Мектепке дейінгі психология пәнінен дәрістер жинағы



бет8/31
Дата27.05.2023
өлшемі267,87 Kb.
#177819
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   31
Байланысты:
МД психология (1)

Әдебиеттері:

Жұмасова Қ.С. Психология: Оқулық – Астана: Фолиант, 2006 – 292 б С.М. Жакупов, Жалпы психология негіздері. - Алматы:2012, 203 б Қ.Жарықбаев. Жалпы психология.А.2002.


Балалар психологиясы, Мухина В.


Зейін дегеніміз – адам санасының белгілі бір объектіге бағытталған және шоғырлануын айтамыз. Сананың бағытталуы деп – белгілі объектіні таңдап алуды айтамыз. Сананың


шоғырлануы деп – объектіге қатысы жоқтың бәріне көңіл аудармауды айтамыз. Зейінді анықтайтын факторлар 2 топқа бөлінеді:

1)Адамға әсер ететін сыртқы тітіркендіргіштердің құрылымын анықтайды.


2)Жеке субъектінің іс-әрекетіне байланысты 1-ші топқа жататындар: а)тітіркендіргіштердің күші. б)тітіркендіргіштердің жаңалығы. 2-ші топқа жататындар: Жеке адамның қажеттіліктері, қызығуы, бағыт-бағдары.


Зейіннің физиологиялық негізі. 3-нің физиологиялық негізін академик Павлов нерв процессінің өзара индукция заңына байланысты түсіндіреді. Егер ми қабығының бір алабында қозу процесі пайда болса, соған байланысты қалған алабтарда тежелу пайда болады. Зейін пайда болу үшін Борлау деп аталатын рефлекстің мәні зор. Ол қошаған ортаның қандай да болмасын өзгеруіне органиканың туа біткен реакциясы.


Зейіннің физиологиялық негізін Уктаиский түсіндірді. Уктаиский зейіннің физиологиялық негізін Даменанта теориясы тұжырымдамасымен түсіндіреді. Даменанто дегеніміздің мағынасы – үстем етуші. Бұл теория бойынша сыртқы дүниедегі көптеген тітіркендіргіштердің ішінен біреуі миға әсер етеді. Яғни мидың бір алабы күштірек қоздырады. Осындай қоздырған алабты даминанто деп атайды. Мұндай күшті қозғыш алаб қалған алабтардағы қозуды өзіне қосып алады. Осыдан мидың қозған алабы одан бетер күшейеді.


Адамның жануарлардан ерекшелігі адам өзінің зейінін басқара алады. Сондықтан зейінді тәрбиелеуде алдына мақсат қоя білудің маңызы зор. Оны адамның өзі тұжырымдайды немесе басқа біреулер ұсынады. Зейін адамның сыртқы пішінінен, жүріс-тұрысынан, мимикасынан білініп тұрады.


Зейіннің түрлері: 1)ырықты. 2)ырықсыз. 3)үйреншікті.


Ырықты зейін деп – адамның белгілі мақсатпен сапалы түрде күш жігер жұмсап, керекті объектіге назар аударуын айтамыз. Ырықты зейін тек адамға ғана тән. Зейінді ырықты түрде ұстауға, жұмыс орнының жағдайы, жеке адамның психологиялық күйі әсер етеді.


Ырықсыз зейін деп – адам мақсат қоймай-ақ әсер еткен құбылыстарға назар аударуын айтамыз. Ырықсыз зейіннің пайда болуына объективті және субъективті факторлар әсер етеді. Объективті факторға жататындар: 1)Күшті әсер еткен тітіркендіргіш. 2)Жай нәрсенің әсер етуі. 3)Әсер етуші тітіркендіргіштердің қайшы келуі.


4)Өзіміз көріп жүрген заттардың дағдыдан тыс өзгеруі. Субъективті факторлар:


1)Адамның ішкі зезіміне, түсіндіруге байланысты. 2)Сыртқы тітіркендіргіштердің организмнің ішкі талаптарына сай келуі. 3)Адам бір нәрсені күтіп тұрса, онда назар аударады.


Үйреншікті зейін.


Үйреншікті зейін деп – басында ырықты болып, кейін әркімге табиғи сіңісіп кеткен іс-әрекетке зейіннің аударылуы.


Зейіннің қасиеттері:


1)Зейіннің тұрақтылығы, оның бір объектіге ұзақ уақыт сақталуын көрсетеді.
2)Зейіннің алаң болушылығы. Ол зейіннің ауытқуынан көрініс береді.

3)Зейіннің аударылуы деп – бір объектіден екінші объектіге назар көшіруді айтамыз. Зейін аударылуы ауытқудан айырмашылығы оның саналы түрде болуында.


4)Зейіннің бөлінуі адамның кез келген іс-әрекет үстінде бірнеше объектіге бір мезгілде зейін аудара алатындығы.


5)Зейіннің көлемі деп – оның бір уақыт ішінде қамтитын объектілер санын айтамыз. Зейіннің көлемі танистоскоп деп аталады. Прибор арқылы анықтауға болады. Танис – тез, скопио – көру деген мағынаны білдіреді.


8 Қиял. Балада қиялдың дамуы
Жоспар



  1. Қиял туралы түсінік

  2. Қиял түрлері

Қиял дегеніміз - сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өндеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс. Адамдардың қиялына тән кейбір ерекшеліктерді төмендегіше топтастыруға болады: 1. Әр адамның қиял ерекшеліктері оның жеке қызығулары мен қасиетгеріне, алдына қойған мақсатына байланысты болып келеді. Бұл арада суды аңсап шөлдеген жолаушының қиялы мен екі-үш күннен кейін емтихан тапсыратын студенттің машинасының тетігін жетілдіруді ойлап жүрген инженердің қиялын салыстырып көруге болады; 2. Қиялдың мазмұны мен формасы адамның жас және дара ерекшеліктеріне де, білім тәжірибесіне де байланысты. Мәселен, көргені де, түйгені де көп, өмір тәжірибесі мол, әр тарапты білімі бар ересек адамның қиялы мен енді ғана өмірге аяқ басайын деп тұрған жеткіншектің қиялын бір өлшемге салуға болмайды; 3. Қиял адамның өскен ортасына, этностық ерекшелігіне, табиғат, жер-су қоршауына байланысты да көрініп отырады. «Жаратылыстың құшағында,-деп жазады М. Жұмабаев- меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайын далада тұрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті». 4. Қиял адамның барлық психикалық құбылыстарымен ұштасып жататын процесс. Мәселен, алға қойған мақсатты жоспарлап, жүзеге асырудың жолдарын іздестіру қиялсыз мүмкін емес. Бұл - қиялдың ерікпен байланысына жақсы мысал. Қиялдың ойлау процесінде алатын орны ерекше. Өйткені ойлау белсенділігі адамды шығармашылық әрекетке жетелейді. Ал ондай әрекет қиялдың өте күшті дамуын қажет етеді. Ойлау мен қиял бір-бірімен тығыз байланысты. Жан қуаттарының осы екеуі де мәселені шешуге, сұраққа жауап беруге қатысады. Бірақ қиялда мәселені шешудің өзіндік ерекшелігі болады. Қиял - мәселені суреттеу, жанды көрініс арқылы шешсе, ойлау оны тірі суретсіз жалпылай, ұғым, пікір, тұжырым түрінде шешеді; 5. Адам қиялы еңбек процесінде, іс-әрекет үстінде жарыққа шығып, дамып отырады. Мұндағы негізгі шарт: саналы мақсаттың болуы, болашақты болжай алу, істейтін еңбектің нәтижесін күні бұрын көре білу, яғни оны өңдеп, өзгертіп, елестете алу - адам қиялына тән негізгі белгілер. Қиялда адамның дүние жөніндегі әр түрлі таным-түсінігі әртүрлі формада қиюласып, жаңа сапаға ие болады. Қиял бейнелері адам қажеттігінен тәуелді бола тұрып, оны белсенді қызметке итермелейді, шығармашылық ісіне күш-жігер қосады.

Қиял түрлері


Қиял актив, пассив болып екіге бөлінеді. Қиялдық бүтіндей пассивтік түрінің шегі - түс көру. Түс көрудің физиологиялығын жан-жақты түсіндіріп берген И. П. Павлов болды. Ұйқы кезінде ми клеткаларының бәрі тежелмейді, кейбір бөлімдері қозу жағдайында болып жұмыс істей береді. Мидың мұндай бөліктерін «күзетші пункт» деп атайды. Осы «күзетші пункттердең біздің бұрын қабылдаған, көрген, естіген, қолға ұстап, дәмін татқан


заттарымыздың бейнелері мида қайтадан «тіріледі». Түсте реалдық образдар мен нәрселердің фантастикалық түрде қосылуынан ғажайып образдар жасалады. Ұйқы кезіндегі осындай ғажап фантазиялық бейнелер де өмірде бар нәрселердің жиынтығынан құралған. Бұлардың негізі - адамның ояу кезіндегі басынан кешкен оқиғалары, ойы мен мақсаты, тілегі мен арманы, естіген-көргендері, істеп жүрген қызметі, басқалармен қарым-қатынасы т. б. ұйқыдағы адамның түс көруіне себепші болатын фактілердің есебі жоқ.

Өмірде ешбір естімеген, көрмеген нәрселер түске кірмейтіндігін ғылым дәлелдеп отыр. Мәселен, іштен соқыр болып туған адамның түсіне көзге көрінетін «бейнелер кірмейді, оның басқа сезім мүшелері арқылы (иіс, дәм, есіту т. б.) қабылдаған нәрселері еніп отырады. Егер соқырлық кейінірек пайда болса, онда сол адамның түсіне бұрын көзімен көрген заттарының бейнелері кіре береді.


Жазушының, суретшінің, ғалымның, композитордың т. б. қиялы шығармашылық қиялға жатады. Шығармашылық қиял - қайта жасау қиялына қарағанда, әрі күрделі, әрі қиын


Қиялды дамыту жолдары.


Қиялдың алғашқы көріністері үш жасар бөбектерде байқалады. Мұны бөбектердің қызық ертектерді шын ықыласымен тыңдауынан, ертегідегі оқиғаны шын көріп, бар ынтасымен берілуінен көреміз. Бір қарағанға жас бала қиялға өте бай сияқты болып көрінгенмен, ондағы образдар шындықтан өте алыс жатады. Себебі бала санасында кез-келген нәрсенің бейнесі оңай тоғысады да, бұдан керемет қиял көріністері құралады. Баланың өмір тәжірибесі өсе келе, қиялы да шындыққа біртабан жақындап отырады. Мәселен, бала шимайлап қағазға бір нәрсенің суретін салады, оны шындықта бар нәрсеге ұқсайды деп ойлайды (тіпті ол ұқсамайтын болса да). Қиял басқа да психикалық процестер тәрізді дамудың ұзақ жолынан өтеді. Қиялдың қарапайым түрінен бастап творчестволық қияжа дейінгі кезеңнің қалыптасуы нақтылы әрекетке байланысты. Қиял табиғаттың адамдарға берген үлкен сыйы, әрі құнды рухани сапа. Оның адам өміріндегі ерекше мәнін ұлы адамдар да жоғары бағалаған. Француздың әйгілі ғалымы, әрі көрнекті жазушысы Дени Дидро: «Қиял! Бүл сапасыз ақын да, философ та, ақылды адам да, ойлайтын жан да, тіпті адам болу да мүмкін емес» деп тегін айтпаса керек.


9 Сөйлеу. Балада сөйлеудің дамуы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет