Математика негіздері
|
Мақсаты:
Математикалық, конструктивтік ойлау дағдыларын, танымдық, интелектуалдық қабілеттерін дамыту болып табылады.
Міндеттері:
Тең ұғымын екі тәсілмен саны бойынша кем топқа бір затты қосу немесе артық топтан алып тастау арқылы қалыптастыру, «қанша болды?», «қаншасы қалды?» сұрақтарына жауап беруге үйрету.
|
Құрастыру
|
Мақсаты:
Балалардың қызығушылықтарын ескере отырып, ұлттық мәдениетке баулу арқылы патриотизмге тәрбиелеу, олардың өзіндік шығармашылық іс-әрекеті үшін жағдай жасау болып табылады.
Міндеттер:
Қазақ халқының табиғи материалдардан жасалған бұйымдарымен (ертұрман, киіз үйдің жабдықтары, әшекей бұйымдары), тұрмыстық заттарымен (күбі, мес, келі, тостаған, ожау, астау, диірмен) таныстыру, олардың қандай материалдан жасалғанын зерттеу.
|
Қоршаған ортамен таныстыру
|
Мақсаты:
Жалпы адами нормалар мен ережелер және экологиялық білім негізінде тұлғаның әлеуметтік дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Міндеттері:_Балаларды_жол_қозғалысы_ережелерін_саналы_түрде_сақтауға_үйрету.__Сурет_салу'>Міндеттері:
Балаларды жол қозғалысы ережелерін саналы түрде сақтауға үйрету.
|
Сурет салу
|
Мақсаты:
Балалардың қызығушылықтарын ескере отырып, ұлттық мәдениетке баулу арқылы патриотизмге тәрбиелеу, олардың өзіндік шығармашылық іс-әрекеті үшін жағдай жасау болып табылады.
Міндеттері:
Пішінін ескере отырып, ою-өрнекті орналастыру, элементтер бірізділігін, олардың арасындағы арақашықтықтарды сақтау, 2-3 элементтерді түсі мен пішіні бойынша ұлттық оюларды ашық түстермен кезектестіру дағдыларын қалыптастыру
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |