Жоспары:
Мектепке дейінгі шақта ойынның психологиялық негіздері
Ойынның сюжеті мен мазмұны.
Баланың психикасының дамуындағы ойынның маңызы. Әдебиеттер:
Балалар психологиясы, Мухина В.
С.М. Жакупов, Жалпы психология негіздері. - Алматы:2012, 203 б
Немов Р.С.Психология: Учеб. для студ. высш. пед. учеб. заведений: Общие основы психологии В 3 кн. 4-е изд. — М.: ВЛАДОС, 2003— 688 с
http://www.semgu.kz/video/musicvideo.php?vid=71901ddad
Мектепке дейінгі шақта ойын іс–әрекетінің басты түріне айналады, алайда бұл
қазіргі баланың, әдетте, көп уақытын өзіне қызғылықты ойындармен өткізетінінен емес, ойын баланың психикасында сапалық өзгерістер туғызатындығынан болады.
Мәселен, қолына түскен затпен қимылдар жасағанда немесе үлкендердің үйреткендерін орындағанда (әсіресе, шынайы заттармен емес, ойыншықтармен орындалса) бала ойнап отыр деп жиі айтамыз. Бірақ бір әрекетімен екінші бір әрекетті, бір затпен екінші бір затты бейнелегенде ғана нағыз ойын болады. Ойын әрекеті белгілік (символикалық) сипатта өтеді. Тек ойындарда ғана бала санасында белгілік функция қалыптасатындығы неғұрлым айқын байқалады. Белгілік функцияның ойын үстінде көруінің өз ерекшеліктері бар. Заттар мен ойын балаларының ұқсастығы, мәселен, суреттің бейнеленген болмысқа, (шындыққа) ұқсастығы әлдеқайда төмен болады. Әйтседе ойындық алмастырғыштар балама затпен әрекет жасағандай дәрежеде олармен әрекет жасауға мүмкіндік беруге тиіс. Сондықтан бала таңдап алынған заттың баламасына өзінше ат беріп және оған белгілі бір тән қасиеттерді таңа отырып, оның да кейбір ерекшеліктерін ескереді. Мектеп жасына дейінгі бала негізгі заттың баламаларын таңдағанда олардың нақты шынайы қарым –қатынастарын негізге алады. Мысалы, шырпының талы – қонжық, тұтас талы – кірекей (ана аю), шырпы қорабы – қонжықтың төсек – орны болатындығына ол бірден келіседі. Бірақ қораптың – қонжық, шырпы талы – оның төсек орны болуы керек деген шешімге ол мүлде келіспейді. Бала бұған: « Бұлай болмайды», - деп жауап береді.
Мектеп жасына дейінгі бала ойын іс–әрекетінде заттарды ажыратып қана қоймай, сонымен қатар өзіне қандай да бір рөлді алады да, сол рөлге сәйкес іс–әрекет жасай бастайды. Бала өзін аттың немесе қорқынышты аңның орнына қоя тұрса да, көбіне ол ересек адамдарды: анасын, тәрбиешісін, ұшқышты, жүргізушіні бейнелейді. Балаға ойын іс–әрекеті процесінде адамдар арасындағы қарым – қатынастар, олардың құқықтары мен міндеттері біртіндеп ашыла түседі.
Айналасындағыларға қатысты міндеттер – баланың өз баласына алған рөлді орындау қажет екендігін сезгендігі. Өзге балалар одан өзіне алған рөлін дұрыс орындауды күтеді және талап етеді. Мысалы, сатып алушының рөлінде бала өзінің алғандары үшін ақша төлемей кіруге болмайтындығын түсінеді. Дәрігердің рөлі оны шыдамды болуға және ауруға талап қоя білу және тағы басқаға да міндеттейді. Міндеттерді орындай отырып, бала ойынға қатысушылардың рөлін орындайтын басқалардың да құқықтарына ие болады. Мәселен, сатып алушының рөліндегі бала өзіне ойыншықтар сөресінде бар кез келген тауарды жіберуді талап етуге және басқа сатып алушыларға жасалатындай қатынасты талап етуге құқығы бар. Дәрігір өзіне құрмет пен сенімділік қарым–қатынасты, өзі берген нұсқауларды емдеушілердің орындауларын талап етуге правосы бар. Сюжетті ойынның мәні рөлді орындаушының өзіне қойған міндеттерді орындауы мен ойынға қатысушы өзгелерге де қатысты праволарды іске асыру болып табылады.
Ойынның сюжеті мен мазмұны. Балалар өздерінің рөлді ойындарында айналасындағы шындықтың көп жақтылығын көрсетеді. Олар үй тұрмысынан, үлкендердің еңбектегі іс–әрекеті мен олардың еңбектегі қарым–қатынастарынан көріністер көрсетіп, замана оқиғаларын ( ғарышқа ұшулар, арктикалық экспедициялар) және басқаларды бейнелейді. Балалар ойындарында көрсетілетін шындық рөльі ойындардың сюжеті болады. Балалар араласатын өмір ауқымы неғұрлым кең болса, ойын сюжеті де соғұрлым кең де сан алуан келеді. Сондықтан да, мектепке дейінгі кішкентайлардың ойын сюжеттері шағын, ал мектепке дейінгі ересектердің ойын сюжеттері өте сан алуан. Бес–алты жастағы балалар қонақтар, қызы мен анасы, балабақша ойындарын ғана емес, көпір салу, ғарышқа зымыран ұшыру сияқты ойындарды да ойнайды.
Ойын сюжетінің әр алуандығы артқан сайын ойын уақытының ұзақтығы да артады. Мәселен, үш–төрт жастағы балалар ойынының ұзақтығы бар болғаны 10–15 минут болса, төрт- бес жаста балалар ойынының ұзақтығы 40-45 минутқа, мектепке дейінгі ересектерінің ойыны бірнеше сағатқа, кейде тіпті бірнеше күнге созыла береді.
Балалар ойынының кейбір сюжеттері мектепке дейінгі кішкентайларда да, ересектерінде де қызы мен анасы, балабақша ойындары кездеседі. Бірақ ойын сюжеттері мектепке дейінгі жастағы балалардың бәріне ортақ болғанымен ойындардың ойналу сипаты түрліше: бір тақырып төңірегінің өзінде мектепке дейінгі ересектер ойыны кішкентайлар ойынына қарағанда анағұрлым алуан түрлі, әрбір жасқа ортақ сюжет төңірегінде болмысты түрлі жақтарынан көрсете білу тән. Мәселен, челюскиншілер болып ойнауда балалар дамуының түрлі сатыларын байқауға болады. Сәбилер үшін бұл ойынның ең түйінді жері – мұзжарғышпен жүзу. Жас сатысы жоғары болғанда бірінші орынға полярлық эпопеяға қатысушылардың сырттық әлеуметтік қарым–қатынастары мен әлеуметтік сатысы (кімнің жолы үлкен), капитанның, машинистің, радистің тағы басқаларының мінез–құлық ережелері шығады. Ақырында, моральдық, асқақ сезім түріндегі ішкі әлеуметтік қарым–қатынастардың бәрі өзекті мәселеге айналады. Ұқсас ойындарды балалар кез келген жаста ойнай береді, бірақ түрліше ойнайды.
Сонымен, сюжетке нұсқау ойынды толықтай сипаттамайды. Сюжетпен қатар рөлді ойынның мазмұнын да ажырату қажет. Ересектер іс–әрекетінен бала нені негізгі сәт деп бөліп көрсетсе, ойынның мазмұны сол болып табылады. Әртүрлі жастағы балалар тобы ортақ сюжетті ойынға түрліше мазмұн береді. Айталық, кішкентайлар ересектердің қандай да бір істерін еске түсіре отырып, тек белгілі бір заттармен білгілі бір қимылды әлденеше рет қайталайды. Заттар арқылы үлкен адамдардың шынайы істерін қайталап көрсету мектепке дейінгі кішкентайлар ойынының негізгі мазмұны болып табылады. Мысалы, сәбилер түскі тамақ ішу ойынын ойнағанда қандай да бір қимылды бірнеше рет қайталай отырып, нан тіледі, ботқа пісіреді, ыдыс–аяқ жуады. Әйтсе де балалар тілінген нанды үстел басындағы қуыршақтардың алдына қоймайды, пісірілген ботқаны тәрелкеге салмайды, таза тұрған ыдыстар жуылады. Мұнда ойын мазмұны тек қана заттар арқылы жүргізілетін қимылдармен көрсетіледі.
Ойында бірлескен іс–әрекетті ұйымдастыру:
Ойын баланың психикасында сапалық өзгерістер туғызады.
Айналасындағыларға қатысты міндеттерді сезінеді.
Ойын арқылы өзелерге де қатысты құқықтарға ие болады.
Ойындарда көрсетілген шындық ойынның мазмұны болады.
Кішкентайлардың үлкен адамдардың шынайы істерін қайталап көрсетуі ойынның мазмұны болады.
Естиярлар ойынының мазмұны адамдар арасындағы қарым-қатынас.
Бірлескен ойында балалар қарым-қатынас жасауды, басқалар іс-әрекетімен үйлестіруді, өзара түсінісуді, өзара көмектесуді үйренеді.
Ойын әрекеті психикалық процестер ырықтылығының қалыптасуына әсер етеді.
Ойын тілдің дамуын ықпал етеді.
Ойын қиялдың дамуында анықтаушы орын алады.
Ойын іс-әрекеті негізінде оқу іс-әрекеті де қалыптаса бастайды.
Ойын әрекетінде баланың психикалық қасиеттері мен жеке басының ерекшеліктері неғұрлым тез қалыптасады. Ойын кезінде іс-әрекеттің кейін дербес мәнге ие болатын өзге түрінің де негізі қаланады.
Ойын әрекеті психикалық процестер ырықтылығының қалыптасуына әсер етеді. Сонымен балаларда ырықты зейін мен ырықты ес дами бастайды. Ойын жағдайынан гөрі әр нәрсеге жақсы зейін тоқтады және көбірек есінде сақтайды. Бала үшін саналы мақсат (зейін тоқтату,есте сақтау, еске түсіру) ойын арқылы ерте және бәрінен оңай бөлінеді. Ойын шарттарының өзі баладан ойын жағдайында ендірілетін заттарға, ойналатын көріністер мен сюжетке зейін тоқтатуды талап етеді. Егер бала алдағы ойын жағдайының талабына зейін қойғысы келмесе, ойын шарттарын есте ұстамаса, оны құрдастары ойыннан шеттетеді.Қарым-қатынасқа, эмоциялық мадақтауға қажеттілік баланы мақсатты бағытталған зейін тоқтатуға және есте сақтауға мәжбүр етеді.
№34 Ойын жағдайындағы балалардың шынайы қарым-қатынастары
Достарыңызбен бөлісу: |