Географиялық нысандар – белгілі бір географиялық орны мен шекарасы бар, басқа да түрлі географиялық белгілермен ерекшеленген жер бетіндегі жиынтықтар. Мысалы, көл, қала, тау немесе жота т.б. Географиялық картаның басты элементі – картографиялық бейнелеу. Картографиялық бейнелеуге шартты белгілермен көрсетілген картаның мазмұны жатады. Олардың көмегімен біз картадан ақпарат аламыз. Нысандарды, құбылыстар мен үдерістерді бейнелейтін шартты белгілердің жүйесін – картографиялық бейнелеу тәсілдері деп атайды.
3-ші кезең.Топтық жұмыс тапсырмасы: 1-топ. Картамен жұмыстың кезеңдерін нақыт мысалмен түсіндіріңіздер Картамен жұмыс барысында орындалуы тиіс үш мақсат – картаны түсіну, оқу, білу. тәсілі
1-топ Мысалы: алдымызда дүниежүзінің физикалық картасы, бізге тапсырма: “Үнді мұхитына келетін ауа массалары Қазақстан жеріне әсер етпеу себебін түсіндіріңіздер” десе. Ең бірінші себебі – географиялық нысанның орнын көрсетуіміз керек – 1.Үнді мұхиты және Қазақстан. 2.Ол нысандардың ерекшеліктері – Үнді мұхитынан келетін ауа массалары Еуразия материгінің иңтүстігінен солтүстігіне қарай бағыт алады, Үнді мұхитының ауа массалары Орта Азияға қарай әсер ете алмауының басты себебі жолындағы биік таулардың – Гималай тауларының бөгеп қалу әсері. 1-топ