Мектептегі әдістемелік қызметті ұйымдастыру формалары мен қағидалары


Тәлімгерлік –ұзақ уақытқа созылатын, тәлімгер мен тәлімалушы педагог арасында сенімді жеке тұлғаға бағытталған қарым қатынас құру үдерісі



бет2/4
Дата08.12.2022
өлшемі1,31 Mb.
#161898
1   2   3   4
Байланысты:
Мектептегі әдістемелік қызметті ұйымдастыру формалары мен қағидалары
PersonalData Policy, PersonalData Policy, PersonalData Policy
Тәлімгерлік –ұзақ уақытқа созылатын, тәлімгер мен тәлімалушы педагог арасында сенімді жеке тұлғаға бағытталған қарым қатынас құру үдерісі.

Педагогикалық шеберлік

Педагогикалық шеберлік үнемі жетіліп отыруды қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу өнері.

Педагог — өз ісінің шебері, жоғары мәдениетті, өз пәнін терең меңгерген, ғылым мен өнердің тиісті салаларынан хабардар, жалпы, әсіресе балалар психологиясының мәселелеріне қанық, оқыту мен тәрбиенің әдістемесін жетік игерген маман.

Ол өнерге балаларды сүйетін және өз қалауымен жұмыс істейтін әр педагогтің қолы жетуі мүмкін.

Озық тәжірибе мектебі

Мақсаты:

Мәселенің мамұнын зерттеу, оны ұжымның педагогикалық іс-тәжірибесіне енгізу жолдарын белгілеу және ұсыну.


Міндеттері:
-Оқытылатын пәннің ерекшеліктерін зерттеу;
-Әзірленген материалды ескере отырып, өзінің педагогикалық технологиясын жаңарту;
-Оқушы тұлғасын дамыту, жоғары нәтижеге жету.

Аттестация (фр. attestation, лат. attestаtio – куәгерлік, растау)

Педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау- педагогикалық қызметкерлердің біліктілік деңгейінің біліктілік талаптарына сәйкес келуін анықтау мақсатымен жүргізілетін рәсім.

Педагогикалық қызметкерлер әр 5 жыл сайын аттестациядан өтеді.

Аттестациялаудың мақсаты:

кәсібилік деңгейді көтеруге ынталандыру, оқу-тәрбие процесінің сапасын арттыру, шығармашылық ынтасын дамытып, нарықтық экономикалық қатынастар жағдайында жекелеген еңбек жалақысын беру жолымен педагогтардың әлеуметтік қорғанысын қамтамасыз ету.

Педагогикалық қызметкерлерді аттестациялау технологиясы сатылап жүргізіледі, олар:

1) Бірінші саты – білім беру мекемесінің педагогикалық кеңес шешімімен аттестациялық комиссияны құру және оны берілген мекеме басшысының бекітуі, аттестацияны ұйымдастыруға жауапты адамдардың тағайындалуы.

2) Екінші саты – мұғалімнің біліктілік деңгейін, оның кәсіби әрекетінің нәтижесін бағалауды ұйымдастыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет