Мектепке дейінгі психология пәнінен дәрістер жинағы



бет7/31
Дата27.05.2023
өлшемі267,87 Kb.
#177819
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31
Байланысты:
МД психология (1)

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Жалпы психология Жакупов С.М., Оқулық – Алматы: Алла прима, 2012ж




  1. Сәбет Бап-Баба (Бабаев). Психология негіздері: Оқу-анықтамалық қолданба. Алматы: Нұр-пресс, 2007. – 06 бет.




  1. Психология. Жарықпаев Қ.

Ес деген проблемамен адамзат өте ерте заманда айналысқан. Мысалы: Өткен


ғасырдағы ғалымдар Аристотель, Платон ес проблемасымен айналысып, адам баласы пассивтік жағдайдан активтік жағдайға өткенде ес көрініс беретінін анықтады.


Ес дегеніміз – бұрын қабылдыған заттар мен құбылыстарды есте сақтап, есте қалдырып, еске түсіріп және қайта жаңғыртуды айтамыз.


Ес теориясы.


I. Психологиялық теория. Психологиялық теория негізінде назар не объектіге немесе субъектіге аударылады. Психологиялық процесстер жеке элементтерге бөлінеді. Ал кейін олар санада ассоциация заңына байланысты қайтадан бірігеді.


Ассоциацияның 3 түрі бар:


1)Іргелестік – бір-біріне іргелес жатқан заттар мен құбылыстардың біреуін қабылдаса екіншісі өзінен-өзі еске түсіреді.


2)Ұқсастық ассоциация – бұл ұқсас сипатты екі құбылысты біріктіреді.

3)Қарама-қарсылық – бұл қарама-қарсы екі құбылысты байланыстырады. Физиологиялық теория. Естің физиологиялық теориясы Павловтың жоғарғы нерв


қызметінің заңдылықтарымен байланысты. Есте сақтау бұл нерв системасының мидың иілімділігіне байланысты болады. Мидың иілімділігі өзгермейтін бірқалыпты қасиет емес. Ол түрлі жағдайларға байланысты не жақсару не нашарлауы мүмкін. Ми иілімділігінің көрсеткіші бұл ми шарының қабығында уақытша нерв байланысының құрылуы, олардың көп уақыт сақталуы және тез жеңіл түрде жалдануы болып табылады.


Физикалық теория . Бұл теория бойынша нерв импульстері , нерв клеткалары арқылы өткенде өзінен кейін физикалық із қалдырады. Адамның ми қабығында қозулар тізбек бойымен айналып жүреді. Іздердің сақталуы қозудың бір нерв клеткасы екіншісіне өткенде оның ұзақ уақыт сақталуымен сипатталады. Осы теория бойынша шоктык жағдай қозудың шеңбер арқылы өтуін бұзады. Ол іздің жоғалуына әкеледі. Ал іздер тек қозудың өтуіне байланысты сақталады.


Биологиялық теория . Іздердің сақталуы биологиялық өзгерістермен байланысты.


Есте сақтау процессі екі сатылы болады:

Нерв системасында қысқа мерзімді электрохимиялық реакция пайда болады. Бірақ ол нерв клеткаларында күшті физиологиялық өзгерістерді көрсетпейді .


2.Бірінші сатының негізінде биологиялық реакция пайда болады. Ол РНК – қышқылымен байланысты.


Бірінші саты бірнеше секундқа немесе бірнеше минудқа созылады. Ол қысқа мерзімді есте сақтаудың негізі болып табылады.


Екінші саты бұл ұзақ мерзімд есте сақтаудың негізі болып табылады.


Естің түрлері.
Естің түрлері үш негізгі белгіге байланысты бөлінеді:
1.Психикалық белсенділікке қарай 4-ке бөлінеді: 1)қозғалыс есі 2)сезімдік
3)бейнелік ес 4)сөзлогикалық
2.Мақсатқа қарай 2ге бөлінеді: ырықты және ырықсыз.
3.Материалды есте сақтау қзақтығына қарай 3-ке бөлінеді: 1)қысқа мерзімді ес
2)ұзақ мерзімді ес 3)оперативті ес.
I. Психикалық белсенділікке қарай

а)Қозғалыс есі деп – еңбек әрекетіне байланысты қимыл-қозғалыстарды есте қалдырып оны қайта жаңғырту.


б)Сезімдік ес – бұл адамның басынан өткізген сезімдерін есте қалдыру.


в)Бейнелі ес - заттар мен құбылыстардың қасиеттерінің нақты бейнесін есте қалдырып және қайта жаңғырту.


г)Сөз логикалық ес - бұл адамның ойыныңтүрлі формаларын есте қалдыруды айтамыз.





  1. Мақсатқа байланысты.

Ырықты ес – түрлі мәліметтерді есте сақтауға саналы мақсаттың қойылуы.
Ырықсыз ес – адамның мақсат қоймай материалды есте сақтауы.

  1. Материалдық есте сақтау.

Қысқа мерзімді материалы қысқа сақтау.

Оперативті - өзімізге керекті материалдарды дер кезінде еске түсіру, есте сақтау және қайта жаңғыртуды айтамыз.





  1. Ес процесстері. 1.Есте қалдыру.

2.Қайта жаңғырту.
3.Есте сақтау.
4.Ұмыту.
1)Есте қалдыру –бұл мәліметті белсене қайта өңдеу, жүйелеу, жалпылау және оны
геру процесстері. Есте қалдырудың түрлері :

1.Қысқа мерзімді есте қалдыру.


2.Ұзақ мерзімді есте қалдыру.
3.Оперативтік есте қалдыру.
4.Ырықты есте қалдыру.
5.Ырықсыз есте қалдыру.
Жатау - ырықты есте қалдырудағы ең негізгі тәсілдердің бірі болып табылады.
Жаттаудың белсенді болуы уақытқа байланысты.
6.Логикалық есте қалдыру.

7.Механикалық есте қалдыруда заттар мен құбылыстардың мазмұны есте сақталмай, олардың ерекшеліктері мен формалары есте сақталады.


Логикалық есте қалдыруда – қабылдаған нәрселердің мазмұны есте сақталады.


Логикалық есте қалдырудың тәсілдері:
1.Есте сақтауға тиісті материалдың жоспарын құрастыру.

2.Салыстыру.


3.Материалды топтастыру және жіктеу.
4.Есте қалдыру мен қайта жаңғыртуды алмастырып отыру.
5.Бейнелі байланыстарға сүйену.
6.Есте қалдыруда өзін-өзі бақылау.
7.Мағыналы байланысты орнату.

Қайта жаңғырту – бұрын қабылдаған заттармен құбылыстарды өзімізге керек болған кезде есімізге түсіруді айтамыз. Мұндағы негізгі процесс – елес. Елес – бұл бұрынғы қабылдауларды қайта өңдеу. Қайта жаңғыртудың бір көрінісі – тану. Тану – бұрын қабылдаған нәрсеге, құбылысқа қайта кездескенде ғана болатын процесс. Тану 2-ге бөлінеді: 1)Толық. 2)Толықсыз. Қайта жаңғыртудың біртүрі – еске түсіру. Еске түсіру – белгілі қиындықтарды жеңумен байланысты ерік күшін жұмсауды талап ететін санасы қайта жаңғыртуды айтады. Қайта жаңғырту 2-ге бөлінеді:1)Ырықты. 2)Ырықсыз.


.Есте сақтау – бұл алынған нәрселерді есте ұстауға бағытталған есте ұстаудың алғы шарты болатын процесс. Ол 2-ге бөлінеді: 1)Ырықты. 2)Ырықсыз.


Ұмыту – бұрын қабылдаған нәрселерді керек кезінде еске түсіре алмау және қайта жаңғырта алмау процессі. Ұмытудың себептері:


1)Жағымсыз индукцияның әсері.


2)Проактивтік тежелу.
3)Ременисцения – кешіктіріліп еске түсіру.
4)Шектен тыс тежелу.
Ұмытудың тағы бір ерекшелігі – амнезия.
5.Естің өзіндік ерекшеліктері бар:

Адам ерекшелігіне байланысты. Олар есте қалдырудың жылдамдығымен, дәлдігімен, біріктілігімен және қайта жаңғыртуға дайындығымен сипатталады. Адамда 2 процесс бар: 1.Есте қалдыру – тез тез, баяу баяу. 2.Ұмыту – баяу тез, баяу тез.


7 Зейін


Жоспар

  1. Зейін және оның физиологиялық негізі.




  1. Зейіннің түрлері мен қасиеттері.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет