Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы



бет50/65
Дата11.01.2022
өлшемі187,43 Kb.
#110777
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   65
Байланысты:
ТУПрограмма каз

15-параграф. II жартыжылдық

      157. Қоршаған ортамен танысу.

      Бала, оның отбасы, үйі:

      1) отбасы туралы, отбасының ересек мүшелерінің еңбегі туралы білімдерін жетілдіру. Отбасының ересек және кіші мүшелеріне сыйластықпен және қамқорлықпен қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу. Отбасындағы сүйікті адамдары, отбасылық мерекелері, дәстүрлері туралы өздігінен әңгімелеу дағдыларын қалыптастыру. Балаларды отбасылық мерекелер мен салтанаттарға даярлыққа қатысуға баулу;

      2) заттық-кеңістіктік дамытушы ортада отбасылық қатынастарды және отбасындағы ересектер еңбегін сипаттайтын ойын әрекеттерін орындау.

      Заттық әлем:

      1) қоршаған заттар, олардың қасиеттері және қолданылуы туралы түсініктерін кеңейту. Материалды ескере отырып, заттар мен нысандарды іріктеу, топтастыру, тану біліктерін қалыптастыру;

      2) балаларды ұлттық киімді, тұрмыс заттары мен әшекейлерді даярлаумен таныстыруды жалғастыру;

      3) ойыншықтарға, кітаптарға, ыдыстарға ұқыпты қарау дағдыларын тәрбиелеу.

      Байланыс және қозғалыс құралдары

      Қозғалыс ортасын ескере отырып, көлік құралдарын танып және атай білу дағдыларын қалыптастыру. Әртүрлі көлік құралдары мен оларды басқаратын адамдар туралы білімдерін жетілдіру. Көлікте жұмыс істейтін адамдарға сыйластықпен қатынас жасауға тәрбиелеу.

      Ересектердің еңбегі:

      1) ауыл шаруашылығындағы ересектер еңбегі туралы білімдерін қалыптастыру. Ауыл шаруашылығы жұмысшылары еңбегінің мәнін түсіну (қаламен ауылдың байланысы), диқанның еңбегі туралы білімін қалыптастыру. Нанға және азық-түлік өнімдеріне ұқыпты қарауға тәрбиелеу;

      2) балабақша қызметкерлерінің еңбегі туралы білімдерін нақтылау, оған сыйластықпен қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.

      Менің Отаным – Қазақстан:

      1) фотосуреттерді, халық өмірі туралы картиналарды, ұлттық сәндік өнер бойынша альбомдарды, тұрмыстық заттар мен ұлттық үлгіде дайындалған киімдерді пайдалана отырып, Қазақстан Республикасы және онда тұратын әртүрлі ұлт өкілдері туралы түсініктерін қалыптастыру;

      2) Қазақстан әскері туралы түсініктерін кеңейту. Қазақстан мәдениетінің қайнар көзіне баулу. Халық музыкалық аспаптары туралы білімдерін қалыптастыру. Музыкалық шығармаларды тыңдау дағдыларын қалыптастыру.

      Жолда жүру ережелері.

      Бағдаршам түсінің белгілеріне сәйкес көшеден өту дағдыларын жетілдіру. Жаяу жүргіншілер үшін ережелер, "Жаяу жүргінші өткелі" жол белгісі туралы білімдерін қалыптастыру.

      Іздеу зерттеу әрекеті.

      Келесі дағдыларды қалыптастыру:

      1) қарапайым тәжірибелер мен зерттеу жүргізу, қарапайым себеп-салдарлық байланыстарды орнату;

      2) заттарды белгілі реттілікпен орналастыру;

      3) түрлі материалдар олардың сапалары мен қасиеттері туралы білімін жетілдіру;

      4) бастаған ісін аяғына дейін жеткізу;

      5) қарапайым тәжірибелерді жүргізуге қызығушылық пен зейін аударуға тәрбиелеу.

      Күтілетін нәтижелер:

      отбасының ересек мүшелерінің еңбегі туралы біледі;

      отбасында ересектер мен өзінен кішілерге сыйластық және қамқорлық қарым-қатынас танытады;

      материалды ескере отырып, заттар мен нысандарды тани алады;

      ойыншықтарға, кітаптарға, ыдыстарға ұқыпты қарайды;

      кейбір мамандықтардың маңызын, атауларын біледі;

      қарапайым тәжірибелерді жүргізуге қызығушылық танытады;

      қарапайым себеп-салдарлық байланыстарды орнатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет