Пайдаланылған әдебиеттер:
Жалпы психология Жакупов С.М., Оқулық – Алматы: Алла прима, 2012ж
Сәбет Бап-Баба (Бабаев). Психология негіздері: Оқу-анықтамалық қолданба. Алматы: Нұр-пресс, 2007. – 06 бет.
Психология. Жарықпаев Қ.
Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарыaaның жеке қасиеттерінің, сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болған мидағы бейнелерді туйсік деп атайды. Түйсік арқылы заттардың түсін, иісін, дәмін, қатты-жүмсақ-тығын, кедір-бүдырлығын т.б. осы секілді қасиеттері ажыратылады. Сондай-ақ түйсік денеде болып жататын түрлі өзгерістер жөнінде де, яғни дененің қозғалысы мен оның кеңістікке орналасуын, жеке бөліктерінің жүмысы жайлы хабарлайды. Сыртқы дүниені танып-білу түйсіктен басталады. Ол білім атаулының алғашқы көзі. Мәселен, жолдасыңнан көзін жүмуын өтініп, оның алақанына белгісіз бір затгы тигізсең, сосын одан оның не екенін сұрасаң, ол: «қатты, жылтыр, мүздай, жүмсақ, жылы, кедір-бұдыр бір нәрсе» деп жауап береді. Заттардың нақты атауы емес, тек түрлі қасиеттерін білдіретін осы сөз тіркестері түйсік болып табылады.
Адам түйсіктерінің ерекше жетіліп, дамуына еңбек процесі, тарихи-әлеуметтік жағдайлар, екінші сигнал жүйесінің (тілдің), сананың пайда болуы күшті себеп болды. Адам түйсіктерінің жануарлар түйсіктерінен сапалық айырмашылығы болатындығы, олардың тіршілік жағдайына байланысты түрліше көрінетіндігі ғылымда әлдеқашан дәлелденген жәйт.
Мәселен, құстардың дене құрылысын да, психикасын да айқындайтын негізгі
факторлардың әуелде үшып жүріп тіршілік етуге бейімделгендігі. Бұл үшін құстардың
көзі қырағы, құлағы естігіш болуы аса қажет. Жыртқыш құстардың көзі аса қырағы,
өйткені олар өз жемтігін алыстан көруі қажет, ал иттерде иіс түйсігі ерекше дамыған.
Әйтсе де, құстар да, иттер де заттардың мән-мағынасын, бір-бірімен байланысын ажырата
алмайды. Адам түйсіктерінің ерекшелігі олардың ойлау, сөйлеу әрекетімен тығыз
байланыстылығында.
Түйсіктердін негізгі заңдылықтары
А. Сезгіштік және табалдырық
Психологияда адамның түйсіне алу қабілетін сезгіштік деп атайды.
Сезгіштікті: 1) абсолюттік, 2) айырма сезгіштік деп екіге бөледі. Абсолюттік сезгіштік дегеніміз — сезім мүшелерінің өте әлсіз тітіркендіргіштерді түйсіне алуы. Сезгіштік түйсіктің табалдырығымен тығыз байланысты. Мәселен, абсолюттік
сезгіштік түйсіктік табалдырығына тәуелді. Абсолюттік табалдырық — түйсік табалдырығының шегі. Абсолюттік табалдырық тітіркендіргіштін болмашы ғана түйсік тудыратындай ең аз шамасы. Түйсік табалдырығының шамасы азайған сайын адамның абсолют сезгіштігі арта түседі. Мәселен, біреу алақанындағы бір ми квадрат аумакқа түсетін салмақты 3 гр-нан бастап сезетін болса, екінші біреу осындай жерге түскен салмақты алты грамнан бастап сезеді. Бұдан соңғы адамның түйсік табалдырығы екі есе артық та, абсолюттік сезгіштігі екі есе кем екендігі көрінеді. Егер тітіркенудің шамасы табалдырықтан төмен жатса, оңда түйсік пайда болмайды. Мәселен, адам денесіне қонған тозаңды сезе алмайды, көз улътра күлгін сөулелерді көрмейді, құлақ әлсіз дыбыстарды естімейді. Өйткені осы тітіркендіргіштердің бірде-біреуінде түйсік туғызарлықтай күш жоқ.
Айырма сезгіштік деп сезім мүшелерінің тітіркендіргіштердің арасындағы болмашы айырмашылықты түйсіне алуын айтады. Айырма сезгіштікті сипаттау үшін не айыру табылдырығының мөлшерімен пайдаланады. Мәселен, егер алақанға жүз грамм салмақ салып, оған тағы бір грамм қосса, салмақтың артқаны білінбейді. Оны айыра білу үшін 3-4 грамм қосу керек, Айыру табалдырығы түйсіктің түрлерінде әртүрлі болып келеді. Мәселен, жарықты айыратын табалдырықтың күші 1/100-ге тең. Бүл айтылғандарды мынадай фактілермен дәлелдейді. 100 шамдық жарық Күшіне тағы бір шамдық жарық қосылса, сонда жарықтың аздап та болса артатындығы байқалады. Ал жүз кісі қатынасқан хорға тағы да он адам қосылса, хордың даусы аздап болса да көтеріледі.
Ә. Адаптация
Сезім мүшелерінің сезгіштігі әсер етуші тітіркендіргіштерге біртіндеп бейімделуге
байланысты да өзгеріи отырады. Бүл кұбылысты адаптация дейді. Адаптация күбылысы адам сезгішіігінің артуын немесе төмендеуін көрсетіп отырады Түйсіктердің қай-қайсысы да адап-тацияланады. Мәселен, көру түйсігіндегі адаптацияны алайық. Жарық жерден қараңғы үйге кіру бізде қараңғылық адаптация-сын туғызады. Жарық жерден қараңғы бөлмеге кіргенде көздің қарашығы 17 есе үлғаяды. Бүл қарашыктан өтетін жарықтың мөлшері 17 есе көбейеді деген сөз. Көздің қараңғыда көргіштігіне торлы қабықтың шетіне орналасқан таяқшалардың әсері етс күшті. Олардың нашар жарықты да жақсы сезе алатын қасиеті бар. Мәселен, 30-40 минуттан кейін қараңғыдағы көру сезгіштігі 200 мың есе артады. Ал қараңғыдан жарыққа қарай сезгіштіктің өзгеруі жарық адаптациясын көрсетеді. Алғашқыда күн көзге шағылы-сып, көз еріксіз жүмылады.
Адаптация қүбылысына перифериялық нерв жүйесімен қатар ми қабығы да қатысады.
Адаптация тері (тактиль) түйсіктерінде де күшті байқалады. Осының салдарынан кейбір адамдар тітіркендіргіштерді түйсінбей де қалады. Температуралык. түйсіктердің де адаптациясы мол.
Мәселен, судың бірқалыпты салқындығына дене тез уақыт ішінде төселеді де, адамның терісі суыққа тітіркенбейтін болады.
Иіс түйсіктерінде адаптация түрлі дәрежеде көрінеді. Мәселен, камфараның иісі 1-2 минуттан кейін сезілмейтіы болса, горчица мен нашатыр сгшртінің иісіне адаптациялану тезірек болады.
Ауырсыну түйсіктеріндегі адаптация өте әлсіз, ауырсыну организмнің қалыпты жүмысының бүзылғандығын, осы сигнал-дың биологиялық рөлін көрсетеді. Адаптация қүбылысы үнемі өзгеріп отыратыы сыртқы дүние тітіркендіргіштеріне анализатор-лардың калай да бейімделе алатындығын байқатады.
Б. Түйсіктердің өзара байланысы. Сенсибилизация
Егер адаптация анализаторлардың сезгіштігінің түрлі жағдайла-рға байланысты артуының төмендеуінің көрсеткіші болса, сенси-билизаңия сезгіштіктің тек артуын ғана керсетстін қүбылыс болып табылады.
Сезім мүшелерінің біреуінің әсерінен басқаларының сезгіштігі артып отырады. Мұны былайша түсіну керек. Әлеіз тітіркендіргіштер өзімен бірге әсер етіп түрған басқа тітіркендіргіштердің сезгіштігін арттырады. Мәселен, көзге жеткілікті мөлшерде түскен жарық оның көру қабілетін арттыру-мен қатар есту түйсігінің сезімталдығының артуына да себепші болады. Қызыл түс адамның ақ, қара түстерді дүрыс ажыратуына жәрдемдеседі. Түнгі үшуға дайындық кезінде үшқыштардың көздеріне 20-30 минут бойына қызыл көзілдірік киетіндері осыдан.
С. В. Кравков, К. X. Кекчеев зерттеулерінде адамның дамыл-дамыл таза ауада дем алуы, жеңіл дене қимылын жасауы, беті-қолын салқын сумен сүртінуі көру сезгіштігін арттыратындығы дәлелденген.
Сыртқы дүниенің затгары бір ғана анализатормен түйсінілмейді. Бір сезім мүшесіне тускен әсер, қалған сезім мупіелеріне де әсер етедЬТүйсіктердің бір-бірімен байланысқа түсуі сыртқы дүниенің күбылыстарын толығырақ түйсінуге жағдай жасайды. Болар-болмас дәм түйсігі (кышкыл нәрсе) көру сезгіштігін артгырады, түз ерітіндісін ішкеннен кейін таза судың өзі тэтті болып көрінеді? Осындай өзара байланыс көру, сипай сезу, қозгалыс түйсіктерінде де көп байқалады. Түйсіктердің өзара байланысының өте айқын көзге түсетіні контраст (қарама-қарсылық) қүбылысы. Мәселен, айналасын ақ түске бояған сүр тік бүрыш айналасын қара түске бояған сүр тік бүрыштан күңгірттеу көрінеді. Ал осы сүр тік бүрыштың айнадасын қоңыр түске бояса, жасыл тартып, сары түске бояса, көгілдір болып көрінеді. Тым-тырыс кезде дыбыс жақсы естіледі, ыссы нәрседен кейін салқынды түйсіну өзінен-өзі белгілі. Жүйке процестерінің өзара индукция зандылығьшен (бір мезгілдік индукция) түсіндіріледі
В.Синестезиz
Тітіркендіргіштер сезім мүшелерінің біреуінде ғана түйсік туғызудың орнына сол сәтте басқа түйсіктердің, пайда болуына да жағдай жасайды. Мәселен, кейбір адамдар біреудің сөзін естігенде, бүған қоса түрлі дәмдер мен түстерді де сезінуі мүмкін. Мүндай адамдардың бірі қызғылт түстен жылылыкты, екіншілері — көгілдір-жасыл түстен суықты сезінеді. Түйсіктердің осылайша қосарланып жүруін синестезия дейді. Есту, көру, сипай сезу, иіс, дәм түйсіктерінде кездесіп отыратын осы қүбылыс өмірде онша жиі кездесе бермейді. Синестезия — түйсіктердің өзара байланы-сының мөлшерден тыс дамыған бір көрінісі.
Г. Бірізді бейнелер (эйдетикалық ес)
Тітіркендіргіш әсерінің тоқталғанына қарамай, аз ғана уақыт болса да, түйсіктің өз күшінде қалатын кездерін бірізді образдар деп атайды. Бұлар көру, есту, иіс, дәм тактиль түйсіктерінде жиі кездеседі. Мәселен, адам 2-3 секунд бойы көз алмай шамға қарап отырып, содан кейін көзін жүмса (көзді жүмғанда қабақтан жарық түсірмеу үшін шамды алақанмен қалқалау керек), жарықтың ізігі айқын көре алады.
Түйсіктердің турлері
Түйсіктердің түрлерін үлкен үш топқа бөлуге болады.
Сыртқы дүниедегі заттар мен қүбылыстардың жеке қасиеттерінің бейнесі болыи табылатын түйсіктер.Бүлардың рецепторлары дененің бетінде немесе оған жақын орналасқан. Осындай сыртқы анализаторлардың рецепторларын экстероцептор дсп атайды. Бүган көру, есту, иіс, дом, тері туйсіктері жатады.
Ішкі мүшелеріміздің күйін бейнелейтін"(хабарлайтын) түйсіктерге түрлі
органикалық түйсіктер"жатады. Олардың рецепторларын интероцептор деп атайды.
Дене мүшелерінің қозғалысы мен бірқалыпты орналасуын қозгалыс немесе кинестезиялық туйсіктер хабарлап отырады. Мүның рецепторы проприоцептор деп аталынады. Енді осы топ-тағы түйсіктерге жеке тоқталып өтейік.
А. Көру туйсіктері
Көру түйсіктері біздің көзімізге электромагнит толқындарының әсер етуінің нәтижесінде пайда болады. Егер бір уақыттың ішінде көзімізге үзындығы 380-нен 780 миллимикронға дейін (миллимикрон мм-дің 1/1000 000 бөлімі) электромагнит толқындары әсер етсе, біз жарықты сеземіз. Белгілі үзындығы бар әр түрлі толқындар әсер етсе ғана көз заттардың түсін (бояуыы) ажыратады. Мәселен, қызыл түс үзындығы 700 миллимикрон, жасыл түс 300 миллимикрондай үзындықтағы электромагнит толкындарының әсер етуінен пайда болады.
Спектрге қараған кезде одан табиғаттағы жеті негізгі тусті және олардың сансыз реңцерін айыруға болады. Ересек адам түстің 180-дей жеке түрлерін және он мыңнан астам реңктерін ажырата алады.
Түстер хроматикалық, яғни бояулы (қызыл, кошқыл сары, жа-сыл, көгілдір, көк, күлгін), ахроматикалық, яғни бояусыз (ақ, кара және барлық сүр түстері) болып екіге бөлінеді.
Хроматикалық түстер үш түрлі сапамен (түстің жарықтылығы, өңі, қоюлығы),
ахроматикалық түстер тек жарықтылығымен ғана ажыратылады. Түстің жарықтылығы — түстердің қара түстен айырмашылық дәрежесі. Мәселен, ақ түс ең жарық түс, қара түс жарықтылығы ең төмен түс болып табылады. Түстердің өңі дегеніміз бір түстің екінші түстен өзіндік ерекшелігін көрсететін сапасы. Түстің қоюлығы — жарықтылығы бірдей сүр түстерден жеке түстердің айырмашы-
лығы. Ең қою түс — қызыл түс болады.
Көру мүшесі — көз. Оның негізгі бөлімі — көз алмасы. Көз алмасы үш түрлі
қабықпен (ақ түсті,тамырлы және торлы) қапталған шар тәріздес нәрсе.
Ә. Есту түйсіктері
Есту мүшесін тітіркендіретін ауа бөлшектерінің тербелістері — дыбыс толқындары. Ауа бөлшектерінің тербелістері тербелудін жиілігі, амплитудасы (құлашы) және тербелудің түріне қарай ажыратылады. Осыған сәйкес есту түйсіктерінің үш жағы болады. Олар: дыбыстың жоғарылығы — бұл тербелу жиілігінің сәулеленуі, дыбыстың қаттылығы — бұл тербелу амплитудасының сәулеленуі, тембрі — тербеліс түрінің сәулеленуі. Біздің құлағымыз бір секунд ішінде 16 тербелістен немесе герцтен 22 мың герц (тербеліс) ішіндегі дыбыс толқындарын сезе алады. Жиілігі бұдан асатын тербелістерді кұлақ шала алмайды. Өйткені бұлар өте жіңішке, ультрадыбыстар. 16 герцтен төменгі дыбыстарды да құлақ шала алмайды. Дыбыстардың мұндай түрін инфрадыбыстар деп атайды. Құлағы ең сақ аң-күстар дегенде ең алдымен жарғанат айтылатыны белгілі. Оның есту қабілеті 175 мың Гц, одан соң ит — 100 мың Гц, шегіртке
— 90 мың Гц, тауық — 38 мың Гц келеді. Адамның естігіштік қабілеті — сайрауық кұстармен бір деңгейде — 20 мың Гц болады екен.
В. Дәм туйсіктері
Дәмді айыратын мүше — тіліміздегі дәм бүршіктері. Оны тітіркендіретін белгілі дәмі бар, суға ерігіш түрлі химиялык зат-тар. Дәмді тәтті, ащы, түзды, қышқыл деп төртке бөледі. Дәм, иіс түйсіктері бірімен-бірі араласып жататындықтан, адам көбінесе дәмді де дұрыс айыра алмайды. Мәселен, тұмауратқан адамның дәмді айыруы бәсең болатындығы
— дәм, иіс түйсіктерінің араласып жататындығына жақсы мысал. Тілдің түрлі бөліктері дәмнің жоғарыда аталған төрт түрін түрліше сезеді. Мәселен, тәтті дәмді — тілдің үшы, ащыны — тілдің түбі, қышқылды — тілдің екі жақ шеті, түзды тілдің үшы мен екі шеті жақсы сезеді. Егер дәмі бар затгы тілдің ортасына салса, адам көпке дейін оның дәмін ажыра-та алмайды. Өйткені, дәм сезетін бүршіктер тілдің ортасында болмайды.
Г. Тері туйсіктері
Тері түйсігінің рецепторы — денедегі терінің өн бойына орналасқан. Тері түйсігі, сондай-ақ тілдің, мүрынның кілегей кабықтарында да мол. Тері түйсіктерінің өзі бірнешеге бөлінеді. Олар: тактиль (сүйкеніс), қысым, дуыл түйсіктері), температура (жылыны, салқынды білдіретін түйсіктер) және ауырганды білдіретін туйсіктер. Тері түйсігі рецепторларының есебі жоқ. Тек ауырғанды білдіретін нүктелердің өзі ғана денемізде 900 мыңнан асып жатады. Терінің түрлі алаптарында сезгіштік бірдей емес.
Ғ. Сипай сезу туйсіктері
Адамдардың еңбек әрекетінде ерекше орын алатын түйсіктерінің бірі — сипай сезу (осязание) туйсігі. Мұның екі түрі бар. Біріншісі — пассив сипай сезу. Бүған тері түйсігі түгелдей кіреді. Екіншісі — актив сипай сезу. Актив сипай сезу тері және қозғалыс түйсіктерінің ұштасып келуінен көрінеді. Актив сипай сезу түйсігінің рецепторы адамның қолында (саусақ, алақан) орналасқан. Осы түйсік — әрекеттің нақтылы бір түрінің ықпалымен күшті дамып отырады.
Сипай сезу түйсіктерінің жалпы еңбек процесінің «ұсақтүйек» ерекшеліктерін меңгеруде, мектепте оқушыларды қол еңбегінің дағдыларына үйретуде, сондай-ак, соқыр, мылқау, керең адамдардың тіршілігінде ерекше орын алатыны түсінікті.
Д. Органикалық туйсіктер
Түйсіктердің екінші тобына — органикалық туйсіктер жатады. Бұлардың рецепторлары ішкі мүшелердің қабаттарына (өңеш, қарын, ішек, тамыр, өкпе, жүрек т. б.) орналасқан. Ашыққанда, шөлдегенде не сусын қанғанда, жүрек айнығанда, іш ауырғанда және т. б. осындай жағдайларда болатыы сезінулер органикалық түйсіктерге жатады. Адам тоқ, деыі сау кезінде немесе іс-әрекет үстінде түйсіктердің бүл түрін байқай бермейді. И. М. Сеченов сондықтан да түйсіктердің бүл тобын «көмескі түйсіктер» деп атаған. И. П. Павлов мектебінің зерттеулері көрсеткендей, дені сау адамның органикалық түйсіктері оның жалпы «хал-күйінің» негізі болып табылады.
Е. Кинестезиялық туйсіктер
Кинестезиялық туйсіктер дененің жеке мүшелерінің бір күйдегі қалпын, қозғалысын білдіреді. Кинестезиялық түйсіктерді кейде қозғалыс түйсігі деп те атайды. Оның рецепторлары – ет, тарамыс, сіңірлердегі жүйкелерінің ұштары.
Ж. Тең басу шуйсіктеріМұндай — туйсіктерді статикалық туйсіктер деп те атайды. Статикалық түйсіктердің рецепторлары ішкі құлақтағы вестибулярлық аппаратга орналасқан. Статикалық туйсік — бастың қоз-ғалысын, дененің кеңістіктегі алып түрған орнын, яғни адамның тең басуын бейнелейді.
Вибрациялық түйсіктер қозғалған дененің ауаны толқытуын бүкіл өн бойымызбен сезінген кезде пайда болады. Негізгі анализаторлары (түйсіну мүшелері) сау адамдар көбінесе өздерінде бүл түйсіктердің болуын байқамайды. Көзі, қүлағы, тілінен бірдей айрылған американдық Елена Келлер мен орыстың ғылыми қызметкері Ольга Скороходованың өмірі мен творчестволық әрекеті анализаторлардың адам қаларлық жағдайда бір-бірімен байланысып отыратындықтарын, әсіресе, мұнда вибрациялық түйсіктердің кандай маңыз алатындығын жақсы көрсетеді.
Түйсіктердің дамуы мен қалыптасуы
Балада түйсіктер дүниеге келген күннен бастап дамиды. Мәселен, туғаннан кейін бірнеше күннен соң бала қант қосқан судан сүтті айыра алады. Оның аузына хинин ерітіндісін тамызса, ерітінді ыңғайсыз реакция білдіреді. Осы айтылғандар балада дәм түйсігінің ерте көрінетіндігін байқатады. Баланың есту түйсігі біртіндеп дамиды. Алғашқы күндері оның күлақ түтігі суға толы болады да ештеңені есітпейді. Бірер аптадан кейін ғана бала дыбысқа біртіндеп реакция көрсетеді. Егер бала үш аптадан кейін дыбысқа елендемесе оның саңырау болып қалуы ықтимал. Мундайда анасы баласын дәрігерге апарып көрсеткені дүрыс. Үш айлық бала анасының еркелеткен даусын естіп кеңілденеді, қатты жекіре сөйлесе, кемсеңдеп жылайтын болады. 2-3 айдан былай қарай бала көзін жарык түсіріп түрған затқа бүра бастайды, қозғалмалы затгарға көзін тоқтатуға тырысады.
Жарықты түйсіну тіпті жаңа туған нәрестелерден де байқалады. Мәселен, шала туған баланың өзі де бірнеше күннен кейін жарық пен қараңғыға түрліше реакция білдіреді. Заттың түсін айыру кейінірек дамиды. Мәселен, 5 айлық бала алдымен заттың түріне, біртіндеп оның көлеміне, содан соң барып бояуына көңіл аударатын болады. Бала тілінің шығуы, оның жүрт бастауы түйсіктердің да- муына қолайлы әсер етеді. Мектепке түскенге дейін туйсіктердің негізгі түрлері (көру, есту, сипай сезу, қозғалыс т. б.) біршама қалыптасып үлгереді. Түйсіктердің қайсысын болса да
калағанымызша жетілдіруге болады. Егер адам алдына өзінің сезгіштік қабілетін арттыруды нақтылы міндет етіп қойса және осыған жаттығатын болса, онда түйсіктері ойдағыдай дами түседі. Түйсіктердің адамның іс-әрекетіые байланысты дамып отыратындығын, көптеген мамандықтардың тәжірибелері айқын сипаттайды.4. әрекетте болуы.
Бекіту. Сұрақ-жауап әдістемесі арқылы
Сабақты қорытындылау, бағалау және үй жұмысына нұсқау беру: Тақырыптық баяндама: «Түйсік»
Резерв тапсырмалары: Түйсіктің психикамен байланысы ерекшеліктері
№5 Қабылдау
Жопар
Қабылдау жайлы түсінік
Негізгі қасиеттері және түрлері
Достарыңызбен бөлісу: |