Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде 2022- 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары
Білім беру ұйымы «Алпамыс» б/ж
Балалардың жасы: 4.жастағы балалар
Жоспардың құрылу кезеңі (айды, жылды көрсету) Мамыр2023
Айы
|
Ұйымдастырылған іс-әрекет
|
Ұйымдастырылған іс- әрекеттің міндеттері
|
Мамыр
|
Дене шынықтыру
|
Мақсаты:
Баланың денсаулығын сақтау және нығайту, дене шынықтыруға қызығушылықты арттыру, денсаулық сақтау технологиясын қолдана отырып, қимыл-қозғалыс тәжірибесін байыту, дене сапаларына және қимыл белсенділігіне қажеттілікті дамыту болып табылады.
Міндеттері:
Дене белсенділігі (таңертеңгі жаттығу, шынықтыру, спорттық және қимылды ойындар) мен ұйқының қанық болуының пайдасы туралы түсінікті кеңейту.
|
Сөйлеуді дамыту
|
Мақсаты:
Инновациялық әдістер мен технологияларды қолданып, әлеуметте ауызша қарым-қатынас жасау, диалог құру дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Міндеттері:
Балаларды қазақ халқының қонақжайлылық дәстүрімен таныстыру, қонақты күтіп алу, төрге отырғызу, «қонақ кәде», «сыбаға», ас қайыру, бата беру, қонақты шығарып салу дәстүрлерін үйрету арқылы үлкендерді сыйлауға, дастархан басында әдептілікті сақтауға баулу.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |