Мектепке дейінгі психология пәнінен дәрістер жинағы


Жоспар Даму дағдарысы Сензетивтік кезең Әдебиеттер



бет21/31
Дата27.05.2023
өлшемі267,87 Kb.
#177819
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   31
Байланысты:
МД психология (1)

Жоспар

    1. Даму дағдарысы




    1. Сензетивтік кезең Әдебиеттер:




  1. Балалар психологиясы, Мухина В.

  2. С.М. Жакупов, Жалпы психология негіздері. - Алматы:2012, 203 б




  1. Немов Р.С.Психология: Учеб. для студ. высш. пед. учеб. заведений: Общие основы психологии В 3 кн. 4-е изд. — М.: ВЛАДОС, 2003— 688 с




  1. http://www.semgu.kz/video/musicvideo.php?vid=71901ddad




  1. Л.С.Выготскийдің жас дағдарыстары ұғымы және жас кезеңдері теориялары Мектеп жасына дейінгі балалардың психикасының дамуы бір қалыпты болмайды.

Мұнда біз бір жас кезеңдерінің бір шама баяу, бірте-бірте өзгеретіндігін, ескі психикалық белгілер жойылып, оның орнына жаңа психикалық белгілердің пайда бола бастайтынын байқап, кейде бала неғұрлым тез секірмелі түрде адам танымастай өзгеріп кететінін байқаймыз. 1-кезеңнен 2-кезеңге бұлай секірмелі өтуді дағдарысты даму дейміз.


Баланы туғаннан мектепке барғанға дейінгі аралықтың өзінде бірнеше дағдарысты кезеңдерден өтеді. Әр даму кезеңдеріне өткен сайын, бір жастан екінші жасқа көшу барысында адам үлкен дағдарыстарға ұшырайды. Дағдарыс – қалыпты емес, «ауытқушылық» құбылысы, дұрыс емес тәрбиенің нәтижесі. Дағдарыстардың бір қалыпты кезеңдерден ерекшелігі, ұзаққа созылмайды, бірнеше ай болуы мүмкін. Осы қысқа, бірақ буырқанды сатыда баланың дамуында көп қасиеттер тез өзгереді. Осы уақытта даму апаттық сипатқа ие болуы мүмкін. Дағдарыстық және қалыпты даму кезеңдері кезектеседі. Сондықтан да Л.С.Выготскийдің жас ерекшелік кезеңі келесі сипатқа ие:





  • жаңа туылу дағдарысы – нәрестелік жас (2 ай-1 жас);

  • 1 жас дағдарысы – ерте балалық шақ (1-3жас):

  • 3 жас дағдарысы – мектепке дейінгі жас (3-6-7 жас):

  • 7 жас дағдарысы – мектеп жасы (6-7-13 жас);

  • 13 жас дағдарысы– пубертатты жас (13-17 жас)

  • 17 жас дағдарысы.

Бір кезеңнен екінші кезеңге бұлайша секірмелі өтуді дағдарысты даму дейміз. Осы жас дағдарыстары шамамен жас мөлшері бірдей ұқсас жағдайда өмір сүретін балаларда пайда болады және осыған қарап нақты жас кезеңдеріне бөлуге болады.


Қазіргі кездегі педагогтар мен психологтар туғаннан бастап нәрестенің тіршілік етуіне байланысты өзгеріс дағдарыстарды санамағанда баланың туғаннан мектепке барғанға дейінгі аралықтағы кезеңдерін 3 дағдарысты кезеңге бөлуге болады.


1 жас, 3 жас және ең ақырғы - 7 жас. Бұл кезеңдерін өзін жас ерекшеліктеріне байланысты 3 кезеңге:


1.Нәрестелік кезең туғаннан 1 жасқа дейін, бұның ішінде алғашқы



  1. айға дейінгі уақыт, бөбектік кезең, жаңа туған кезең;

2.Сәбилік кезең 1 жастан 3 жасқа дейін;
3.Мектеп жасына дейінгі кезең, 3 тен 7 жасқа дейінгі;
4.Бастауыш мектеп кезеңі, 7-12 жасқа дейінгі;
5.Жас өспірім 12-15 жас;
6.Жастық кезең 15-18 жас.
Мұндай жас кезеңдерінің өзі жас мөлшеріне қарай бөлінеді. Бірақ балалардың жас
көрсетікіштері тұрақты болмайды.
Әр елде есеюді, әр жас кезеңіне қандай ат беруді өзінше түсінген. Себебі әр елдің қоғамдық және мәдени дамулары әр түрлі дәрежеде болып келді. Әлеумет жасы дегеніміз әр елде есеюді қоғамдық жағдайдың ерекшелігінің билеуі. Демек, әркімнің өзіне тән хронологиялық жасынан басқа әлеумет жасы кездеседі. Әлеумет жасы менхронологиялық жастың арасында едәуір айырмашылық бар. Себебі әлеумет жасы деп отырғаны кәдімгі әркімнің туғаннан кейінгі жасы емес, заманның талабына қарай есеюдің әр түрлі болып келеді.

Сензитивті кезеңдер – бұл қандай да бір психикалық сапалардың даму үшін қолайлы жағдайларды анықтайтын кезеңдер.


Қазақ еліндегі адамдар өзге халықтар сияқты балаларды қай жасында қандай өзгерістерге ұшырайтынын бақылап, оның есеюіне орай жасты неше түрлі кезеңдерге бөлген.


Туғаннан 1 жасқа дейінгі кезең – нәресте жас кезеңі (бесік жасына 0-7 және еңбектеу жасына 7-12 ай );


1-ден 3 жасқа дейінгі кезді – бөбектер жасы;


3-тен 7 жасқа дейін – сәби жасы;
7-ден 11 жасқа дейін – періште жасы;
11-ден 15 жасқа дейін – бозбала жасы;
15-тен 20 жасқа дейін – үлкендер жасы

Осы мағлұматтар баланың өз жасынан басқа әлеумет жасының кездескеніне дәлел бола алады.


Жасты кезеңдерге бөлудің келтірілген осы жолы үнемі өзгермейтін нәрсе емес. Заманның өзгеруіне, соның ішінде әлеумет ортасының жағдайына сай жастарды топтастырудың азды-көпті өзгерістері болып отырады.

Баланың дамуы психологиялық заңдылықтарды қамтитынын төменгі бағыттарбойынша түсіндірді:





  • бала дамуының күрделі құрылымы бар – баланың уақыты басқа уақытпен сәйкес келмейді. Өзінің ритмі, уақыты бар. Баланың өмір ритмі басқа өмір ритімімен сәйкес келмейді. Баланың психикасында сапалық өзгерістер болады;




  • дамудың сапалық өзгерістері бар – жаңа қасиеттер дамып толықтырылып отырады;




  • біркелкі емес баланың дамуы – әр кезеңге қарай әр түрлі керекті қызметтер дамиды. Баланың дамуы санамен байланысты. Сананың құрылымы жүйелі және мағыналы болады;




  • жоғарғы заң психикалық функциясының дамуы – баланың дамуы сыртқы әрекеттің ішкі әрекетке айналуымен байланысты болады.

2.Нәрестелік кезеңнің жас дағдарысы. Бір жастағы дағдарыс.


Бала өмірге келгендігін өзінің алғашқы жылауымен білдіреді. Бала туылған кезде физикалық тұрғыдан анасынан бөлінеді. Ол мүлдем басқа жағдайға тап болады: температура, жарық, кеңістік, тамақтану жолы, дем алудың басқа жолын талап ететін орта. Жаңа ортаға бейімделуі барысында бала дағдарысқа ұшырайды.


Нәрестелік кезеңнен өту кезеңі бір жастағы дағдарыс деп аталады. Бұл дағдарыс белгілері басқа әлеуметтік ортада емес, ең бірінші отбасында байқалады. Л.С.Выготский 1 жас дағдарысты баланың алғашқы автономды сөйлеуімен және өз бетінше алғашқы қадам басуымен байланыстырады. Бұл дағдарыс та әрбір дағдарыс сияқты, дербестілік, ызалану реакцияларының пайда болуымен байланысты болады.Үлкендердің бала тілегін, сөзін, ым-ишарасын түсінбегендіктен немесе түсініп, оған қажет нәрсені орындамау салдарынан балада реніш сезімі пайда болады. Бала бұл кезде жүре бастағандықтан немесе белсенді жылдам еңбектей алатындықтан, ол үйдегі көптеген заттарға қол жеткізе алады. Үлкендер өткір заттарды, розеткаларды жауып, ыдыстарды, кітаптарды жоғарыға қояды. Баланың барлық тілегін орындау мүмкін емес, себебі, оның әрекеті оған және айналасындағыларға кері әсерін тигізуі мүмкін. Бала «болмайды» деген сөзбен таныс, бірақ дағдарыс кезінде бұл сөз аса өзекті болып табылады.


«Болмайды» немесе «жоқ» деген кезде күйіп-пісу жағдайы белгілі бір шекке жетеді: кейбір балалар айқайлайды, жерге құлайды, жерді қолымен ұра бастайды. Күшті реніш әрекеттерінің пайда болуы, көбінесе отбасындағы тәрбие стилімен байланысты.


Баламен жаңа қатынас құру жолдары, яғни балаға көбірек еркіндік беру, үлкендер тарапына шыдамдылық пен сабырлық көрсету дағдарысты жеңілдетіп, балаға аса қатты эмоциялық күштен арылуға көмектеседі.


Өтпелі кезең беретін басты «Олжа» - Л. С. Выготский «автономды» деп атаған өзіндік ерекшелік бар тілі.


Бір жастағы бала жаңа кезең – сәбилік шағына аяқ басарда көп нәрсені үйреніп үлгереді. Ол жүре бастайды, заттармен әрекеттеседі, үлкендер сөзін біршама түсінетін болады. Сөздері анық болмаса да сөйлеуге талпынады. Танымдық және эмоциялық жағына дами түседі.


Екінші критерий – бір жастан екіншісіне өту динамикасын есепке алу. Динамиканы анықтауда ең маңыздысы тұлға мен оны қоршаған әлеуметтік орта арасындағы қатынастарды есепке алу болып табылады.


Л.С.Выготский осы теорияларды салыстырып, талдап және сынға ала отырып, ең маңыздысы ретінде мынаны анықтады: баланы оқыту мектептегі оқытудың алдында басталады. Мектептегі оқыту ешқашан да өзінен-өзі басталып кетпейді, ал әр қашанда өз алдында бала дамуының белгілі бір сатысына ие. Л.С.Выготский «жақын даму аймағы» деген жаңа ұғымды енгізеді. Мұнда дамудың екі деңгейі қарастырылады:


Баланың өзекті даму деңгейі – міндеттерді өз бетінше орындай алу қабілеті.


Жақын даму деңгейі – баланың өзбетінше іс-әрекетінің өзекті деңгейі мен оның үлкендердің немесе неғұрлым тәжірибелі құрбылыстарының жетекшілігімен атқаратын өз бетінше іс-әркетінің потенциалды деңгейінің арасындағы қашықтық.


Үш жастағы дағдарыс. Үш жастағы дағдарыстың екінші көрінісі – қырсығу. Жағымсыздық қырсығудан өзгеше қылық. Қырсығудың өзін қасарысудан ажырата білу керек. Мысалы, бала бір нәрсенің орындалуын өзінше талап етіп қасарысып тұрып алады. Бұл қырсықтану емес, бұл үш жастағы дағдарысқа дейін де кездеседі. Мысалы, бала бір затты иемденгісі келеді, бірақ оны бірден ала алмайды. Ол бұл заттың өзінікі болуына қасарысумен қол жеткізеді. Қырсықтану дегеніміз, сәбиге бір зат оған аса қажет болғандықтан қасарыса қалмайды, ол затты сұрағаны үшін ғана: қасарысады. Ол өз талабының орындалуын тілейді. Айталык, сәбиді ауладан үйге шақырдық дейік; ол көнбейді, бірақ біз оның үйге кіру керектігін дәлелдеп, үгітгейміз, ол дәлелді түсінгенімен; бәрібір үйге кірмейді. Сәбидің қырсықтану себебі өзінің бастапқы шешіміне байланысты болады. Тек осы жағдай ғана қырсықтануға жатады. Қырсықтануды кәдімгі қасарысудан ерекшелейтін екі сәт бар. Оның бірі – жағымсыз қылыққа ұқсастығы, оның себепке қатысы бар. Егер бала дәл қазір қажет етіп тұрған нәрсесін қасарысып сұраса, бұл қасарысу болмайды. Мысалы, ол шанамен сырғанауды ұнатады, сондықтан да күні бойы аулада жүргісі келеді.


Екінші сәт. Егер жағымсыздыққа әлеуметтік сипат тән болса, яғни бала ересектердің айтқанына керісінше әрекет жасайтын болса, қасарысу сипаты болғаны. Баланың ызасы өзгермелі болады деп айтуға болмайды. Баланың дағдарысқа ұшырау кезеңіне дейін оның өзіне деген ниет-қылығының себептерін қалайша болатындығына көз жеткізуіміз керек.


28 Балалардың психикалық дамуының жеке дара ерекшеліктері




Жоспар



  1. Мектеп жасына дейінгі баланың жеке ерекшелігі

  2. Жеке ерекшеліктерді есепке алу

Әдебиеттер:

  1. Балалар психологиясы, Мухина В.

  2. С.М. Жакупов, Жалпы психология негіздері. - Алматы:2012, 203 б




  1. Немов Р.С.Психология: Учеб. для студ. высш. пед. учеб. заведений: Общие основы психологии В 3 кн. 4-е изд. — М.: ВЛАДОС, 2003— 688 с




  1. http://www.semgu.kz/video/musicvideo.php?vid=71901ddad

Мектеп жасына дейінгі баланың жеке ерекшелігі дегеніміз — оның жас мөлшеріне,

жыныстық және рухани дамуына, жан-жақты тұтас жетілген жеке тұлғалық қасиетінің қалыптасуына органикалық жағынан байланысты өзіне тән ерекшелігі. Осыған орай олармен жеке жұмыс жүргізу педагогикалық процестің маңызды бөлігі болып табылады. Жеке жұмыс — бұл педагогикалық жұмыстағы алдын ала іс-әрекет ұйымдастыру.


Жеке ерекшеліктерді есепке алу — бұл әрбір жеке тұлғаның қызығушы-лығын, бейімділігін, сапасын, қасиетін, талабын және мүмкіншілігін ескере отырып, өскелең ұрпақтың әлеуметтік қалыптасу процесінде сәтсіздіктер мен қателіктерді барынша кеміте отырып тәрбиелеуде педагогиқалық құралдардың, әдістемелердің және түрлердің барлығын пайдалану. Мектеп жасына дейінгі баланың жеке ерекшеліктерін есепке алуда нерв жүйесінің қызметі, адамның темпераменті көп жағдайда ескеріле бермейді. Темперамент — бұл адамның психикалық қызметі мен мінез-құлқының қуатын анықтайтын жеке ерекшелігі. /Сангвинник — еті тірі; флегматик -жәй, салмақты; холерик — қызба, шапшаң; меланхолик — ойлы, терең толғанысты/.


Жеке ерекшеліктерді есепке алу маңызды жағдай. Педагог бұл мәселеде шектен шығып кетпеуі керек, яғни, баланың мүмкіншілігін артық бағалау да, ескермеуі де баланың жеке дамуына зиянын тигізеді.


Міне, осылайша тәрбие беруде де, оқытуда да әр балаға жеке қарым-қатынас жасау маңызды, себебі әр балада оның рухани қажеттілігінің, өзіндік қызығушылығының көрінісі ретіндегі жеке ерекшелігі айқын көрініс береді, ал ол әр адамның жан-жақты дамуы үшін қоғамның талабы негізінде туындайды. Жеке қарым-катынас әр баланың бейімділіктері мен қабілеттерінің ашыла түсуіне жақсы жағдай жасау үшін аса маңызды, сондай-ақ ол оқу бағдарламасының талаптарын орындаудағы қиыншьшықтарды жеңуде де зор рөл атқарады.


29 Баланың өмірге келген алғашқы жылындағы психикалық дамуы






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет