Мектепке дейінгі психология пәнінен дәрістер жинағы


Жоспар Ойын әрекеті Ойын жағдайындағы балала Пайдаланылған әдебиеттері



бет25/31
Дата27.05.2023
өлшемі267,87 Kb.
#177819
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   31
Байланысты:
МД психология (1)

Жоспар



  1. Ойын әрекеті

  2. Ойын жағдайындағы балала

Пайдаланылған әдебиеттері:
Дүйсенова Ж.Қ., Нығыметова Қ.Н., Балалар психологиясы: Оқулық. – Алматы, Нур-принт, 2015 – 333б.

Мектепке дейінгі ұйымдарда тілдердің үштұғырлығын дамыту: Бағдарлама, - Астана,2013





  1. Балалар психологиясы, Мухина В.

  2. С.М. Жакупов, Жалпы психология негіздері. - Алматы:2012, 203 б

Мектеп жасына дейінгі шақтағы баланың негізгі іс-әрекеті – ойын. Мектепке дейінгі шақта ойын іс–әрекетінің басты түріне айналады, алайда бұл қазіргі баланың, әдетте, көп уақытын өзіне қызғылықты ойындармен өткізетінінен емес, ойын баланың психикасында сапалық өзгерістер туғызатындығынан болады.


Мәселен, қолына түскен затпен қимылдар жасағанда немесе үлкендердің үйреткендерін орындағанда (әсіресе, шынайы заттармен емес, ойыншықтармен орындалса) бала ойнап отыр деп жиі айтамыз. Бірақ бір әрекетімен екінші бір әрекетті, бір затпен екінші бір затты бейнелегенде ғана нағыз ойын болады. Ойын әрекеті белгілік (символикалық)* сипатта өтеді. Тек ойындарда ғана бала санасында белгілік функция қалыптасатындығы неғұрлым айқын байқалады. Белгілік функцияның ойын үстінде көруінің өз ерекшеліктері бар. Заттар мен ойын балаларының ұқсастығы, мәселен, суреттің бейнеленген болмысқа, (шындыққа) ұқсастығы әлдеқайда төмен болады. Әйтседе ойындық алмастырғыштар балама затпен әрекет жасағандай дәрежеде олармен әрекет жасауға мүмкіндік беруге тиіс. Сондықтан бала таңдап алынған заттың баламасына өзінше ат беріп және оған белгілі бір тән қасиеттерді таңа отырып, оның да кейбір ерекшеліктерін ескереді.


*символическая функция - symbolic function - способность организовать свой опыт





  • игре, где ребенок на сенсомоторном уровне демонстрирует с помощью конкретных предметов, которые являются символом чего-то другого, то, что он когда-либо прямым или косвенным образом испытал; целостность (Wholeness) - возникающее ощущение психической сложности и полноты, которое развивается на протяжении всей жизни.




    1. Детерминизм принципі психикалық функциялар мен қасиеттердің қалыптасуы, сонымен қатар олардың ішкі және сыртқы себептермен байланысының ерекшеліктеріне негізделеді. Бұл себептер баланың өмір сүру ортасы, тәрбиесі, ересектермен, өз құрбы-құрдастарымен қарым-қатынасы, әрекеті мен белсенділігінің ерекшелігіне байланысты болады.

Психиканың дамуының ішкі және сыртқы шарттарының қатынасы әлеуметтік жағдаят болып табылады. Ол өз кезегінде баланың қоршаған ортаға, адамдарға, өзіне, заттарға, басқа адамдарға деген қарым-қатынасын анықтайды.


Принцип детерминизма - The principle of determinism - признание необходимости изучать закономерные зависимости психических явлений от порождающих их факторов. Оно включает причинность как совокупность обстоятельств, предшествующих во времени следствию и вызывающих его, но не исчерпывается этим объяснительным принципом, поскольку существуют и другие формы





    1. Мектепке дейінгі кішкентайлар өз ойындарында тым шағын, тар сюжеттер төңірегінде қарым-қатынастарын бейнелеу басты орын ала бастайды. Мәселен, мектепке дейінгі естиярлардың ойыны мынадай сипатта өседі. Баланың ойыны шексіз қайталанбайды, бір ойын екінші ойынға ауысып отырады. Мұңдағы қимылдар алынған рөлге сәйкес өзге адамға деген белгілі қарым-қатынасты бейнелеуі үшін жасалады. Осындай қарым-қатынас белгілі бір рөлге ие болған қуыршақпен де жасалады. Мысалы, қуыршақпен күнделік үй тұрмысындағы іс-әркеттер мен оқиғаны бейнелесе, біраз уақыттан сон онымен балабақшадағы тәрбиешімен өзін көрсетуі мүмкін.

Мысалы, егер мектепке дейінгі естияр бала түскі тамақ ішу ойының ойнаса, ол нанды кесіп үстел үстіне қояды. Балаларды бейнелейтін қуыршақтарға ботқаны ұсынғанда өзіне тәрбиешінің немесе күтушінің рөлін алған барлық бала (қуыршақтар) ботқаны тауыса жеп, ас үстінде өзара әңгімелелеспеулерін қадағалайды. Мектепке дейінгі естиярлардың жүргізетін ойыны мектепке дейінгі кішкентайлардың ойынына қарағанда тұжырымдырақ, ықшамдылау болады. Мектепке дейінгі естиярлардың сюжетті ойындарының негізгі мазмұны – адамдар арасындағы қарым-қатынас.


Ойын кезінде адамдар арасындағы қарым-қатынасты толығынан бере білу баланы белгілі ережелерге бағынуға үйретеді. Ойын арқылы балалар үлкендердің қоғамдық өмірімен таныса отырып, адамдардың қоғамдық функциясы мен олардың арасындағы қарым-қатынас ережелерін түсінуге де араласады.


Мектепке дейінгі ересектердің рөлді ойынының мазмұны өзі қалаған рөльден туындайтын ережелерге бағыну болып табылады. Бұл жастағы балалар ережелерді орындауға төтенше міншіл келеді. Ойында қоғамдық мінез-құлық ережелерін орындай отырып «не болатынына» назар аударады. Сондықтан олар ненің болатындығы, ненің болмайтындығы жөнінде пікір таластырып: «Аналар бұлай істемейді», «Дәрігер ауруларды осылай қарай ма?»- және т.б. дейді.


Сонымен, рөлді ойын сюжеті мен мазмұнының дамуы айналасындағы үлкендердің өмірін баланың барған сайын тереңірек ұғына түскендігін бейнелейді. Шынайы қарым-қатынас - ортақ істі орындау кезіндегі балалардың серіктестік, жолдастық ретіндегі бір-бірімен қарым-қатынасы. Балалар өзара сюжет туралы және рөлдерді бөлісу жөніндегі келіседі, ойын барысында пайда болатын мәселелер мен түсініспеушіліктерді талқылайды. Ойын кезінде балалар арасында ынтымақтастықтың белгілі бір түрлері пайда болады. Ойын балалардан бастамашылдық, көпшіл болуды, қарым-қатынас орнату және оны үзбеу үшін өз қылығын өз тобындағы құрдастарының қылығымен үйлестіре білу қабілеті сияқты қасиеттерді талап етеді.


35 Мектепке дейінгі балалық шақтағы іс-әрекеттің жемісті түрі – оқу




Жоспар



  1. Оқу және еңбек іс-әрекеті элементтерін дамыту.

  2. Оқу ынтасының пайда болуы және оқу іс-әрекетін меңгеру.

  3. Мектепке дейінгі оқудың мазмұны



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет