, жеңіл тапсырмаларды орындауға және «болмайды», «рұқсат» сөздерін түсініп, дұрыс әрекет жасауға үйрету.
|
Сенсорика
«Ақ тауыққа арналған тор»
Негізгі төрт түсті бекіту, қазықшаларды ылғал құмға, арнайы құрылғыдағы ойыққа балғамен қағып кіргізуді үйрету
|
Сурет салу
«Үйректің ізі»
Бояулардың ашық түстерін эмоциялы қабылдауға, қарындашты дұрыс ұстап түзу сызықтар жүргізуге, құстардың ізін салуға үйрету.
|
Әлеумет
Құстардың атауларын біледі олардың өздеріне тән ерекшеліктерін атай алады.
|
4. апта Ғажайып қыс
|
Көркем әдебиет
«Көңілді қыс»
Ш.Мұхамеджанов.
Қыс мезгілі туралы түсінік беру, қыс туралы тақпақты тыңдауға және оның мазмұнын белсенді қабылдауға үйрету
|
Жаратылыстану
«Қысқы тіршілік»
Қыстағы ағаштардың жапырақсыз тұрғаны, жерді қар басқаны, күннің суытуын бақылау, балаларды қысқы киімдердің аттарын атауға ынталандыру.
|
Мүсіндеу
«Кар кесегі»
Сазбалшық, ермексазды алақан арасында домалату арқылы «қар кесегін» жасауды үйрету
|
Әлеумет
Жыл мезгілдерін балаларға түсіндіру, қыстың ерекшелік терін білуге үйрету.
|
|
Өтпелі тақырып:«Бізді қоршаған әлем» ақпан
Мақсаты: қоршаған ортамен өзара әрекет етуге қажетті танымдық әрекеттің қарапайым дағдыларын меңгерген баланың тұлғасын дамыту.
Міндеттері: адамгершілік нормаларды сезінуге,
төзімділікті және түрлі адамдарға құрмет танытуды қалыптастыру.
|
апта. Ғажайыптар әлемі (өлі табиғат құбылыстары).
|
Сөйлеуді дамыту
«Менің үйім»
Тұрғын үй бөлмелерінің атауын, олардың неге арналғандығын онда еркін бағдарлауды үйрету. Ойыншықтармен қарапайым ойындарға қатыстыру.
|
Сенсорика
«Пішіндер»
(дөңгелек , шаршы)
Пішіні, түсі бойынша біртекті заттарды топтастыруды үйрету.
|
Сурет салу
«Түрлі-түсті алмалар»
Фломастермен жұмыс жасау техникасын, негізгі түстерді (қызыл, көк, сары, жасыл) қолдануды жетілдіру, қағаз бетіне домалақ пішінді салуға үйрету.
|
Әлеумет
Өлі табиғат құбылыстарын балаларға түсіндіру, өлі табиғат құбылыстарымен балаларды таныстыру
|
апта. Көліктер
|
Көркем әдебиет
«Автобуста»
Айса Хамзеұлы.
Көлікпен таныстыру. Көлік туралы шағын әңгімелерді тыңдату, мәтінді қайталап оқу, көрсету арқылы сөздерді дұрыс айта білуге үйрету.
|
Жаратылыстану
«Көліктер»
(машина,поезд)
Көліктермен таныстыру оларға бақылау жасау, олардың дауыстарына еліктеуді үйрету
|
Мүсіндеу
«Көлік дөңгелегі»
Ермексаздың, сазбалшықтың кесектерін алақан арасында домалатып үстінен басып жиектерін қысу арқылы көліктің дөңгелегінің мүсінін жасауға үйрету.
|
Әлеумет
Көліктің түрлерімен таныстыру, көліктерді ажырата білуге үйрету, жол ережелерін сақтауға үйрету.
|
Электроника әлемі
|
Сөйлеуді дамыту
«Теледидар»
Теледидармен таныстыру, қоршаған ортамен қарым-қатынасты реттеуге және қалауларын білдіретін сөздерді (алғым келеді, берші, жібер, жылжы және т.б.) атауға үйрету.
|
Сенсорика
«Моншақтарды тізбектеу» д/о.
Заттарды үлкен, кіші, үлкенірек, кішірек көлемі бойынша таңдауға және оларды ажыратуға, ұсақ қол моторикасын дамыту үшін заттармен нәзік қимылдар жасауға үйрету.
|
Сурет салу
«Электр шамы»
Бояу жағылған саусақпен және алақанмен қағазға сурет салуды жетілдіру, электр шамының суретін салуға үйрету.
|
Әлеумет
Электорника әлемімен балаларды таныстыру, электорника түрлерін білуге үйрету.
|
Мамандықтың бәрі жақсы
|
Көркем әдебиет
«Аспаз»
Н.Әлімқұлов.
Көркем шығарманың мазмұнына қатысты айтылатын сұраулы, бұйрықты, лепті интонацияларды түсінуге үйрету.
|
Жаратылыстану
«Топтағы табиғат бұрышы»
Балалардың назарын тәрбиешінің табиғат бұрышындағы өсімдіктер мен жануарларға күтім жасауына аудару. Балаларды табиғат бұрышындағы өсімдіктерді суаруға үйрету.
|
Мүсіндеу
«Дөңгелек күн»
Сазбалшықтың, ермексаздың көмегімен күнді мүсіндеуге үйрету.
|
Әлеумет
Мамандық түрлерін дұрыс атауға, әр мамандықтың өзіне тән ерекшеліктерін білуге үйрету.
|
|
Өтпелі тақырып:«Салттар мен фольклор» наурыз
Мақсаты: Қазақстан Республикасында тұратын өзге ұлт адамдарына, олардың мәдениетіне, салт-дәстүрлеріне мейірімді және сыйластық қатынасқа тәрбиелеуге бағыттау.
Міндеттері: Қазақстан Республикасында тұратын өзге ұлт адамдарының мәдениетіне сыйластықпен қарауға тәрбиелеу.
|
апта Қазақтың салттары мен дәстүрлері
|
Сөйлеуді дамыту
«Бесік жыры»
Баланы бесікке салып, бесік жырын тыңдату ондағы жекелеген сөздерді дауыстап әндетіп айтуға үйрету. Ойыншықтармен қарапайым ойындарға қатыстыру.
|
Сенсорика
«Өз үйіңді тап» д/о.
Күрделі заттармен әрекеттерді орындау: таяқшалары бар сақинамен, аулағышпен, қарпығышпен ойыншықтар мен шарларды жылжыту, алу және орындарын ауыстыруға үйрету
|
Сурет салу
«Бұлттар»
Дөңгелек пішінді заттарды салуды жетілдіру, аспанда қалқып жүрген бұлттардың суретін салуға үйрету.
|
Әлеумет
Қазақстанның салты мен дәстүрлерін білуге үйрету, салттары мен дәстүрлерін құрметтеу сезімін қалыптастыру..
|
апта Ертегілер Елінде. Театр әлемі
|
Көркем әдебиет
«Бауырсақ» орыс халық ертегісі.
Адамдар мен жануарлардың әрекеттері бейнеленген шағын ертегілерді тыңдату және оларға өзінің эмоционалды көңіл-күйін білдіруге үйрету
|
Жаратылыстану
«Бөлме өсімдігі
фикуспен таныстыру».
Балалардың бөлме өсімдіктеріне қызығушылығын ояту, оларға қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу. Балалардың назарын гүлдеп тұрған бөлме өсімдіктерінің әсемдігіне аудару.
|
Мүсіндеу
«Бауырсақ»
Сазбалшық, ермексаз кесектерінен үзу, жұлу, жаншу, созу тәсілдерін қолдана отырып, бауырсақты мүсіндеуге үйрету.
|
Әлеумет
Ертегі тыңдау дағдыларын қалыптастыру,ертегі кейіпкерлерін білуге тәрбиелеу
|
апта Өнер көзі халыкта
|
Сөйлеуді дамыту
«Бесік жасауымен таныстыру»
Бесік жасауымен таныстыру олардың қолдан жасалғанын көрсету. Атауы мен айтылуы бойынша заттарды топтасыруға үйрету. Ойыншықтармен қарапайым ойындарға қатыстыру.
|
Сенсорика
«Дөңгелек неге ұқсайды?»
Қабылдауды дамыту үшін бір мезгілде екі қасиетті түс пен өлшемді, пішін мен өлшемді, пішін мен түсті ажыратуға үйрету.
|
Сурет салу
«Тостаған»
Тостағанның дайын бейнесін түзу, домалақ сызықтармен безендіруге үйрету
|
Әлеумет
|
апта Нұр төккен, гүл көктем
|
Көркем әдебиет
«Көктем»
Ә.Асылбеков.
Көктем туралы түсінік беру. Табиғат құбылыстарын: жаңбыр, жел атауға үйрету. Тақырыпқа сәйкес өлең оқып беріп, оның ырғақтығы мен әуезділігін эмоциялы қабылдауға үйрету.
|
Жаратылыстану
«Көктемдегі табиғат»
Көктемдегі табиғат құбылыстарын: күннің жылуы, шөптердің шығуын, ағаштардың жапырақ шығаруын бақылау.
|
Мүсіндеу
«Түймедақ»
Қамырмен, оның қасиетімен таныстыру. Домалақ пішіндерді біріктіру арқылы гүлді (түймедақ) мүсіндеуді үйрету.
|
Әлеумет
|
|
Өтпелі тақырып:«Біз еңбекқор баламыз» сәуір
Мақсаты: қарапайым еңбек дағдыларына, еңбек сүйгіштікке, еңбек адамдарына құрмет сезімдерін тәрбиелеу.
Міндеттері: адамның қолымен жасалғанның барлығына ұқыпты қатынасты; балалардың сөйлеуін, зейінін, қиялын дамытуды; мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін және ойлауын қалыптастыруды қамтамасыз ету.
|
1.апта. Аялайық гүлдерді
|
Сөйлеуді дамыту
«Гүлді жұлма ботам!»
А.Хамзин.
Гүлмен таныстыру. Оларды ұқыпты қарауға үйрету. Түсі бойынша гүлдерді топтастыруға үйрету.
|
Сенсорика
«Сиқырлы гүл »
Негізгі төрт түсті ажыратуды жетілдіру
|
Сурет салу
«Қызғалдақ»
Домалақ пішіндерді біріктіру арқылы гүлді (түймедақ) салуға үйрету.
|
Әлеумет
Гүлдерді өсіру, құрметтеу сезіміне тәрбиелеу, гүлдердің түрлерін білуге үйрету
|
2.апта Ас атасы - нан
|
Көркем әдебиет
«Қайдаң келдің бауырсақ»
Ө.Тұрманжанов.
Нанды қастерлеуге үйрету. Тақырыпқа сәйкес әңгіме оқып беріп, кейіпкерлеріне жанашырлық таныту.
|
Жаратылыстану
«Картоп»
Балалардың өздері жиі көретін кейбір көкөністер мен жемістер туралы (жергілікті жағдайды ескеріп) түсініктерін нақтылау, оларды шынайы түрде және суреттерден тануға жаттықтыру.
|
Мүсіндеу
«Тоқаш»
Қамырды алақан арасында домалата отырып тоқаш нанның мүсінін жасауды үйрету.
|
Әлеумет
Ас адамның арқауы екендігін түсіндіру, нанды құрметтеуге үйрету
|
апта Жәндіктер мен қосмекенділер әлемі
|
Сөйлеуді дамыту
«Бал арасы»
С.Тойлыбаев.
Жануарлардың дене мүшелерін ажыратып, атай білуге, қысқа сөз тіркестерін айтуға үйрету.
|
Сенсорика
«Ұксас заттар»
Пішіні, түсі, көлемі бойынша бір-біріне ұқсас заттарды сәйкестендіру және топтастыруға үйрету.
|
Сурет салу
«Сыпырғыш»
Қысқа және ұзын сызықтарды біріктіру арқылы сыпырғыштың суретін салуға үйрету.
|
Әлеумет
Жәндіктер мен қос мекенділер әлемі туралы балаларға түсіндіру.
|
апта Еңбек бәрін жеңбек
|
Көркем әдебиет
«Шофер аға»
Ж.Қадыров.
Еңбек туралы түсінік беру. Мәтінді оқып беру барысында сөздерді қайталап айтуға үйрету.
|
Жаратылыстану
«Заттың қасиеті»
Адамдардың еңбек әрекетін бақылау, құмның қасиетімен таныстыру: құрғақ құм шашылады, дымқыл құм пішінін жақсы сақтайды.
|
Мүсіндеу
«Қалақ»
Ермексазды, сазбалшықты тақтай үстінде есіп, ұзын және жалпақ бөліктерді құрастыру арқылы қалақтың мүсінін жасауға үйрету.
|
Әлеумет
Еңбектің түрлерін білуге балаларды үйрету, еңбекті құрметтеу сезіміне тәрбиелеу
|
|
Өтпелі тақырып:«Әр қашан күн сөнбесін» мамыр
Мақсаты: балалардың бойында адамгершілік қасиеттерді, жақын адамдарына сүйіспеншілікті ояту.
Міндеттері: жақын адамдарға қамқорлық жасауға ынтасын, өзінің туған қаласына, өз еліне құштарлық сезімді, оның тарихына қызығушылықты тәрбиелеу.
|
1.апта Достық –біздің тірегіміз (халықтар достығы)
|
Сөйлеуді дамыту
«Ойыншықтар - достарым»
Т.Айдаров.
Балаларды бр-бірімен дос болуға баулу. Ойыншықтармен қарапайым ойындарға қатыстыруды жетілдіру.
|
Сенсорика
«Топтастыр»д/о.
Пішіні, түсі, көлемі бойынша бір-біріне ұқсас заттарды салыстыру мен топтастыруды жетілдіру
|
Сурет салу
«Кемпірқосақ»
Негізгі төрт түсті ажыратуды бекіту, көлбеу сызықтарды қосу арқылы кемпірқосақтың суретін салуды үйрету.
|
Әлеумет
Халықтар достығы туралы балаларға түс індіру, достықты құрметтеуге тәрбиелеу.
|
2.апта Отан қорғаушылар (ҚР әскері, Ұлы Отан соғысының ардагерлері)
|
Көркем әдебиет
«Пилотка»
С.Мұхамедқалиев.
Әскер туралы түсінік беру, балаларды қарапайым ойын әрекеттеріне қатыстыру
|
Жаратылыстану
«Ит»
Жануарлардың ерекшеліктерін, іс-қимылдарын, белгілерін ажыратуды және атауды үйрету.
|
Мүсіндеу
«Жұлдызша»
Педагогтың көрсетуі бойынша алынған пішіндерді құрастыру арқылы бес бұрышты жұлдызшаның мүсінін жасау.
|
Әлеумет
Отан қорғаушылар күні, Ұлы Отан соғысы туралы балаларға түсіндіру, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
|
3. апта Көңілді жаз
|
Сөйлеуді дамыту
«Жазда»
Е.Ерботин.
Жаз мезгілі туралы түсініктерін қалыптастыру. Сөздердегі дыбыстарды анық айтуды жетілдіру.
|
Сенсорика
«Дұрыс орналастыр»д/о.
Дидактикалық ойындар мен тұрмыста балалардың «қол-көз» үйлесімділігін дамыту
|
Сурет салу
«Шөптер»
Қарындаштармен, фломастерлермен сурет салуды жетілдіру, қысқа сызықтар арқылы шөптердің суретін салуға үйрету.
|
Әлеумет
Жаз мезгілінің ерекшеліктерін балаларға түсіндіру, табиғатты қорғау сезімін қалыптастыру.
|
4. апта Мен жасай аламын
|
Көркем әдебиет
«Жақсы адам боп шығамыз»
О.Асқар.
Балалардың алған білім, білік, дағдыларын бекіту.
|
Жаратылыстану
«Жайдарлы жаз»
Балаларды жаз мезгілімен, табиғаттағы маусымдық өзгерістермен таныстыру (күннің көзі жарқырап, шығып тұр, адамдардың киімдеріне назар аудару)
|
Мүсіндеу
«Үстел»
(қазақша)
Өз ойынан пішінді мүсіндеу.
|
Әлеумет
Баларды
ептілікке, дәлдікке, шыдамдылыққа тәрбиелеу
|