Байланысты: Мектепке дейінгі кезеңдегі психикалық даму
Ойын жетекші іс-әрекет ретінде Рөлдік немесе шығармашылық ойын мектепке дейінгі жаста пайда болады. Бұл балалар өздеріне ересектердің іс-әрекетін және олардың қарым-қатынасын жалпыланған формада, ойын жағдайында қайталайды. Осы кезеңде сюжетпен ойнау пайда болады. Кейінірек бейнелік-рөлдік ойын пайда болады. Режиссерлік және бейнелі-рөлдік ойындар сюжетті-рөлдік ойынның қайнар көзі болып табылады, кейінірек олардың ішінен ережелік ойын бөлініп шығады. Сюжетті-рөлдік ойында балалар адамдардың рөлін және олардың қарым-қатынасын қайталайды. Ережемен ойнауда рөл екінші жоспарға ауысады және басты мәселе ойынның ережесін нақты орындау.
Әрбір ойында өзінің ойын шарты бар – оған қатысатын балалар, қуыршақтар, басқа ойыншықтар және заттар.
Сюжет-ойында көрініс беретін ақиқат сферасы.
Ойын әрекеттерінің, рөлдер мен ойын ережелерінің дамуы бүкіл мектепке дейінгі жасты қамтиды.
Сонымен ойын өзгереді және мектепке дейінгі жастың соңында дамудың жоғарғы деңгейіне жетеді. Ойынның дамуында екі негізгі фаза немесе сатыны бөліп көрсетеді. Бірінші сатыға (3-5 жас) адамдардың шынайы әрекеттерінің логикасы қайталануы тән, ойынның мазмұны заттық әрекет. Екінші сатыда (5-7 жас) адамдар арасындағы шынайы қатынас модельденеді және ойынның мазмұны ересек адамның іс-әрекетінің қоғамдық мәні, әлеуметтік қатынастар.
Ойын- мектепке дейінгі жаста жетекші іс-әрекет, ол баланың дамуына үлкен әсер етеді. Ойында балалар бір-бірімен қарым-қаынасқа түсуге үйренеді.
Ойын тек құрбыларымен қарым-қатынасқа түсуге ғана қабілеттендіріп қоймайды, сондай-ақ баланың ырықты мінез-құлқын қалыптастырады. Өзінің мінез-құлқын басқару механизмі- ережеге бағыну ойында қалыптасады, сосын ол іс-әрекеттің басқа түрінде де көрініс береді.
Ойында сондай-ақ баланың мотивациялық-қажеттілік сферасы дамиды. Іс-әрекеттің мақсатқа байланысты жаңа мотивтері пайда болады.
Ойынның сюжетін және күрделі рөлдерін ойлап табуда, дамыған рөлдік ойында шығармашылық қиял қалыптасады. Ойын ырықты естің қалыптасуына мүмкіндік береді.