«мектепте қҰҚЫҚТЫҚ білім беру» ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені


Білім беру ұйымы директорының бейіндік оқыту бойынша орынбасары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта)



бет4/9
Дата18.02.2017
өлшемі1,41 Mb.
#10300
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Білім беру ұйымы директорының бейіндік оқыту бойынша орынбасары
(бастауыш, негізгі орта және жалпы орта)


      Лауазымдық міндеттері: Оқушыларды бейінді оқыту жүйесін іске асыру жоспарын әзірлейді. Бейінді оқытуды қолданбалы және элективті курстардың бағдарламаларын әдістемелік-бағдарламалық қолдауды қамтамасыз етеді. Жоғары (бейінді) сыныптарды жинақтау үшін объективті негіз ретінде негізгі мектепті бітірушінің қорытынды білім беру рейтингін жасайды. Бейінді оқыту, әртүрлі деңгейлі бағдарламарды енгізу бойынша білім беру ұйымдарының қызметін перспективалық болжауды және ағымдағы жоспарлауды ұйымдастырады. Педагог қызметкерлердің кәсіби шеберлігін және біліктілігін арттыру мақсатында педагогикалық ұжымның қызметін алдыңғы қатарлы педагогикалық озық іс-тәжірибені тарату бойынша, оқушыларды диагностикалау жүйесін, бейінді оқыту шеңберінде оқушылар мен ата-аналарға кеңес беру мазмұнын әзірлеуде, мұғалімдердің әдістемелік бірлестігінің жұмысын ұйымдастыруға инновациялық технологияларды ұйымдастыру және сынау бойынша үйлестіреді.
      Түрлі деңгейдегі білім беру бағдарламаларын таңдау мүмкіндігін, «мектеп-жоо», «мектеп-колледж-жоо» үздіксіз білім беру жүйесіндегі оқу жоспарлары бойынша оқытуды, ғылымды зерделеуге кәсіби қабілеттілікті ашуды, әрі қарай білім алу бейінін таңдау мақсатында пәндерді терең меңгеру үшін түрлі циклдерді өзіндік таңдауды қамтамасыз етеді. Жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарымен бірігіп, кәсіби бағдарлау жұмысын жүргізеді.
      Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті меңгерген.
      Есептік құжаттамалардың белгіленген тәртіпте сапалы және уақытылы жасалуын, оның дұрыстығын және берілуін қамтамасыз етеді.
      Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының 
Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы»«Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы»«Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы»«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңдары және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогиканы, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін, қаржы-шаруашылық қызмет туралы заңнамаларды, еңбек туралы, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы қорғанудың ережелері мен нормаларын, санитариялық ережелер мен нормаларды.
      Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білім және педагогикалық жұмыс өтілінің кемінде 5 жыл болуы тиіс.

      1. Білім беру ұйымы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім)


      Лауазымдық міндеттері: Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды, оқушыларды тәрбиелеу бағдарламаларын жасауды, оларды іске асыру бойынша жаңа тәсілдерді қамтамасыз етеді. Тәрбиелеу процесінің проблемаларына, тәрбие жұмысының нәтижелеріне, тәрбие жұмыстары саласындағы жағдайлар мен перспективалық мүмкіндіктерге талдау жасайды. Тәрбие жұмысының ағымдағы және перспективалық жоспарлауын ұйымдастырады. Аға жетекшілер, ұзартылған күн тобының тәрбиешілері (ҰКТ), сынып жетекшілері, педагог психологтар, әлеуметтік педагогтер және дене тәрбиесі-сауықтыру және көркемдік-эстетикалық циклдің қосымша білім беру педагогтері қызметін жоспарлауды және бақылауды жүзеге асырады.
      Тәрбие жұмысы жөніндегі, мәдени-тәрбие шараларды дайындау және өткізу жөніндегі қажетті әдістемелік құжаттамаларды әзірлеу жұмыстарын үйлестіреді; педагогикалық қызметкерлер жүргізетін тәрбие процесінің мазмұны мен мен өткізу сапасына жүйелі бақылауды жүзеге асырады. Девиантты мінез-құлықты балалармен жеке тәрбие жұмысына бақылауды жүзеге асырады. Педагогикалық кадрларды іріктеу мен орналастыруға қатысады, тәрбие жұмыстарымен айналысатын педагог қызметкерлердің біліктілігін және кәсіби шеберлігін арттыруды ұйымдастырады. Жұртшылық және құқық қорғау органдары, ата-аналар, білім беру ұйымының ата-аналар комитеті өкілдерімен тәрбиелеу процесін қамтамасыз ететін оқу орнының әкімшілігі, қызметтері мен бөлімшелері өкілдерінің өзара іс-қимылын үйлестіреді. Оқушыларға медициналық қызмет көрсету жағдайына бақылауды жүзеге асырады. Тәрбиелеу процесінде қолданылатын приборлардың, техникалық және көрнекі құралдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
      Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті меңгерген.
 
      Белгіленген тәртіпте есептік құжаттамалардың сапалы және уақытылы жасалуын, анықтығы мен тапсырылуын қамтамасыз етеді.
      Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының 
Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы»«Қазақстан Республикасы тілдер туралы»«Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы»«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы»«Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» заңдарын және білім берудің даму бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика, психология негіздерін, жалпыға міндетті білім беру стандартын, педагогика, педагогикалық психологияны, педагогикалық ғылымның және практиканың жетістіктерін, экономика негіздерін, қаржы-шаруашылық қызметтерді, еңбек туралы заңнамаларды, еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздік және өртке қарсы қорғаныс нормалары мен ережелерін, санитариялық нормалар мен қағидаларды.
      Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық немесе бейіні бойынша білім және педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл болуы тиіс.



      1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет