«Мектептегі жеңіл атлетика теориясы мен əдістемесі» пəнінің оқу-əдістемелік кешені



Pdf көрінісі
бет40/76
Дата07.02.2022
өлшемі483,98 Kb.
#83512
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   76
Байланысты:
Мектептегі жеңіл атлетика теориясы мен әдістемесі (2)

Секіру – 
жеңіл атлетикада ұзындыққа, биіктікке, үш адымдап жəне сырықпен секіру 
болып бөлінеді. Олар бəрі де екпінді жүгірістен орындалады. Секіру əр түрлі тəсілдермен 
орындалады. Ұзындыққа секіру мына тəсілдермен орындалады: «аяқты бүгіп» тəсілімен, «иілу» 
тəсілімен жəне «қайшылап» тəсілімен. Биіктікке секіру мына тəсілдермен орындалады: «аттау» 
тəсілімен, «домалау» тəсілімен, «толқын» тəсілімен, «асырма» тəсілімен, «фосбери-флоп» 
тəсілімен. Үш адымдап секіру үш сатыдан тұрады: секіріп итеруден, адымнан жəне секіруден. 
Ал сырықпен секіру сырықтың көмегімен тіреп секіру арқылы орындалады. Секіру біріншіден 
секірулігін, жылдамдық-күшінің сапасын адам баласының жан-жақты дамытуға, ептілікке, 
ержүректілікті дамытып тəрбиелейді.
Лақтыру –
бұл жаттығу күш-жылдамдығы сипатында белгілі бір снарядты алысқа 
лақтыру. Аяқ-бел, иық-қол күштерінің аз уақытқа күш салуы. Лақтыру күш арқылы дамып, 
жылдамдық, ептілік, қозғалыстың икемдігі арқылы жетілдіреді. Лақтыру мына түрлерге 
бөлінеді: негізгі түрлері диск, найза, балға, ядро. Қосымша түрлері гранат, кіші доп. Бұлардың 
өздеріне тəн əдісі мен тəсілдері болады. 
Көп сайыс 
– жеңіл атлетика түрлерінен тұрады. Неше түрден тұрса солай аталады. 
Жеңіл атлетиканың мына түрлерінен: жүгіру, лақтыру, секіруден тұрады. Қазіргі уақытта 
əйелдер арасында бес сайыс, жеті сайыс, ал ерлер арасында он сайыс, жеті сайыс жəне бес 
сайыс жақсы дамыған. Көп сайыстың қорытындысы ұпай санымен анықталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет