Мектепке дейінгі психология пәнінен дәрістер жинағы



бет11/31
Дата27.05.2023
өлшемі267,87 Kb.
#177819
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   31
Байланысты:
МД психология (1)

Әдебиеттері:

Жұмасова Қ.С. Психология: Оқулық – Астана: Фолиант, 2006 – 292 б Қ.Жарықбаев. Жалпы психология.А.2002.


Балалар психологиясы, Мухина В.


1Біз күнделікті өмірімізде сезім деген сөзді жиі қолданамыз.«Не сезіп тұрсың?» деген сөйлем мағынысы психикалық таным процесі түйсік ретінде қолданады. Бірақ, түйск мен сезімді өзара шатастыруға болмайды. Сондай-ақ, қабылдауды да, елесті өзіндік мағынасы бар сезіммен шатастыру, әрқайсысың жеке дара танымдық ерекшеліктері процестерге балау қателік.Алайда,сезім түйсіну, қабылдау,елес,ойлау, қиял,ес сияқты жеке процестермен байланысты.

Өйткені, адамбойынан түрі мен келетінен оның жан дүниесінің мазмұны және жүйесі осы сезімдер арқылы түгелей көрініс береді.


Қазіргі кезде психологиялық әдебиеттер мен күнделікті өмір тәжірибесінде сезім мен эмоция ұғымдары бір мағынада қолданып жүр. Адам сезімнін қайнар бұлағы-бізді қоршаған болмыс,объективті шындық.Сезім адамның табиғи және әлеуметтік қажеттілектерінің қанағаттырылу не қанағаттандырылмауы салдарынан туындап отырады. Егер бұл ұғымдрдың мәнін жекелеп талдап көретін болсақ, онда екеуінін арасында елеулі айырмашылығы бар екенін аңғарамыз.


Сөйтіп, сезім дегеніміз не? Сезім - адамның өзіне, өзге адамдарға, қоршаған заттар мен құбылыстарға көңіл-күй қатынасын білдіретін және оларды бейнелейтін психикалық процесс.


Сезімнің психикалық процес екендігін тағы бір ерешелігі- оңын адам көніл-күйіне байланысты әрбір процеске белгілі бір түрде реңк беріп тұратындығы. Кейбір құбылыстар адамға түрліше әсер етіп, қуантады, шаттық сезімге бөлейді. Ал кейпір ренжітіп тіпті тұңғиыққа батыруы мүмкін. Адамның сезім күйлері- қуаныш, қайғы, таңдану, наразылық көрсету, ызалану, кектену, қарқылдап, көзінен жас аққанша күлу т.б. көніл- күйдің сипаттық ерекшеліктерін сыртқа шығарады. Сезімнің сан алуан көріністер мен олардың пайда болуы әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға, әсіресе, материалдық рухани-мәдени қажеттілектерді қанағаттандырудың мақсат-мүдделеріне байланысты. Сезім ұғымының кен мағынада қолданылуы жалпы көніл-күйді, ал эмоция сол көніл-күйдің белгілі бір жағдайға қатты әсерленуін білдіретін қысқа мерзімді уақытша көрініс.


«Эмоция» ұғымы төркіні – «емовера» деген латын сөзінен «эмоцион» дейтін француз сөзінен шыққан. Қазақша – тітіркену, толқу. Бұл –жан дүниесінің сыртқы және ішкі әсерлер салдарынан ызалану, қаһарлану, қорқу және шаттану сияқты жағдайларының көрініс беруі. Эмоция–адамдар мен жануар дүниесінде көрініс беретін кейіп. Эмоциялық күй адамды іс-әрекеттерге шабыттандырып, тиісті нәтежеге жеткізеді немесе көніл-күйін жабырқатып, іс-әрекетті бейберекетсіздікке ұшыратады. Сезім мен эмоцияның адам іс-әрекеті мен көніл-күйіне ұнамды ісер етуі стеникалық – күшті сезім тудырса, ал ұнамсыз не теріс әсер етуі астеникалық – әлсіз, жағымсыз сезім тудырады. Стеникалық сезім жүйке жүйесіндегі қозуды күшейтсе, астеникалық сезім жүйкеге тежелеу жасап, адамның әрекетшілдігін әлсіретедеді. Сөйтіп, адамның сезім күй және оның қысқа мерзімді айқын көрінісі –эмоция –жан дүниесінін жандану мен тіршілік ағамында айтарлықтай маңызы бар психикалық процесс. Сонымен, эмоция дегеніміз –адамның органикалық мұқтаждықтарын қанағаттандыру не қанағаттандырылмау байланысты туандайтын психикалық күйлер.


2 Сезімдерді эмоциялардан дұрыс айыра білмеушілік, бұл екеуінің мінің бірдей деп ұғу, кейде қате түсініктерге соқтырады. Мәселен, осындай айырмашылық жануарлар мен адам психикасын арасындағы айырашылықтарды бүркемелеу мүмкін. Жануарлар эмоция түгелдей биологиялық сипаттағы құбылыс, бұл жануарлардың сыртқы ортаға бейімделу көрісінен, әр түрлі шартсыз рефлекстердің тізбегінен немесе инстинктерінен байқалады.


Оқушылар іс әрекетінде эмоциялар мен сезімдердің алатын орны зор. Себебі оқыту және тәрбиелеу процесстерінің табыстылығы оқушылардың эмоциялық және сезімдік деңгейле қабылдауына тікелей байланысты. Оқушыларда сезім мен эмоциялардың жалпы танымдық процесстері барысында алатын орны зор екендігі зерттеу жұмысының терең теориялық және тәжірибелік өзектілігін сипаттайды.


Сезім — адамдардың бір-бірімен қатынас жасау қажеттігінен туындайтын және біртіндеп дамып қалыптасып отыратын жан қуаты. Мәселен, достық, адалдық сезімдері, адамда бірден қалыптаса қоймайтын белгілері. Ал, эмоция болса, адамның түрлі органикальіқ қажеттіліктеріне байланысты оқтын-оқтын туып отыратын, кейде шағын, кейде күрделі, ситуациялы көріністері. Мәселен, адам қуанғаннан немесе қамыққаннан козіне жас алады, не болмаса бір нәрсеге мәз болып шек сілесі қатқанша күледі, әрине мұндай жағдайдың ұзаққа созылмайтыны белгілі. Бұл сезім мен эмоцияның бірінші ерекшелігі. Сезімдерде мәнерлі қозғалыстар (мимика, пантомимика) жонді байқалмайды, тұрақты терең әсерлі сезім адам психологиясындағы басты белгілердің бірі, ал эмоция болса мәнерлі қозғалыстарға бай келеді, мұyда адам өзін тек организм тұрғысынан көрсете алады. Адамның жоғары сезімдері — имандылық, интеллектілік, эстетикалық. Жоғары сезімдердің қалыптасуына, адамның өскен ортасы, отбасы, ұжымы елеулі әсер етеді, өсіресе халқымыз айтқандай "Сөз сүйектен өтеді ..." т.б. мәтелдері сезімді тәрбиелеу қажет екеніне дәлел болады. Осы тұрғыдан алғанда, сезім ми қабығының жұмысынан, ондағы динамикалық стереотип жасалып отыратындығынан тәуелді. Ал, эмоцияға келсек, мұның физиологиялық негізі ретикулярлық формацияның лимби жүйесінің, соңдай-ақ, ондағы гипоталамус бөлігінің (дененің зат алмасуы, температурасын реттестіретін жүйке) орталығымен ұштастырамыз. Мәселен, осы жүйке қызметінің орталықтарына зақым келсе, адам тойғанын білмейтін, немесе шөлі қанбайтын жағдайға ұшырайды. Бұл жерде де сезімдер мен эмоцияның бір-бірінен айырмашылығы байқалады. Адамның сезімдері ылғи да қоғамдық-тарихи сипатта болады. Мәселен, адамның адамгершілік сезімдері (жолдастық, борыш, жауапкершілік, адалдық, шыншылдық, т.б.) қоғамдағы өзгелерге байланысты өзгеріп отыратыны белгілі. Мәселен, нарық экономикасына көшкенде, жастардың сезімдерінде әр түрлі көріністерді байқаймыз. Сезім — адамның өзіне, өзге адамдарға, айналасындағы заттар мен құбылыстарға көңіл-күйінің қатынасын білдіретін және оларды бейнелейтін психикалық үрдіс. Сезімінің психикалық үрдіс екендігін білдіретін тағы бір ерекшелігі — оның адам көңіл-күйіне байланысты әрбір үрдіске белгілі бір түрде рең беріп тұратындығы. Сезімінің сан алуан көріністері мен олардың пайда болуы әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға, әсіресе, материалдық, рухани-мәдени қажеттіліктерді қанағаттандырудың мақсат-мүдделеріне байланысты. Сезім мен эмоцияның адам іс-әрекеті мен көңіл-күйіне ұнамды әсер етуі стеникалық — күшті сезім тудырса, ал ұнамсыз не теріс әсер етуі астеникалық — әлсіз, жағымсыз сезім тудырады. Стеникалық сезім жүйке жүйесіндегі қозуды күшейтсе, астеникалық сезім жүйкеге тежелу жасап, адамның әрекетшілдігін әлсіретеді. Адам сезімінің қайнар бұлағы — бізді қоршаған болмыс, объективтік шындық. Сезім адамның табиғи және әлеуметтік қажеттіліктерінің қанағаттандырылу не қанағаттандырылмауы салдарынан туындап отырады.


Эмоция (фр. emotion, лат. enoveo — толғану) — адам мен жануарлардың сыртқы және ішкі тітіркендіргіштер әсеріне реакциясы; қоршаған ортамен қарым-қатынас негізінде пайда болатын көңіл-күй.


Эмоция организмнің әр түрлі қажетсінулерге қанағаттануына (ұнамды эмоция) немесе қанағаттанбауына (ұнамсыз эмоция) байланысты. Адамның жоғары әлеуметтік қажетсінулері негізінде пайда болатын тұрақты змоция. Эмоция жоғары түрі адамның іс-әрекетінің өнімді болуына мүмкіндік туғызады. Оларға қуаныш, сүйіспеншілік және т.б. эмоциялар жатады. Жағымсыз эмоция адамның іс-әрекетіне азды-көпті зиян келтіреді. Оларға қорқыныш, қайғы, абыржу, үмітсіздену, үрейлену және т.с.с. эмоциялар жатады.


Көңіл — адамның бойын билеп алатын эмоциялық жағдай. Көңілді болу адамның іс-әрекетінің сәтті, нәтижелі болуына байланысты. Адамның эмоциясын, оның мимикасынан, пантомимикасынан да байқаймыз. Эмоциялық үрдістердің пайда болуы вегетативтік жүйке жүйесінің қызметіне байланысты. Эмоциялар қатарластығы — бірін-бірі итермелеуші эмоциялық кемелденген екі бағдар. Олардың біреуі ұғынымсыздыққа қарай ығыстырылып, индивид мінез-құлқына санадан тыс әсер етеді.


Қорыта айтатын болсақ, қазіргі кезде психологиялық әдебиеттер мен күнделікті өмір тәжірибесінде сезім мен эмоция ұғымдары бір мағынада қолданып жүр. Адам сезімнін қайнар бұлағы-бізді қоршаған болмыс,объективті шындық.Сезім адамның табиғи және әлеуметтік қажеттілектерінің қанағаттырылу не қанағаттандырылмауы салдарынан туындап отырады. Егер бұл ұғымдрдың мәнін жекелеп талдап көретін болсақ, онда екеуінін арасында елеулі айырмашылығы бар екенін аңғарамыз. Адамның сезімдері ылғи да қоғамдық-тарихи сипатта болады. Мәселен, адамның адамгершілік сезімдері (жолдастық, жауапкершілік, адалдық, шыншылдық, т.б.) қоғамдағы өзгелерге байланысты өзгеріп отыратыны белгілі.


12 Ерік
Жоспар

  1. Ерiк туралы ұғым, ерiк жайлы негiзгi теориялар.

  2. Ерiктiң физиологиялық негiздерi




  1. Адамның ерiктiк қасиеттерi және олардың дамуы. Әдебиеттері:

Жұмасова Қ.С. Психология: Оқулық – Астана: Фолиант, 2006 – 292 б С.М. Жакупов, Жалпы психология негіздері. - Алматы:2012, 203 б Қ.Жарықбаев. Жалпы психология.А.2002.


Балалар психологиясы, Мухина В.


Адам тек түйсiк, қабылдау, ес, қиял, ойлау арқылы дүниенi танып қана қоймайды, оны сонымен қатар өзгертедi, оған ықпал жасайды әрi өзiнiң қажеттiлiктерiне орай бейiмдейдi. Алайда қажеттi нәтижеге жету үшiн адамға белгiлi бiр күш жұмсауына және кездескен кедергi мен қиындықтарды жеңуiне тура келедi. Жалпы адамның өз көңiл қалауына, тiлектерiне қарамай iстеуге мәжбүр болатын, бiрақ қажеттi әрi саналы түрде ақыл-парасатқа негiзделген әрекеттердiң тууын қамтитын психикалық реалдықты, болмысты түсiндiру үшiн ерiк деген ұғымды қолданамыз. Отандық психология ғылымының негiзiн қалаушы Жүсiпбек Аймауытұлы 1926 жылы жазылған “Психология” кiтабында: “Iшкi өмiрдiң барып-барып тиянақтайтын жерi – амал (iс) мен сыртқа шығу, осыны қайрат дейдi. Қайрат кең мағынада да, тар мағынада да жүретiн сөз”- деген түсiнiк берiп кетедi. Кең мағынасында, қайратты iс-әрекеттерге итеретiн жалпы қабiлеттер, ал тар мағынада зейiннiң мiндеттi қатысуын талап ететiн, санаға салу мен ақылмен шешу арқылы жүзеге асатын қасиет ретiнде сипаттайды. Ал бүгiнгi психология ғылымы ерiкке қандай анықтама бередi, соған келейiк.

Ерiк деп адамның өзiнiң психикасы мен қылықтарын саналы басқару қабiлетiнен көрiнетiн қасиеттi атайды. Ол саналы қойылған мақсатқа жету жолында кездескен кедергiлердi жеңуден көрiнедi. Ерiк адам психикасының маңызды құрауышы болып табылады және мотивтермен, таным және эмоциялық процестермен тығыз байланысты. Ерiктiң негiзгi функциясы (қызметi) өмiр әрекетi барысындағы қиын жағдайларда белсендiлiктi саналы түрде реттеуден тұрады. Сонымен қатар, ерiктiң өзге екi қызметiн бөлiп көрсетуге болады: белсендiрушi және тежеушi.


Ерiктiк қасиеттер тұлғаның ажырамас белгiсiне айналады. Адам мақсатқа жету үшiн ақыл-ой мен дене күшiн саналы түрде бағыттауы мүмкiн. Ерiк дегенiмiз, И.М.Сеченовтың сөзiмен айтқанда - сезiмнiң әрекет жағы. Бiздiң толғаныс-тебiренiстерiмiз, яғни сезiмдерiмiз мазмұнды болады. Күнделiктi өмiрде бiз түсiнiп қабылдағандарымызды не ұғынғандарымызды ғана емес, осы мазмұнға сай туатын тебiренiстердi де басшылыққа аламыз. Сезiм әрекет, қылықтарға итермелеу рөлiн атқарады.


Ерiк өзiн-өзi шектеу, едәуiр күштi құштарлықтарды тежеуден, сол сәтте тiкелей туындаған тiлектер мен түрткiлердi басып тастау ебдейлiгiнен, маңызды әрi мәндi мақсаттарға зауық, елiгулердi саналы бағындырудан тұрады. Өзiнiң жоғары деңгейiнде ерiк адамның рухани және адамгершiлiк құндылықтары, кәмiл сенiмi мен мұраттарынан көрiнедi.


Ерiктiк психологиялық құбылыс ретiндегi тағы бiр белгiсi – бұл жүзеге асырылатын iс-әрекеттiң ойластырылған жоспарының болуы. Жоспары жоқ не алдын ала белгiленген жоспар бойынша орындалмайтын әрекеттi ерiктiк деп санауға болмайды. С.Л.Рубинштейн айтқандай, “ерiктiк әрекет- бұл ... саналы, мақсатқа бағытталған әрекет, ол арқылы адам өзiнiң импульстерiн (итермешi күш) саналы бақылауға бағындырып және қоршаған болмысты өзiнiң түпкi ой-ниетiне сәйкес өзгерте отыра алдында тұрған мақсатты жүзеге асырады”.


Ерiктiк әрекеттiң елеулi белгiсiне әрекеттi жүзеге асыру барысында тiкелей қанағаттанудың болмауында жатқызамыз. Өйткенi, ерiктiк әрекет әдетте моральдық емес, эмоциялық қанағаттанудың болмауымен сипатталады. Ойлағаныңды табысты жүзеге асырғаның үшiн адамда моральдық қанағаттану сезiмi сөз жоқ болады.


Адамның ерiк күшi тек жағдайды жеңу не игеруге ғана бағытталмайды, сонымен қатар адамның өзiн-өзi жеңуден де көрiнiс бередi. Бұл әсiресе, эмоциялық қызба және ұшқалақ мiнездi адамдарға тән болып келедi.


Ерiк проблемасын арнайы зерттеген ресейлiк психолог


В.А.Иванников ерiк өлшемiнiң төрт типiн бөлiп көрсетедi Оның айтуынша ерiк өлшемi мыналардан көрiнедi: 1) Ерiктiк әрекеттерден; 2)Мотив пен мақсатты таңдаудан;





  1. Адамның iшкi күйi, әрекетi мен әр түрлi психикалық процестерiн реттеуден; 4) Тұлғаның ерiктiк қасиеттерiнен;

Сөйтiп, адамның өзге тiршiлiк иелерiнен елеулi айырмашылықтары оның сана мен интеллектен басқа ерiк күшiнiң болуында, олсыз бүкiл қабiлеттiлiктер құр жай бекер сөз болып қалмақ.


Ерекше дербес процесс ретiнде мiнез-құлықты реттеу идеясын айқын тұжырымдағандар Х.Шеррингтон мен И.М.Сеченов. Олар К. Бернардың өзiн-өзi реттеу туралы қағидасына сүйендi.


Жеке адамның ерiктiк қасиеттерi


Адамның еркi белгiлi бiр қасиеттермен, сапалармен сипатталады. Ендi жеке адамның ерiктiк қасиеттерiнiң негiзгiлерiн қарастырып көрейiк.


Ерiк күшi. Алға қойылған мақсатқа жету жолында туындайтын елеулi қиындықтарды жеңу қабiлетiнен көрiнетiн ерiк сапасын ерiк күшi деймiз. Мақсатқа жету жолында сiздiң жеңген кедергi, бөгеттерiңiз неғұрлым күштi болса, соғұрлым сiздiң ерiк күшiңiз мықты.


Ерiктiк күш салу арқылы жеңген кедергiлер ерiк күшiнiң объективтi көрсеткiшi боп табылады.


Мақсатқа ұмтылушылық. Iс-әрекеттiң белгiлi бiр нәтижесiне жете бiлуден көрiнетiн, тұлғаның мақсатқа саналы және белсендi бағыттылығы мақсатқа ұмтылушылық деп аталады. Мақсатқа талпынған адам ұсақ-түйекке көңiл бөлмей, алған бетiнен қайтпай қайткен күнде де оған жетудi көздейдi.


Батылдық. Мақсатты таңдау мен оған жету жолын анықтаудың шапшаңдығы мен ақылға сайлығынан көрiнетiн жеке адамның ерiктiк қасиетi батылдық деп аталады. Батыл адам әрекет мақсаттары мен оларға жету тәсiлдерiн жан-жақты және терең ойлап, қабылданатын шешiмнiң маңызын түсiнiп, олардың мүмкiн болар нәтижесi жөнiнде өзiне-өзi есеп берiп отырады.


Батылдық - жекее адамның еркiнiң жоғары дәрежеде екендiгiн көрсететiн қасиет. Батылдық әсiресе мақсатқа бет алыс сәтiнде, сол сияқты, қабылданған шешiмдi жүзеге асыру барысында айқын көрiнедi.


Табандылық. Мiнез-құлықты ұзақ уақыт бойы белгiлi бiр мақстқа сай бағыттап, бақылап отыру қабiлетiнен көрiнетiн жее адамның ерiктiк қасиетiн табандылық деп атайды. Мұндай қасиеттке ие адам, қойылған мiндеттi үнемi санасында ұстап, өз мiнез-құлқын соның шешiмiн тездететiндей етiп құрады. Табанды адам жағдайды дұрыс бағалайды., одан мақсатқа жетуге көмектесетiн нәрселердi таба бiледi.


Ұстамдылық. өстамдылық немесе сабырлылық деп мақсатқа жетуге бөгет жасайтын психикалық көңiл-күйдi және шаршап-шалдығуды жеңе бiлу қабiлетiнен көрiнетiн жеке адамның ерiк сапасын айтады. Адамға кейде күрделi жағдайларда, мысалы денсаулығы мен өмiрiне зиян келтiретiн жеке басының және қоғамның намысын, абыройын қорғауға тура келетiн т.б. осындай жағдайда әрекет жасауға тура келедi


өстамды адам мұндай кезде жағдайға сай келетiн және өз қылығын ақтайтын белсендiлiк дәрежесiн таңдап алады. өстамдылық дегеiмiз- адамның өз ерiк-жiгерiн билей бiлу қасиетi.

Дербестiк. Өзi талаптанып алдына мақсат қоя, оған жету жолдарын таба бiлетiн және қабылданған шешiмдердi практикалық орындай алатын адамның ерiктiк қасиетi дербестiк деп аталады.


Адамның еркi батылдық, ер жүректiлiк, ерлiк, төзiмдiлiк, тәртiптiлiк сияқты басқа да қасиеттермен сипатталады. Бiрақ олар, едәуiр дәрежеде жоғарыда қаралып өткен ерiк сапаларының даралана ұштасуы болып есептеледi.


Ерiктiң дамуы мен оны тәрбиелеу адамның бүкiл өмiр iс-әрекетi процесiнде жүрiп отырады. Ерiк өзге де жоғары психикалық процестер сияқты адамның жас кезеңiне байланысты қалыптасады. Мәселен, жаңа туған балада шартсыз рефлектер түрiндегi ырықсыз қозғалыстар ғана болады. Сондықтан шын мәнiсiндегi ерiктi әрекеттер бұл кезеңде болмайды. Ерiктiк, саналы әрекеттер кейiн қалыптасады. Ерiк тәрбиесiнде баланы жастайынан еңбек сүюге баулу, еңбең адамдарын қастерлеп, сыйлауға үйретудiң маңызы зор. Баланы отбасында тәрбиелеудiң қажеттi шарты ода саналы тәртiптi қалыптастыру. Ата-ананың балада ерiктiк қасиеттердi дамытуы оның iшкi тәртiптiлiгi қалыптасуының алғы шарты боп табылды. Өзiнiң тiлегiн нақты жағдайлармен салыстыру, өзгелердiң ырқына бағындыра алу қабiлетi дамиды.


Баланың еркi дамуында дене тәрбиесiнiң де маңызы зор. Спортқа әуестендiру, дене шынықтыру жұмыстары ретiне қарай жүрiп отыруы тиiс. Сонымен бiрге, өзiн-өзi тәрбиелеу қажеттiлiгiн ұғындыру, ұлы адамдардың өнегелерi мен iстерiне елiктеу ерiктi шыңдауға көмектеседi. Ерiктiк қасиеттердiң қалыптасуы адам есейген соң тоқтап қалмайды. Еңбек жолына дербес кiрiскен жас маманның ерiктiк қасиетi осы еңбек iс-әрекетiнде жоғары даму дәрежесiне жетедi. Сөйтiп, ерiктi қалыптастыру адам өмiрiнде маңызды рөл алды екен.


13 Қабілет


Жоспар

  1. Қабілет ұғымына жалпы сипаттама

  2. Қабілеттің психологиялық теориялары




  1. Қабілеттің категориялары Қолданылған әдебиеттер:

Балалар психологиясы, Мухина В.


С.М. Жакупов, Жалпы психология негіздері. - Алматы:2012, 203 б

Немов Р.С.Психология: Учеб. для студ. высш. пед. учеб. заведений: Общие основы психологии В 3 кн. 4-е изд. — М.: ВЛАДОС, 2003— 688 с





  1. Қабілет деп әр адамның белгілі бір іс-әрекет түріне икемділігін айтады немесе қабілет дегеніміз – мақсатқа бағытталған, тәлім-тәрбие жұмысына байланысты адамның бір іс-әрекетке ұйымдасқан түрде бейімделуі және оны нәтижелі етіп атқаруы.

Адамның қабілеттілігі оған ықпал етіп отыратын тәлім – тәрбиеге орай әрбір адамда түрліше сипатта өтеді. Адамның қандай да болмасын белгілі бір іс-әрекет түріне қабілетті болуы мынадай екі түрлі көрсеткіш арқылы анықталады:





  1. Іс-әрекетті тез өзгерту.

  2. Іс-әректті орындау нәтижесінің сапасы.

Егер адам өзге адамдармен салыстырғанда, біріншіден, қолға алған істі қалайда болмасын тез және табысты меңгеріп, сол әрекетке лайық дағдыны оңай игеретін болса, екіншіден, белгілі бір деігейден жетістіктерге жетсе, оны қабілетті адам дейді. Сонда


қабілеттіліктің сыры неде? Не себепті әр адамның жетістіктерге жетуі бірдей жағдайда түрліше көрсеткіштерге ие болып, іс-әрекет нәтижелері әр қилы болады?

Әрбір адамның іс-әрекетті орындау тәсілі сол адамдардың психикалық таным процесінің даму ерекшеліктеріне, жүйке жүйесі талдағыштарының жұмысына, сезім мүшелерінің сыртқы тітіркендіргіштерге әсерленіп, қабылдау жылдамдығына және адамның даралық қасиетіне байланысты. Қабілеттілік – адамдағы жеке-дара өзіндік ерекшелік, яғни бір адамның екінші адамнан айырмашылығын көрсететін психологиялық сипат. Қабілеттің мұндай сипаттарын былайша түсіндіруге болады. Мысалы, саусақтарының салалы болуы-көбінесе музыканттарға, ал бойшаң болып келу – баскетболшы-спортшыларға тән ерекшелік. Адам бойындағы ерекшеліктер қабілеттіліктің тек белгілі бір іс-әрекетке орай табысқа жетуге көмектесетін белгілері ғана. Қабілеттілікке аса қажетті қасиет, мысалы, музыка саласында әуенді есту мен ырғақты сезу, оларды бір-бірінен айыру болып табылады. Ал қимыл-әрекет реакцияларының жылдамдығы неғұрлым жоғары деңгейде болса, спорт түрлерімен шұғылдануға өзіндік әсері мен пайдасы тиері даусыз.





  1. Қабілет теориялары

Қабілеттердің бірнеше концепциялары бар. 1. Тұқымқуалаушылық теориясында қабілетті дамуы мен көрінуі тұтастай және толығымен тұқымқуалаушылық қорына тәуелді биологиялық детерминді құбылыс ретінде түсінеді. Бұл ұстанымды белгілі адамның генеологиясы және энциклопедиялық сөздіктерге сүйене таланттың тұқымқуалаушылығын зерттеген Ф. Гальтон ұстанған. 2. Жүре пайда болған қабілеттер теориясы. 18 ғасырдағы Гельвецийдің тұжырымдауынша, тәрбие арқылы данышпандылықтың кез-келген деңгейін қалыптастыруға болады. Эшби бұл тұжырымды былай жеңілдетті, қабілет бұл тума бағдарламалар және жұмысқа деген қабілеттілік арқылы қалыптасады. 3. Негізінен Кеңестік психологияда дамыған қабілеттегі тума және жүре пайда болған диалектиканы нақтылаған үшінші концепция болды. Анатомо – физиологиялық ерекшеліктер ғана тума бола алады, ал қабілеттің өзі – қалыптасу нәтижесі. Қабілеттер іс-әрекетте қалыптасатындықтан оның мазмұнына және балаға іс-әрекеттер мен жетістіктер этолонын беретін ересектермен қарым – қатынасқа тәуелді. Осыны негізге ала отырып, П.Я. Гальперин қабілет интериоризация нәтижесі болып табылатындығын анықтаған.


Б.М. Теплов музыкалық қабілеттілікті өте жоғары деңгейде тәрбиелеуге болады деген, бірақ, қабілеттілікті бүтіндей алғанда әлеуметтік, ал нышандар тұқымқуалаушылық арқылы ғана берілетіндіктен индивидтік сипаттамалар болады деген өз қарсыластарымен де келісті.


Қабілеттілік – бұл динамикалық құбылыс, олардың қатынасы туралы қабілеттер көрініс бергенге дейін айтуға болмайды және оларды толығымен дамыды деп санауға болмайды. Олар тарихи және мәдени тәжірибе сұранысына жауап береді: баланың абсолютті естуі оған биіктік бойынша дыбыстарды тану тапсырмасы қойылғанға дейін білінбейді. Кәсіби іс-әрекеттердің жаңа түрлерінің көрінуі, қабілеттіліктің экономикалық, бағдарламалау және т.б сияқты жаңа түрлерін табады.


Қабілеттіліктің психофизиологиялық негізін ескере отырып, нышандар негізінен жүйке жүйесінің қасиеттеріне ие болады. А.Г. Ковалев және В.Н. Мясищев жүйке жүйесінің күші, салмақтылығы, қозғалымпаздығы коммуникативті және ерікті қасиеттерді демеп отырып, бұл қасиеттер қажет іс-әрекетті жақсартады. Ал әлсіз (сезімтал ) жүйке жүйесі өнермен айналысуға қолайлы болады. Нышандар қабілеттер мен темпераменттің арасындағы байланысты жүзеге асыра отырып, нақты бір іс-әрекет түріне және барлығына деген жоғары білімпаздыққа бейімділікте көрінеді.





  1. Кез-келген адамның екі-үш түрлі іс-әрекетті атқаруға бейімділігі болады. Бұл – адам қабілетінің жалпы түрі, өмір сүруі мен тіршілік етуге деген икемі және әрекетшіл көрінісі. Адам әрекетсіз, еңбексіз ешқандай іс тындыра алмайтын болса, ол өмір сүре алмас еді. Жалпы, қабілет адамның жеке басының әрекетімен байланысты түрде жүзеге

асады. Адамның даралық ерекшеліктерінен оның арнаулы қабілеті де аңғарылады. Қабілеттің арнаулы түрі белгілі бір істі үздік орындаудан, оған деген ықылас-ыньадан, дағды мен икемділіктен айқын көрінеді.


Әр адамның іс-әрекеттің бір түріне икемді болуы оның сол әрекетті орындауы үстінде, әсіресе, істің нәтижесінен анық байқалады. Бұл – адамдардың даралық ерекшеліктері. Мысалы, бірдей жағдайда бір істі бір адам тез меңгеріп, өте шапшаң, нәтижелі әрі сапалы етіп атқарса, ал екінші адам іске бірден төселіп кете алмай, сол іс-әрекетке лайық әдет-дағдыларын қалыптастырмағандықтан, істі баяу, нәтижесіз, сапасыз атқаруы мүмкін. Бұл жайттар бірінші адамның қабілеттілігі екінші адамға қарағанда әлдеқайда жоғары деңгейде дамығандығын көрсетеді.


Адамның істеген ісі мен әрекетін бақылап көрмей тұрып, оны сол іске қабілетті не қабілетсіз деп кесіп айтуға болмайды. Мәселен, сурет өнерінің әліппесімен әлі танысып үлгермеген баланы өнердің бұл түріне қабілетті не қабілетсіз деу әлі ертерек. Тек ұйымдастырылған оқу-тәрбие негізінде ғана оның сол іс-әрекет түріне қаншалықты бейімді екендігін білуге болады.


Адамдардың қабілетінде жеке адамға тән айырмашылықтар да болады, яғни іс-әрекет нәтижесі әр адамда әр түрлі. Біреудің ісі сапалы, екіншісінікі сапасыз. Дәлірек айтқанда, адам қабілетіндегі айырмашылық істің нәтижесінен, яғни оның сәтті не сәтсіздігінен байқалады. Қызығушылық адамда обьектіні жан-жақты танып білуге ұмтылудан туындайды. Ал бейімділік – нақты іс-әрекетті орындауға талпыну. Қызығушылық пен бейімділік сапаларының үнемі өзара үйлесім тауып, бір бағытта тоғысып отыруы мүмкін емес. Оған түрлі жағдайлар да себепші болады. Мысалы, адамның бейнелеу, көркемөнер туындыларын тамашалауы ықтимал, бірақ ал осы салалардағы өнер түрлерімен шұғылдануға бейімсіз болуы мүмкін. Дегенмен, белгілі бір іс-әрекет түріне қабілеті бар адамдардың қызығушылығы мен бейімділігі бір-бірімен үйлесім тауып, қабыса алады.


Іс-әрекетпен айналысқанда адамның жетістікке жетуі үшін қабілет, қызығушылық, бейімділіктен тыс оның мінез-құлқында мынадай сапалық көріністер болуы қажет: ең алдымен, еңбексүйгіштік, табандылық, батылдық. Осындай ерекше қабілеттілігі бар адамның өзі де айтарлықтай табысқа қол жеткізе бермейді. Негізі, адам өзінің іс-әрекетіне, жеке басына сын көзімен қарап, бойындағы жетістік, кемістігін икемі мен күш-қуатын, мінезінің ұнамды, ұнамсыз сапаларын айқын ажырата аларлық деңгейде болуы керек.


Адам қабілетінің даралық ерекшеліктеріне талант, дарындылық, данышпандық сияқты қасиеттер де жатады. Дарындылық – адамның белгілі бір іске деген айрықша қабілеттілігі, өмірдің қандай да бір саласында өзін ерекше қырыннан көрсетуі. Мұны мынадай айқынырақ түсінуге болады: қазақ даласында өздерінің ақындық, әншілік, серілік қасиеттерімен танылған Ақан сері, Біржан сал, Үкілі Ыбырай, Әсет, Мәди тәрізді басқа да таланттардың есімдері осы кезге дейін ел есінде.


Қабілеттің жоғары деңгейде дамуы талант деп аталады. Талант – адамның нақты бір істі нәтижелі орындаудағы қабілетінің біршама жағымды қасиеттерінің өзара байланысты түрде үндесуі. Талантты адам өмірде белгілі бір пайдалы әрекетпен шұғылданады, сол бағытта ірі жетістіктерге де жетеді. Соның арқасында оның іс-әрекеті өзгелерге өнеге болады, жемісті нәтижелер береді.


Адам қабілетіндегі дарындылық пен талант одан әрі дамып, данышпандық қасиетін тудырады. Бұл – адамның ақыл-ойы мен іс-әрекетінің ең жоғары дәрежеге көтерілуі. Данышпандық қасиет – адамның жалпы және арнаулы қабілеттерінің жинақталып, ерекше нәтижелерге қол жеткізуі. Данышпан адамның іс-әрекет нәтижелері адамның әлеуметтік өмірі мен қоғамдық тіршілігінің жақсаруына елеулі үлес қосып, мәдени – рухани, саяси – экономикалық т.б. салалардың өркендеуіне әсер етеді, қоғамның тарихи дамуында өшпес із қалдырады. Сондай адамдар қатарына Аристотель, Платон, Әбу Нәсір әл-Фараби, Ұлықбек сынды ғұламалар, қазақтың Абылай хан, Бұқар жырау, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Майқы би Мәнұлы, Абай тәрізді біртуар перзенттерін жатқызуға болады.


Қабілетке қатысты мәселелерді қорыта айтсақ, қабілет – адамның даралық психологиялық қасиеті. Мұндай өзіндік қасиеттер жеке адамның тұлғасын, кісілік сипатын, іс-әрекетінің нәтижелерін жалпы қауымның игілігіне айналдырады. Психология ғылымында соңғы 1 – 1,5 ғасыр бойында адам қабілетінің даму деңгейі және оның қалыптасуы тәжірбиелік зерттеулер арқылы анықтала бастады. Бір сөзбен айтқанда, адам қабілеттілігі мен оның түрлі деңгейде дамып өрістеуінің негізгі факторы – еңбек.
14 Нышанның қабілетті дамытудағы табиғи негізі


Жоспар



    1. Нышан және қабілет




    1. Нышанның теориялық негіздері Әдебиеттер:




  1. С.М. Жакупов, Жалпы психология негіздері. - Алматы:2012, 203 б




  1. Немов Р.С.Психология: Учеб. для студ. высш. пед. учеб. заведений: Общие основы психологии В 3 кн. 4-е изд. — М.: ВЛАДОС, 2003— 688 с.




  1. http://rmeb.semgu.kz/ebooks/ebook_100/#ps


      1. Қабілеттің дамуындағы нышандар. Қандай бір қабілеттің дамуында нышандар белгілі орын алады. Мамандар оны – адамның туыстан берілетін анатомиялық-физиологиялық белгісі деп есептейді де, «нышан – қабілеттің бастапқы табиғи негізі ретінде берілетін жүйке саласының ерек-шелігі», — деп тұжырым жасайды.

Психология ғылымында қабілеттің үш концепциясы қалыптасқан. Оның бірі – қабілет толығымен әлеуметтік орта және тәрбиеге байланысты анықталады. Біршама дұрыс концепция – қабілеттің үшінші концепциясы. Оның өкілдері Б.М.Теплов, В.А.Крутецкий, Я.А.Пономарев концепцияларында кез келген адам белгіл бір нышанмен туылады, дегенмен табиғи күштер мен нышан, қабілеттің дамуы үшін әлеуметтік қолайлы жағдай қажет деп көрсетеді. Үшінші концепция табиғилықтың мәнін жоққа шығармайды, сонымен бірге қабілеттердің әлеуметтік тарихи сипатын ашып көрсетеді. Біз өзіміздің жұмысымызда осы концепцияны басшылыққа ала отырып, бастауыш мектеп оқушыларына әлеуметтік қолайлы жағдай құру арқылы олардың шығармашылық қабілетін дамытуға болатынын дәлелдеп отырмыз.


Демек, әр бала бойындағы табиғи нышандардың, жоғарғы қабілеттер деңгейіне көтерілуі тек баланың белсенділігіне және дұрыс ұйымдастырылған оқу-тәрбие жұмысына байланысты.


Балаларда кездесетін баяулықты, сылбырлықты, оның биологиялық кемшілігі деп қарауға әзір тұрамыз. Біздіңше, тұйықтық, бұйығылық, баяулық оның табиғатының әсері емес, көп жағдайда оқыту мен тәрбиенің нәтижесі ондағы әміршілдіктің салдары болуы мүмкін.





      1. Академик Д.Ковалевский «ән айтқысы, би билегісі, әңгіме, ертегі, өлең құрастырғысы, сурет салғысы келмейтін баланы табыңызшы», - дейді. Шынында, табу қиын. Егер ондай бала кездесе қалса, ол жаман тәрбиенің нәтижесі деуге әбден болады.

Қабілеттілік нәтижесінің теориялық және практикалық негізін қалауда С.Л.Рубинштейн еңбектері зор роль атқарады. Ең алдымен қабілеттіліктің дамуы туралы, қабілеттің қалыптасуының негізін салса, кейінірек олардың көрінуінің психологиялық құрылымын ашып берді (33). С.Л.Рубинштейн қабілеттілікті нақты бір іс-әрекетке икемділік деп түсіндіреді. Оның айтуы бойынша қабілеттілік – жаңа бір іс-әрекетті жеңіл меңгерумен, сонымен қатар индивидтің бір іс-әрекеттен екінші іс-әрекетке көшуі мен қабылдау тәсілдерін терең меңгере алуы. Оның айтуы бойынша қабілеттің негізі – туа біткен нышан, тұқымқуалаушылықтың белгісі болып табылады, яғни, адамның жүйке, ми аппараттарының анатомиялық-физиологиялық ерекшелігі болып табылады. Осыған орай,


ғалым «қабілет нышандарының негізінде дами отырып, нышанның өз бетінше функциялануы емес, тек дамудың негізгі кезеңі, алғы шарты» деп жазды.


С.Л.Рубинштейн іс-әрекет барысында қабілет пен ептіліктің өзара байланысы ерекше роль атқаратынын айтады. Бұл екеуінің бір-бірімен тығыз байланыста екендігін еске ала отырып, бір жағынан ептілік, білім т.б. меңгері қабілеті бар екенін білдірсе, қабілеттің қалыптасуы сол іс-әрекеттің ептілігі мен білімдерді меңгеру арқылы іске асатындығын түсіндіреді.





    1. Арнайы жүргізілген зерттеулердің көпшілігі адамның-қабілеті ата тегіне, яғни тұқым қуалау факторына байланысты деген көзқарасты қолдайды. Бұл көзқарас бойынша, әр адамның қабілеті — оған туа берілетін өзіндік дара табиғи қасиет.

Дегенмен, қабілетті адамда тек туа пайда болатын қасиет деген дұрыс емес. Себебі, қабілет—адамның даралық психологиялық ерекшелігі. Ал туа пайда болатын нәрсе — қабілеттің дамуына негіз болатын анатомиялық және физиологиялық ерекшелік


— нышан. Нышанның табиғи негізі — жоғары жүйке жүйесінің қызметтері, бас миындағы миллиардтаған клеткалардың қозу, тежелу сияқты сан қилы әрекеті және олардың алмасып отыруы. Ол өмір тәжірибесі, тәлім-тәрбие істері нәтижесінде үнемі дамып жетіледі.


Нышан — мидың, жүйке жүйесінің, талдағыштардың адамдар арасындағы табиғи даралық өзгешеліктерін айыруға себеп болатын тума анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері. Адамның белгілі бір іс-әрекетті орындауға бейімді болуы қабілеттің дамып қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Алайда, бұл Нышандар іс-әрекеттің нәтижелі болуының толық жағдайы болып саналмайды. Ол үшін адам бойындағы нышандарды дер


көзінде анықтап алу керек. Содан соң оны әр алуан әрекет үстінде дамытып отыруға бейімделіп, тәлім-тәрбие арқылы өрістете түсу қажет. Нышан сан қилы мағынада көрініс


береді. Мәселен, әлеуметтік ортаның, тәрбие мен оқыту істерінің және түрлі жағдайлардың әсерінен белгілі бір нышандар негізінде түрлі қабілеттердің дамуы мүмкін. Мысалы, бойында шапшандық пен дәлдік, ептілік пен шеберлік нышандары бар адамдар тіршілік жағдайы мен қызмет саласына сай әр түрлі қабілетке ие болуы мүмкін. Бірі — хирург дәрігер, екіншісі — гимнаст, үшіншісі — суретші т. с. с.


Нышанның ерекше түрі адамда жас көзінен байқалады. Қазақтың аса дарынды күйші-композиторы Құрманғазының шәкірті Дина Нүрпейісова өзінің күйшілік қабілетін сегіз жасынан-ақ байқатып, бір-ақ рет тыңдаған күйін мүдірмей, айна-қатесіз, дәл орындай алған. Дарынды киноактер, әрі режиссер Шәкен Аймановтың да жалпы өнерге деген құштарлығы бала көзінен-ақ айқын байқалғандығы жайлы Қазақстанның халық әртісі Кәукен Кенжетаев тебірене еске алады. М. Әуезов өзінің «Еңлік-Кебек» пьесасын 20 жасында жазған. Әйгілі суретші Қ. П. Брюллов тоғыз жасында Сурет академиясына оқуға түскен. Ал А. С. Пушкин сегіз жасында-ақ өлең жаза бастаған. Алайда, мынадай жағдайды да естен шығармаған абзал. Егер белгілі бір іс-әрекет барысында жоғарыда


келтірілген мысалдардағыдай жетістіктер адамның балалық шағынан байқалмаса, ондай балада қабілет жоқ деп айтуға болмайды. Мысалы, аса көрнекті математик Н. Н. Лузин, биолог Қ. Линией, жазушылар В. Скотт, С. Т. Аксаков, И. А. Гончаров т.б. өздерінің қабілеттілігін әлдеқайда кешірек танытқан.


15 Тұлға. Индивид. Даралық


Жоспар

    1. Тұлға туралы түсінік




    1. Тұлға, индивид және даралық ұғымдарының айырмашылығы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет