Спорттық жүрістен жарыс стадион жолдарында мына қашықтықтардан өтеді: 3, 5, 10, 15,
20, 30, 50 шақырымдарға. Сонымен қатар стадион жолдарында 1 сағаттық жəне 2 сағаттық
жүріс болады. Спортшылар жарыстың ережесін бұзбаулары қажет. Аяқтың жермен байланысы
(1 немесе 2 тірек кезең) болуы қажет.
Жүгіру
– жеңіл атлетикада негізгі жəне басты түрі болып табылады. Жүгіру барлық
жарыстың орталық бөлімі болып тұрады. Жүгіру жеңіл атлетика жаттығуларының атап
айтқанда ұзындыққа секірудің, биіктікке секірудің, сырықпен жəне үш адымдап секірудің,
найза, гранат, доп лақтырудың құрамдас бөлігі. Паркте немесе тоғайда жай, ұзақ жүгіріс
гигиеналық, сауықтыру маңызы бар. Жылдам, спринттік жүгіріс жылдамдық-күш сапасын, ал
орта жəне ұзын қашықтыққа жүгіріс – шыдамдылықты, төзімділікті, кедергілі жүгіріс –
ептілікті, жоғарғы қозғалыстың үйлесімділігін келтіріп жетілдіреді.
Жүгіру – тегіс жерде, атап айтқанда стадиондардағы жолдарда,табиғи кедергілерде,
кросс жəне қолданбалы кедергілерге жүгіру жəне эстафеталық жүгіріс болып бөлінеді.
Қысқа арақашықтық 30 метрден бастап 400 метрге дейін классикалық түрлеріне жататын
арақашықтықтар: 100, 200, 400 метр. Орта арақашықтық 500 метрден бастап 2000 метрге дейін
классикалық түріне жататын арақашақтықтар: 800 метр, 1500 метр. Ұзын арақашықтық 3000
метрден бастап 10000 метрге дейін, классикалық түрлеріне жаттатын арақашықтықтар: 5000,
10000 метр. Үлкен ұзын арақашықтық – 20,25,30 шақырым, бір сағаттық, екі сағаттық жəне
марафондық жүгіріс 42 км. 195 м. Кросс 500 метрден бастап 14 шақырымға дейін, сонымен
бірге тас жолмен 30 шақырымға дейін жүгірістер өткізіледі. Кедергілі жүгіру стадиондағы
жолдарда 50 метрден 400 метрге дейін классикалық түріне жататын қашықтықтар: кедергіл
жүгіру: қойылған кедергілерден, су құйылған шұңқырдан тұрады. Мына қашықтықтардан 1500,
2000 жəне 3000 метрден классикалық түріне жататын арақашықтықтар.
Эстафеталық жүгіріс қашықтықтың ұзындығына, этаптың санына қарай бөлінеді, қысқа
қашықтыққа өтуі мүмкін: 4х60 м, 4х100 м, 4х200 м, 4х400 м, 4х300 м. Классикалық түріне
жататын орта қашықтық: 3х800 м, 4х800 м, 10х1000 м, 4х1500м., аралас эстафета: 400 + 300 +
200 + 100 немесе 100 + 200 + 300 + 400 м. немесе 800 + 400 + 200 +100 м.
Достарыңызбен бөлісу: