«Мектептегі жеңіл атлетика теориясы мен əдістемесі» пəнінің оқу-əдістемелік кешені



Pdf көрінісі
бет50/76
Дата07.02.2022
өлшемі483,98 Kb.
#83512
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   76
Байланысты:
Мектептегі жеңіл атлетика теориясы мен әдістемесі (2)

 
Лақтыру əдістері мен түрлері. 
 
Лақтырудың негізгі əдістері мен түрлері. 
 
Лақтыру – бұл снариядтың жермен ауа арасында ұшу амалы. Жеңіл атлетикада лақтыруда 
негізгі түрлеріне жататындар: ядро итеру, диска, найза жəне балға. Қосымша түрлеріне 
жататындар: мектеп бағдарламасында бар кіші доп, гранат.
Лақтырудың мақсаты – жарыстың ережесін бұзбай, спорттың снарядтарды алысқа лақтыруға 
тырысу. Барлық снариядтарды алысқа лақтырады, оларды лақтыратын белгілі орын жəне 
түсетін аймақтары болады. Кіші доп пен гранатта аймақтың аймақтың ені 10 метрге тең, 
дискіде, балғада жəне ядрода сектордың бұрышы 40
о
-қа тең, ал найза лақтыруда 29
о
-қа тең 
болады. Снарядтың алысқа ұшуы біріншіден бастапқы жылдамдыққа жəне шығу бұрышына 
байланысты болады. Ыңғайлы болу үшін лақтырудың əдістерін келесі сатыларға бөледі: 
снарядты ұстап көру, екпінді жүгіріс, лақтыруға дайындық, соңғы күш салу, снарядтың шығуы 
жəне ұшуы.
Снарядты дұрыс ұстау барлық қозғалысты үлкен жылдамдықпен жəне не күш салып еркін 
орындау.
Дұрыс ұстау лақтырушыға жалғастыруға мүмкіндік туғызу, күш салуға, үлкен жолда керек 
бағытта сонымен бірге үлке жылдамдықта.
Екпінді жүгіріске дайындық жəне екпінді жүгіріс. Бұл сатының мақсаты – миға хабар беру,
«лақтырушы-снаряд» жай бастапқы жылдамдықпен басталады. Жай бастапқы жылдамдық, 
қазіргі уақытта сондай жылдамдық спортшы ақырғы күш салуды орындағанда өзінің қозғалыс 
жағдайын бақылай алатын жылдамдық. Лақтыруда екпінді жүгіріс бірмезгілде үнемі қозғалыста 
орындалады. (доп, гранат, найза, ядро) басқа түрлерінде айналмалы үдемелі қозғалыспен 


орындалады (дискі, балға, ядро) Бірінші түрлерінде жүгіру немесе секіру арқылы ал екінші 
түрлерінде айналу арқылы орындалады.
Ақырғы күш салуға дайындық. Бұл сатының мақсаты – снарядтың артық қозалысын жоғалту. 
Кейбір дене буындарының жылдамдығына, дененің барлық бұлшық еттерін созуға, кезектесіп 
жиырылуына мүмкіндік береді. Снаряд сондай жағдайдан өту қажет, шығу нүктесінен үлкен 
қашықтықта қалады.
Ядро 39
о
-40
о
Дискі 39
о
-40
о 
Найза 28
о
-31
о
Ақырғы күш салу. Бұл сатының мақсаты – снарядтың өте үлкен жылдамдықпен шығуын 
хабарлау соның ішінде ауада жай бұрышпен дұрыс жағдаймен ұшуын қадағалау. Бұның 
мақсаты жылдамдықтың есебімен қатал дене бұлшық еттерінің кезекпен жиырылуымен соның 
ішінде ең бірінші аяқ бұлшық еттерімен орындалады. Ақырғы күш салу жерге сол аяқты қойған 
кезден басталады. Жүгірудің маңызы зор, жүйелі түрде оң аяқты жазу, жамбасты оң жаққа алға 
қозғау. Бір уақытта сол аяқ жасайды сол кезде қозғалыстың жүйесі лақтырушы мен снаряд 
жоғары ұмтылады.
Барлық лақтыруда бастапқы ақырғы күш салуда жамбас алға шығады оның қозғалысы 
иықтың қозғалысынан алда болады.
Снарядтың шығуы жəне ұшуы лақтырушы снарядты жібергенде, лақтырушының күші 
снарядтың ұзақ ұшуына мүмкіндік туғызу керек. Снарядтың алысқа ұшуы аэродинамикалық 
құрылысты қажет етеді. (дискі, найза). Жоғары шығуынан басқа сөреден шығу жылдамдығы, 
күштің снарядқа тигізер əсеріне бастапқы жылдамдықпен шығуы атмосфералық орталық 
жағдайына да байланысты болады (қарсы немесе бағыттағы жел). Дискі мен найза ұшқан кезде 
айналу жағдайын ұстауы. 
Өсу кезеңінің барлық сатыларында да лақтыру – жалпы даму үшін, бұлшық ет жүйелерін 
нығайту үшін, əсіресе иық белдеуі мен қолдарындамыту үшін ең пайдалы, қажетті 
жаттығулардың бірі. Сонымен қатар лақтырудың бағдарлауды, ептілікті, көзбен өлшеуді, 
кеңістікті сезуді, шапшаңдықты, қажырлы күш жұмсауды жəне басқа да жалпы қимыл 
үйлесімділігін жетілдірудегі маңызы зор.
Тез сілтеп лақтыруды қалыптастыру үшін кішкентай допты (теннис, жай допты, хоккей 
добын) нысанаға жəне қашықтыққа, сондай-ақ еденге соғып барып, биікке ұшырта, қабырғаға 
соғып барып, алысқа ұшырта лақтырып жаттығу ең жақсы тəсіл болып табылды.
Допты бір орында тұрып та, жүріп те жəне жүгіріп, екпін алып та лақтыруға болады. Мақсат – 
лақтырғанда еркін жəне тез сілтеуді қалыптастыру. Бұлайша сілтеуді лақтыратын заттың 
(снарядтың) салмағы өз күштерің мен жылдамдық мүмкіндіктеріңе сай болғанда ғана 
орындауға болады. Сондықтан кіші допты лақтыру техникасын жақсы меңгергеннен кейін ғана, 
снарядтың салмағын ұлғайтуға өте-мөте ұқыпты қарап, бірте-бірте салмағын арттыруға болады. 
Өйткені снарядтың салмағы жас балалардың мүмкіндігіне сай келмейтіндей, ауыр болса, онда 
оны тез сілтеп лақтыру былай тұрсын, оның денеге əр түрлі зақым келтіруі мүмкін əрі ауыр 
снаряд қимылды тежеп тастайды.
Əр түрлі жастағы балалар үшін лақтыруға тиімді деп саналатын 
снарядтардың салмағы: 
Лақтыру түрлері 12-13 жас 14-15 жас 
Ядро 250 г. 300-350 г. 
Граната 350 г. 490-500 г. 
Найза 2 кг. 3 кг. 
Осындай снарядты пайдалана отырып, лақтыру қимылдарының дұрыстығы мен шапшаңдығын 
қалыптастыруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет