Мектепке дейінгі психология пәнінен дәрістер жинағы


Жоспар Тәрбие туралы түсінік Тәрбие қоғамдық құбылыс Әдебиеттер



бет19/31
Дата27.05.2023
өлшемі267,87 Kb.
#177819
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31
Байланысты:
МД психология (1)

Жоспар

  1. Тәрбие туралы түсінік




  1. Тәрбие қоғамдық құбылыс Әдебиеттер:




    1. Балалар психологиясы, Мухина В.

    2. С.М. Жакупов, Жалпы психология негіздері. - Алматы:2012, 203 б




    1. Немов Р.С.Психология: Учеб. для студ. высш. пед. учеб. заведений: Общие основы психологии В 3 кн. 4-е изд. — М.: ВЛАДОС, 2003— 688 с




    1. http://www.semgu.kz/video/musicvideo.php?vid=71901ddad

Тәрбиелеу – халықтар бойына білімге негізделген этикалық ізгіліктер мен өнерлерді дарыту (Әл – Фараби).

«Тәрбие – біз кімдерді тәрбиелейміз, солардың жүрегіне ықпал ету... Тәрбие – бізге мәлім адамгершілік әдет – ғұрыптарын меңгеруді мақсат көздеп, бір адамның екінші адамға ықпал етуі»(Л.Н.Толстой).


«Тәрбие – кең мағынасында – бұл рухани жағынан үнемі жетілу және баюда көпсалалы процесс» (В.А.Сухомлинский).


«Тәрбие, кең мағынасымен алғанда, қандай да болса бір жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз. Ал енді, адамзат туралы айтылғанда, адамның баласын кәмл жасқа толып, өзіне - өзі қожа болғанша тиісті азық беріп, өсіру деген мағынада жүргізіледі» (М.Жұмабаев).


«Тәрбие – бұл адам жанын жетілдіру өнері. Тәрбиеде адам табиғатын жетілдірудің ең күшті сыры бар» (Иммануил Кант).


«Тәрбие – тұлғаны мақсатты түрде дамуын басқару процесі» (Х.Й.Лийметса).





    1. Тәрбие қоғамдық құбылыс. Себебі қоғамның материалдық жағдайының өсуі, идеологиясының өзгеруімен байланысты тәрбиенің мақсат – міндеттері, мазмұны мен ұйымдастыру тәсілдері де толығып, жаңа жағдайға сәйкес жақсарып отырады. Әрине адам жеке тұлға болғанымен, қоғамнан тыс өмір сүрмейді. Ал қоғам дегеніміз – адамдардың тіршілік ету, өмір сүру үшін топтасқан ортасы.

Тәрбие мақсатты процесс. Тәрбие мақсаты айқын әрі нақты өмір жағдайына сай белгіленсе ғана өз нәтижесін дұрыс береді. Оны тәрбиеші – лердің өз қалауымен анықтауға болмайды. Себебі тәрбие мақсаты қоғамның, мемлекеттің әл – ауқаты және оның саясатымен әрқашан тығыз байланысты болады.


Халықтың тарихы, оның тіршілігі тәрбиенің мақсатын анықтайды. Сондықтан оқу


– тәрбие жұмысында оның бағытын, мазмұнын, формалары мен әдістерін таңдауда көзсіз еліктеушілік оң нәтиже бермейді – деген өнегелі өсиеті бүгінгі таңда қазақ елінің тәлім - тәрбие саласында ұстанып отырған бағытын анықтайды. «Халықтық тәрбиені бала құрсақта жатқаннан бастайды. Бесік тәрбиесі, балдырған тәрбиесі, өрен тәрбиесі, жасөспірім тәрбиесі, жастар тәрбиесі бір – бірімен жалғасып, өз ерекшеліктерімен іске асырылады


Тәрбие процесіне тән ерекшеліктер:


- мақсатты бағыттылық (мақсаттың түсінікті болуы нәтиже тиімділігі- нің кепілі);

- мақсаттар бірлігі (тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы қызметтестіктің көрсеткіші);


- нәтиже ұзақтығы (оқу процесіндегідей нәтиже бірден көрінбейді);


- көп жағдаяттылығы (тұлға көп әрі сан қилы ұнамды да, ұнамсыз да ықпалдарға кезігеді. Тәрбие барысында олар реттеледі. Тараптардың тұлғаға болған ықпалы өзара сәйкес келсе, тәрбие нәтижесі тиімді болады.


- ауыспалылығы (тәрбиеленуші мақсатты, көзделген және кездейсоқ әсерлерге бірдей кезігіп отырады).


- үздіксіздігі (ешқандай науқанды, бір мәртелік шара қаншама жарқын болмасын, аса ыждағаттылықпен жүйелі дайындалған тәрбие істерінің орнын баса алмайды);


- баламалылығы (тәрбиеленушілер даралық ерекшеліктері және әлеуметтік тәжірибесінің әр түрлілігімен ажыралады. Тәрбие процнсінде бұлар ескерілуі шарт, себебі әсері бірдей болғанның өзінде де тәрбиелік нәтиже әрқилы болуы ықтимал);


- екі тараптылығы (тәрбиелік ықпалды жүргізуші – мұғалім, ал ықпалды қабылдаушы – оқушы);


- тәрбие процесі - өмірлік, ол қозғалмалы да ауыспалы;


-тәрбиеші тұлғасы – тәрбие барысына ықпалды маңызды жағдаят (тәрбие процесінің өнімді болуының кепілі – мұғалім ептілігі, шеберлігі, құндылықты бағыт – бағдары, қызметтестік қатынасқа түсе білу қабілеті);


- қарама – қайшылықты болуы (қарама – қарсылықтар тәрбиенің қозғаушы күші ретінде қарастырылады).





    1. Әлеуметтену дегеніміз – үздіксіз жүретін әлеуметтік үрдіс. Адам туылғаннан бастап, өмірден өткенге дейін жүреді. Қоғамға қалыпты бейімделген, қалыптасқан немесе жаңа әлеуметтік нормаларды игерген адам қоғамда тұлғалық дамуға, жүйелі өмір сүруге қол жеткізеді. Әлеуметтену алғашқы реттік, және екінші реттік болып бөлінеді. Алғашқы реттік әлеуметтену отбасыда жүреді. Одан кейінгі әлеуметтену бала-бақша, мектеп, әлеуметтік ортада, т.б. жалғасын табады. Негізінен әлеуметтену үдерісінің негізгі агенттеріне отбасы, білім, неке сияқты әлеуметтік институттардың әсері мол. Отбасыда алған – тәрбие, білім беру мекемелерінде алған – білімі және тағы басқа институттардан алған түрлі оң құндылықтар адамның өмір бойы дұрыс, сапалы өмір сүруінің кепілі болады. Дегенмен, бұл – әлеуметтенудің қалыпты түрі.

Бала қажетті психикалық сапалар мен өзіндік қасиеттерді адамның іс–әрекетін және мінез–құқын меңгеру процесінде ғана игереді. Тәрбие процесінде бала іс–әрекеттің сан алуан түрін игереді. Бұл іс–әрекеттер белгілі бір сырқы нәтижеге бастайтын практикалық іс–әрекет. Сонымен бірге баланың іскі іс–әрекеті де қалыптасады, оның көмегімен балалар заттарды қарайды, оның қасиеттерін анықтайды, олардың бір–бірімен қалай байланысты болып тұрғанын ашады, ойынның суреттің, әлде не тұрғызудың түпкі ойын табады, суреттерді естерінде сақтайды. Осындай ішкі әрекеттердің қалыптасуы баланың психикалық дамуының негізгі мазмұнын құрайды. Бұлар қабылдау (перцепциялық іс–әрекет), ойлану, елестету, есте сақтау яғни психикалық іс–әрекеттер.


Оқу әрекетінің орындалуы балалар жұмысқа кірісуге дайын болғаннан кейін толығымен күшейеді. Оқу әрекеті–бұл баланың оқу материалын белсенді әрекет жасай алуы. Бұған талдау, салыстыру, өзгерту, модельдеу т.б әрекеттер кіреді. Оқу – бұл тек оқу жұмысының техникасы ғана емес, ең бастысы – өзінің алдына қойған міндеттерін шеше алатын нақты бала тұлғасын тәрбиелеу, өмірлік дағды қалыптастыру. Оқу процесі барысында тәрбиеші тек баланы оқытып қана қоймайды, дамушы тұлғаны тәрбиелейді, қалыптастырады.


Баланың психикалық дамуында маңызды рөл атқаратын іс-әрекет түрлерін төмендегідей сипаттауға болады.


Оқуда бірлескен іс– әрекетті ұйымдастыру


Оқу іс-әрекетінің негізгі ерекшелігі: жаңа білім, іскерліктерді игеру.

Сабақтардағы үйрету оқу іс-әрекетінің элементтерін бастапқы игеруде маңызды мәнге ие болу.


Танымдық ынталарды қалыптастыру мен оқу іскерліктерін үйрену.


Оқытуда білім мазмұныны игеру негізгі рөл атқарады.

Берік және бөлшектенген ынталар балада оқуға, үздіксіз жаңа білім алуға деген тілек тудырады.


Тапсырмаларды орындау арқылы өзін өзі тексеру, өзін өзі бағалау дағдылары қалыптаса бастайды.


Еңбекте бірлескен іс–әрекетті ұйымдастыру.


Қоғамға пайдалы өнімдерді – адамзатқа қажетті материалдық және рухани байлықтарды жасауға бағытталған іс-әрекет.


Еңбек іс-әрекетіне қатысу үшін белгілі білім, іскерлік пен дағды қажет.


Мектеп жасына дейінгі балалардың үлкен мүмкіндіктерін жүзеге асыруда қолданылатын тәрбиелеу әдістері мен түрлері, мектепке дейінгі жастың психофизиологиялық ерекшеліктері ескеріле отырып құрылған жағдайда ғана ең жоғары нәтижеге жетуге болады. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытуды тек дидактикалық ойындар, тікелей бақылаулар және пәндік сабақтар әртүрлі практикалық және бейнелеу іс-әрекеттері түрінде жүргізуге болады, бірақ ешқашанда дәстүрлі мектеп сабағы түрінде жүргізуге болмайды.


25 Үйретудің психикалық дамудағы жетекші рөлі.


Жоспары

  1. Психикалық дамудың негіздері




  1. Үйрету процесінің дамудағы маңызы Әдебиеттері:

Жұмасова Қ.С. Психология: Оқулық – Астана: Фолиант, 2006 – 292 б Қ.Жарықбаев. Жалпы психология.А.2002.


Балалар психологиясы, Мухина В.





  1. Баланың психикасының дамуы ортаға да тәуелді. Бала өзінің белсенді әрекеті арқылы әлеуметтік тәжірибені меңгереді. Әлеуметтік тәжірибені меңгеру арқылы бала қабілеттерге ие болады. Балалардың психикалық дамуының негізгі механизмі әлеуметтік, әрекеттің тарихи қалыптасқан түрлері мен формалары болып табылады. Қоғам әлеуметтік-тарихи тәжірибені мектепке дейінгі білім беру мекемелері арқылы жүзеге асырады.

Психикалық дамуды психикалық процесс жаңа сапалар мен қызметтердің пайда болуымен қатар, бар психикалық формалардың түрленіп өзгеруі деп түсінеміз. Психикалық даму әрекет, тұлға, таным үшеуінде өзара байланысты болатын сандық және сапалық өзгерістер. Сонымен, психиканың дамуы – өткенді қайталау ғана емес, сонымен қатар, күрделі, бірте-бірте сапасы артып, өзгеріп тұратын процесс. Психикалық даму өсіп қана қоймай, түрлене де алады, бұл жағдайда сандық өзгерістер сапалық өзгерістерге айналады Баланың бүкіл өмірі үлкендерге байланысты болып келеді. Олар ұйымдастырып, бағыт бағдар беріп отырады. Ерте сәбилік шақтан бастап үлкендерден үйрене бастайды. Бала жүру, сөйлеуді ғана емес, ойлау мен өзінің мінез-құлқын да саналы басқара бастайды.





  1. Көп жағдайда үйрену процесі баланың өздігінен қабылдауы, яғни саналы түрде бола бермейді. Үйрену ол үлкендердің инициативасымен, баланың қажеттілігіне сай жүргізіледі.

Баланың тәрбиесі саналы түрде, мақсатты көздей отырып үйрету қажет. Сол кезде ғана, баланы жан-жақты дұрыс дамуына жағдай жасай аламыз.


Балаға үйрететін тәжірибе мен білім көлемі жас шамасына сай болуы қажет. Сондай-ақ, ерте сәбилік шақта балаға түсіндіруден гөрі, практикалық ідңс арқылы көрсеткені жөн. Баланың жас шамасы мен жеткен жетістігін ескере отырып, жаңа тәжірибені меңгертуге жағдай жасаса ғана, нәтижелі болады. Яғни, бір деңгейде қалмай, келесі қажетті қадамды басуға үйрету.


Үйретудің психикалық дамудағы жетекші ролібала жаңа іс-әрекетті меңгере отырып, бірінші үлкендердің басшылығымен, көмегімен, одан кейін дербес әрекет етуге дағдыланады. Баланың қалыптасқан дағдысы және үлкендермен бірлесе отырып орындайтын айырмашылық – баланың жақын даму аймағы деп аталады.


Бастапқы кезде баланы қоршаған заттармен құбылыстар арқылы, күнделікті кездесіп, жеке тәжірибесіне сай келетін мәліметтер іріктелініп алындаы. Сондықтан да, ересек адамдар арнайы дамыту ортасын (пәндік-дамытушы орта) құрады. Бұл мәліметтер баланың практикалық әрекет етуге болатындай, қолмен ұстап, көзбен көре алатындай етіп жасалынған.


Балаға осы мәліметтерді күнделікті көрсетіп, қайталатып отыру нәтижесіне ғана үйрету процесі өз нәтижесін береі.


Баланың бойында белгілі бір іс-әрекет дағдыларын дамыту, тәжірибені беру тек үйрету процесінде ғана қалыптасады.


Әрбір психикалық функцияның, әрбір мінез-құлық формаларының даму ерекшеліктері болғанымен де, олар жалпы заңдылықтарға бағынады. Ол заңдылықтар психиканың барлық аумағында пайда болады және осы процестің өту барысын анықтайды.


Психиканың даму процесінің барысы бес ерекшелікке бағынышты:





  1. Әрбір психикалық функцияның қалыптасу қарқыны мен ырғағының болуы. Психикалық функциялардың әрқайсысы қандай да бір кезеңде белсенді де қарқынды дамиды. Олардың дамуы үшін жағымды мерзім сензитивті кезең деп аталады.




  1. Психикалық даму сатылап дамиды. Ол өзінің даму сатысында уақытқа тәуелді болады, өйткені әрбір жастың даму сатысының өзіндік логикалық қарқыны мен ырғағы психикалық дамуды кеңейте түседі. Әсіресе баланың қоғаммен қарым-қатынасы маңызды.

Психиканың дамуының ішкі және сыртқы шарттарының қатынасы әлеуметтік жағдаят болып табылады. Ол өз кезегінде баланың қоршаған ортаға, адамдарға, өзіне, заттарға, басқа адамдарға деген қарым-қатынасын анықтайды.

Психиканың дамуының әрбір кезеңінің өзінің жетекші әрекеті болады. Сонымен қатар психикалық дамудың мазмұнына психиканың қалыптасқан формалары мен жаңа пайда болған формаларының арасында қарама-қайшылық пайда болады. Баланың тілегі мен оған қойылатын талаптың сәйкес келмеуі әрекетті жаңа түрлерін меңгеруге әкеліп соғады, сөйтіп баланың әрекет аумағында жаңа білім пайда болады.





  1. Психикалық даму барысында процестер, қасиеттер мен сапалар өзара сараланып, ықпалдасады. Саралау арқылы әрекеттің жаңа түрі немесе формасы туындайды. Ықпалдастық арқылы психиканың дамуы неғұрлым жоғары деңгейге шығады.




  1. Психикалық дамудың өн бойында табиғатта және қоғамда кездесетін оқиға, құбылыстарды, соның ішінде адамның еркі мен мінезінің табиғатта және қоғамда кездесетін оқиға, құбылыстарды, соның ішінде адамның еркі мен мінезінің өзара байланыстылығының себептерін, себептестігінің заңдылығы маңызды. Қоғамда бала өз қатарластары мен ересек адамдармен қарым-қатынас жасау түрлерін терең игере бастайды.




  1. Психика икемділігімен ерекшеленеді, өйткені қандай да бір жағдаят, түрлі тәжірибе арқылы баланың психикалық дамуы өзгеріске ұшырайды.

Сөйтіп, аталған заңдылықтарға сәйкес бала психикасының дамуы жүзеге асады.


26 Жас шағы кезеңдері


Жоспар

  1. Жас шағы ұғымы

  2. Баланы психологиялық және педагогикалық жас кезеңдері

  3. Акселерация және ретрадация



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет