Мақсаты: қарапайым әдептілік ережелері мен қағидаларының негізінде қарым-қатынас пен өзара әрекетті құра алатын, әлеуметтік құзыреттіліктерді меңгерген бала тұлғасын қалыптастыру.
«Әлеуметтік орта» білім беру саласының базалық мазмұны ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің төмендегідей түрлері арқылы жүзеге асады:
- қоршаған ортамен таныстыру;
- экология;
- көркем әдебиет.
Қоршаған ортамен таныстыру Мақсаты: балаларда әлеуметтік құндылықтар мен мәдениет негіздерін қалыптастыру, қоршаған әлемнің қыр-сырын түсінуге талпынысын арттыру.
Міндеттері: 1. Ұлтжандылық, Отаны мен отбасына деген сүйіспеншілігін, ересектерді құрметтеу сезімін қалыптастыру.
2. Әрекеттердің әр түріне қызығушылықтары мен қажеттіліктерін дамыту.
3. Ересектер мен құрдастарының арасында өзін-өзі ұстау мәдениетінің дағдыларын қалыптастыру.
Мен - адаммын Адам - тіршілік иесі Отбасы Ересектердің еңбегі Балабақша Ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынасы Адамгершілік қағидалары туралы түсінік
Экология негіздері Мақсаты: тірі және өлі табиғат нысандарына оң көзқарастарын тәрбиелеу мақсатында қарапайым экологиялық түсініктерді меңгерту.
Міндеттері: 1. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесі туралы білімдерін кеңейту.
2. Табиғат пен адамдар арасындағы байланыс туралы түсінік беру.
3. Қоршаған табиғаттың сұлулығын көре білуге тәрбиелеу, оған қызығушылығын, сүйіспеншілігін арттыру.
4. Табиғатты қорғау дағдыларын қалыптастыру.
Мазмұны: Өзін-өзі ұстау мәдениеті Ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынасы Адамгершілік қағидалары туралы түсінік
Көркем әдебиет Мақсаты: балалар көркем әдебиеті мен халық ауыз әдебиеті шығармаларының туындылары арқылы баланың эмоционалдық ортасын дамыту.
Міндеттері: 1. Әдеби шығармалар арқылы өзара қарым-қатынастар мен адами сезімдер әлемімен таныстыру.
2. Әдеби шығармалардың кейіпкерлерінің қарым-қатынасы мен өзін-өзі ұстауын талқылауға, өз көзқарасын білдіруге тәрбиелей отырып әдебиетке қызығушылығын ояту.
Мазмұны: Өзін-өзі ұстау мәдениеті Ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынасы Адамгершілік қағидалары туралы түсінік